2-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендіктеріңізді білгіміз келеді. Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
(Бұл бөлімде таныстырумен қатар, әр топ өздері дайындаған команда атына сәйкес газет немесе слайдтарымен таныстырады)
1-жүргізуші: Сонымен ортаға:
1. « Абылай хан » командасы 2. «Әл-Фараби» командасы (әр топ өздерін таныстырады)
Таныстыру сайысы бойынша сөз кезегі әділ-қазы алқасына беріледі.
2-жүргізуші: Ал енді құрметті көрермендер! Нақты сайысымыздыбастайық.
1-сайыс. Қымбатты кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап 1 балмен есептелінеді.
Сұрақтар:І топ: Абылай хан 1. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Сыр бойы қазақтарының азаттық күресін басқарған батыр? Ж.Нұрмұхамедұлы 2. Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген, «Түркі тілдерінің сөздігін» жазып қалдырған белгілі ғұлама? М.Қашғари 3. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан? Әл-Фараби_1._Түрік_қағанатының_негізін_қалаған_тұлға_Бумын_қаған'>Абылай хан
ІІ топ: Әл-Фараби 1. Түрік қағанатының негізін қалаған тұлға? Бумын қаған 2. Бұхар, Шаш, Бағдатта білім алып, өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізген, қазақ даласында туған энциклопедист ғалым? Әл-Фараби 3. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал этнограф, академик-ғалым? Ә.Марғұлан
1-жүргізуші:
2-сайыс. Қадірменді қонақтар! Сіздерге келесі кезекте «Тарихи винегрет» салаты ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар. Сіздерге ұсынылған тағамда бейнеленген әріптер бойынша сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабы сіз таңдаған әріптен басталады. Кәне, кім тапқыр екенін білейік. (Әліпбидегі кеспе әріптер екі подносқа бөлініп салынып, ойыншыларға ұсынылады. Ойыншы бір әріпті атайтын болса, сол әріптен басталатын жауабы болатын сұрақ қойылады)
Абылай хан тобы: А – Қола дәуіріне жататын Ресей мен Қазақстанның шекарасында орналасқан ежелгі тұрақ (Арқайым) Б - 100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәріздес қару? (Бумеранг) Г- Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер? ( Гректер) К - 1837-1847 жж. болғанұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі (Кенесары)Н – Сегіз тайпа бірлестігі? (Найман) Т - «Жеті Жарғы» заң жинағы қай ханның кезінде шықты? (Тәуке ханның)
Әл-Фараби тобы:
Ә – Қазақстандағы қола дәуірін зерттеген ғалым? (Әлкей Марғұлан)В - 1993 жылы 15 қарашада болған уақиға? (Валюта енгізілді)И – Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келген қала? (Испиджаб)М – Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең? (Мезолит)О – Шыңғысхан әскеріне 6 ай берілмеген қала? (Отырар)П– Тік жүретін адам өкілі? (Питекантроп)
2-жүргізуші:
3- сайыс. Келесі кезекте әр команда өздері мен кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған қонақтарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық – «Біздің столдан, сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырмасы ретінде әзірлеп келген қызықты да тартымды сұрақтарын кезектесіп қоюы керек. (Әркоманда 3 сұрақтан әзірлейді) Әр команданың даярлаған сұрақтарын даяшылар таратып шығады.
1-жүргізуші:
4-сайыс. Ендігі кезекте Сіздерге «Тарихи рулет» ұсынылады. Даяшылар ұсынған астан алып отырыңыздар. Ол үшін орны ауыстырылып берілген әріптерден тарихқа қатысты сөздер құрастыру және мағынасын жазу керек. Ойлануға 3 минут уақыт.
Таратылатын сөздер: Панитептрок, ,тирауагдха, нолите, тзмиемто,шантау, хеоаргияло,. (әрбір дұрыс жауап 3 балмен есептелінеді)
Қомандалар уақыт бітті. Жауаптарыңызды даяшыларға берулеріңіз сұралады. (Даяшылар әділ-қазыларға жауаптарды апарады.)
2-жүргізуші:
5-сайыс. Бас аспазшы сіздерге «Жемістер» ассортиін ұсынады.Сіздерге ұсынылған ассорти бөліктерінен әр команда 1 минутта сөйлем құрастыру керек. (Жауап 5 балмен бағаланады)
«Абылай» тобына: «Республика Президентінің 1995 жылғы қыркүйектегі жарлығы бойынша, ел астанасының Ақмолаға көшетіні хабарланды. ( Астана туралы)
«Әл- Фараби» командасына: Қ.Рысқұлбековтың бейнесі Қазақстан жастарының еркіндік күресінің рәмізіндей ерекше көзге ілінді. (« Желтоқсан оқиғасы»)
2-жүргізуші:
6-сайыс: Енді құрметті қонақтар сіздерге «Балмұздақ» десертін ұсынамыз. Сіздер берілген жылдардағы тарихи оқиғаларды дұрыс табуларыңыз керек. Әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.
«Абылай» командасына: Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар (мезолит),1836-1838 жж. (Исатай мен Махамбет көтерілістері), Б.з.б VIII- б.з.VI ғ. (темір дәуірі),
«Әл- Фараби» командасына: Б.з.б. 2800-б.з.б.900 жж. (қола дәуірі), 552-603 жж. (түрік қағанаты) 1783-1797 жж. (С.Датұлы бастаған көтеріліс)
1-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Сіздердің құрметтеріңізге кафе қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан бас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін мектебіміздің ... орындауында жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |