262. Технологиялық процестерді бақылау, реттеу және басқару аспабы операторлық ғимаратта орнатылған щитте орналастырылады.
263. Операторлық ғимараттарда телефон және өндірістік қатты сөйлейтін байланыс, инженерлік-техникалық қызметкерлермен байланыстыратын ұялы телефон байланысы болады.
264. Технологиялық процестерді автоматтандыру сызбалары автоматиканың жекелеген құралдарының немесе олардың дұрыс жұмыс істемеуі авария болуына себеп болмайтындай етіп жасалады.
265. Өндірісті автоматтандыру авариялық, алдын алу және технологиялық сигнализацияны және технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізуді және қондырғыларды қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ететін блокировкалауды қарастырады.
266. Радиоактивті шағылысуы бар аспаптарды пайдалану өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына және радиоизотопты аспаптарды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес іске асырылады.
267. Автоматты қорғаныс аспаптарының бақыланатын параметрлердің қалыпты жағдайында тұйықталған шығыс тізбегі немесе тұйықталған контактілері болады. Аспаптардың контактілері параметрлер ауытқулары кезінде ажыратылады.
268. Айналмалы тоқтың 42 В артық немесе тұрақты токтың 110 В артық кернеулігі көзінен жұмыс істейтін тікелей қызу құрылғыларында балқу параметрлері және электр параметрлерін өлшеу галваникалық байламы бар қайта түрлендіргішпен өлшеу арқылы іске асырылады.
269. Электр сызбалары қорғаныс аспабының жұмысынан кейін автоматты іске қосылу мүмкіндігін болдырмайды.
270. Тікелей қыздыру құрылғылары үшін қолданылатын электр қоректендіру сызбалары мен автоматизация құралдары тарату трансформаторлары арқылы іске асырылады.
271. Автоматизация жүйесінің сымдарының трассасын 2,5 м кем емес биіктікте электролиз цехының бойына салады.
Трассаларды салу қорғаныс трубаларында немесе жәшіктерде іске асырылады.
272. Сөндірілген серияларда оның «қатуына» дейін жүргізілетін аспаптар мен бақылау тізбектерін жөндеу жұмыстары Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес орындалады.
273. Газдалған өндірістік агрегаттар (айналмалы пештер, қабат қайнату пештері, хлораторлар және тағы басқа) газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талабына сәйкес қауіпсіздіктің автоматты құралдарымен жабдықталады.
274. Өлшеуіш қайта түрлендіргіштер ғимараттары 26-тармақтың талаптарын қанағаттандырады.
8-параграф. Шаңды ұстап қалу және газдан тазарту
275. Шаң ұстап қалатын агрегаттар, газ жүретін орындар, ұсталған шаңдар мен бөлшектерді шығаруға арналған құрылғылар мен олардың қосылулары герметикалы.
Герметикалығы технологиялық регламентпен анықталған мерзімде тексеріледі.
276. Шаң ұстаушыдан шаңның шығуына және жиналуына жол берілмейді.
277. Адамдардың болуымен байланысты шаң ұстаушыларды жөндеу, тексеру және тазарту келесі талаптарды сақтай отырып, наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі:
1) шаң ұстағыш орнатылған агрегатты тоқтату және шаң ұстағышты кіру және шығу жағынан бітегіштерді қолдана отырып сөндіру;
2) шаң ұстағыштардан шаңның толық шығуын және оны 40°С артық температурада суыту;
3) барлық білтелерді, люктерді, лазалар мен тағы басқа шаң ұстағышты желдету және оның ішінен газдарды (газдың толық шығарылуы шаңұстағыш ішінде таңдап алынған ауа сынамасын алып талдау арқылы тексеріледі) шығару мақсатында ашу;
4) жарықтандыру үшін жарылыс қауіпсіз жағдайында кернеулігі 12 В артық емес жарық шамдарын қолдану;
5) аппараттарды жөндеу және ревизиялаумен айналысатын жұмыскерлерді шаң мен газдан қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
6) жұмыстар 3 адамнан кем емес бригадамен жүргізіледі.
278. Сүзгіштер жең ұштарының камералары монтаждаудан немесе оның күрделі жөнделуден кейін оның герметикалығына тексеріледі.
279. Жең ұшы сүзгіштері құрылғыларын іске қосу алдында:
1) барлық механизмдерді қарап, оның дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі;
2) сүзгіштердің, лазалардың және құрылғылардың басқа да элементтерін бекітілу мықтылығы мен жең ұштарының жағдайы тексеріледі;
3) қима клапандарының жабық және ашық жағдайда дұрыс орналасуы және газ құбырларында бітеу құралдарының жабылуы тексеріледі;
280. Жең ұшы сүзгіштерінің жұмысы кезінде бункерден шаңдардың түсірілуі жүйелі жүргізіледі. Бункерде шаңның жиналып қалуына жол берілмейді.
281. Cілку механизмдерін жүріп тұрғанда және ревизиялауға және жең ұштарын оның жұмыс істеу кезінде тексеруге болмайды.
282. Жарылыс қауіптілігі бар шаңдарды ұстауға арналған циклондар жарылыс клапандарымен жабдықталған.
283. Шаңнан және газдан тазарту бункерлері жүйесін тазарту технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
284. Газдан тазарту қондырғылары скрубберлер, циркуляциялық бактар, газ құбырлары және тағы басқа гуммирленген немесе қышқылдарға төзімді материалдармен футерленген немесе тот басуға төзімді материалдардан жасалған.
285. Агрессивті газдарды тасымалдауға арналған түтін сорғыштар, агрессивті ерітінділерді қайта айдауға арналған сорғылар тот басуға төзімді материалдардан жасалған.
286. Скруберлік құрылғы ғимаратында скрубердің жұмыс істеуі кезінде қиылысқан - тартқыш желдеткіш жұмыс істейді және жұмыс аумағындағы ауадағы хлор мен басқа да зиянды заттарды бақылау іске асырылады.
287. Скруберлік құрылғылардың желдеткіш резерві болады. Жұмыс істеуші желдеткіш істен шыққан уақытта резервтегі желдеткіш іске қосылады.
288. Скруберлер тамшы ұстағыштармен жабдықталады.
289. Газ жүретін орындардың конструкциясы оларды шаңнан тазарту кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Газ жүретін орындарды ревизиялауға арналған лазалардың жұмыс алаңдары болады.
290. Жер асты газдары жүретін орындар газ өткізбейтін болады, ал пештің көмейіне құм немесе басқа да құрғақ және қалыңдығы 200 мм кем емес, тығыз жылу оқшаулаушы материалдар салынады. Пеш көмейіне күл себуге болмайды.
9-параграф. Түтін трубалары
291. Түтін трубаларының жағдайын және оларға баратын сатылардың жағдайын тексеру Өндірістік ғимараттар мен имараттарға жоспарлы- алдын алу жөндеу жүргізу туралы талаптарға сәйкес жүргізіледі.
292. Пайдаланудағы трубаларға МЕСТ 2.601 «Пайдалану құжаттарына» сәйкес келетін формулярлар толтырылады.
293. Трубалардың бағандарында және бағанның немесе каркастың сырт жағында жөндеу, тазарту және тот басуға төзімді материалдармен жабу кезінде механизацияланған көтеру құралдарымен қамтамасыз етілетін құралдар қарастырылады.
7-тарау. Электр құрылғыларына қойылатын талаптар. Жарықтандыру. Сигнализация және байланыс
294. Өндірістік және қосымша ғимараттар мен имараттар, ұйымның аумағын жасанды жарықтандыру тұтынушылардың электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздігі және құрылғыларды пайдалану талаптарына сәйкес болады.
295. Өндірістік ғимараттарда электр жарықтандырудың келесі түрлері қолданылады:
1) жұмыс;
2) авариялық (немесе эвакуациялық).
Авариялық электр жарықтандыру көздері электр құрылғыларын пайдалану талаптарына сәйкес таңдалады.
296. Электролиз корпустарының жертөлесі, хлор құбырларының туннелдері, өтетін желдеткіш және кабелдік каналдардың 42 В артық емес тұрақты жұмыс істейтін электр жарығы болады.
Жарықтандыру желісі сымдармен немесе оқшауланған қабығы бар кабелдерден жасалады.
Электролиз корпустарындағы және хлор құбырларының туннелдеріндегі тасымалданатын жарықтандырғышты қоректендіру үшін 12 В артық емес кернеулік қолданылады.
Тасымалданатын жарықтандырғыштарда ұзындығы 10 м кем емес сымдар болады.
Оларды желіге қосу үшін розеткалар орнатылады. Барлық көрсетілген жағдайлар үшін жарықтандырғыштарды қоректендіру таратушы трансформаторлар арқылы жүргізіледі.
297. Кернеулігі 42 В артық жарықтандырғыш орғыштарды бекітуге арналған конструкциялар ғимараттар конструкцияларынан оқшауланған және талаптар сақталған.
298. Магний электролизі цехында телефон байланысы, өрт сигнализациясы, радиофикация құрылғылары тұрақты ток шиносымдарынан 6 м кем емес қашықтықта немесе қосу дәліздерінде орнатылады.
299. Хлор өндіретін немесе пайдаланатын цехтар мен учаскелердің диспетчерлік және газ құтқару қызметтерімен тікелей телефон байланысы болады.
300. Барлық өндірістік ғимараттар қатты сөйлеуші және телефон байланысымен жабдықталады.
Магний өндіру кезіндегі
өнеркәсіп қауіпсіздігі талабына
қосымша
Магний өндіріс кезінде шектік жіберілетін концентрация (ШЖК) және қауіпті өндірістік факторлар деңгейі
Заттардың атауы
|
Қауіптілік класы
|
Адам ағзасына әсер ету сипаты
|
12.1.005-88 ГОСТ шектік жіберілетін концентрация
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Магний
|
II
|
Металлды Mg «құйма безгегін» тудырады. Созылмалы атрофикалық назофарингит, мұрын қанау, жиі тұмаурату, шаштың түсуі, қолдың терлеуі, тіл және қастың көгеруі, қызыл дермофрагизм байқалады. Магний өндірісінің электролиздік цехтарында дем алу мен асқазан органдары ауруларының артуы. Ауырмалы ісіктер немесе баяу жазылатын асқынған – іріңді процестер байқалады.
|
10 мг/м3
|
Карналлит
|
III
|
Терінің іріңді ауруларын, жүйке жүйесінің перифериялық аурулары, гипотония, вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің бұзылуы, байқалады. Калий рудасының шаңдары терідегі жараға түскен кезде жазылуды баяулатып, терінің жақсы бөліктерінің шекаралас учаскелерінің мацерациясын тудырады, іріңді инфекцияның дамуына мүмкіндік береді. Терінің ісуі және гиперемиясы түріндегі везикулезды қозу дерматитері, көз ауруларының асқынуы байқалады.
|
|
Хлор
|
II
|
Тұншықтыратын газдарға жатады. Көздің сонымен қатар жоғары дем алу жолдарының жедел тітіркенуін шақырады. Өзіне тән тітіркендіргіш иісі болады. Жоғары концентрациялармен уланған кезде дем алу орталығының рефлекторлық тежелуіне байланысты кенеттен өліп кетуге әкеліп соғады. Орта және төменгі концентрациялармен уланған кезде – қатты кеуде аурулары, қыжыл және көздегі шаншу, жас ағу, қатты құрғақ жөтел байқалады.
|
1 мг/м3
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Хлорлы сутегі
|
III
|
Жоғары концентрациялар кезінде кілегейлердің, әсіресе мұрын тітіркенуі, конъюнктивит; көз қарашығының бұлдырлауы. Тұншығу сезімі, дауыс қарлығуы, кеуде шаншуы, тұмаурату, жөтел, қан араласқан қақырық
|
5 мг/м3
|
Күкірт қышқылы
|
II
|
Тыныс алу органдарын тітіркендіреді, қан араласқан қақырық болады, көздің ашуы және ауыр жағдайларда құсу болады. Теріге түскен кезде химиялық күйдіру болады, ауыз қуысының аурулары, тістердің бұзылуы, жоғары тыныс алу органдарының атрофикалық өзгеруі, бронхиты, пневмосклероз, бронхиалды демігу, гастриты, жаралы аурулар.
|
1 мг/м3
|
Калии бихроматы
|
I
|
Улы қосылыстар. Тыныс алу органдарының, бүйрек, бауырлар, жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануы.
|
0,01 мг/м3
|
Магний өндірісі келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталады:
1. жұмыс аумағының шаңдануы мен газдануының арту мүмкіндігі;
2. жұмыс аумағындағы ауаның жоғарылауы (төмендеуі);
3. қондырғылардың, материалдардың температурасының артуы;
4. вибрацияның жоғары деңгейі;
5. аэрозоль, пар және газдардың токсикалығы;
6. метал қорытпасының сумен немесе дымқыл материалдармен контактіде болуы кезінде жарылыстың болу мүмкіндігі;
7. тұйықталуы адам денесі арқылы өтетін, электр тізбегіндегі кернеуліктің жоғары мәні;
8. қозғалмалы машиналар мен механизмдер;
9. өндірістік қондырғылардың, материалдардың қорғалмаған қозғалмалы элементтері;
10. жұмыс орнындағы шудың жоғары деңгейі;
11. радиоактивті шағылысудың жоғары деңгейі.
_________________
Тарау, параграф
| Мазмұны |
Беті
|
1-тарау
| Жалпы ережелер
|
|
2-тарау
| Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, имараттарға қойылатын талаптар
|
|
3-тарау
| 1Бастапқы1материалдарға, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарға қойылатын талаптар
|
|
4-тарау
| Бастапқы материалдарды, дайындап қойылған, жартылай дайындалған және дайын материалдарды сақтау және тасымалдауға қойылатын талаптар
|
|
5-тарау
| Өндірістік1қондырғыларға, оларды орналастыруға және жөндеуге қойылатын талаптар
|
|
6-тарау
|
Өндірістік (технологиялық) қойылатын талаптар
|
|
1-параграф
| Жалпы талаптар
|
|
2-параграф
| Сусыздандырылған карналлит өндірісі
|
|
3-параграф
| Сусыз карналлит өндірісі |
|
4-параграф
| |
|
5-параграф
| Шақпақталған магний және оның қорытпаларын өндіру
|
|
6-параграф
|
Түйіршіктелген магний өндірісі
|
|
7-параграф
| Бақылау - өлшеу приборлары, автоматизация құралдары
|
|
8-параграф
| Шаңды ұстап қалу және газдан тазарту |
|
9-параграф
| Түтін трубалары
|
|
7-тарау
| Электр құрылғыларына қойылатын талаптар, жарықтандыру. Сигнализация және байланыс
|
|
Қосымша
| Магний өндіріс кезінде шектік жіберілетін концентрация (ШЖК) және қауіпті өндірістік факторлар деңгейі |
|
| Мазмұны |
|
Достарыңызбен бөлісу: |