Бөлім 7. Зәр шығару жүйесі.
Оқу ақпараты:
Зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің жалпы құрылысы. Бүйрек, орналасуы, қызметі. Нефрон туралы түсінік. Несепағар, құрылысы, бөлімдері. Несеп қуығы. Несеп шығару түтігі. Бүйректің несеп-зәр шығару қызметі, ас қорыту жолдарының тері, өкпенің шығару қызметі.
Бөлім 8. Жыныс жүйесі.
Оқу ақпараты:
Ер және әйел адамның жыныс мүшелерінің жалпы құрылысы. Ер адамның жыныс мүшелері. Аталық жыныс безі, құрылысы, қызметі. Шәует шығарушы өзек. Қуық асты безі. Ер адамның сыртқы жыныс мүшелері. Әйелдің жыныс мүшелері. Ананың жыныс безі. Жатыр құрылысы, қызметі. Қынап және әйел адамның сыртқы жыныс мүшелері.
Бөлім 9. Жүрек-қан тамырлар жүйесі.
Оқу ақпараты:
Жүрек және негізгі қан тамырлары мен лимфа тамырларының лимфа жүйесінің мүшелерінің құрылысы, орналасуы, қызметі. Қолқа, негізгі тармақтары. Жоғарғы және төменгі қуысты вена. Қақпа венасының жүйесі, оның маңызы. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері: қозғыштық, өткізгіштік
жиырылу, рефрактерлық мерзім, автоматизм. Жүректің өткізгіштік жүйесі. Жүрек циклі. Жүрек қызметінің көрсеткіштері :систолалық және жүректің минуттық көлемі. сыртқы көріністері: ұш түрткі, жүрек дыбысы (систолалық, диастолалық).
Қан тамырларының түрлері: магистралды, резистивті, алмасу, сиымды, шунтталатын, олардың сипаттамасы. Гемодинамика көрсеткіштері: қан қысымы (артериалды, веналық, қылтамырлық) қан ағу жылдамдығы (бір сызық бойымен, көлемді, толық қан айналу уақыты) қан тамырларының серпімділігі.
Бөлім 10. Нерв жүйесі.
Оқу ақпараты:
Орталық және шеткерідегі нерв жүйесінің бөлімдерінің жалпы құрылысы, нерв жүйесінің мүшелерінің қызметі. Жұлын, құрлысы, орналасуы. Бас ми, бөлімдері, жалпы сипаттамасы. Нейрондардың анатомиялық және физиологиялық жүктелуі (униполярлық, биполярлық, мултиполярлық), қабылдағыш (рецепторлық), орындаушы (эффекторлық), байланыстырушы (аралық). Рефлекс. Рефлекторлық доға. Рефлекс түрлері. Нерв орталығының анықтамасы. Нерв
орталықтарының физиологиялық анықтамасы. Жұлынның, қызметтері. Сопақша ми, көпір және мишықтың орталық және аралық мидың физиологиялық маңызы. Үлкен ми сыңарларының қыртысты қабаты: құрылысы, ерекшелігі, қызметтері. Мидың қыртысты қабатының бөлімдерінің функционалды ерекшелігі. Бас мидың қызметін зерттеу әдістері Вегетативті нерв жүйесінің анатомиялық және функционалдық ерекшеліктері. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы. Рефлекс түрлері. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы. Шартты рефлекстердің пайда болу механизмі. Шартты рефлекстердің тежелуі. I және IIсигналдық жүйе. Жоғарғы жүйке қызметінің типтері. Түйсік, ес. Ұйқы физиологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |