Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Жалқы һәм жалпы ойын. Тіпті жас бала жалқы 
ойынды – жалғыз ойнауды жақсы кѳреді. Әлі тілі еркін 
жетілмегендіктен, ол басқа балалармен қатынаса ал-
майды. Ал енді ѳскен сайын жалпы ойынды бірігіп ой-
науды жақсы кѳре бастайды. Жалғыз ойнаса, іші пыса-
ды. Жалпы ойын баланың тілінің ѳркендеуіне кѳп пай-
да. Бірігіп ойнағанда тоқтаусыз қозғалып, күліп, был-
дырлап сѳйлей береді. Жалпы ойын жалпы тұрмысқа 
яғни басқа адамдармен бірігіп тұруға үйретеді. Ѳзінің 
сѳзін, тілегін біреуге тыңдатып, басқаның тілегін, сѳзін 
ѳзі тыңдап, қысқасы біріккен тұрмыстың бірінші шар-
ты – жалпы заңдарды орындап, атқарып үйренеді. Ал 
енді жалқы ойын яғни жалғыз ойнау баланың алаңға-
сар, еліктегіш болмай, ѳз ісіне ынталы, тиянақты бо-
луына пайдалы. Бірақ осы екі түрлі ойынның екеуінің 
де кемдік жағы бар. Ылғи жалғыз ойнап үйренген бала 
тағы, менменшіл болып, ылғи кѳппен бірге ойнап үй-
ренген алаңғасар, тиянақсыз, еліктегіш болып шығуға 
мүмкін. Сондықтан дұрысы – ойынның екі түрін кезек-
пен ауыстырып отыру.


98
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Осы түрдің қай түрімен болса да ойнап отырған 
баланың ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ 
бақылаймын деп бүлдіріп алма. Бүлдіріп алу былай 
болады: былай ойна деп бұйырсаң, баланың ойыннан 
ынтасын суытып аласың. Баланың ойынына үлкен адам 
кіріссе, балаға ойынның қызығы бітеді. Ойын – баланың 
ѳз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір 
нәрсені бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болу 
керек, бақыла деген сѳз қарауылда тұрған солдаттай 
қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сѳз емес. Олай тұр-
саң, бала ойнай алмайды. Егер енді баланың ойынына 
қатысқың келсе, ѳзің бала болып қатыс. Яғни ойында-
рына бѳгет, оралғы болма. Балалар сенің жеткен адам 
екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын.
Ойыншықтар. Ойыншық деген сѳз – баланың жа-
нындағы суреттеулердің белгісі деген сѳз. Балаға уқа-
лауына кѳнетін, не қылса соған жарайтын жабайы 
ойыншық баланың ішін пыстырады. Балаға нағыз қо-
лайлы ойыншық бір үйім құм деген бір педагогтің сѳзі 
дұрыс сѳз. Базардан алып келген әшекейлі ойыншы-
ғыңнан бірде құрық болатын, бірде ат болатын бір шы-
бық балаға кѳп артық. Әшекейлі жат бір ойыншықпен 
бала сүйіп ойнамайды. Алады да, сындырып тастай-
ды. Және балаға кѳп ойыншық беру жарамайды. Олай 
болғанда балада іскерлік болмайды.


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет