Шикізаттың атауы
|
Базистік ылғалдығы, %.
|
Шикізат шығыны, 14,5% ылғалдықта, кг.
|
Табиғи болмысында
|
Құрғақ заттарда
|
1.
|
ҰН
|
14,5
|
100
|
85,5
|
2.
|
СУ
|
---
|
21,015-тен – 21,324-ке дейін
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
|
100
|
85,5
|
Қамыр ылғалдығы: 31-32%
Су шығыны: 1. ((100-85,5)*100)/(100-31)= 21,015 л;
2.((100-85,5)*100)/(100-32)= 21,324 л.
Б) Қамыр дайын болғаннан кейін бұйымдар қалыптастырылады. Макарон бұйымдарын қалыптастыру пресстеу тәсілімен жүргізіледі. Қалыптастыру қамырды қалыптамаға орнатылған фильерлер арқылы басумен жүзеге асырылады.
В) Пресстен жартылай өнім кептіргішке келіп түседі. Бұйымдарды кептіру үш кезеңде жүргізіледі:
1. Алғашқы кептіру - Тербелмелі кептіргіш. Бұл кептіргіш – пресстен шығатын жартылай өнімді одан әрі кептіру үшін қабаттап қалағанда бір-біріне жабысып қалуын болдырмау мақсатында бірінші рет кептіруге арналған. Кептіру уақыты 3 минуттан 6 минутқа дейін.
2. Алдын-ала кептіру - Алдын-ала кептіргіш. Бұл кептіргіш – технологиялық үдеріспен берілген белгілі жағдайларда (температура және ауа ылғалдығы) қысқа кесілген макарон өнімін алдын-ала кептіруге арналған. Кептіру уақыты – 45 минут.
3. Түпкілікті кептіру - Тұрақтандырғыш кептіргіш Бұл кептіргіштің кептіру уақыты – 6 сағат.
Тұрақтандырғыш кептіргіштен шығатын дайын өнім қайта тиеу воронкасы арқылы оны тоғанақтау бөлімінің бір-бірінен оқшауланған жинақтаушы-тұрақтандырғыштарына бөлетін тербелмелі конвейерге беріледі, онда ол 6 сағаттан кем болмайтын уақытта тұрақтандыру кезеңінде болады.
Г)Өндірілетін макарон өнімінің сұрыпталымы бойынша бағдарлы технологиялық тәртіптемелер.
Д) Шығарылған өнім сұрыпталып және ақаулы өнімдері іріктеледі де қайта өңделеді.
Е) Макарон өнімдері полиэтилен пакеттерге қапталатын және өлшенетін болып шығарылады.
Ж) Дайын өнім сауда орындарына сатуға шығарылып, әрі қарай тұтынушылар тамақ түрлеріне пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |