Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Адамның жасындағы ѳзгеріске қарап ес ѳзгерісі



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Адамның жасындағы ѳзгеріске қарап ес ѳзгерісі. 
Бастапқы кезде нәрсені еске шабан алып, тез ұмыта-
ды. Естің аса күшті болатын кезі – 7 мен 15 жас арасы. 
Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс 
болып келе жатқанда адам бір нәрсені білуге, бар біл-
генін есте ұстауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты 
керек қылатын ғылымдарды үйренуге нағыз қолайлы 
шақ – осы 7 мен 15 арасы. Бұл жеткіншектік шағы деп 
аталады. Бұл жасында бала ѳмірлік білім даярлайды. 
Яғни бұл жаста баланың міндеті ой жүргізіп білімді 
іске асыру емес, білімді молайта беру, даярлай беру
бар нәрсені еске ала беру. Ал енді жігіттік жасында 
адам жаңадан жаттай беруге емес, бар білімді оймен 
тереңдетуге ұмтылады. Жігіттіктен соңғы кекселік ша-
ғында адам ойын белгілі бір бетке салып, ѳзінің ұстаған 
жолына қатынасы бар нәрселерді ғана еске алатын бо-
лады. Ал енді шалдық шағында адамның есі бірте-бірте 
сѳне бастайды. Бір нәрсені тез еске алмайтын, алса, тез 
ұмытып қалатын болады. Шалдық шағында адамның 
жас күніндегі естері кѳзге елестей береді. Шалдардың 
жастық шағын кеңес қыла беретіңдері сол.
«Балаларым, тегі, мен қартайсам керек, жастық-
тағы істерімді кѳп айта беретін болдым-ау!» – депті
Абылай хан.


92
ҚИЯЛ 
Қ
иял ұғымы. Жанның ѳзінде бұрыннан бар сурет-
теулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп 
аталады.
Мысалы, қанатты ат, яғни тұлпар болады деп қиял 
қылу, жеті басты адам яғни жалмауыз болады деп қиял 
қылу сықылды. Бірақ адам жанында тіпті болмаған су-
реттеулерден сурет жасай алмайды. Мысалы, тума со-
қыр заттардың түстері туралы қиял жүргізіп, түстерді 
ешбір уақыт біле алмақ емес.
Еріксіз һәм ерікті қиял. Егер жанымыздағы сурет-
теулерді біз билемей, суреттеулер бізді билеп алып 
кетсе, яғни жанымыздағы суреттеулерден жаңа бір 
суреттеу жасаймыз деп ѳзіміз қайрат жұмсамай, бар 
суреттеулерден жаңа суреттеулер ѳздері жасала бер-
се, міне, жанның осы ісі яғни бұрынғы суреттеулерден 
жаңа суреттеудің ѳз еркімен жасалуы еріксіз қиял, бос 
қиял яки мечта деп аталады. Ояу отырып берекесіз бос 
қиялға батып отыру, яки ұйықтап жатқанда түс кѳру 
сықылды. Ал енді жанымызда бар суреттеулерден жаңа 
суреттеулерді қайрат жұмсап, ѳзіміз тілеп жасау ерікті 
қиял, берекелі қиял яки фантазия деп аталады. Мысал 
үшін Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын»


93
«Асыл мұра» сериясы
алайық. Дәл романда суреттелгендей Жамал деген қыз 
қазақта болған емес. Бірақ Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақ-
бала... деген қазақтың қыздары бар. Осы – сүйгенімен 
қосыла алмай, қосылса, бақытты ѳмір сүре алмай, сар 
даланы кѳз жасымен кѳл қылатын қазақтың сорлы қыз-
дарын оймен бірге жинасаң, солардың бәрінен сорлы, 
бәрінен бақытсыз Сәрсенбайдың Жамалы келіп шы-
ғады. Міне, Міржақып жанында бұрыннан бар сурет-
теулерден яғни Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... су-
реттеулерінен жаңа суреттеуді, яғни бақытсыз Жамал 
суретін қайрат жұмсап ѳзі тілеп жасап отыр.
Фантазия тѳмендегі жолдармен жасалады:
1) Заттардың ѳздерін яки олардың бір мүшелерін 
зорайту яки кішірейтумен. Мысалы, біз бойы бір тұ-
там ергежейлі деген адам болады екен деп, тѳбесі кѳкке 
тиіп жүретін алып болады екен деп қиял қыламыз.
2) Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосумен. Мы-
салы, адам басты, ит кеуделі, жылан құйрықты бір жа-
нуар болады-мыс деп қиял қылу сықылды.
3) Реті келгеңде ѳздері де жиыла алатын кѳріністерді 
бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адам-
ға жиюмен. Мысалы, Міржақып Нұрила, Сағила, Ақ-
қыз, Ақбалалардың мінезін һәм олардың тұрмысында-
ғы болған кѳріністерді, уақиғаларды Жамалға жинап 
отыр. Міржақып қолдан жасамай-ақ, сондай мінезді, 
сондай тұрмысты Жамал деген қыздың шынында бо-
луы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет