Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету


Қорытынды Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады: шанақ, шасси және қозғалтқыш



бет10/10
Дата06.12.2022
өлшемі0.55 Mb.
#466628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 такырып

    Бұл бет үшін навигация:
  • Шасси
Қорытынды

Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады: шанақ, шасси және қозғалтқыш.


Шанақ жүргізушіні, жолаушылар мен жүкті орналастыруға арналған. Автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанағы деп жүргізуші мен жолаушылары бар салонды айтады. Жүк автомобильдерінде шанақ жүргізушінің жұмыс орны болып саналатын кабинадан, жүктерді және жолаушыларды (борттық платформа болған жағдайда) тасымалдауға арналған платформалардан тұрады.
Шасси үш механизмнен тұрады: трансмиссия, қозғалыс бөлігі және басқару механизмі (В1 сурет).
Трансмиссия қозғалтқыштың иінді білігінен автомобильдің жетекші доңғалағына дейін айналу кезін жібереді. Оның құрамы- на ілінісу муфтасы 3, беріліс қорабы 4, карданды беріліс 5, басты беріліс 6, дифференциал 7, доңғалақтың жетекті біліктері кіреді. Автомобильдің қозғалыс бөлігіне рама 10,аспалар 2 және
8, амортизаторлар, 1 және 9 доңғалақтары, алдыңғы білік және артқы белдік қаптамасы кіреді.
Автомобильдің басқару механизміне тежеуіш пен тізгінді басқару 11 жатады.

В1 сур. Автомобильдің негізгі механизмдерінің орналасуы:
1 — басқарылатын доңғалақ; 2 — алдыңғы аспа; 3 ілінісу муфтасы; 4 — б еріліс қорабы; 5 — карданды беріліс; 6 — бас беріл іс; 7 — дифференциал; 8 — артқы аспа; 9 жетекші доңғалақ; 10 — рама; 11 — тізгінді басқару; 12 — қозғалтқыш
Тежеуіш автомобильдің қозғалыс жылдамдығын бәсеңдетуге әрі толық тоқтатуға арналған. Тізгінді басқару автомобильдің қозғалу бағытын өзгерту үшін қажет.
Қозғалтқыш 12 — жылу энергиясын мехникалық жұмысқа айналдыратын күш қондырғысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет