98
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Осы түрдің қай түрімен
болса да ойнап отырған
баланың ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ
бақылаймын деп бүлдіріп алма. Бүлдіріп
алу былай
болады: былай ойна деп бұйырсаң, баланың ойыннан
ынтасын суытып аласың. Баланың ойынына үлкен адам
кіріссе, балаға ойынның қызығы бітеді. Ойын – баланың
ѳз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір
нәрсені бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болу
керек, бақыла деген сѳз
қарауылда тұрған солдаттай
қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сѳз емес. Олай тұр-
саң, бала ойнай алмайды. Егер енді баланың ойынына
қатысқың келсе, ѳзің бала болып қатыс. Яғни ойында-
рына бѳгет, оралғы болма. Балалар сенің жеткен адам
екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын.
Ойыншықтар. Ойыншық деген сѳз – баланың жа-
нындағы суреттеулердің белгісі деген сѳз. Балаға уқа-
лауына кѳнетін, не
қылса соған жарайтын жабайы
ойыншық баланың ішін пыстырады. Балаға нағыз қо-
лайлы ойыншық бір үйім құм деген бір педагогтің сѳзі
дұрыс сѳз. Базардан алып келген әшекейлі ойыншы-
ғыңнан бірде құрық болатын, бірде ат болатын бір шы-
бық балаға кѳп артық. Әшекейлі жат бір ойыншықпен
бала сүйіп ойнамайды. Алады да, сындырып тастай-
ды. Және балаға кѳп ойыншық беру жарамайды. Олай
болғанда балада іскерлік болмайды.