Мақсаты. Магистранттарға психологиялық және педагогикалық қарым-қатынас оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру. Дәріс жоспары


Педагогикалық қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтар



бет4/4
Дата15.09.2023
өлшемі24.09 Kb.
#477675
түріЛекция
1   2   3   4
Документ Microsoft Office Word (2)

Педагогикалық қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтар:
— Байланыс орната алмау:
— Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
— Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
— Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
— Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникатвті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер. А.А.Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуацияларды бағыттау нәижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді:
— Оқушыларға ақпарат беру;
Оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:
1) қарым-қатынас жағдайына бағытталу;
2) зейінді аудару;
3) объектінің “жанын жаулау”;
4) вербальды қарым-қатынас орнату;
5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру
Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері де сана алуан. Педагогикалық қарым-қатынастың мынадай түрлері болады
Қарым-қатынас тиімді орнауы үшін оның құрылымына талдау жасаған дұрыс. Сызба 10. педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы көрсетілген. Қарым-қатынас коммуникативті, интерактивті, перцептивті құрылымдардан тұрады. Коммуникативті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілермен байланыс орнату іс-әрекеті, яғни оқушылармен алғашқы байланыс орнап, олармен қарым-қатынас жасалады. Интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсушілермен кері байланыстың орнауы, олардың өзара әрекеттестік жасауымен сипатталады. Перцептивті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілерді қабылдауы, оларды түсіну, олардың орнына өзін қоя білу іс-әрекетімен сипатталады. мұғалім қарым-қатынаста тиімді болуы үшін осы аталған құрылымдардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас бірнеше функция атқарады: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Әдебиеттерде әлеуемттік, психологиялық және инструментальды функциялары да көрсетілген.
Начало формы
Конец формы
Начало формы
Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет