Қолданылатын әдістер кешені:
1- тапсырма: «Сәлеметсізбе, бұл мен»
2- тапсырма: «Психологиялық қолдау» өз ойыңызды жазыңыз.
3- тапсырма: «Мотивация» сөзіне кластер құрастыру
4- тапсырма: «5+5-2+2-» бағалаушылық пікір ұсыну
5- тапсырма: «Мен ойлаймын...»
6- тапсырма: «Мен қалай қолдай аламын?»
7- тапсырма: «Идеялар ортасы»
Тренингтің барысы:
№1 тапсырма: «Сәлеметсізбе, бұл мен..»
Бұл жаттығу барысында педагогтер өздерін аудиторияға сәлеметсізбе бұл мен....
– деп басталатын пікір арқылы өзін таныстырады.Таныстыру барысында өзін 3
түрлі сын есім мен сипаттап беруі қажет.
Мақсаты: тыңдаушылардың өзін – өзі бағалау деңгейін анықтау.
№2 тапсырма: «Психологиялық қолдау» сөзіне өз ойынызды жазыңыз.
Бұл жаттығуда тыңдаушыларға психологиялық қолдау деген сөзге байланысты
өз ойларын жазғызу арқылы,білім алушыны психологиялық қолдауды түсіну
деңгейін анықтау.
-Бағалау барысында білім алушыға қалай қолдау көрсетесіз?
-психологиялық қолдауға не жатады? – деген сұрақтар арқылы педагогтердің
тұжырымдары қорытындыланады.
№3 тапсырма: «Мотивация» сөзіне кластер құрастыру.
Тыңдаушыларға «оқуға болған мотивацияны дамыту» бейне баяны
көрсетіледі.Бейне баянды көргеннен кейін «кластер» әдісін қолдану арқылы
тапсырма беріледі.Кластерді құрастыру барысында тыңдаушылар білім
алушылардың
мотивациясын
дамытуға
ықпал
ететін
жағдайларды
топтастырады.Бұл тапсырманың мақсаты педагогтерге білім алушыларды
психологиялық қолдаудың маңызды бағыты ол – мотивациялау екенін түсіндіру.
№4 тапсырма:«5+5-2+2-» бағалаушылық пікір ұсыну.
Бұл тапсырманың мақсаты бағалаушылық пікірдің және бағаның білім алушыға
әсерін анықтау.
Тыңдаушыларға білім алушыға «үздік» бағаны алғандығын 5 түрлі жол мен
жеткізу, «2» деген бағаны 2 түрлі дауыста жеткізу ұсынылады.Тыңдаушылар
тарапынан келтірілген мысалдар Қалай ойлайсыздар педагогтің бағалау стилі
білім алушының психологиялық ахуалына әсер ете ма ? - деген сұрақ арқылы
талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |