«Маралдың емдік қасиеті» Ғылыми жоба тақырыбы: ( медицина «бағыты) Орындаған: №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 3 «А»


«Маралдың еті – қатерлі ісік ауруларының емі»



бет9/11
Дата14.10.2023
өлшемі7.37 Mb.
#480724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ғылым жоба Казина 3 А

3.2 «Маралдың еті – қатерлі ісік ауруларының емі»

Маралдың еті жұмсақ, дәмді, әрі емдік қасиеттерге бай. Бұғы етіндегі майдың өлшемі өте аз, энергетикалық құндылығы 100 граммға 155 калорияны құрайды. Сонымен қатар, оның құрамында B1, B2, PP дәрумендері және натрий, фосфор, калий, кальций сияқты микроэлементтер бар. Дәрігерлер жүкті әйелдерге бұғы етін жеуге кеңес береді, өйткені ол жүрек, асқазан және ас қорыту жолдарының бұлшық еттері үшін пайдалы. Жүйелі түрде марал етімен тамақтанатын адамдар, қатерлі ісік ауруына сирек шалдығады.



3.3 Ғалымдардың зерттеу жұмысы.
Деректерге қарасақ, бұғы мүйізінен жасалған дәрі біздің дәуірімізге дейінгі 168 жылы Қытайда пайда болған деседі. Бүгінде бұл шаруашылық Қытайда ғана емес, Жаңа Зеландияда, Кореяда, Ресейде, Аустралияда, Швецияда кең таралған. Республикалық марал шаруашылығы палатасының төрағасы Нұрлан Тоқтаровтың айтуынша, марал шаруашылығы сонау ХIХ ғасырда Алтайдан бастау алған. Сол кезеңдері қытайлық көпестер жергілікті аңшылардан жабайы маралдардың мүйізін сатып алатын болыпты. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, оның емдік қасиеті ертеден белгілі болған. Марал мүйізінің қаны мен одан жасалған дәрі-дәрмектер ағзаның иммунитетін күшейтіп, сүйек құрылымын жақсартады екен. Ағза жасушаларынан бастап әсер етіп, адамның зерделі һәм физикалық қуатты болуына әсер етеді, қартаю процесін бәсеңдетеді, сондай-ақ, теріні тазартып, тісті қатайтады, ішкі құрылыстардың жұмысын жақсартады деседі.

3.3 Мектеп ұстаздары мен сыныптас достардың пікірі.
Зерттеу жұмысымыздың кезеңдерінде сыныптастарымызбен де ой бөліскіміз келді. Осы мақсатта мектептегі 3 «А»,»Ә» класс оқушыларынан жабық сауалнама алдық. Оқушылардың жауаптарын сараптап, мынандай кесте құрдық.


Сұрақ

Маралды көргендер
саны.

Маралды көрмеген
дер
саны



Маралдың емдік қасиетін білетіндер саны

Маралдың емдік қасиетін білмейтіндер саны

Маралдың мүйізінен жасалатын дәріні ішкендер
саны

Маралдың мүйізінен жасалатын дәріні ішпегендер
саны

Балалар

18

34

46

5




51

Біздің мектептің ұстаздарының ішінен де «Зәру» шипажайына барып ем алып жүргендері де бар болып шықты.
Соның бірі кітапханашы Сара Калиева апайдың айтуынша: – «Зәру» шипажайна бірінші рет бардым. Шипажайға келіп ем алып, бұл жердің қызметіне тәнті болдым. «Зәру» шипажайының заманауи медициналық құрылғылары кез-келген емделушінің көңілінен шығары анық Заман талабына сай фито­бөшкеде емдеу, пантогемотогенді қабылдау, панты булау, фитотерапия, аяққа панты бұлаулары жақсы жолға қойылған. Тамақтану мөлшеріне үй қаймағы, сүзбе, жұмыртқа, үй қоянының, үй құсы мен маралдың еті кірді. Панты бұлауы қазірде тек кесу кезінде ғана қол жетімді емес, марал пантысын жыл бойы қабылдауға болады. Адам денсаулығының жақсаруына бірден-бір әсер ететін емдеу тәсілінің бірі ол - массаж. Емнен кейін денсаулығым жақсарып, қан қысымдарым бір қалыпқа түсті, буындарымның сырқырауы қойды. Шипажайдың қызметіне 100 пайыз көңілім толды. Алдағы уа­қыт­та еңбек демалысымды тек «Зәру» шипажайынан ем алатын боламын.
Марал жануарының емдік қасиетінің мол екендігі туралы білетіндерін айта алған оқушылар да арасында болды. Алдағы уақытта марал жануарының емдік қасиеті туралы көбірек біліп, табиғи дәрімен емделуге қызығушылықтары арта түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет