Маретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері



бет3/20
Дата20.05.2022
өлшемі283.5 Kb.
#458291
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
- қазақ тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны болмаған көркем әдебиет стиліндегі әңгімелеу мәтіні мәтін лингвистикасы тұрғысынан қарастырылды;
- әңгімелеудің көркем шығарма мәтінін құраушы бірлік болып
саналатыны әрі аяқталған мағыналық тұтастық екендігі дәлелденді;
-әңгімелеу мәтіні ақпараттық-мазмұндық жағынан белгілі бір қатысымдық бағыт-бағдары бар, соған сәкес құрылымдық және композициялық ерекшелігі, өзге мәтін түрлеріне ұқсамайтын мәтін түрі екендігі ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық ерекшелігі және олардың қызметі анықталды;
- әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы қолданысы, көркем шығарманың стилистикалық композициясын, эстетикалық тұтастығын жасауға қатысы талданды;
- әңгімелеу мәтінінің субъективтік және объективтік уақытқа қатысты тақырыптық-мағыналық түрлері анықталды.
Зерттеудің теориялық мәні. Мәтіннің бір түрі әңгімелеуді зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар көркем мәтіннің құрылымдық және стилистикалық ерекшелігін тануда, оның өзге мәтін түрлерінен (ойталқы, суреттеу) тілдік-стилистикалық айырмашылық-белгілерін айқындауда және жалпы мәтін лингвистикасы мәселелерінің толығуына үлес қосады. Сонымен бірге қазақ мәтінін оқытудың лингвистикалық-теориялық негіздерін анықтауға үлес қосады.
Зерттеудің практикалық мәні. Жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде мәтін лингвистикасы, стилистика, тіл білімінің салаларын (фонетика, лексика, грамматика) оқытуда, көркем әдебиет стилистикасы, прагмастилистика, функционалды грамматика, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау бойынша оқылатын дәрістерде және арнайы курстарда қосымша құрал ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- КСФ – әңгімелеу мәтіні – оқиғаны, іс-әрекетті ретімен, мезгілін, мекенін көрсете мазмұндауға құрылатын мәтіннің түрі;
- әңгімелеу мәтіні құрамындағы сөйлем-айтылымдар негізінен тізбектік, сонымен қатар, параллельдік синтаксистік байланысқа құрылып, Бастауыш→Бастауыштық, Баяндауыш→Бастауыштық, Бастауыш→ Толықтауыштық, Бастауыш→Анықтауыштық синтаксистік байланысу тәсілдері негізінде жасалады;
- әңгімелеу мәтінінің композициялық құрылымы өзіне тән грамматикалық құрылымдармен ерекшеленетін аңдату, мазмұндау, қорыту бөліктерінен тұрып, аңдату бөлігінің қимыл мәнді, мезгіл мәнді, мекен мәнді мағыналық түрлері ажыратылады; әңгімелеу мәтінінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігінің арасында қарама-қарсылық, анықтап-нақтылау, салыстыру, шарттылық, себеп-салдарлық логика-семантикалық қатынас түрлері болады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет