2.2. «Зәру» шипажайы
Мәртөктегi бұғы шаруашылығының пантымен емдеу-сауықтыру шипажайы карағай, қайын аралас нудың етегiн баса орын тепкен шипажай көркемдiлiгiмен көз тартады, тұнык ауасының өзі шипа. Шипажайдың асхана дастарханынан Мәртөктің балы мен шұбаты үзiлмейдi. Етті және көкөністі тағамдар, жемiс-жидектер жергiлiктi жерден ұсынылады. Сондай-ак спорт алаңы, теннис, жаттығу жұмыс iстейдi. Шипажай аумағы табиғи және арнайы жасыл ландшафтпен көз тартарлықтай әдемi жасалған. Қазір мунда 25-тен астам адам жұмыспен қамтылган. Басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Шипажай бір мезетте 50 адамға дейiн кабылдай алады. Мүйіз сорпасына түсiп, мүйiз қанынан бетперде (маска) жасаса, адам терiсiн жасартып, өзгеше рең береді. Панты астауына (ванна) шомылғандар кыстыгүні суык пен тұмаудан аман-сау етеді. Мүйіз сорпасы адам иммунитетін көтерiп қана коймай, буын ауруларына да ем болады. Сорпаны алгаш рет кабылаушылар үшiн 7-10 кун үзбей түссе, тиiмдi болады. Емделушi бiрiншi рет түскенде дәрiгерлер оның қан қысымын өлшеп, судың температурасын белгiлейдi. Көбінесе астау суы +38... +43 градус жылылықта болады. Мүйiз қанының аздап исі болғандыктан, май қарағай шайырын косады екен. Бұл жағымды иiс шығарып, тынысыңызды аша түседі. 80 л ыстық суға 1,5 литр мүйіз сорпасын араластырады. Күніне екi мәрте кабылдайды. «Зару» шипажайында бiр мәрте 15 минуттай фитобөшкеге буланады. Мүйiз сорпасы Мартөкте өсетiн әр-түрлi дәрiлiк шөппен бірге қайнатылған соң, оның буы қысыммен түтiк аркылы фитобөшкеге берiледi. Балқарағай ағашынан жасалған жасалған бөшкенің жататын және отыратын екi түрi бар.
Қосымша №2
3. Зерттеу бөлімі
3.1 Зерттеуді Қазан ауылына барып «Зәру » шипажайы пайдасы туралы сұхбат алдым.
Ақтөбе облысы Қазан ауылында 2018 жылы бұғы мүйізімен емдейтін «Зәру» шипажайы ашылды.Біз оқушылармен ауылға барып маралдарды өз көзімізбен көріп, мүйізін қалай кесетілетінін, оның қанын шикілей ішіп ем алып жатқан емалушыларды көріп таңғалдық. Емалушылардың айтуынша: Күніне екі рет марал мүйізінің қанын ішіп, сорпасына түсіп, денсаулықтарын қалпына келтіріп жатыр. Құрыс-тырысы жазылып, ауру-сырқауының азайғандарын айтты.
Шипажайдың басшысы Бану Галиевнадан маралдың мүйізі мен қанынан қалай дәрі дайындалатындығы туралы толығырақ мағлұмат алдық. Қосымша№3
- Бүгінде Қазан ауылындағы шаруашылық алқабында 160-қа жуық марал емін-еркін жайылып жүр. Шаруашылыққа жақын маңда мүйізбен емдеу шипажайы жұмыс істейді. Мұнда келушілер үшін бар жағдай жасалған: арнайы ем алу, дем алу бөлмелері толық жабдықталған. Ең бастысы, келушілер марал мүйізінен алынған дәріні дертіне дәру ретінде қабылдайды.
Мамандардың айтуынша, жануардың жас мүйізінен жасалатын дәрі жүрек, қан-тамыр жүйесі, бұлшық ет пен тыныс жолдарына аса пайдалы. Марал мүйізінің сорпасы белсіздіктің бірден бір емі деседі.
— Жаңа кесілген жас мүйізден аққан қанды сол сәтте ішу өте пайдалы. Алайда қан тез қатып қалатын болғандықтан, одан арнайы технология бойынша пантогематоген жасалады. Бұл шипажайға келушілерге ұсынылады. Сосын мұнда келушілер бірнеше рет қайнатылған марал мүйізінен дайындалған сорпаға түседі. Панта бұлауын қабылдайды, — дейді кәсіпкер Бану Жұбанғалиқызы.
Қазір бұғы мүйізімен емдеу-сауықтыру орталықтарында қарбалас уақыт. Өйткені шаруалар қыс бойғы еңбектерінің жемісін енді көреді.Короновирустың кесірінен шетелдік туристер легі тоқтады. Дегенмен, бұғы мүйізімен емдеу орталықтарында жұмыс жалғасып жатыр. Тіпті, ірі базаларда маусым-шілде айларында орын таппайсыз. Өйткені тек осы екі айда ғана марал мүйіздері кесіледі. Сондықтан осы кезең ем қабылдап, денсаулықты оңалтуға ең қолайлы сәт.
Шаруашылықтағы өз ісіне әбден машықтанған мамандар келушілерге марал мүйізін ұсынып, сорпаның дайындалу барысын да көрсетіп береді. Қанның құрамында адам ағзасына пайдалы 25 түрлі микроэлемент бар. Ал сорпасына түсу сүйек, буын ауруларына таптырмас ем. Қосымша№4
"Жүрек қан-тамырлары, сүйек, тері ауруларына ем, жалпы иммунитетті көтеретін процедура болып табылады. Бір түсіп кеткен адамның денесі мен терісі жақсарып, организмінің инфекциялық ауруларға күресу қабілеті күшейеді", – дейді емдеу орталығының дәрігері Данияр Ерлан.
Бұғы мүйізі (панты) - өсіп келе жатқан бұғы мүйізіне адамзаттың аса қызығуы әлдеқашаннан басталған, оның құрамында ерте кезеңнен бастап адамдар тарапынан бағаланған және дәрігерлік тәжірибеде нәтижелі дәрі, оның ішінде өте жақсы белгілі пантокринді пайдаланған. Бұл зат жүрек-тамырлар жүйесіне және ішек - асқазан жұмыстарына жақсы әсерін тигізеді, шаршаудың дәрежесін төмендетеді, ағзаның жалпы жайын жоғарылатады, әр түрлі дене және асқазан жараларының жазылуын тездетеді. Жыныстық қабілетті жоғарылатады. Бұғылар мүйізінің негізінен емдік қасиеті - оның құрамында еркек жыныс гормондарының бар екендігі. Экспортқа шығарылатын өнім. Қосымша№5
Достарыңызбен бөлісу: |