Бөлім 5. Зат және энергия алмасуы. Жылу реттелуі.
Оқу ақпараты:
Метаболизм туралы түсінік. Ассимиляция және диссимиляция процестері. Зат алмасудың адам ағзасындағы алатын орны. Ақуыз алмасуы: қызметтері, түрлері, қажеттілігі. Ақуыздың биолгиялық құндылығы. Азотты баланс, түрлері. Май алмасуы: түрлері, қажеттілігі, қызметтері. Көмірсу алмасуы:
биологиялық құндылығы, қажеттілігі, қызметтері. Ақуыз, май, көмірсу жеткіліксіздігі кезінде және ағзада артық болған жағдайда пайда болатын өзгерістер.
Су – электролит алмасуы. Судың адам ағзасындағы маңызы. Су жетіспеген жағдайда және көп болған жағдайда адам ағзасындағы өзгерістер. Минералдық заттардың орны. Минералды заттардың қызметтері: натрий, калий, кальций, хлор, фосфор, темір, йод. Дәрумендер туралы түсінік. Дәрумендер көп және жетіспеген жағдайда болатын құбылыстар. Дәрумендер жіктелуі: А,Д,Е,К,F,
С,Р витаминдерінің физиологиялық қасиеті. Негізгі алмасу туралы түсінік. Негізгі алмасуға әсер ететін себепкер ықпалдар. Жұмыс кезінде жұмсалатын энергия. Тамақтану туралы түсінік. Тамақтану рационы.Тамақтану тәртібі. Рационалды тамақтану. Ағзадағы жылу алмасу.
Адам денесінің температурасы. Жылуды жасап шығару мен бөлу, бейімделу өзгерістері. Адам денесінің қызуы.
Бөлім 6. Тыныс алу жүйесі.
Оқу ақпараты:
Тыныс алу жүйесінің мүшелері мен бөлімдерін оқып үйрену. Тыныс алу жүйесінің жалпы құрылысы. Мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар орналасуы, қызметі. Бронх тармақтары. Өкпе құрылысы, қызметі. Дем алудың маңызы. Дем алу алу сатылары. Дем алу дем шығару механизмдері. Өкпе сыйымдылығы. Өкпе вентелециясы. Дем алғандағы, дем шығарғандағы және альвеола кеңістігіндегі ауа құрамы. Газдардың қанмен тасымалдануы. Тыныс алу орталығы, орналасуы. Тыныс алу орталығының қызметінің реттелуі. Әр түрлі жағдайларда дем алудың ерекшеліктері: төменгі және жоғарғы атмосфералық қысым. Қоршаның ортаның ластануы мен шылым шегудің азғағы жағымсыз улы әсері. Тыныштық жағдай мен физикалық жүктемелерден кейін тыныс алу жиілігінің өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |