Ѳзімшілдік ішкі сезімдердің біреуі – ашу. Екінші
кісі тарапынан бізге әдейі кѳлденең тартылатын бір
бѳгетке, кедергіге ұшырасақ, біздің жанымызда ашу
сезімі пайда болады. Бізге бір жансыз нәрсе зиян қыл-
са, кедергі болса, яки бір адам байқамай бізге кедергі
жасаса, біз оған ашуланбаймыз. Қысқасы, ашу сезімі
адамда екінші бір адамға қарсы ғана оянады. Бала-
ның ашуланып қуыршақты, шыбықты ұруы баланың
сол нәрселерді жанды деп білуінен. Ашу ең күшті
125
«Асыл мұра» сериясы
дәрежеге, құтыру дәрежесіне жеткенде, адам ақылы-
нан айырылып, не істегенін білмейді. Балада қайрат
әлсіз, бала ѳзінің күшін шамалай алмайды һәм маңа-
йындағы нәрсенің бәрін жанды деп біледі. Сондықтан
балада ашу сезімі тез оянады: ол жылдам ашуланады.
Баланың ашуы жылаумен, айғай салумен һәм ашу ту-
дырған нәрсеге зиян келтіруге ұмтылумен жарыққа
шығады. Бала қатты ашуланғанда не шалқасынан, не
етпетінен домалайды, жер тепкілейді. Қолына түскен
нәрсені тырнайды, тістейді. Баланың мұндай ашуын
бітіру үшін долданып жатқан баланы байқамағандай
болу керек. Бала ѳзі басылған соң, ұрыспай, жай ғана
балаға былай долданудың ұнамсыз екенін, түбі пайда-
сыз екенін ұқтыру керек. Ашуланған бала сол ашуды
туғызған нәрседен ѳш алуға ұмтылады. Балаға ѳш ал-
дырып үйретпеу керек. Адамнан, малдан ѳш алдыру
былай тұрсын, жансыз нәрседен де ѳш алдыру дұрыс
емес. Мысалы, табалдырыққа сүрініп жығылған бала-
ға табалдырықты ұрғызу яки ұру жѳнге келмейді. Ѳш
алдырып үйрету баланы малға, жанға – бәріне де қайы-
рымсыз, қатал қылып шығарады.
Қорқу сезімі адам жанында адам бір бақытсыздық
күткенде болады. Қорқу сезімінің бірнеше басқышы
бар. Жеңіл қорқу тынышсыздану деп, қатты қорқу
үрей ұшу деп аталады. Қорқу сезімінің күштілігі келе
жатқан қорқыныштың шамасына, дененің сезімпазды-
ғына байлаулы. Қиялы бұзылған яки денесі ауру адам
қорқақ болады. Корқу сезімі неғұрлым күшті болса,
оның жанға һәм денеге әсері де сонша күшті болады.
Үрей ұшқанда адам қозғала алмай, сѳйлей алмай қа-
лады. Есінен айрылады, кейде кенет шашы да ағарып
кетеді.
126
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың
қиялы тым тірі һәм денесі әлсіз. Бала желден, сықыр-
лаған есіктен қорқады, қозыдан, лақтан қорқады, жат
кісіге жоламайды. Әсіресе кѳп қорқытылған бала тым
қорқақ болады. Ал енді қорқытылмай ѳскен бала ба-
тыр болады. Мұндай бала қараңғы үйге кіріп жүре
береді. Жалғыз жатып ұйықтай береді. Баланы қорық-
пайтын ер қылып ѳсіру үшін оның денесін һәм жанын
сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы
ешбір уақыт қорқытпау керек. Бѳки келеді, жалмауыз
кемпір келеді, пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді
деген сықылды сѳздермен баланы қорқыту қып-қызыл
зиян. Мұндай сѳздерді, ертегілерді, әңгімелерді естіп
ѳскен бала ѳмір бойы су жүрек, қорқақ болады. Жа-
сында қорқытып үйренбеген бала ѳскенде ер болады.
Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген құр
сѳз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мыса-
лы, қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам
ѳзі бірге алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын
болады. Тырсыл- гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде
жүрген адам қорқудың не екенін білмейді.
Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сѳз-
ден балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады.
Яғни баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Жазамен
қорқытқанда бала нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса
істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан
ғана не істейді, не істемейді. Яғни бала ѳтірік айтуға,
алдауға үйренеді. Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа
ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала
жанының бар жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен
айрылып, миғұла болады. Ѳтірікші, алдауыш болады.
Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру баланың денесіне де
кѳп зиян келтіреді.
127
«Асыл мұра» сериясы
Қазақта бала ұрмайтын ата-ана сирек шығар. Та-
лай ата «жүгермек» деп, талай ана «кѳкала келгір» деп
жап-жас балаларын салып-салып жіберіп, сілейтіп тас-
таушы еді-ау!
Әсіресе молдекелер!
Таң атқаннан күн батқанша, кѳк шыбық сынғанша
сабайды. Баланың кѳзі кітаптан кішкене бұрылып кет-
се, салып жібереді. Қарғыс тигір кѳк шыбықтың сор-
лы баланың арқасына шып- шып тимейтін шағы бар
ма еді? Кѳк шыбық тиген сайын қайқаңдап, жас жү-
регіміз елжіреп, кѳзіміз ыстық жасқа толып, зарменен
әліпсін-ә, әлбәсін-әй деп талайымыз отырмап па едік?
Молда атын кѳтерген хайуан бар күшімен құлағымыз-
дан тартқанда, тістеніп тұрып тілімізді тартқанда, та-
лайымыздың құлындағы дауысымыз құраққа шықпай-
тын ба еді?
Надан молданың осындай хайуандық әсерінен тала-
йымыз- ақ «сабақ», «молда» деген сѳздерді естігенде де-
немізге суық су құйып жібергендей болмаушы ма едік.
Қазақтың кейінгі буын балалары! Хайуан құлық-
ты надан молдалар заманында тумағаныңа қанша
шүкірлік қылсаң да аз.
Ал енді баланы ұрма, ұрыспа, сѳкпе дегеннен бала
біржола тізгінсіз болсын, істеген істері туралы ешкімге
жауап бермесін деген сѳз шықпайды. Абзалы, тәрбиеші
баланың нашар істі ѳзі істемеуіне, нашар мінезден ѳзі
қашуына тырыссын. Яғни ешкім айтпай, қорқытпай,
баланың ѳзі жамандықтан, нашар мінездерден жире-
нетін болсын. Баланы мұндай қылып шығару қорқы-
ту, үркіту арқасында емес, бәлки махаббат, жылы сѳз,
жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін. «Жылы- жылы
сѳйлесе, жылан інге кіреді» есте болу керек. Таяқ адам-
ды емес, үйретсе аюды ғана үйрете алар.
128
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Жоғарыда біз бала істеріне жауапты болуға тиіс
дедік. Бұл сѳздің мағынасы баланың нашар ісіне жаза
шеттен алынып келінбесін. Яғни бір нашар іс үшін ба-
ланы ұру, ұрсу, бір нәрсе бермеймін, яки бір нәрсесін
алып қоямын деп қорқыту жарамайды. Бұлай істеген-
де бала нашар істен сол істің нашар болғандығы үшін
тыйылмайды, бәлки таяқтан, сѳзден аман қалу үшін,
бір нәрсені алу, яки бір нәрседен айрылып қалмау
үшін ғана тыйылады. Ал енді бала нашар істен сол істің
нашарлығын біліп тыйылсын десек, сол істің нашарлы-
ғын іспен кѳрсету керек. Яғни нашар істің нәтижесі де
нашар болатынын бала іспен кѳрсін. Мысалы, ѳтірік
айтқан адамның сенімі кетеді, ұрлық қылған адамның
қадірі кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |