Макроэкономиканың пәні мен әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер



бет4/22
Дата04.04.2023
өлшемі1.75 Mb.
#471707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Макроэкономиканы п ні мен дістері. Макроэкономикалы к рсеткіш

Мемлекетұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қызметтері сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сек- тор, ол əдетте, пайданы максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының тиімді əрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет маңызды макроэ- кономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді жəне сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша ұсы- нысын қалыптастырады.

  • Сыртқы орта – шет елдердегі экономикалық субъектілер- дің жиынтығынан жəне шетелдік мемлекеттік институттардан құралады, олар отандық экономикаға өз игіліктерін ұсынады жəне сол отандық экономиканың өндірген игіліктеріне сұраныс білдіреді, экспорт пен импортты қалыптастырады. Сыртқы əлем секторы ұлттық төлем балансы мен валюта бағамының жағдайын анықтау үшін зерттеледі.

    Макроэкономика ғылымының өзіне тəн зерттеу əдістері бар.
    Әдіс деп біз белгілі бір нақты ғылымның пəнін зерттеу тəсілдерінің, амалдарының, формаларының жиынтығын, яғни ғылыми зерттеудің нақты құралдарын түсінеміз. Ал Макроэкономикалық талдаудың жалпы ғылыми əдістеріне мыналар жатады:

    • ғылыми абстракция əдісі;

    • анализ жəне синтез əдісі;

    • индукция мен дедукция əдістерінің үйлесімділігі;

    • нормативтік жəне позитивтік талдаудың үйлесімділігі;

    • «əртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;

    • экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар;

    • тарихи жəне логикалық əдістердің бірлігі;

    • жүйелік-функционалдық талдау;

    • экономикалық-математикалық үлгілеу жəне т.б.

    Макроэкономикалық талдаудың ерекше əдісі – ол а г р е г а т т а у əдісі болып табылады. Агрегаттау дегеніміз – берілген экономикалық құбылыстар мен үрдістерді біртұтас жиынтық ретінде жалпылама түрде көрсету жəне біріктіру. Агрегатталған өлшемдер нарықтық жағдаятты жəне оның өзгерісін сипаттайды (пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, бағалардың жалпы деңгейі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі жəне т.б.). Сонымен қатар, макроэкономикалық агрегаттау жоғарыда аталып өткен негізгі макроэкономикалық субъектілерге (үй шаруашылығы, фирма, мемлекет жəне сыртқы орта) таралады жəне мынадай негізгі макроэкономикалық нарықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
    1. Игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер нарығы (нақты нарық).
    2. Ақша нарығы жəне бағалы қағаздар нарығы.
    3. Еңбек нарығы жəне капитал нарығы.
    4. Валюталық нарық.
    Макроэкономикадағы екінші ерекше əдіске экономикалық үлгілеу жатады. Үлгілеу дегеніміз – əртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдістерді, олардың арасындағы функционалдық өзара байланыстарды логикалық түсініктермен, графиктермен, алгебралық сипаттамалармен қарапайым түрде түсіндіру. Макроэкономикалық үлгілер əртүрлі өлшемдеріне байланысты былай жіктеледі:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет