Қозғалтқыштың жалпы құрылысы. Іштен жанатын піспекті қозғалтқыштардың құрамында екі механизм бар: қос иінді-ша- тунды және газ тарататын, сондай-ақ салқындату, қуат көзі, отал- дыру, қосу және майлау жүйелері.
Қос иінді-шатунды механизм газ жарылысының күшін алуға және піспектің тура сызықты қайтарымды-берілісті қозғалысы- ның иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналуға арналған. Қос иінді- шатунды механизмнің негізгі бөлшектері болып ци- линдр блогы, цилиндр блогының бастиегі, картер, картер тұғы- рығы, иінді білік, шатундар, піспектер, піспекті сақиналар, пі- спекті сұққылар мен сермер саналады.
Газ таратушы механизм цилиндрге жанармай қоспасының уақытында жіберілуіне және пайдаланылған газды шығаруға жа- уапты. Газ тарататын механизмге тарататын білік, итергіштер, штангалар, рокер өзегі, рокер, клапандар, клапан өзегінде бекіту- ге арналған тетіктері бар клапандар серіппесі жатады.
Қозғалтқыштың салқындату жүйесі артық жылуды бұруға және 80 ...95 °С аралығында температуралық режимді сақтап тұруға арналған. Қозғалтқыштың салқындату жүйесінің екі түрі бар: қоршаған ортаға жылуды сұйықпен бұратын және артық жылуды қозғалтқыш цилиндрлерінен ауамен үрлейтін. Салқында- тудың сұйық жүйесінде радиатор, сорғы, термостат, цилиндрлерді салқындату рубашкасы және радиатор жалюзилері бар.
Қозғалтқыштың майлау жүйесі қозғалатын тетіктерге майды беру үшін, үйкелісетін беттерден үйкелісу заттарын жою үшін және үйкелісетін тетіктерді салқындату үшін керек. Жүйенің не- гізгі құралдары май қабылдағышы бар май сорғысы, майды таза- лау сүзгілері, май радиаторлары, қозғалтқыш картерінің венти- ляция жүйесінің бөлшектері, магистралдер мен құбырлар болып табылады.
Карбюраторлық қозғалтқыштардың қуат көзі жүйесі қозғал- тқыш цилиндрлаерінен бөлек жанармай қоспасын дайындау үшін және оны цилиндрге жіберу үшін қажет. Жүйенің негізгі құрал- дары болып жанармай багы, карбюратор, күрделі және ақтап та- зарту сүзгілері, жанармай сорғысы, ауа сүзгісі, кіріс және шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш саналады. Дизельдің қуат көзі жүйесіне отын багы, күрделі және ақтап тазартудың жанармай сүзгілері, төмен қысымды басқылайтын сорғы, жоғары қысымды жанармай сорғысы, бүріккіштер, ауа сүзгісі, шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш құбыры мен бәсеңдеткіш.
Оталдыру жүйесі қозғалтқыш цилиндрлерінде жұмыс қоспа- сының тұтануына арналған. Дизельдерде оталдыру жүйесі бол- майды, себебі жанармай қоспасының тұтануы қатты сығылу сал- дарынан ауаның жоғары температурасы әсерінен болады.
Қосу жүйесіне қозғалтқыштың қосуын жеңілдететін құралдар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |