Ласпейрес индексі тауарлар мен қызметтер құрылымы өзгермейді жəне базалық жылғы тауарлар мен қызметтер көлемін негізгі деп алады. IL = (∑PtQ0 / ∑P0Q0) × 100%
мұндағы, Q0 – базалық (тұрақты) жылдың өндірілген тауарлар көлемі;
P0 – базалық (тұрақты) жылдың тауарлар бағасы;
Pt – ағымдағы жылдың тауарлар бағасы.
Пааше индексі ағымдағы жылдың тауарлар мен қызметтер бағасына негізделеді.
IР = (∑РtQt/∑P0Qt) × 100%
мұндағы, Qt – ағымдағы жылдың тауарлар мен қызметтер көлемі. Пааше индексінде тауарлар мен қызметтердің жиынтығы өзгереді жəне оны ЖҰӨ дефляторы деп те атайды.
Фишер индексі – Ласпейрес жəне Пааше индекстерінің орташа геометриялық шамасы. IF = √ IL IP
Баға индекстері елдегі инфляция қарқынын, өмір сүру құнының динамикасын анықтау үшін қолданылады. Ұлттық экономикада жасырын немесе көлеңкелі экономиканың болуы ЖІӨ-нің жəне ҰЕЖ-нің басқа да көрсеткіштерінің ақиқат шамаларын айқындауда қиыншылықтар тудырады. Экономикалық статистикада көрсетілмейтін экономикалық іс-əрекеттер жасырын жасалады.
Көлеңкелі экономика – бұл мемлекетке салық төлеуден жалтаратын жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет. Ғалымдар көлеңкелі экономиканың элементтеріне мыналарды жатқызады:
Заңсыз жүргізілетін қызмет түрлері – есірткі бизнесі, қару-жарақ саудасы, жезөкшелікпен айналысу, т.б.
Табыс табатын жұмыссыздар – жұмыссыз болып тірке- ліп, мемлекеттен жұмыссыздыққа байланысты түрлі жəрдемақы алатындар. Олардың табыс көздері болғандықтан, жəрдемақы алуға құқықтары жоқ.
Қосымша жұмыс істейтіндер, мұндай əрекетке баратын- дар қосалқы қызмет орнында салық төлемейді.
Қолма-қол ақша немесе затпен төлеу. Кейбір жалданып жұмыс істейтіндер жұмыс уақытында қолма-қол ақшаға жеке мəмілелер жасайды (көпшілік жағдайда олар жалгердің құрал- жабдықтарын жеке мүддесіне пайдаланады) немесе пара алу.
Алдау қызметі – табысты заңсыз түрде иемдену: мате- риалдық байлықты ұрлау, тұтынушылармен дұрыс есеп айырыс- пау, тауарды дұрыс жеткізбеу.
Заңсыз іскерлік шығындар – қосымша жеке шығындардың іскерлік шығындар ретінде рəсімделуі.
Сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын асыра пайдалану əрекеттері.
ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ – бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |