Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету



бет2/10
Дата06.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#466628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 такырып

Қозғалтқыштар туралы жалпы мәліметтер. Автомобиль- дерде іштен жанатын қозғалтқыш деп аталатын піспекті қозғал- тқыштар қолданылады. Мұндай қозғалтқыштарда жанармай жанғанда бөлінетін жылу механикалық жұмысқа түрленеді.
Іштен жанатын автомобиль қозғалтқыштары келесі қасиеттер бойынша бөлінеді:

  • міндеті бойынша — көліктік және стационарлық. Көліктік қозғалтқыштар автомобильдерге, сондай-ақ, өздігінен жүретін ма- шиналарда орнатылады. Стационарлық қозғалтқыштар стационар- лық күш қондырғыларында жұмыс істеуге арналған;

  • жұмыс кезеңін жүзеге асыру әдісі бойынша — төрт тактілі және екі тактілі. Барлық заманауи автомобильдерде төрт тактілі қозғалтқыштар орнатылады. Екі тактілі қозғалтқыштарды әдетте қуаты төмен көлік құралдарында (мотоцикл мен мотоарбашаларда) қолданылады;

  • қоспаның түзілу әдісі бойынша — ішкі (карбюраторлық) және сыртқы (дизельдер) қоспа түзілуі бар. Карбюраторлық қозғал- тқыштарда жанармай қоспасы карбюратор деп аталатын арнайы құралда бензин буы немесе жанармай газдары және ауадан пайда болады, дайын күйінде қозғалтқыш цилиндріне жіберіледі. Дизель- де сұйық жанармай үлкен қысыммен цилиндрге бүркіп, ол жерде бүрку, булану мен тұтану болады;

  • жұмыс қоспасының тұтану әдісі бойынша — электр ұшқыннан тұтану (карбюраторлық және газ) және ауаны (дизельді) қатты сығу кезінде пайда болатын жоғары температура әсерінен тұтану;

  • қолданылатын жанармай түрлеріне байланысты қозғал- тқыштарды екі негізгі топқа бөледі: сұйық жанармаймен және сығылған әрі сұйытылған газбен жұмыс жасайтындар. Бұдан бөлек, бірінші топта сұйық отынның жеңіл сұрыппен (бензин, бензол, керосин, лигроин және спирт) және сұйық отынның ауыр сұрыптарымен (дизельді отын) жұмыс істейтін қозғалтқыштарды атап өтуге болады;

  • цилиндр саны бойынша;

  • цилиндрлердің орналасуы бойынша: бір қатарлы — цилиндр- лердің тік орналасуымен; V-тәрізді — цилиндрлердің 90° бұрышта орналасуымен; оппозитті — цилиндрлердің 180° бұрышта орнала- суымен;

  • цилиндрлерді жаңа зарядпен толтыру әдісі бойынша: үрле- мелі және үрлемесіз қозғалтқыштар;

  • салқындату әдісі бойынша — артық жылуды бұру салқын- датқыш сұйық көмегімен немесе цилиндрді ауамен үрлеу әдісімен жүзеге асады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет