129
«Асыл мұра» сериясы
қарсысы – ѳзіне-ѳзі разы болу сезімі. Адамда бұл сезім
басқалар оны жақсылағанда, мақтағанда болады. Ѳзіне
ѳзі ылғи риза болып жүретін тәкаппарлық сезім пай-
да болады. Тәкаппарлық сезімі яғни адамның ѳзін ірі
деп санауы, шектен шығып кетпесе, әрине, дұрыс сезім,
дұрыс мінез. Бірақ шектен шығып кетпесін, яғни адам
ѳзінің істері, мінездері ірілігін емес, тѳмендігін кѳрсетіп
тұрғанда, ѳзін ірі адам деп санайтын болмасын. Жоға-
рыда айтылған себептерден баланың ѳзіне-ѳзі разы
болу сезімін ѳте сақтықпен тәрбие қылу керек. Бала-
ның ѳзін мақтама, ісін мақта. Мақтағанда мақтауға тұ-
рарлық ісін мақта. Баланың жеңіл істерін мақтай беру
балада менмендік, ретсіз тәкаппарлық туғызады. Қай-
та бір жеңіл дұрыс ісі болса да, нашар шәкіртті мақтау
керек. Қалайда мақтауға мырза болу жарамайды. Бір
шәкіртті, бір баланы мақтау басқа балалардың рухын
түсіреді, ынтасын ѳлтіреді. Ал енді жақсы оқуы, дұрыс
құлқы үшін шәкірттерге сый (наград) беру, үлестіру
тіпті дұрыс емес. Мұндайда сый алған балалар сый алу
үшін
ғана тырысып,
кеуделеріне орынсыз менмендік,
ретсіз тәкаппарлық кіріп, сый алмаған балалар күншіл
һәм ѳзіне-ѳзі сенбейтін жасық болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: