Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы ережелер



бет3/5
Дата08.07.2016
өлшемі260 Kb.
#185272
1   2   3   4   5

1-параграф . Жалпы талаптар

130. Магний алудың технологиялық процестері бекітілген технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады. Бұл жағдайда технологиялық процестерді басқару және бақылау максималды автоматтандырылған.

131. Құрал - жабдықтар, құралдар, орталық сорғылардың жұмыс бөліктері, вакуум ковштардың, сифондардың сутартқы бөліктері және тағы сол сияқты бөлшектер балқытуға салу алдында құрғатылады, балқу тасталуының болу мүмкіндігін болдырмайтын температураға дейін қыздырылады.

132. Вакуум - ковш, тигл, қорабтар және сол сияқтылар оларды балқытумен толтыру алдында құрғатылады және қыздырылады.

Балқыту құйылған ковштар тасымалдау кезінде көлік құралдарында тығыз орналастырылады, жабылмайтын дәліздер бойынша тасымалданатындар қақпақтармен тығыз жабылады.

Жәшіктерде қатқан балқытуларды тасымалдауға жол беріледі.

133. Балқытуы бар жәшіктерді суытуға арналған алаңдар негізгі технологиялық қондырғының жұмыс орнынан 5,0 м кем емес қашықтықта және көлік жүретін жолдан бөлек орналастырылады.

134. Су суытатын технологиялық агрегаттардың су төгетін түтікшелерінің орналасуы және құрылысы қызмет көрсететін персоналға су ағынын көруге мүмкіндік береді.

Су төгетін түтікшелер, сонымен қатар балқу жетпейтін орындарда орналастырылады.

2-параграф. Сусыздандырылған карналлит өндірісі

135. Айналмалы пештер арасындағы жарықтар арақашықтығы жөндеу жұмыстарының қауіпсіз пайдаланылуын және өндірілуін қамтамасыз етеді.

Айналмалы пештердің тіреулері саты қанаттармен қоршалған қызмет көрсететін алаңдармен жабдықталған.

136. Қайнату пештерінің бүйірлері арасындағы арақашықтық 6 м кем емес.

137. Қайнатылатын қабат пештерінің оттықтары герметикалы.

138. Айналмалы пештердің және қайнайтын қабат пештерінің оттықтарына қызмет көрсету алаңдарының мөлшері жұмыскерлердің оттықтан 5 м кем емес қашықтыққа алыстауына мүмкіндік береді.

139. Оттықтарды тұтандыру, айналмалы пештерді және қайнайтын қабат пештерін іске қосу және тоқтату технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

140. Айналмалы пештері және қайнайтын қабат пештері жұмысының шамасы технологиялық регламентпен реттелетін бәсеңдеу арқылы жүргізіледі.

141. Жұмыс істеу кезінде оттықтар люктерін және газ таратушы камераларды ашу, қайнайтын қабат пештері футеровкаларын тексеруге болмайды. Жұмыс істеп тұрған пеш қуысында шуровка жасау газдар мен жалындар шығару мүмкіндігін болдырмайтын бәсеңдеу кезінде жүргізіледі.


3-параграф. Сусыз карналлит өндірісі

142. Хлораторлар аралық жарықтық қашықтығы 7 м кем емес.

143. Хлоратор миксері астауы жағынан бос жүретін орын ені 6 м кем емес.

144. Хлорды және басқа да газдарды хлораторға апаратын және олардан газды шығаратын барлық труба құбырларының, жергілікті сорғыштардың патрубкаларының жұмыс алаңдары шегінде электр оқшаулаушы үстемелері болады.

145. Жүк көтеруші механизмдерді қолдана отырып, кернеулікте тұрған хлораторларда қандай-да бір жұмыстар атқаруға болмайды.

146. Хлораторларды басқару орталық басқару щиті арқылы жүргізіледі.

147. Хлораторлардың авариялық ажыратылу және жергілікті басқару пультінде және орталық щитте «іске қосуға тыйым салу» автоматты құрылғысы болады.

Басқару пультіндегі және орталық щиттегі сөндіргіштер жарық сигналдарымен жабдықталған. Сигнализацияның дұрыс жұмыс істемеуі кезінде хлораторларды іске қосуға болмайды.

148. Хлораторларды шиналау оларға қызмет көрсету аумағында қоршалған.

149. Хлораторға балқытуды құю кезінде одан кернеулік алынады.

150. Хлоратордың төменгі хлорлаушы камераларынан қоқыстарды шығару алдында сол агрегаттардан кернеулік алынады.

151 Хлораторда балқытуды араластыру, оны қоқыстан тазарту агрегаттан кернеулік алынған уақытта жүргізіледі.

152. Хлораторлардағы балқытылған карналит және қоқыстар құрғақ және қыздырылған ковштар мен жәшіктерге төгіледі.

Ковштағы балқу деңгейі ковштың жоғарғы төбесінен 200 мм төмен. Ковштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған.

153. Хлоратордан балқуды төгу алдында ковш кран ілмегінен алынуы тиіс.

154. Хлораторларға қызмет көрсететін хлораторшылардың электр қауіпсіздігі бойынша II біліктілік тобы болады.

155. Хлораторларды шиналауды ұстауды электротехникалық қызметкер іске асырады.


4-параграф . Магний мен хлордың электролиттік өндірісі

156. Электролиздердің корпуста екі қатарда орналасуы кезінде ені 4,5 м кем емес көлденең қабырғалар жағынан немесе ені 5,5 м кем емес көлденең қатарлар арасынан өтетін орындар көзделеді.

Екі жағдайда да көлік құралдары немесе тасымалданатын жүктер мен корпус колонналары немесе орнатылған қондырғылар арасында ені 1,0 м кем емес бос жүретін орын қамтамасыз етіледі.

157. Электролиздердің көлденең қатарлары арасындағы өтетін орын және орталық жүретін орын болған кездегі ғимарат конструкциясының барынша шығып тұратын бөлігінің ені 2 м кем емес.

158. Электролиздердің көлденең жағынан жертөледегі өту орнының ені 1 м кем емес.

159. Электролиздердің бүйір жақтары арасындағы қашықтық 0,7 м кем емес. Әрбір алты электролиз арасында өтетін орын ені 3 м кем болмайды.

160. Электролиз корпусына көлік дәліздерінің қосылу орындарында электролиздер арасында ені 12 м кем емес жүретін орын қарастырылады.

161. Электролиздердің ені қатарлы шиносымдары арасындағы арақашықтық шиносымдардың тұйықталу мүмкіндігін болдырмайды.

162. Магистралды құрылғыда хлоргаздарды тасымалдау және тұздарды көрсетілген құрылғы бойымен айдау үшін монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ені 1 м кем емес бос жүретін орын қамтамасыз етіледі.

163. Электролиз корпусы үшін күштік және жарықтандыру желілеріне арналған кернеулігі 1000 В дейінгі кернеуліктегі электр таратушы құрылғылар шиносымдарға немесе электролизер бөліктеріне 6 м жақын емес арақашықтықта орналастырылады.

Электр дәнекерлеуші желілерге немесе электролиздер кептіргіштер үшін бөлетін трансформаторлар арқылы қоректендірілетін электр таратушы құрылғылар шиносымдарға немесе электролизер бөлшектеріне 1 м жақын емес орналастырылады.

164. Электролиздер қабығының жоғары жағы еден деңгейінен 200 м кем емес шығып тұрады.

165. Темір бетон жабу мен электролиз қабығы арасындағы саңылау 100 мм кем емес.

Электролиздерді пайдалану кезінде көрсетілген саңылауды 50 мм дейін қысқартуға болады.

166. Электролиз корпусындағы оқшаулау жүйесі электролиздер мен шиносымдар серияларына қызмет көрсету аумағына жер потенциалын енгізу мүмкіндігін болдырмайды.

167. Электролиздер мен шиносымдар серияларына қызмет көрсетуге арналған темірбетон және металл алаңдар жерден оқшауланған, ал олардың беті термотөзімді диэлектрикалық материалдармен жабылған.

168. Металл трубақұбырлары, анодты, катодты және жергілікті сорғыштар патрубкаларының электролиздермен қосылу жерінде электрооқшаулау жүктемелері болады және корпустың жабу элементтерінен электр оқшауланады. Көрсетілген трубақұбырлар мен партрубкалардың басқа трубақұбырларымен қосылу орнында электр оқшаулаушы жүктемелері болады.

Анодты хлоргаздар мен тұздарды айдаудың металл коллекторлары көрсетілген өнімдерді тасымалдауға арналған магистралды құрылғымен қосылу орнында электр оқшаулау жүктемелері болады.

169. Анодты хлоргаздарды тасымалдау мен айдауға арналған металл тіреулерде орнатылған металл трубақұбырлары (вакуум, сығылған ауа, газ және басқалар) мен магистралды құрылғылар осы тіреулерден электр оқшауланған, ал тіреулер жерден оқшауланған.

170. Электролиз корпустарында тұтас металл және темір бетон конструкцияларына жол берілмейді. Бұл жағдайда қыру конвейерлерімен жабдықталған анодты хлоргаздарды тасымалдау мен айдауға арналған металл магистралды құрылғыларды құрылғы ұзындығы бойынша электр оқшаулаушы жүктемесіз дайындауға болады. Көрсетілген құрылғылардың қыру конвейерлерінің сымдары жерден оқшауланған, орамның оқшаулауының корпусқа шығуы кезінде айналмалы ток желісінен автоматты түрде ажыратылу құралымен жабдықталған.

171. Анодты хлоргаздарды тасымалдау мен айдауға арналған магистралды құрылғылар тұздарды айдау орындарында жүктеме құрылғысынан оқшауланған, ал құрылғы жерден оқшауланған.

172. Цех ішіндегі шиносымдар мен электролиздер қабықтары жерден оқшауланудың екіден кем емес сатысымен оқшауланған.

173. Электролиз корпусының қабырғаларының қиылысу немесе жабылу орындарында автоматтау жүйесі сымдарының трассасын салуға арналған металл трубақұбырлары, қорғаныс трубалары (короба) олардан электр оқшауланған және қабырғаның немесе жабудың екі жағынан электроқшаулаушы жүктемесі болады.

174. Электролиз корпусының ұзына бойына, кронштейн қабырғалары бойына салынатын автоматтау жүйесінің сымдар жүйесінің трассасына арналған металл трубақұбырлары мен қорғаныс трубалары кронштейндерден электроқшауланған, ал кронштейндер жерден оқшауланған.

175. Металл қорғау құбырлары (жәшіктер) және электролизге қызмет көрсету алаңдарынан 3 м артық биіктікте корпустың ұзына бойына салынатын трубақұбырларының электролиз корпусының жер бетіндегі бөлігінің температуралық және электр оқшауланған тігістерімен біріккен электр оқшаулаушы жүктемелері болады.

176. Металл қорғау құбырлары (жәшіктер) және электролизге қызмет көрсету алаңдарынан 3 м кем биіктікте корпустың ұзына бойына салынатын трубақұбырларының әрбір екі электролиз сайын электролиз корпусының жер бетіндегі бөлігінің температуралық және электро оқшауланған тігістерімен біріккен электр оқшаулаушы жүктемелері болады.

177. Корпусқа көлденең салынатын технологиялық конструкциялардың көлденең және еңкіш металл элементтері мен трубақұбырлары серияның оң және теріс полюстері арасындағы электр оқшаулауды қамтамасыз етуге арналған екі түпкілікті көлденең электр оқшаулау тігістері орналасқан орында электр оқшаулаушы жүктемесі болады.

178. Электролиздерге қызмет көрсету аумағынан 3 м артық биіктікте корпуста нөлдік белгіден жоғары орналасқан металл тіке тіреу конструкциялары мен трубақұбырлардың әрбір 3 м сайын электр оқшаулаушы жүктемесі болады.

179. Қиыстырылған желдеткіш патрубкалары мен олардың реттеуші құралдары негізгі ауа құбырынан және электролиздердің металл конструкцияларынан электр оқшауланған.

180. Ауаны себелеуге арналған қиыстырылған туннелдердегі желдеткіштер құрылыс конструкцияларынан және ауа құбырларынан электроқшаулау талаптарын ескере отырып орнатылады.

181. Электролиздердің бір қабатты корпусы ішінде корпустың ұзын бойына су мен кәріздердің магистралды трубақұбырларын салуға болмайды.

182. Электролиздің екі қабатты корпусының нөлдік белгісінен төмен арналарда жаңадан жобаланатын цехтарда су құбырлары мен кәріз трубақұбырларын салуға болады.

Бұл каналдар сырт жағынан гидрооқшауланған және ішкі жағынан қышқылға төзімді материалдармен қорғалған. Арнаның едені 1:1000 кем емес жинақтау ыдысына қарай еңкіш болады.

Көрсетілген трубақұбырлары нөлдік белгі орнында еден деңгейінен 200 м кем емес көтерілген. Труба құбырларын орналастыру оларға балқулардың түсуін болдырмайтын орындарда қарастырылады.

183. Электролизерлер элементтерін суытуға арналған суларды пайдалану кезінде олардың электролизерге түсу мүмкіндігін болдырмайды.

184. Электролизерлер элементтерін суытуға су әкелетін және кері әкететін труба құбырлары 0,5 мОм кем емес суы бар әрбір трубақұбырының электр кедергісін қамтамасыз ететін диэлектрикалық материалдан дайындалады.

Су труба құбырларын салу оларға балқулардың түсуін болдырмайды.

Көрсетілген труба құбырларының электр кедергісін тексеру айына бір реттен кем емес жүргізіледі.

185. Электролизерлер су суытатын элементтерінен суды шығару жабық түрде жүргізіледі.

186. Электролизерлер элементтерін суыту жүйесі технологиялық регламентпен белгіленген температураның артуы немесе қысымның төмендеуінің шамасынан төмен кезде жұмыс істейтін сигнализациямен (жарық, дыбыс) шектелген суыту құрылғыларынан шығатын судың температурасы мен қысымын бақылау приборымен жабдықталады.

187. Электролизерлер элементтерін суытуға арналған су механикалық қоспалардан тазартылған.

188. Сығымдалған ауаны беруге арналған шлангілерде металл қорғанысы болмайды. Вакуумның труба құбыры ретінде шлангіде электр оқшаулау үзінділерін міндетті орнату кезінде немесе оны вакуум құбырына қосу орнында металл қорғанысы бар шлангілерді қолдануға болады.

189. Электролиз корпусына шиносымдарды енгізу және оларды корпустан шығару биіктігі еден деңгейінен және электролиздердің қызмет көрсету аумағынан 3 м кем емес металл тормен қоршалған.

Торлар шиноқұбырлардан электр оқшауланған.

190. Мостылы кранның орналасу алаңына жақын орналасқан шиносымдар олардың алаңға дейінгі арақшықтығы 2,5 м кем болмаған жағдайда қоршалады.

191. Кран ілмегінің жерден электр оқшаулануының бір ізді сатыларының саны үштен кем емес. Жаңа немесе күрделі жөндеуден шыққан крандар үшін 1000 В кернеулікке мегометрмен өлшенген электр оқшаулаудың әрбір сатысының кедергісі 10 мОм кем емес. Пайдалану кезінде оқшаулану кедергісі 0,5 мОм дейінгі сатыға төмендеуіне жол беріледі.

192. Электролиз құрылғысының (электролизерлер, шиносымдар, труба құбырлары, жұмыс алаңдары және басқа да бөліктері) электролиз корпусының конструктивті элементтерінің әрбір оқшаулау сатысының кедергісі қайта түрлендіру кіші станциясының максималды кернеулігінің әрбір 500 Ом кем емес.

193. Кедергісі тексерілуге жататын электро оқшауланулар:

1) электролизерлердің сырт қабықтары, анодты, катодты және жергілікті сорғыштардың жерден және жақын маңда орналасқан құрылыс конструкцияларынан;

2) тұрақты токтың шиносымдары - тіреу мен жерден;

3) электролизерлер жанындағы жұмыс алаңдары - қатар орналасқан электролизерлер мен жерлерден;

4) еден, қабырға корпус колоннасы және жертөле - жерден;

5) өзара электро оқшаулаушы тігістермен бөлінген құрылыс конструкциялары;

6) труба құбырлары бөліктері - жерден, электролиздерге қатысты өзара;

7) қиылысқан желдеткіш патрубкалары және олардың реттеуші құрылғылары - жерден негізгі ауа құбырынан және ғимараттар конструкциясынан;

8) электролиздерді құрғатуға арналған шиносымдарының трансформаторлары - жерден, кернеулік шинасынан, кабельдер мен аппартуралардан, едендер мен электролиздерден;

9) мостылы электр кранының бөлшектері жерден және өзара;

10) технологиялық ковштарды басқару механизмдері (ұстағыш, штурвал, және тағы басқа) ковштан бастап.

Осы Талаптың 192-тармағының 1, 8, 9, 10-тармақшаларында аталған электролиз құрылғысының оқшаулану бөліктерінің және электролиз корпусының конструктивті элементтерінің кедергісі тұрақты тоқтың шиносымдары кернеулігінің әрбір вольтында 500 кОм кем емес, 192-тармақтың 2-тармақшасында 1 Ом кем емес, ал осы Талаптың 192-тармағының 3, 4, 5, 6, 7-тармақшаларында 50 кОм кем емес.

194. Электролиз корпусындағы электр оқшаулау жағдайына технологиялық регламентке сәйкес жүйелі бақылау орнатылады. Оқшаулаудың анықталған ақаулары жойылады.

195. Оқшаулаудың кедергісін бақылау тексеруі жүргізіледі:

1) осы Талаптың 192-тармағының 1, 3, 4, 6, 7-тармақшаларында көрсетілген электролиздік құрылғылардың бөлшектеріне айына бір реттен кем емес;

2) осы Талаптың 192-тармағының 8-тармақшасында көрсетілген шиносымдар мен электролизерлерді құрғатуға арналған трансформаторлар бөліктері электролиздерді құрғатқышқа әрбір іске қосу алдында;

3) осы Талаптың 192-тармағының 2 және 5-тармақшаларында көрсетілген тұрақты тоқ шиносымдары мен құрылыс конструкциялары оқшаулау салудан кейін құрылыс және монтаждау кезінде, күрделі жөндеу кезінде;

4) электрлі мостылы кранның бөліктері айына бір реттен кем емес, ал кран ілмектері ауысым сайын.

Оқшаулауды өлшеу нәтижелері журналда жазылады.

196. Электролиздер сериясындағы 500 В артық кернеуліктегі электролиздер корпусында персоналды электролиздер сериясында қауіпті потенциалдардың пайда болғаны туралы хабарлайтын сигнализация орнатылады.

197. Электролизді құрылғылар сериялар кернеулігінің ауыспалы құрамы жерге қатысты үздіксіз бақылаумен және тіркеумен жабдықталады. Ауыспалы кернеуліктің 42 В асқан жағдайда сигнализация автоматты түрде қосылады және кернеуліктің арту себептерін жою жөніндегі оперативті шаралар қабылданады.

198. Электролиз корпусында жұмыс істейтін және қызмет көрсету алаңдарынан (электролиз) 3 м биіктікте және тұрақты тоқ шиносымдары мен электролиздерден 6 м кем емес қашықтықта орналасқан ауыспалы тоқтың электр қондырғыларын қоректендіру (мостылы краннан және жарықтандыру желісінен басқа) таратушы трансформатор арқылы іске асырылады.

Көрсетілген қондырғы барлық металл және бетон конструкциялардан, олар орналасқан еденнен және алаңдардан электр оқшауланады. Оларды жерге қосуға болмайды.

Электр қондырғыларды басқару сызбаларында электрден оқшаулауды автоматты түрде бақылау және оның оқшаулану кедергісі деңгейінің төмендеуі кезінде автоматты түрде сөну көзделеді.

199. Соңғы электролиздің анодты хлор газының коллекторындағы бәсеңдеу технологиялық регламентте көрсетіледі, бірақ 5 Па төмен емес (0,5 мм су бағанынан).

200. Электролизердегі балқуды құю, электролизерлерден металлдарды, қоқыстарды және өңделген электролитті шығару механизацияланған. Қоқыстың қалың бөлігін таңдауды қолмен жасауға болады.

201. Электролизерге шикізатты салу технологиялық регламентте көзделген жағдайларда жол беріледі.

202. Электролиздерге қызмет көрсетуге арналған металл құралдар осыған арнайы арналған орындарда сақталады.

203. Электролиз корпусында қолданылатын құралдар магнитті емес материалдардан жасалады.

204. Электролизерлер аумағындағы жертөледе болуға болмайды.

205. Электролизерлерді іске қосу және тоқтату, анодты хлор газдарды тасымалдау және тұздарды айдауға арналған құрылғылардың герметикалығын тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

206. Электролиздерді жүктемесін алмай іске қосуға және тоқтатуға болмайды.

207. Электролизерлер мен тазарту үстінен су беру шлангілерін орнатуға болмайды.

208. Анодты хлор газдарды тасымалдау және айдауға арналған сорғыштар үшін болат жинақтаушы хлор құбыры оларда айдалған тұздар мен ерітінді түскеннен кейін қыздырылған ауамен құрғатылады.

209. Анодты хлор газдарды тасымалдау және тұздарды айдауға арналған сорғыштар патрубкаларын тазарту кезінде электролизердегі біреуден артық емес люкті ашуға рұқсат етіледі.

210. Электролизерлерді құрғату және электролиттерді қыздыру үшін құрғақ бір фазалы трансформатор қолданылады.

211. Электролизерлерді құрғату және қыздыруға арналған трансформаторларды қайта қосу және сөндіру ауыспалы тоқтың шиносымдары сөндірілген кезде электр техникалық персоналмен жүргізіледі.

212. Электролизерлер қыздыруларының шиналарын трансформаторларға қосуды трансформаторлар сөніп тұрған уақытта электр техникалық тұлға жүргізеді.

213. Электролизерлердің шинкалау контактілерін тарту және қарау, оқшаулауды тазарту екі адамды бригадамен жүргізіледі.

214. Айнымалы токтың шинасымдарын оқшаулауын тазарту трансформатор және шиносымдар сөндірілген кезде жүргізіледі. Ауыспалы тоқтың шиносымдарына баруға электр техникалық тұлғаға рұқсат етіледі.

215. Жұмыс істейтін электролизерлерде электродтарды ауыстыру металлды алғаннан кейін және анодты хлор газ коллекторын жергілікті сорғышқа ауыстырғаннан кейін жүргізіледі. Электродтарды ауыстыру электродтарды алдын ала қыздырғаннан кейін жүк көтеруші құралдар арқылы жүргізіледі.

216. Алғашқы қайта түрлендірушінің, атқарушы механизмдердің және басқа да дистанциялық бақылау және басқару құрылғылары байланысының желісі жер потенциалын электролиздік құрылғы элементтеріне енгізуді болдырмайды және тұрақты токтар бойынша қысқа тұйықталулардан қорғанысы болады.

Кабельдік трассалар электромагниттік өрістер мен жоғары температуралар әсерінен қорғалады.

217. Сыртқа ашылатын есіктер мен қақпалар ауамен жылынатын перделермен және электролиз корпусына ылғал кіруін болдырмайтын құралдармен жабдықталады.

218. Хлорлы компрессорлық қондырғылар МЕСТ 12.2.016 «Компрессорлық қондырғылар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» және осы Талапқа сәйкес келеді.

219. Тегеурінді хлор құбырлары олардың толық өзінше ағуын қамтамасыз ететін еңкіштікпен салынады және қышқыл жинауыштармен қамтамасыз етіледі.

220. Хлорлы компрессорлар және хлор құбырларының 100 % резерві болады. Хлор пайдаланатын құрылғылардың түсетін хлордың үздіксіз пайдалануын қамтамасыз ететін резерві болады.

221. Қышқылдары бар бактар оның ішіндегі қышқыл деңгейін көрсететін көрсеткішпен, құю түтікшесімен және бактардың толғандығы туралы хабарлайтын сигнализациямен жабдықталған.

222. Күкірт қышқылы бар бактарды өтетін жерлердің үстіне орнатуға болмайды.

223. Хлорлы компрессорлық ғимаратында және күкірт қышқылын қайта айдау пунктінде қышқылдың адам денесіне түскен кезде жууға арналған су құбырлары орнатылады. Су фонтандары көрінетін және оңай табылатын орындарда орналастырылады және шаруашылық ауыз су құбырларына қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет