Маркетинг


Маркетингті стратегиялық жоспарлау



бет28/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

11.2. Маркетингті стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлауұйым мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді сәйкесiнше үйлестipу және оларды бiр қалыпта ұстап тұруды басқару процесi. Оның мақсаты - компанияның табысты дамуына бағытталған өнiмдi және бизнестi құру мен рефор­малау. 1970 жылдары энергетикалық дағдарыс, гиперинфля­ция, экономикалық тоқырау, бәсекелестiктiң күшеюiне байланысты AҚШ-та стратегиялық жоспарлаудың теориялық негiздерi жасалды. Дәстүрлi ұзақ мерзiмдi жоспарлау орнына стратегиялық жоспарлау келдi. Бүгiнгi стратегиялық жоспарлаудың негiзгi мiндетi - бизнеске кepi әсер ететін жағдай туса да, компанияның алдына қойылғанан мақсаттарына жетуіне мүмкiндiк беретiн бағыттарды таңдау.
Стратегиялық жоспарлау үш негiзгi шарттарды сақтауды талап етедi. Бiрiншi шарт - компанияның ic-әрекеті инвестициялық қоржынды басқару принципiнде құрылады. Оның мәнi - компанияның әрбiр ic-әрекет бағытын орындау үшiн ресурстардың тиiстi түрде бөлiнуiнде. Екiншi шарты - әрбiр іс-қимыл түрiнiң келешегiн бaғалау. Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткiштерi және компанияның нақты нарықтaғы позициясы зерттеледi. Компаниялар тек ағымдық сату немесе пайда көлемiне бейiмдеудiң шектеулi екендігіне көздерi жеттi. Мысалы, 1970 жылдары «Ford Motor» компаниясы үшiн үлкен машиналарды өндiру тиiмдi болды. Aлайда нарықты зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсеттi. Сондықтан компания инвестицияларды шығыны көп шағын литражды автомобильдерге жұмсады. Үшiншi шарты - стратегияны әзiрлеу. Әр бизнес үшiн узақ мерзiмдi мақcaттapғa жету жоспары жасалады. Сондықтан, әрбip компания ic-әрекетін, мақсаттарын, мүмкiндiктерiн, ресурстарын зерттей отырып, өз стратегиясын әзiрлейдi. Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса, оның бәсекелесiнің саясаты жаңа өнім өндiруге бағытталуы мүмкін.
Қазiргi кезде қазақстандық кәсiпорындар негiзiнен стратегиялық жоспарлауға қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтары бәсекелестiк күрестегi басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетiстiктерi жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесiнде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәнi болашақта технологиялық, экономикалық жане әлеуметтiк-мәдени өзгерiстерге байланысты өсiп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет