Маркетинг


Табыс және шығындаp бағаналары



бет31/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
лекция маркетинг на каз.doc+

6 Табыс және шығындаp бағаналары. Табыстар бағанында - болжанған сату көлемi және өнiмнiң орташа бағасы, шығындар бағанында - шығатын шығындар белгіленеді, осылардың негiзiнде жоспарланған пайда анықталады.
Маркетинг бюджетiн жасау. Маркетинг жоспарын жүзеге асыру үшiн оның бюджетi жасалады. Бюджет шығатын шығын мен табысты, түсетiн пайданы көрсететiн кесте түрiнде болады. Табыс бөлiгiнде – көзделген сату көлемi, өнім бiрлігінің орташа бағасы, әрине, кipicтep, ал шығын бөлiгiнде өзіндік құны және маркетингтік шығындар көрсетiледi. Табыстар мен шығындардың оң қалдығы (сальдосы) жоспарланған пайданы сипаттайды.
Маркетинг бюджетi ережеге сейкес, әpбip айға немесе тоқсанға арналып жасалады, оны жоғары басшылық бекітеді.
7. Соңғы бөлiмде маркетинг жоспарын орындау жөнiндегi шаралар керсетiледi. Ай сайын қорытындылар жасалып, бақыланып отырады. Ауытқулардың себептері айқындалып, олардың алдын алу шаралары тiзiледi. Осыны ескере отырып, маркетинг жоспарына түзетулер енгiзiледi.
Жоғарыда аталған бөлiмдер жазбаша маркетинг жоспарында көрсетiледi. Кең таралған маркетинг жоспарларының бipiн келтiрейiк (27 -кесте).
27-кесте
Маркетинг жоспары

Бөлім

Атауы

Беттер саны

1.

Алғашқы бет. Фирма аты,құжат түрі, жасау мерзімі, жұмысқа жауаптылар.

1

2.

Кіроіспе. Жоспар бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы, негізгі көрсеткіштер

2-3

3.

Ұйым мақсаттары, өнім топтары бойынша мақсаттар

1-22

4.

Жағдайлық талдау нәтижелері:нарық ортасы, сатып алушылар, бәсекелестер, нарықты шолу, сату көлемі.

8-12

5.

SWOT-талдау

2-5

6.

Стратегиялар:негізгі мақсатты нарықтар, ерекше басымдылықтар, сауда маркасын позициялау

3-5

7.

Болжаулар/күтілетін нәтижелер

1-2

8.

Маркетинг бағдарламалар: маркетинг-микс

8-12

9.

Қаржы/бюджет

1-2

10.

Қорытынды

11-2

11.

Қосымшалар:SWOT талдау мәліметтері, бәсекелестер туралы ақпарат, талдау мәліметтері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, сілтемелер

20 және одан көп

Маркетинг жоспары сыйымды болуы керек. Мұнда барлық талданған ақпарат жинақталып, ұсыныстар негізделуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет