Мамыр Назерке Болысбекқызы Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : 0306000 «Фармация» жұмыс бағдарламасы



бет2/23
Дата10.05.2024
өлшемі419 Kb.
#500828
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ФАП СИЛ

3.6. Постреквизиттер: жалпы кәсіптік пәндер (биохимия, генетика, микробиология) және арнайы пәндер (хирургия, терапия, педиатрия).
3.7. Пәннің қысқаша мазмұны.
Бөлім 1. Кіріспе. Остеология. Синдесмология.
Оқу ақпараты: Адам анатомиясы мен физиологиясы жөнінде түсінік. Қаңқаныңбөлімдері, тұлғаның, қол
және аяқ жеке сүйектерін, ірі буындарын, олардағықозғалыстарды зерттеу. Адам қаңқасы оның бөлімдері.


Бөлім 2. Миология.
Оқу аппараты:
Бұлшық еттердің жіктелуі. Тұлғаның, кеуденің, арқаның беткейдегі және тереңдегі бұлшық еттері. Мойын бұлшық еті мен шандырлары, мойын үшбұрышы. Ымдау бұлшық еттеріне түсінік және олардың ерекшеліктері. Бұлшық ет биомеханикасы.


Бөлім 3. Қан. Иммунитет.
Оқу ақпараты:
Ішкі орта туралы түсінік. Қанның қызметтері: қанның физикалық және химиялық қасиеттері. Қанның құрамы: қан сарысуы, қан жасушалары.
Эритроциттер: морфологиялық сипаттамасы, саны, өмір сүру ұзақтығы, қызметі. Гемоглобин, қалыпты көрсеткіші, қосылыстары. Гемолиз туралы түсінік, түрлері. Лейкоциттер, морфологиялық сипаттамасы, саны, өмір сүру уақыты, қызметі, лейкоцитарлық өрнек.Тромбоциттер: морфологиялық сипаттамасы, саны, өмір сүру уақыты, қасиеттері және қызметі. Иммунитет, түрлері. Қанды ұйыту және ұйытуға қарсы жүйелері туралы түсінік. Гемопоез сатылары. Қан топтары және резус фактор. Қан топтары және резус факторы бойынша сәйкестігі, резус сәйкессіздік туралы түсінік.


Бөлім 4. Асқорыту жүйесі.
Оқу ақпараты:
Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке және тоқ ішек, олардың орналасуы, құрылысы. Асқорыту бездері, орналасуы, құрылысы. Асқорытудың маңызы. Ас қорыту мүшелерінің қызметтерін зерттеу әдістері. Ауыз қуысындағы ас қорытылу. Сөлдің құрамы мен маңызы. Сөл бөлінуінің реттелуі. Тағам сапасының сөлдің бөлінуіне әсері. Асқазандағы астың қорытылуы. Асқазанның қызметі. Асқазан бездері. Асқазан бездері. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Тағам құрамының асқазан сөлінің бөлінуіне әсері. Асқазан сөлінің бөлінуінің реттелуі. Асқазаннан қорытылған астың он екі елі ішекке өту механизмі. Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Ұйқы безі сөлінің құрамы, қасиеті мен маңызы. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің реттелуі. Өт құрамы мен маңызы. Жіңішке ішектің моторлық қызметі және реттелуі. Ток ішектегі астың қорытылуы мен оның моторлық қызметі, сіңірілу, физиологиялық маңызы. Қоректік заттардың ас қорыту жолдарының бөлімдерінде сіңірілуі. Ас қорыту туралы түсінік, орналасуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет