Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Шақпақталған магний және оның қорытпаларын өндіру



бет4/5
Дата08.07.2016
өлшемі260 Kb.
#185272
1   2   3   4   5

5-параграф. Шақпақталған магний және оның қорытпаларын өндіру

224. Тереңдетілген агрегаттардың (пештер, миксерлер, және тағы басқа) жоғары жақтары магнийді балқыту мен шақпақтау үшін арналған, балқытуларды дайындау еден деңгейінен немесе жұмыс алаңынан 200 мм кем емес шығып тұрады.

225. Магнийді балқытуға және магний қорытпаларын дайындауға арналған агрегаттар жергілікті сорғыштармен жабдықта щиттері мен басқару пульттерінде пештердің қыздыру элементтерінің қосылуын және сөнуін көрсететін сигналды лампалар орнатылады.

226. Балқыту және шақпақтау электр пештерінің басқару пульттары мен щиттерінде пештердің қыздыру элементтерінің қосылуы мен айырылуын көрсететін сигналды лампалар орнатылады.

227. Балқыту және шақпақтау агрегаттарына кабельдік каналдар тиеу және түсіру патрубкалары мен люктерден 1 м кем емес қашықтықта салынады. Балқулардың кабельдік каналдарға түспеуінің алдын алу шаралары қабылданады.

228. Балқыту және шақпақтау агрегаттарына қыздырушыларын қоректендіретін кабельдерді жүргізу ылғалдан, жылу шағылысуларынан және механикалық зақымданудан қорғалған.

229. Балқыту және шақпақтау агрегаттарын қосу алдында олардың металл корпустарының жерге қосылуының дұрыстығын тексеру және тигельдік электр пешіне орнатылатын тигельді жерге қосады.

230. Балқыту және шақпақтау агрегаттарындағы ашық ток құбырлары қоршалады.

231. Балқыту және шақпақтау агрегаттарында балқу деңгейі ваннаның (тигель) жоғары шетінен 200 мм кем емес төмен.

Электркарлармен (автокар) тасымалданатын қорытпасы бар тигельдер қақпақтармен жабылады.

232. Ауыспалы тоқ кернеулігі 42 В артық электр пештерінде присадоктарды енгізу операциялары, балқытуды араластыру, қоқыстарды шығару және басқалар өндіріледі:

1) тікелей қызу пештерінде - элементтерден кернеуліктер алынған кезде;

2) тигельді пештерде жерге қосылған тигелде жүргізіледі.

Жерге қосуды салу қыздыру элементтерінен кернеулікті алған кезде жүргізіледі.

233. Балқытылған металлдары бар балқыту және шақпақтау агрегаттарына салынатын барлық металл шихта материалдары 100°С артық температураға дейін қыздырылады.

234. Балқыту және шақпақтау агрегаттарына қызмет көрсетуге арналған металл құралдар арнайы орындарда сақталады.

235. Балқытылған металлдарды құю орындарына тасымалдау және толтырылған ковштар мен тигельдерді қайтару ұйымның техникалық басшысы бекіткен маршрут бойынша жүргізіледі. Балқытылған металлдарды қолмен (ковштар, тигельдерде және тағы басқа) тасымалдау кезінде ені 2 мм кем емес өтетін орындар жасалады.

236. Қолмен құюға арналған құю ковштары мен тигельдер олардың сыйымдылығына қарамастан технологиялық регламентте көрсетілген деңгейге дейін толтырылады.

237. Құю өндірісінің қондырғылары МЕСТ 12.2.046 «Құю өндірісіне арналған технологиялық қондырғылар» және МЕСТ 15595 «Қысыммен құюға арналған машиналар. Жалпы техникалық шарттар» және осы Талапқа сәйкес келеді.

238. Металлдар темір қақтары мен қоқыстардан тазаланған, құрғақ және 100°С артық температураға дейін қыздырылған нысандар мен металл формаларға салынады.

239. Формалар мен салынатын үлгілер жағдайын тексеру ауысым сайын жүргізіледі. Оларды ақауы бар деп тану шығару технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Жарықтары бар сумен суыту нысандарын қолдануға болмайды.

240. Жартылай үздіксіз немесе үздіксіз құю кезінде құймаларды кристалдауға су беруге автоматты түрде қайта қосылатын тәуелсіз екі енгізу көзделеді. Су беретін сорғылардың 100 % резерві болады. Кристалдауға түсетін су қысымы төмендеген жағдайда автоматты түрде сигнал беріледі.

Кристализаторға су беру тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

241. Балқытылған металлға құралдарды салу алдында жуылады және балқытылған флюсте қыздырылады. Металлды қыздырылмаған және құрғатылмаған ожауға салуға болмайды.

Магнийді балқытуға және шақпақтауға арналған тигельдер әрбір балқытудан кейін темір қақтары мен қоқыстардан тазартылады және тексеріледі. Жарықтар анықталған немесе тигель қабырғаларының тозуы анықталған жағдайда технологиялық регламентке сәйкес ақаулы болып табылады.

242. Құю контейнерлері мен ыдыстарға құю құрылғылары қызмет көрсететін тұлғаны балқытылған металл шашырандысынан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.

243. Күйіп кеткен магнийді және оның қорытпаларын бұқтыру құрғақ, уатылған материалдармен: флюспен, электролитпен өңделген, сусыздандырылған карналлитпен жүргізіледі. Магний мен оның қорытпаларын сөндіруге су, көбік өрт сөндірулерін қолдануға болмайды.

244. Жанған өнімдерді сөндіру технологиялық релгламентке сәйкес жүргізіледі.

245. Өтетін орындарды, қосымша шығатын жерлерді және өрт сөндіру құралдарына жету жолдарын үйіп тастауға жол берілмейді.

246. Магний сынығын және қалдықтарын қайта балқыту технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

247. Магний қабықшалары мен опилкаларын және оның қорытпаларын қайта балқыту брикеттелген түрде жүргізіледі.

248. Тұзды пештерде және миксерлерде магнийді шақпақтау кезінде ылғалдылығы технологиялық регламентте көрсетілген мәннен артық болатын қатты тұздар мен электролиттерді салуға жол берілмейді.

249. Магнийдің және оның қорытпасының аз дисперсиялы қалдықтарын қоқыс шығартын жерге шығаруға болмайды. Қажетті жағдайларда бұл қалдықтар өртті бақылаудың жергілікті органдарымен келісілген орындарда өртенеді.

250. Металл құйымдарын қозғауға арналған конвейерлер оның бас және артқы жағында орналасқан «Тоқта!» авариялық батырмасымен жабдықталған.

251. Бастапқы материалдарды ваннаға салу және технологиялық ерітінділердің сынамасын алу кездейсоқ қосылуды бодырмайтын блокировкада тұрған сөндірілген конвейер жағдайында жүргізіледі.

252. Калий бихроматы ерітіндісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жұмыскерлер противогаздар, қорғаныс резеңке қолғаптар киіп атқарады.

253. Парафин - вазелинді қоспа дайындаумен және сынама алумен байланысты жұмыстар қорғаныс резеңке қолғаптар және көзілдірік кию арқылы жүргізіледі.

254. Технологиялық ерітінділері бар және парафин - вазелинді қоспасы бар ыдыстар жергілікті сорғыштармен жабдықталған.

255. Калий бихроматы ерітіндісін ион алмасу әдісімен регенерациялау процесінде калий бихроматының сулы ерітіндісіне қышқылдар қосу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

256. Технологиялық ерітінділермен операцияларды орындау кезінде МЕСТ 12.4.013 «Қорғаныс көзілдіріктері. Жалпы техникалық талаптарға» сәйкес көзілдіріктер қолданылады. Ыстық металл құймаларын қағазға орау кезінде жұмыскерлер МЕСТ 12.4.103 «Арнайы киім, аяқ киім және қолды қорғау құралдары» бойынша Тп 100 тобындағы қолғаптарды, арнайы киім, аяқ киім және қолды қорғау құралдарын қолданады.

6-параграф . Түйіршіктелген магний өндірісі
257. Түйіршіктелген магний өндірісіне 5-параграф талаптары қолданылады.

258. Металлдар ыдыстарға құю жинау конвейерін және жергілікті сорғышты қосқаннан кейін жүргізіледі.

259. Металлды ыдыстарға құю алдында түйіршіктеудің перфорированды стаканы қызыл қызу температурасына дейін қыздырылады.

260. Түйіршіктелген магнийге ылғалдың түсуіне жол берілмейді.

261. Қайта балқытуға берілетін түйіршіктелген магнийдің қалдықтары құрғатылады және 100°С артық температураға дейін қыздырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет