Маретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


- әңгімелеу мәтінінің оқиғаның дамуының объективтік, субъективтік уақытқа қатыстылығына қарай жақтық мәнді, оқиғалы мәнді мағыналық түрлері болады; -



бет4/20
Дата20.05.2022
өлшемі283.5 Kb.
#458291
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Маретбаева марина білжан ызы гімелеу м тініні тілдік-стилист

- әңгімелеу мәтінінің оқиғаның дамуының объективтік, субъективтік уақытқа қатыстылығына қарай жақтық мәнді, оқиғалы мәнді мағыналық түрлері болады;
- әңгімелеу мәтіні мәтінтүзуші бірлік ретінде көркем шығарманың эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық композициясын жасауға қатысып, стилистикалық қызмет атқарады;
- әңгімелеу мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымдарының өзгешелігіне, композициялық ұйымдасу ерекшелігіне қарай әр көркем шығарманың стилистикалық сипаты анықталады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы.
Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері 2 халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда, 2 республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндалды. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша республикалық басылымдарда 3 ғылыми мақала жарияланды. Барлығы ғылыми жұмыс бойынша 7 материал баспадан шықты. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында және біріктірілген лингвистикалық семинар мәжілісінде талқыланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен көркем шығарма тізімі берілді.


Негізгі бөлім
Диссертацияның кіріспесінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу нысаны, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми және практикалық жаңалықтары, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар туралы мәлімет берілді.
Диссертацияның бірінші тарауы «Әңгімелеу мәтінін зерттеудің теориялық мәселелері» деп аталып, мәтін лингвистикасындағы мәтін теориясына қатысты негізгі теориялық тұжырымдар мен көзқарастар, мәтінді зерттеудің психолингвистикалық мәні, мәтіннің сөйлеу бірлігі ретіндегі ақпараттық мазмұн ерекшелігі, әңгімелеу мәтінінің ақпараттық-мазмұндық сипаты, композициялық сөйлеу бірліктері, әңгімелеу мәтінінің олармен арақатынасы жан-жақты сөз болды. Қазақ тіл білімінде бұрын арнайы зерттелмеген әңгімелеу мәтінінің ақпараттық, әлеуметтік, психологиялық жүк арқалап, белгілі бір тілдік өрнекке ие болатын сөйлеу бірлігі екендігі мәтін теориясына сүйене отырып, нақты мысалдармен талданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет