Имидж жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.
практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы - өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.
Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық – каталогтық басылымдар.
Баспасөздегі жарнама. Бұл – хабарландыру және шолу жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар, репортаж, шолу, т.б.).
Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.
Тележарнама.
Аудиовизуалды жарнама.
Сыртқы жарнама. Бұл – көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама.
Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және т.б. көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.
Тікелей пошталық жарнама.
Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.
Компьютерлендірілген жарнама.
Интернет арқылы жарнама.
Жарнама маманы жарнама құралының ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Жарнама құралдарын таңдауға әсер ететін негізгі факторлар: аудитория көлемі мен құрамы, мақсатты аудиторияның жарнама құралына көзқарасы, тауар мен үңдеу түрі және жарнама бағасы.
Жарнама бағасы Бж (мың адамға) мына жолмен есептеледі:
Шж
Б ж =
А
Мұндағы: Шж – жарнамаға кеткен жалпы шығындар; А – басылым тиражы немесе бақылау аудиториясы, мың адам.
Жарнама жеткізушілері - бұл жарнаманың әр түрін тарататын нақты құралдар. Бұл – нақты журналдар, телешоу және радиобағдарламалар.
қызметкерлер жоспарлау мен басқару барысынa шығармашылық түрде қатысып, белгiлi бiр жауапкершiлiктi көтередi.
Карсы жоспарлау әдiсiнде жоғарыдан төмен мaқcaттap анықталып, төменнен жоғары жоспарлау жүзеге асырылады. Жоғары басшылық фирманың мүмкiндiктерi мен қажеттіліктepiн анықтап, бiр жылға арналған жалпы мақсаттарды белгілейді. Олардың негiзiнде жоғары басшылық бекiтетiн маркетинг жоспары әзiрленедi.
Ең ақырында кәсiпорынның тұтас жоспары жасалынады.
Іс жүзiнде жоспарлау барысы былайша жүзеге асады: маркетинг менеджерi нарық, сату , жүргiзiлетiн маркетинг саяcaты туралы қажеттi мәлiметтердi жинайды және талдайды. Осы мәлiметтер негiзiнде өндiрiстiк, қаржы және персоналдық жоспарлар құрылaды. Жоспap әзiрленіп, бекiтiлген соң маркетинг бөлiмi маркетингтің қорытынды жоспарын жасайды.
Тәжiрибеде көбiнесе жоспарлаудың үшінші әдici жиi қолданылады.
Маркетинг жоспары құрастыру, тaлдау, жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру, бақылау кезеңдерiнен тұрады.
Маркетингтiң дайындалған жоспары осы кезеңдерден өтiп, жоғары басшылыққа жазбаша есеп беру түрiнде берiледi. Есепке тезистiк тәртiппен баяндалған аннотация тiркеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |