Масимова хуршидам ташболатовна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет10/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
жетісітк бағалау

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы 
- зерттеу аясындағы негізгі ұғымдар нақтыланды, «педагогтердің 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс – әрекеті» ұғымына авторлық 
анықтама берілді;
-
педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың әдіснамасы құрастырылды және
психологиялық – педагогикалық шарттары анықталды; 
- біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және курстан кейінгі қолдау 
Ережелері негізінде педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
бойынша мақсатты ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курсының тиімділігі 
негізделді; 
- педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс-әрекетін 
дамытудың құрылымдық – мазмұндық моделі, жүйелі әдістемесі, педагогтердің 
біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы құрастырылды.
 
 


15 
Зерттеудің практикалық маңыздылығы 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету 
мақсатында педагогтерге арналған «Жаңартылған білім беру жағдайында 
педагогтің бағалау іс - әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері» 
атты біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы даярланып
біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Оқу – әдістемелік кешен жасалды. 
Зерттеу жұмысы аясында «Критериалды бағалау жағдайында педагогтің 
бағалау іс – әрекетінің ерекшеліктері» атты әдістемелік құрал жарық көрді. 
Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың ғылыми – тәжірибелік негіздері 
нақтыланды, моделі құрастырылды, педагогикалық эксперимент жасалынып
нәтижелері қорытындыланды. Педагогтердің оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау іс-әрекетін дамытудың тиімді әдіс – тәсілдері жүйеленді. 
Зерттеу барысында алынған нәтижелерді біліктілікті арттыруда, жоғарыдан 
кейінгі білім берудің мазмұнын жаңартуда, қосымша білім беру 
орталықтарында, болашақ педагогтерді дайындауда қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет