182
принциптері,теориялық
негіздері,қалыптастырушы
бағалауға
арналған
тапсырмаларды құрастыру жолдары,бағалаушылық
пікірдің білім алушы мен
білімді ұсынушыға әсері, бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруда педагогтің
рефлексивтік
әрекетінің
ерекшеліктері,бағалау
үдерісінде
педагогтің
ұйымдастырушылық және коммуникативтік іс – әрекетінің маңызы қатарлы
мәселелер бойынша ақпараттар ұсынылды. Сондай – ақ, педагогтерге
гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда критериалды бағалаудың тиімді
амалдары
,
заманауи инновациялық технологиялардың
бірі ретінде сыни
тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалану арқылы білім алушылардың сыни
талдау дағдыларын
дамыту тақырыптары ұсынылады.
Білім сапасының мәнмәтінінде бағалау үдерісін ұйымдастыру модулі 24
интерактивті лекция,16 семинар, 6 тренинг, 4 тәжірибелік сабақ,2 дөңгелек
үстел,2 өзіндік жұмыс, 2 жоба жұмыстарын қорғау сабақтарын өз ішіне алады.
Бұл модульдегі 4 сабақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу
деңгейін анықтауға арналды.
Білім сапасының мәнмәтінінде бағалау үдерісін ұйымдастыру
модулі
бойынша берілген ақпараттар модульдің соңында жүйеленіп, педагогтер
тарапынан талданды.Педагогтің бағалау іс – әрекетінің маңызын түсіндіру
барысында педагогтің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекетіне
SWOT – талдау жасалынды.
S- (strong)- күшті жақтары
.........
O-opportunity-мүмкіндіктері
...........
W- (weak)-әлсіз жақтары
...........
T-threat - қауіптері
.............
32- кесте SWOT – талдау әдісі.
Білім беру бағдарламасының ІТ құзыреттілікті дамыту модулі білім беруде
цифрлық ресурстарды қолданудың тиімді жолдары қатарлы мәселелерді ұсыну
мен бір қатарда бағалау іс – әрекетін жүзеге асыруда педагогтің кәсіби
құзыреттілігінің құрамдас бөлігі болған ІТ технологиялардың мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, «Күнделік кz» пен жұмыс жасау жолдарын үйретеді.
Білім беру бағдарламасының төртінші яғни вариативті бөлімі вариативтік
модульді өз ішіне алады және бұл модуль бойынша педагогтерге инварианттық
бөлімге қосымша тағы 3 тақырып ұсынылады.Берілген
тақырыптар аясында
педагогтер өздеріне қажетті мәселелерді айқындауды ұсынады және оларға
қосымша мәліметтер беріледі.
Біздің зерттеу жұмысымыздың қалыптастырушы кезеңін жүзеге асыру
мақсатында құрастырылған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының білім
беру бағдарламасы аясында тыңдаушылар әр бір сабақта «тәжірибелік алаң»ға
шығып, өз әріптестеріне өз тәжірибесі бойынша сабақ ұсынады. Демек,
біліктілікті арттыру курсына қатысқан педагогтер интерактивті сабақтарға
қатысып, өз тәжірибелерін шыңдау мен бір қатарда әріптестеріне өзінің оқытып
отырған пәні бойынша сабақ өтеді. Біз ұсынған білім беру бағдарламасы аясында
білім сапасының мәнмәтінінде бағалау үдерісін ұйымдастыру модулінің әр бір
сабағында
«тәжірибелік
алаң»
ұйымдастыруымыздың
мақсаты
183
тыңдаушылардың бағалау іс – әрекетін дамыту үшін сол бағалау іс – әрекетінің
тиімді
ұйымдастырылуына
мүмкіндік
беретін
педагогтердің
ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту, рефлексивтік
іс – әрекетінің қалыптасу деңгейін анықтау, бағалаудың инновациялық әдістерін
пайдалануға болған икемділігін, креативтілігін анықтау және қиындықтар
аймағын айқындап кемшіліктерді түзету.
Бұл орайда, біз ғалымдардың
зерттеулері негізінде анықталған оқыту пирамидасының мүмкіндіктерін
ескердік, яғни оқыту пирамидасында ақпаратты есте сақтауға оқытудың қай
түрлері ықпал етеді:
42- сурет Оқыту пирамидасы
Демек,оқыту пирамидасын талдайтын болсақ, білім алушы өзі басқаны
оқыту кезінде ақпараттың көп бөлігін есте сақтайды.Сондықтанда, біз
тыңдаушыларға әріптестерді нақты мәселе бойынша оқытуды ұсынамыз.
Заманауи білім берудің қазіргі талаптары бойынша әр бір өткізілген
сабақ ғылыми ақпараттарға негізделіп, өмірмен және білім алушының өмірлік
тәжірибесі мен байланысты жүзеге асқаны жөн деп санаймыз.Сондықтанда, курс
барысында тыңдаушыларға дайын материал берілмейді яғни тыңдаушылардың
ақпаратты өздігінен зерттеу жүргізу арқылы игеруіне мүмкіндік береміз. Курс
барысында тыңдаушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы жаңартылған
білім берудегі педагогтің бағалау іс – әрекетінің
маңызды тұстарына талдау
жүргізеді, мәселенің шешімін табуда сыни ойлау әдістерін пайдаланады.Әр бір
сабақта біз қолданған интербелсенді әдістер мен технологиялар педагогтердің
бағалау құзыреттілігін қалыптастырып, шығармашылығы, креативтілігін,
коммуникативтік дағдыларын дамыта түсті.
Біз зерттеу жұмысымыздың қалыптастырушы кезеңінде педагогтердің
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс –
әрекетін дамыту мақсатында
төмендегі оқыту технологиялары мен әдістерді қолдандық:
лекция
10% оқу
арқылы
20% аудио - видео
арқылы
30 % көрсетілім арқылы
50% талқылау, пікірталас
75 % тәжірибе
90 % білімді ұсыну немесе оқыту
184
1. «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» – бұл технология туралы
диссертациямыздың 2.1 бөлімінде айтып өттік. Сыни тұрғыдан ойлау
технологиясы бойынша сабақ үш кезеңнен турады:
1-кезең - Ой қозғау немесе ой шақыру;
(evocation)
2-кезең – Мағынаны тану;
(realization)
3- кезең – Рефлексия немесе ой толғау.
(reflection)
Бұл технологияның тиімділігі педагогтердің бағалау іс – әрекетін дамыту
барысында тыңдаушылардың
сыни ойлауына ықпал етіп, ақпаратты толық
түсініп,қабылдауға,игеруге мүмкіндік береді.
Сыни турғыдан ойлау технологиясына негізделген сабақтар үрдісінде біз
төмендегідей әдістерді қолдандық:
Ой қозғау кезеңінде қолданған әдістер:кластер,Борт журналы,Т – кестесі.
«Кластер» жүзім шоқтары әдісі.Бұл әдіс «бағалау» ұғымының мәнін ашуда
қолданылды.Бағалау
ұғымына
байланысты
педагогтер
өз
ойларын
жеткізді.Идеялар және ақпараттар арасындағы байланыстарды айқындауға
мүмкіндік берді.
Тапсырма: «Бағалау» түсінігі.
«Борт журналы» әдісі.Бұл әдіс екі бағаннан турады.Бірінші баған сабақтың
бастапқы кезеңінде берілген тақырып бойынша мен не білемін?сұрағына жауап
ретінде өз білгендерін жазуға арналған.Екінші баған тақырып бойынша толық
ақпарат алғаннан кейін яғни сабақтың рефлексия кезінде мен не білдім? -
Сұрағына жауап ретінде толтырылады.
Тақырып бойынша нені білемін?
Ақпарат пен танысқаннан кейін нені
білдім?
33- кесте «Борт журналы» әдісі
Педагогтер бұл әдістің көмегімен бағалауға
байланысты бірілген
тақырыптар бойынша өз ойларын жинақтады.
Мысалы тапсырма: Педагогтің рефлексивтік іс – әрекеті туралы нені біледі және
сабақ барысында нені білді?
«Т- кестесі» әдісі. Бір – біріне қарама- қарсы немесе салыстыруға
ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған.
Мысалға тапсырма: Қалыптастырушы бағалаудың тиімді және тиімсіз жақтарын
келтіріңіз.
+
-
34-кесте «Т- кестесі» әдісі
«Мағынаны тану» кезеңінде қолданылған әдістер:
Түртіп алу немесе Инсерт әдісі. (INSERT – Interactive Noting System for
Effective Reading and Thinking)
(Воган,Эстес)
Достарыңызбен бөлісу: