“Математика-Экономика” факультеті



бет14/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35

21-лекция

Тақырыбы: Несие беру және қайтару есебі.

(1-сағат)


Жоспар:
1. Несие беру және қайтару есебі.

2. Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі

Несие бөу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік бөлім кажетті колдарды жинап, оны мөрімен қуәландырады.

Несиелік келісім, кепіл келісімі және баска да құжаттар толы-ғымен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе ҚРҮБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету кұжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған Банк басқармасы төрағасының және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Занды тұлғалар үшін мерзімдік міндеттемелер рәсімделуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелердің бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырма сай екенін тексеру үшін несие бөлімінің колымен куәландырылған қарыз алушының колындағы төлем тапсырмасы керек.

Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгал-терияның бүйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:


  • несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем құжаттарын төлеу;

  • бенефициар төлем кұжаттары бенефициар мекенжайына төле-неді (төлем тек бағалы заттарды тиеуге болады деген шарт-қа сәйкес кұжатты банкке көрсеткеннен кейін орындалады);

  • аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты аудару;

  • қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;

  • қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;

  • қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сома-сын аудару;

  • басқа да жолдармен.

Қызмет көрсетіп отырған банк клиенттерге несие берген кезде мынадай корреспонденток шоттар кұрылады:

Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және үзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-кол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Мерзімді міндеттемелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа келіп түседі - «Әр түрлі құндылықтар және қүжаттар» (7339). Басқа банк қызмет көрсететін клиенттерге несие беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жасалады:

Дт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» 1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1050 «Ъанктің корреспондента к есепшоттары».

Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу жасалады:

Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар»

Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қы<$қа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзак позициясы».

Сонымен бір уақытта теңгемен:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген карсы кұны (валюталық ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясының)»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-кол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары». Несиені қайтару кезінде өткізбелер керісінше жасалады. Теңге-лей берген несиені қайтарған кезде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар». Шетел валютасында берілген несиені қайтарғанда: Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050 «Банктердің корреспонденттік шоттары» Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»'.

Бір уақытта теңгемен берілген:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қыска позициясының)»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген кысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар». Клиент карыздың негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есептеледі:

Дт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»

Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»

1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар». Болашақта клиент кешіктірілген қарыздарын төлеген кезде: Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050 «Банктердің корреспонденток есепшоттары» Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».

Егер клиенттің қаржылық жағдайы үмітсіз деп табылса, онда банк оның қарыздарына тосқауыл қояды.

Дт 1427 «Банк карыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі»

Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».

Тосқауыл крйылған қарыз бойынша пайызды есептеу тоқта-тылады.

Клиенттің тосқауыл қойылған берешегі кайтарылған кезде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-кол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050 «Банктердің корреспондента к есепшоттары»

Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі».
Несиелеу принципінің бірі - төлемділігі болып табылады, яғни клиент несиені пайдаланғаны үшін белгіленген пайызын төлеуі керек. Осы үлгіде несие ұсына отырып банктер делдалдық қызметі үшін өтемақы алады, себебі олар несие бойынша төлемдер төленбеуінің тәуекелін өздеріне алады, өйткені банктің салымшылар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындамауы тәуекелді жоғарыла-тады. Банк қызметінің негізгі түрі сырттан қаражат тарту және басқаларға несие беру болып табылады. Бүл қызметтің өзін-өзі ақтау себебі сырттан тартылған қаражаттың пайыздық мөлшер-лемесі банк өзі берген несиеге қарағанда едәуір төмен.

Банктік пайыздың деңгейі мынадай бірқатар факторларға байланысты:



  • несиелік қаражатқа деген сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Қандай да болмасын нарықта сұраныс несиелік қаражат ұсынысынан жоғары болады және керісінше;

  • ҮБ саясатының реттеу бағыты. Бізде ҮБ екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатын анықтауға араласпайды, банктің несие үшін пайыздық мөлшерлемені төмендету немесе жоға-рылату, ынталандыру, міндетті резерв нормасын, қайта қаржы-ландыру мөлшерлемесін икемдеу жолдарымен анықтайды;

  • берілген несиенің көлемі және мерзімі (несиенің көлемі жоғары және несие ұзак болса, онда пайыздық мөлшерлеме де жоғары болады);

  • несиелік капиталдың өзіндік құны (яғни тартылған қаражат банкке қаншалықты кымбатка түседі);

  • қарыз алушының несиеқабілеттілігі. Банк қарыз алушының каржылық қатынасы тұрақты, сенімді болса пайыздық мөл-шерлемені төмен белгілейді және керісінше, егер қарыз алу-шы сенімсіздеу болса банк жоғары пайыздык мөлшерлеме белгілейді;

  • кдмтамасыз ету сипаттамасы (кепілдік сенімділігі, кепілге қойылған мүліктің өтімділік дәрежесі);

  • несиенің мақсаты.

Банктік несиенің пайыздык мөлшерлемесі деңгейіне эсер ететін тағы да бір қажетті фактор - сол банктің қаржылық жағдайы. Мен-шік капиталы жеткілікті мөлшерде қалыптаспаған банктің табыстык деңгейі жоғары емес және күтілмеген жағдайлар кезінде резервтің сенімділігі немесе шығындылығы агрессивті пайыздық саясат ұстанғаннан баска әрекет ете алмайды. Банктер бұл позициялар бойынша тиісті деңгейде болса, онда либералды пайыздык саясатты ұстануларына жол береді. Банктің пайыздық деңгейіне инфляция жағдайы үлкен эсер етеді. Банктік несиенің пайыздық мөлшер-лемесі де инфляцияның өсуіне сәйкес өседі. Бүған мысал ретінде мына фактіні айтуға болады: 1993-94 жылдары инфляцияның өсу карқыны өте жоғары болғандықтан, республикамыздың коммерция-лық банктері несиені 360 жылдық пайызбен берген.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды алуға болады: банктік несие пайызының жоғары шегін нарыктық жағдай анық-тайды, ал төменгі шегі несиелік үйымның өзінің қызмет жағдайына тәуелді.

Несиені беру кезінде тұрақты немесе қалкымалы пайыз бекі-тілуі мүмкін. Түрақты пайыз несие шартының әрекет ету уақы-тында өзгермейді. Қалқьшалы пайыз банктің қалауы бойынша несиелік шарт әрекет ету уақытында өзгеруі мүмкін. Банктегі бухгалтерлік есепшот бойынша пайызды аудару және олардың көрсетілу тәртібі ҚРҮБ бекіткен банктік мекемелерде бухгалтерлік есепшот бойынша пайызды аудару және олардың көрсетілуі туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Бүл ережеге сәйкес аналитикалық есепшот бойынша пайызды аудару үшін, банктерде эр есепшот үлесіне: объектілер, несиені пайдалану мерзімі және пайыздық мөлшерлеме бойынша дербес шот ашылады.

Банктің несиелік комитетінің шешім бойынша пайыздық мөл-шерлеме мөлшері, тәртібі, кезеңі, пайыздық аудару мерзімдері және төлету тәртібі анықталады. Бүл шешімді банктің төрағасы бекітеді. Банктің операцияны басқаруы міндетті болып табылады және банктің келісімшартында көрсетіледі.

Несиелік келісімшартта карастырылған мерзімде және мөлшерде пайыздар аударылады, бұндай жағдайда пайыздарды аванспен ау-даруға және төлеуге жол берілмейді. Шотты жапқан кезде дербес шотты бір банктен басқа банкке бергенде, пайыздар шоттың дәл жабылған күніне аударылады. Шот жабылғаннан кейін одан алынатын калған соманың пайыздық қойылымынан шоттың иесіне тиімді етіп және банк өзіне тиімді етіп одан пайыздық мөлшер-лемесін алады. Алынған пайыздық мөлшерлеме банктің сол мезгілдегі пайдасы деп саналады. Несиелер бойынша пайызды төлеу және аудару үшін келесідей бухгалтерлік өткізбелер жасалады:

Егер несие теңге түрінде берілсе, пайыздық аударымдар бойынша:

Дт 1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген кысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Егер несие шетел валютасымен берілген жағдайда, пайыздық аудару бойынша:

Дт 1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қыска позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ


позициясы».

Бір уақытта теңге түрінде:

Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы күны (валюталық ұзақ позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны


(валюталық қысқа позициясының)»

Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қа-рыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер». Есептелген пайызды төлеу кезінде: Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Егер келісімшартта сәйкес пайызды ай сайын төлесе, онда банк шетел валютасымен берілген несие бойынша пайызды алған кезде: Дт 1001 «Кассадағы қолма-кол ақша»

2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1050 «Банктердің корреспондента к есепшоттары»

Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы».

Бір уақытта теңгемен берілсе былай жазылады: Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы кұны (валюталық ұзак позициясының)»

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы
құны (валюталық кыска позициясының)»

Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Кешіктірілген пайыз сомасына:

Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»

Кт 1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

Клиенттердің кешіктірілген қарыздары бойынша аудару кезінде:

Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»

Кт 4424 «Банктің қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегіне сыйақы алумен байланысты кірістер».



22-лекция

Тақырыбы: Несиелердіњ мониторингі.

(1-сағат)


Жоспар:
1. Несиелік мониторинг

2. Банктіњ несиелік ќоржыны


1999 жылдың 16 тамызынан бастап ҚРҰБ №276 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерді несиелеу бойынша құжат-тауды жүргізу Ережесіне сәйкес несиені толық өтеу туралы несие бөлімінің қызметкерлері әрбір қарыз алушыға несиелік іс жүргізеді. Несиелік шарт әрекет ету мерзімі бойынша банк қарыз алушымен тыгыз қатынасты сақтап, оның қаржылық жағдайын бақылайды, несиенің мақсатты пайдаланылуын, оның қамтамасыз етілуіне кепілге берілген мүлкінің сақталу жағдайын тексереді, яғни несиелік мониторинг жүргізіледі.

Несиелік мониторинг - несиені берген мезеттен бастап өтел-уін және негізгі қарыздың толыгымен қайтарылуын және қарыз алушының қызметіне әрдайым талдау жүргізу жолымен сыйақы, несиенің сапасыньщ төмендеуі жағдайында қарыз алушыга адекват-тылық шамаларынын әсерін қабылдау және келісілген келісімшарттың барлық талаптарын қадагалау үшін бақылау (несиелік және кепіл келісімшартына).

Ағымдағы несиелер бойынша мониторинг несиелерді өтеу қиындыктарын және проблемаларды туындау мүмкіндіктерінің алғы сатысында анықтау үшін уақытында оларды шешуі қажет, ал нашарлау несие бойынша қайтарымсыз қарызға байланысты мүмкін шығындарды азайту немесе тіпті жою және жылдам эсер етуі керек (мәміленің шартын қайта қарау, кепілді сату, активтердің жойылуы және басқалары). Несиелік офицер жағынан анықталған әре-кеттердің бірқатарын мониторинг берілген несиелер бойынша өзіне қосады:



  • ұлттық заңцылықтар мен нарықтық конъюнктураның мүмкін болатын өзгерістерін және жалпы экономикалық жагдайында қарыз алушының іс-әрекетін бақылау;

  • жүйелі түрде қарыз алушылардың басшыларымен және мамандарымен үнемі кеңесуі;

  • қарыз алушының қаржылык және шаруашылық кызметіне талдау жасау, кепіл затын тексеру (кепіл затының бар болуын, сапасын, жағдайын және кепіл мүлкінің сақталуын) және несиені мақсатты пайдалануын;

  • ең маңызды қаржылық ақпараттарды жинау (соңғы айдағы сатудан түскен айналым түсімі, кассадағы ақшалай қалдық, қоймада қалған қалдық, соңгы айдағы есеп айырысу және валюталық шот бойынша айналымды талдау кезіндегі дебиторлық және кредиторлық қарыздарының жалпы сомасы және т.б.);

  • қарыз алушының қайта есептеу кезінде табылған қателіктері мен проблемаларын анықтау;

  • проблемаларды шешудің жолдарын табу.

Мониторинг жүргізіліп жатқанда несие алушының өзінің немесе серіктестерінің несиелік ісіндегі ақпараттар да пайдаланылады. Мониторингті жүзеге асыруда толығымен алынған ақпараттар екі түрге бөлінеді:

  • үстіртін мониторинг - қарыз алушының несиелік жағдайы-на еш қауіп жоқ кезде жүргізіледі;

  • терең мониторинг - несиенің мерзіміне, сомасына байла­нысты жүргізіледі немесе кайта есептеу нәтижесінде күрделі жағдай туындаған кезенде, карыз алушы несиені уақытында өтеуге мүмкіндік бермейтін кателіктер жіберген кезде жүргізіледі.

Ай сайынғы үстіртін мониторинг тәртіп бойынша барлық қарыз алушылар үшін жүргізілуі керек. Үстіртін мониторингтің мақсаты -төлемеушіліктің қалыптасуына жол бермеу. Оның бастапқы сатысында көрінген белгілерін алдын ала айкындау. Мониторинг әдісі қарыз алушы жобасының жүргізілуін бақылау үшін қажет (шикізат пен материалдарды дер кезінде жеткізіп беру, күрал-жабдықтарды шығаруға және іске косудың басталуына, өнімдерді шығаруға және өткізуге бақылау, т.б.), жоспарлы нақты аударылу жүргізіледі. Ай сайын жүргізілетін мониторингтен жағымсыз өзгерістер табылған жагдайда терең талдауға ауысуы керек. Ал егер қарыз алушыньщ несиені уақытында өтеу қабілетіне, іс-әрекетіне эсер ететін салдары мен және басқа факторлардан қауіпті белгілер туындаған кезде берілген несиенің мерзімі және сомасына байланыссыз тез арада терең мониторинг жүргізу ұсынылады. Ай сайынғы және терең мониторинг жүргізілуінің негізгі бағытының бірі - кепілдік мүлкінің нақты болуын және техникалық жағдайын, оның сақталу шартын, сатып алу сүранысын міндетті түрде тексеру керек. Сонымен қатар кепілдік мүлкінің орналасқан жерін және нарықтық құнын ескеретін конъюнктура нарығын тексеру қажет. Мониторинг жүргізілу барысында несие офицерінің іс-әрекетінің мынадай жүйелілігі сақталуы керек. Қарыз алушы қызметінің маңызды жақтарын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігіне маңызды әсерін тигізетін жағдайды жіберіп алмауы. Бірінші орында қарыз алушының 'жұмысынъің жагдайын бағалау қажет және оның жұмыс мүмкіндігінің беталысын, қарызға қызмет көрсету бойынша мүм-кіндігін және болашактагы ниетін, сонымен қатар оның опера-циялары табысты боларын, не өзін-өзі ақтамайтындығын анықтау. Мониторинг жүргізіліп біткен соң банктің міндетті түрдегі әр несие бойынша құжаттамасына келесі құжаттарды қосып тіркейді:

  • келісімшарт жасалғаннан кейін несиені уақытында және толық көлемде кайтару үшін төлемдерді жүзеге асыру қабі-леттілігі бойынша қарыз алушының қаржылық жагдайьш тексеру мақсатында қарыз алушы мен банк арасында жазылған хаттар;

  • несие бойынша кепілді қамсыздандыру үшін ұсынылган мүлікті түгендеу актілері;

  • қарыз алушының кепілгері немесе кепілдік берушісінің қар-жылық жағдайын көрсететін, бекітілген тәртіппен рәсім-делген құжаттар;

  • несие бойынша төлемдердің уақтылы және толыгымен қайта-рылуын бейнелейтін қүжаттар;

  • қарыз алушылар өздерінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда банктің тиісті шараларды қолдануы туралы құжаттар.

Жүргізілген талдаулар қаржылық көрсеткіштер және солармен байланысты барлық қателер мен жағымсыз ауытқуларды анықта-ғаннан кейін, болашақта мұндай қателіктерді жібермеу үшін тез арада бұл мәселені қарыз алушы компанияның басшылары және мамандарымен бірге талқылап, оңтайлы жоспарын жасау қажет.

Несиенің мақсаты бойынша пайдаланылмағаны туралы дәлел табылған жағдайда банк несие келісімшартын бұзуы мүмкін және несиелік келісімшартта немесе қарыз алушы күнтізбелік графикте көрсетілген несиелік карызды және аударылған сыйақыны төлеу мерзімін бұзған жағдайда қарыз алушы міндетінің шекті мерзіміне жеткізбей өндіріп алу шараларын колданады. Банк мерзімінде төленбеген соманы аударылмаған несие және алынбаған сыйақы шотына және уақыты өтіп кеткен несие шотына салады. Осы көрсетілген шоттағы қарыз сомасына банкте ай сайын, айдың соң-ғы күні төлем жүргізілуі қажет. Жекелеген жағдайда карыз алушы өтінішімен банк кезекті төлемнің мерзімін 30 күннен аспайтын уақытқа үзарту туралы шешім кабылдауы мүмкін. Төтенше жағ-дайларда қарыз алушының орынды себептері және қарызды өтеудің нақты мерзімі көрсетілген болса, несиелік комитет қарыз алушыға мерзімін 30 күннен ұзартуға мүмкіндік береді. Төлем мерзімін 30 күнге дейін үзарту туралы шешімді банктің несиелік келісімшартка қол қойған уәкілетті түлғасы, ал 30 күннен жоғарғысын Несиелік комитет қабылдайды. Ал егер несиені өтеудің және сыйақының мерзімі ұзартылғаны туралы шарт жасалмаған болса, онда банк несиелік келісімшартта қарастырылған мөлшерде айыппұл санкция-сын қолдануга қүқығы бар, сонымен қатар несиені қамсыздан-дырудың барлық түрін қолданады. Несиені және оған сыйақыны өндіріп ала алмайтын жағдайда, банк карызды қайтарудың занды тәртіппен бекітілген шараларын колданады.

Барлық берілген несие банктің Активтер, шартты міндеттемелер мен оларға қарсы мәжбүрлі шығындар құру туралы 2002 жылдың 16 қарашасында бекітілген №465 каулысына сәйкес жіктеледі. Банктерден берілетін несиелер қарыз алушының несие бойынша төлемді дұрыс орындағанына байланысты сапасы, қарыз алушының қаржылық жағдайы, банк пен несие алушының өзара қатынасы, несиенің тарихы, несиенің камтамасыз етілуіне және тұрақтылық, өтімділік дәрежесіне қарай келесі топтарға бөлінеді:


  • стандартты;

  • I дәрежелі күмәнді, II дәрежелі күмәнді, III дәрежелі кү-мәнді, IV дәрежелі күмәнді,У дәрежелі күмәнді;

  • үмітсіз.

Стандартты несие - қайтару мерзімі жетпеген және оның са­пасы күдік тудырмайтын несие. Бұл санаттағы несиелер қайта-рылмай калу туралы күдік тудырмайды.

/ жэне II дәрежелі кумэнді несиеге мынадан несиелер жата-ды: қаржылық жагдайы тұрақты клиенттерге берілген, бірақ белгілі дәрежеде қанағаттанарльщсыз көрсеткіштері бар, мысалы, дебитор-лық қарыздардың, өтімді емес тауар қорлары, дайын өнім және т.б.өсуі.



III дэрежелі күмэнді несиеге - негізгі қарызды немесе сый-
ақыны қайтару бойынша төлемдерді тоқтатпайтын төлемдерді
жатқызамыз.

30-60 күнге дейін және кем дегенде 1 рет шарт мерзімін ұзар-ту, өндіріс' құлдырауының нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жагдайы шамалы немесе әлуетті төмендеуі, конъюнктуралық на-рықтың өзгерістеріне байланысты, қарыз алушыда сәйкес несиелік құжаттаманың болмауы.



IV дэрежелі кумәнді несиелерге - 60-90 күнге дейін төлем
кешіктірілуі, ягни қарыз алушының негізгі табыс көзінен алынған
қаражаттарының жүйелі жетіспеушілігі. Кем дегенде бір жыл
мерзімге сауықтыру шараларын белгілеу, карыз алушы зиян
шеккен, бірақ оның қызметін тоқтатуға әсері жоқ форс-мажорлық
жағдайлар, баска банктерден алынған несие және кепіл бойынша
мерзімі өтіп кеткен қарыздардан туындайтын несиелер жатады.

Егер келесі негіздердің бірі болса, онда несие умітсіз болып табылады:



  • негізгі қарызды немесе сыйақыны қайтару бойынша төлем-нің 90 күннен асқан мерзімде кешіктірілуі;

  • қарыз алушыны банкрот деп жариялағанда;

  • кем дегенде 1 жыл мерзімде сауықтыру шаралары жария-ланғанда;

  • форс-мажорлық, қарыз алушыға материалдық залал келтірген және өз қызметін әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермей-тін басқа да жағдайлар.

Төмендегі кестеде көрсетілген елшемдер бойынша несие жоғарыда көрсетілген несие топтары арасында аралық орын алады. Банк тәуекелін төмендету үшін берілген несиені темен сапалы несие тобына жатқызу керек. Бухгалтерлік есепке банктер барлық қажетті, мәжбүрлі шығынның есептелген көлемін және шығыстар шотына сәйкес, толық көлемде белгіленуі керек. Мәжбүрлі шы-ғындар несиенің түріне байланысты келесі көлемде құрылады. Мәжбүрлі шығындар көлемін есептеу үшін несиенің жіктелуі және олар бойынша мәжбүрлі шығындар қалыптасуы кестесі қолда-нылады (10-кесте).
10. Занды жэне жеке тұлғаларға ұсынылатын несиелер жіктемесі және екінші деңгейлі банктердің олар бойынша мэжбүрлі шығындар құруы
Банк « » 2 00 ж. Мың теңге

Жіктемеге сәйкес несиелер тобы

Негізгі қарыздың жиынтық сомасы

Соның ішінде

несиелер бойынша

(қаржылық лизингті

есептемегенде) негізгі

қарыз сомасы


Ережеге сәикес непзп

қарыз сомасынан

мәжбүрлі шығындар

көлемі


Нақты құрылған мәжбүрлі шығындар-дың жиынтық сомасы

Соның ішінде екінші

графада көрсетілген

несиелер бойынша

құрылған мәжбүрлі



шығындардың сомасы

Қамтамасыз ету құны

1

2

3

4

5

6

7

1. Стандартты







0










2. Күмәнді



















1) I дәрежелі кү-мәнді - төлемді толық және уақтылы жүр-гізген кезде







5










2) II дәрежелі кү-мәнді - телемді кідіртсе немесе төлемді толық өтемесе







10










3) III дәрежелі кү-мәнді - төлемді толық және уақтылы жүр-гізген кезде







20












1

2

3

4 -

5

6

7

4) IV дәрежелі кү-мәнді - телемді кідіртсе немесе төлемді толық етемесе







25










5) V дәрежелі күмәнді







50










3. Үмітсіз







100










Барлығы



















Терағасы

Бас бухгалтер Мер орны

Орындаушы

Телефон:


Жіктеуде банк тиісінше өзінің несиелік қоржынын бақылауды жүзеге асырады, оның сапасын талдайды және сапасын жетілдіру үшін шаралар қолданады. Келесі несие беруде өздерінің есептеу-лерін ескере отырып тәуекелді анықтайды.

Қарыз алушы өзінің міндеттемелерін келісімшарт бойынша орындамаған жағдайда кепіл мүлкін сату есебінен шығындарын жабады. Кепіл мүлкін сату сот үкімі арқылы немесе сотсыз, мәжбүрлі сауда арқылы ҚР Президентінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» жарлығының 27-36-баптары бойынша жүргізіледі.

Алғашқы сауда Жылжымайтын мүлік орталығы немесе банктің сараптама комиссиясы бекіткен келісімшарттағы кепілдік мүліктің бағасы бойынша басталады. Сауда ең шекті үсынылған бағамен жүргізіледі. Егер сауда белгіленген баға бойынша жүрмесе, банктің сараптама комиссиясы екінші сауда жүргізу үшін бастапқы бағасын түсіруге құқылы. Екінші сауданың бастапқы бағасы сауданы өт-кізуге кеткен шығындары, мерзімдік айыппұл, несиені пайдалан-ғаны үшін сыйақы, несиелік карыздар сомасынан төмен болмауы керек.

Алғашқы баға алдын ала келісілген қадам бойынша ең жоғарғы баға берген жалғыз қатысушы қалғанша өседі. Кепілге қойылған мүлікті бағалауда банктің сараптама комиссиясы тартымсыздық ко­эффициенте төмендетуді қолдануы мүмкін.

Нарықтық сұранысты ескере отырып комиссия коэффициент мөлшерін бекітеді.

Мәжбүрлі шығындар құру кезінде келесі корреспонденттік шоттар құрылады:

Дт 5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар) ақша бөлу»

Кт 1465 «Банктің несиелік қызметіне байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер мәжбүрлі шығындар)».

Анықталған мерзімнен кейін оқшауланған қарызын өтемесе, ол мәжбүрлі шығындар есебінен жабылады:

Дт 1465 «Банктің несиелік қызметіне байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер мәжбүрлі шығындар)»

Кт 1427 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі».

Бір мезгілде «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шоттан мерзімді міндеттемелер шығысталады және баланстан тыс «Шығынға шығарылған қарыздар» шотына кіргізіледі. Осы шотта қарыз 5 жыл аралығында ескеріледі. Осы карыз мерзімі өткеннен кейін «Шығынға шығарылған қарыздар» шотынан шыға-рылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет