“Сырдария” университеті
“Математика-Экономика” факультеті
Экономика кафедрасы
“Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру” пәні бойынша
050508–“Есеп аудит ” мамандығының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.
Жетісай 2008 ж.
9. Лекция сабақтары.
-
Лекция
Тақырыбы: Банктің бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
(1-сағат)
Жоспар:
-
Банктің атқарымдық бөлімшелерін фронт офис және бэк офиске бөлу тұжырымдамасы
2. Бухгалтерлік есеп және есептілік депортаментінің құрлымы
1.1 Банктің атқарымдық бөлімшелерін фронт-офиске және бэк-офиске бөлу тұжырымдамасы. Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз, банктің ұйымдастырылуына бақылау жасауға және жоспарлау үшін басшыларға қажетті каржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында мәліметтерді жинау мен өңдеу жүзеге асырылатын, басшыларға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі сапалық сипаттарына келесілер жатады:
-
тиімді өнделген ақпарат;
-
өз уақытында алынған есептік қүжаттамалар;
-
дәлдіктің жоғары деңгейлі болуы;
-
алаяқтық мүмкіндіктерін барынша азайту.
Бұл сипаттарға ие болу үшін, олар тәуелсіз болу керек, яғни жекелеген бөлімше немесе департамент түрінде қүрылған бухгал-терлік есеп кьізметін үйымдастыруды талап етеді.
Бухгалтерлік есеп бөлімшелерінің мінсіз құрылымы жоқ, дегенмен де оның барлық банктерге тән жалпы сипаттамалары болады:
-
банктің барлық ресми шоттарын жүргізу;
-
тиісті ережелерді жасау және кабылдау;
-
тиісті рәсімдердің көмегімен есеп мәліметтерін кұрастырушы барлық бөлімшелерге нүсқаулар беру;
-
бухгалтерлік есеп ережелері мен рәсімдерінің сақталуына бақылау жасауға механизмдерді іске қосу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп және есептілік үдерісі операциялардың қаржылық нәтижелерін көруге және операцияларды жоспарлау үшін, олардың барысын қадағалап отыру үшін қажетті қаржыларды басқару бойынша ақпараттарды алуға сол сияқты осы операцияларды ары карай жетілдіру барысында өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесі банктің ұйымдастырылуының негізгі тірегі болып табылады. Бухгалтерлік есептің дамыған жүйесі банк үшін өте маңызды, өйткені ағымдағы шешімдерді қабылдау сәтінде, ол айтарлықтай шамада каржылық ұйымдастыруға сүйенеді.
Есеп жүйесі дегеніміз, есеп мәліметтерін қаржылық ақпаратқа қайта өндейтін, өзара байланысты элементтердің жиыны.
Есеп жүйесіне келесідей элементтер кіруі мүмкін:
-
бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
-
жұмыс бөлімшелеріндегі есеп бөлімшелері;
-
филиалдардағы есеп бөлімшелері;
-
есеп мәліметтерін өндеуші орталық;
-
ішкі аудит бөлімшесі.
Жеделдету, клиенттерді тартумен қызмет көрсету сапасын жақсарту, нарықты басып алу, өзінің нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын тиімді нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын тиімді басқару сияқты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін банк үдерістерінің реинжиниринг бизнесін қолдану керек, бұл банк үдерісін банк үшін де, клиент үшін де тиімді үдерістермен ауыстыруға әкеледі. Клиент үшін оң өзгеріс - операциялардың орындалу мерзімінің қысқаруы, ал банктер үшін операцияларды жүргізуге кететін шығындардың азаюы.
Үдерістердің реинжиниринг бизнесі - бұл банк қызметі нәти-желерінің түбегейлі жақсарту шаралары. Ол шешуші бизнес үдерістерді және онымен байланысты ұйымдастырушылық құры-лымдарды, технологияларды, жұмыс әдістерін, физикалық инфра-қүрылымдарды және корпоративті мәдениетті қайта бағдарлауды түбегейлі өзгертуді білдіреді.
Банктерде, бәріміз білетіндей, ақша қаржылары - тауар болып табылады. Осы кұндылықтарға жүргізілетін барлық бақылау, солар ғана ақша қаржыларының өзгерісін тіркеп отыратындықтан, бухгалтерия арқылы өтеді.
Шыгынның, ұрлықтың, сенімді теріс пайдаланушылықтан болатын тәуекелділіктердің алдын алу үшін, банктерде тиісті ішкі банк құрылымын енгізу қажет. Оның негізгі принципі бір адам немесе адамдар тобы барлық операцияны басынан аяғына дейін толық орындай алмайтындай етіп қызметтерді бөлуден тұрады. Сол сияқты бухгалтер де, құндылықтарға манипуляция жасайтын материалдық жауапты қызметкерлер де бухгалтерлік есепке кіріспеу керек.
Осындай және басқа себептерден, Қазақстанның көптеген банктерінде (ТұранӘлембанк, Қазкоммерцбанк және тағы басқа) банктің ішкі құрылымы шартты түрде екі негізгі бөлімдерге жіктелген:
-
Фронт-офис - оның қызметіне клиенттермен және банк серіктестіктермен келісімдерді, мәліметтерді жасау жатады.
-
Бэк-офис - оның қызметі жүзеге асырылған операцияларды тіркеуден түрады (2-крсымша).
Екі бөлімше де өзара тығыз байланыста қызмет атқарады. Мысалы, қызмет барысында фронт-офисте, ары қарай өңдеп, талдау жасау үшін бэк-офиске жіберілетін мәліметтер жинақталады. Олар өз кезегінде банктердің клиенттеріне ұсынатын қызмет көрсету-шілерінің мазмұнына немесе өзгерісіне және сәйкесінше, фронт-офистің қызметіне түзету енгізуге негіз бола алады. Фронт-офистің мақсаты - банкілік өнімдер мен қызметтерді сата отырып барынша көп пайда табу. Бэк-офистің мақсаты - жасалған мәмілелерді есепке алу, бакылау жасау, басшыларға мәліметтер беру.
Фронт-офистің қызметіне кіретіндер:
-
банктің клиенттерімен, серіктестерімен, жабдықтаушыла-рымен мәміле жасау;
-
жасалған мәміле мәліметтерін өзгерту және тіркеу;
-
келісімшарттарды дайындау, ұзарту, бұзу;
-
несиелер бойынша банктік қызмет үшін қаржыларды қамтамасыз ету;
-
қаржыларды нарықта орналастыру;
-
қаржыларды тарту мен орналастыру арасындағы арбитраж талдамалық есептілік және тағы басқа;
Бэк-офистің қызметіне кіретіндер:
-
тіркелген мәмілелердің мәліметтерін тексеру және тоықтыру;
-
мәмілелердің расталуына бақылау жасау;
-
төлемдерді дайындау және нұскауға сәйкес жүргізу;
-
бухгалтерлік жазбаларды жүргізу;
-
есептемелерді растау;
-
пайыздарды есептеу;
-
пайыздарды капиталдандыру;
-
түзетпе жасау (сторнирование);
-
есептеме және ұсталымдар;
-
шетел валютасын қайта бағалау;
-
есептен шығару және тағы басқа;
-
есептілікті дайындау;
-
оперативті талдау жүргізу.
Рәсімдерді оңтайландыру мен тәуекелділіктерді азайту прин-циптері фронт-офис пен бэк-офис қызметкерлерінің арасындағы қызметті белгілеп алуды талап етеді. Мысалы, дилингтік рәсімдер жүргізілген кезде фронт-офис дилингтік тикет (бастапқы құжат) толтырып қол қояды, уақыты мен реттік нөмірі қойылады. Құжаттың түпнұсқасы дилингтік бөлімде қалады да, көшірмесі бэк-офиске жіберіледі.
Тикетте қорытынды жасау күні, валюталандыру күні, контрагент аты, оның құралы мен типі, сомасы, валютасы, брокері және транзакцияның барлық стандартты шарттары көрсетіледі. Егерде осы айтылғандардан қандай да бір ақпарат болмайтын болса, онда оны бэк-офис қадағалау керек. Дилер өткізген әрбір мәміле, контрагенттік жазбаша растама алуы керек және операцияларды салыстырып тексеру үшін растамалар тікелей бэк-офиске жіберіледі. Сәйкес келмеушілік анықталған жағдайда фронт-офиске хабарлап, тиісті шаралар қабылдауы керек.
Фронт-офис пен бэк-офис бөлімшелерінің міндеттерін бөлуді әрбір банк өзі атқарады. Егерде банк кішігірім болатын болса, операциялар аз болғандықтан, кейбір операциялар бойынша фронт-офис пен бэк-офисті біріктіруге болады. Яғни бір қызметкер екі қызметті де орындайды.
1.2 Банктердегі бэк-офистің құрамында бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті құрылады. Департаменттің негізгі міндеті -Банктегі бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бірыңғай әдістемелік саясатты қамтамасыз ету, банктің қызметі жоніндегі қаржылык және ішкі есептілікті құрастыру және оны банк басшыларына, Үлттық банк пен басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну.
Департамент өз қызметін, Қазақстан Республикасының қолда-ныстағы зандарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті актілерін басшылыққа ала отырып, Банк жарғысының ережелеріне, Банк басқармасының шешімдеріне, Банк басқармасы төрағасының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша департаментінің барлық жарлықтарын банктің құрылымдық бөлімшелері мен барлық департаменттер міндетті түрде орындауы керек.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті, операцияларды аналитикалық есепте бейнелеу мен жузеге асыру бойынша өкіметтілік пен жауапкершілік-құқықтарын тікелей оның жүзеге асыратын банк бөлімшелеріне бере отырып, шоттар жоспары бойынша операциялардың синтетикалық есебіне жауапкершілікте болады.
Департамент бухгалтерлік есепті жүргізу бухгалтерлік есепке қатысты нормативті актілерді жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасынан басқа да мемлекеттік органдармен, банктің басқа департаменттерімен, банктің тиісті бөлімшелерімен өзара қарым-қатынаста болады.
Департамент көптеген функцияларды орындайды. Ол опера-цияларды бухгалтерлік есепте бейнелеу жұмыстарын ұйымдасты-рады, барлық құрылымдық бөлімшелер үшін бірыңғай және міндетті бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін және банктегі құжат айналымының бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді. Мұнан басқа, ол банкілік және статис-тикалық есептіліктерді жинауды, тексеруді, топтастыруды ұйым-дастырады. Сонымен қатар оның қызметіне Банктің ез қызметі бойынша салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуді жүзеге асыру жатады. Ол және де Банктің бюджетін жоспарлайды, оның орындалуын қадағалайды, пайданы қорларға бөліп таратумен айналысады және олардың қолданылуы жөнінде ұсыныстар жасайды. Осы міндеттерді орындау үшін, ол басқа департаменттер мен банктің басқа да құрылымдық бөлімшелерінен кажетті барлық ақпараттарды, оның ішінде банктік құпия болып табылатындарын да талап етеді.
Бухгалтерлік есеп департамент! бухгалтерлік есептің жаңа прогрессивтік әдістерін енгізеді, енгізіліп отырылған банктің жаңа технологиялары мен операциялары банктің жаңа технологиялары мен операциялары бойынша бухгалтерлік есептін ережесі мен тәртібін жасап, оны басқа мүдделі бөлімшелермен келісіп, Басқарма төрағасының бекітуіне ұсынады. Ол келіп түсетін бухгалтерлік есепке, есептілікке, бухгалтерлік құжат айналымына және бақылауға қатысты корреспонденцияларды қарастырады, тиісті ұсыныстарды, шешімдерді, хаттар мен жауаптарды дайындайды. Сол сиякты есептілікті құрастырады, бухгалтерлік және статистикалық есептіліктерді ағымдағы сақтауды ұйымдастырады, оларды архивке тапсыруға дайындайды, жыл сайын банктің негізгі құралдарына түгендеу жүргізуге қатысады, филиалдардың бухгалтерлерін оқытуды жүргізеді, оларға түсініктемелер дайындайды және құжат айналымы, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу сұрақтары бойынша оларға түсініктемелер мен нүсқаулар дайындайды.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті келесі бөлімдер-ден тұрады:
-
Банкішілік операциялардың есеп бөлімі;
-
Жинақтаушы есептіліктер бөлімі;
-
Банк операцияларының кейінгі бақылау бөлімі.
Департамента бас бухгалтер баскарады, ол тікелей Басқарма төрағасының осы мәселемен айналысатын орынбасарына және Банк басқармасының төрағасына бағынады. Ол жоқ болған кезде бас бухгалтердің міндеттерін оның орынбасары орындайды. Бөлімдердің кызметіне тікелей басшылықты бөлім бастықтары, ал бөлімдердің қызметіне бақылау жасау мен жалпы баскару Бас бухгалтердің орынбасарына жуктеледі.
Қызметкерлердің саны, банк Басқармасының төрағасы бекітетін штат кестесі бойынша анықталады.
Банкішілік операциялар бөлімі бірыңғай әдістемелік саясатты жүргізеді, есеп пен есептіліктегі кемшіліктерді жоюды қадағалайды, сол сияқты мүліктердің бары мен қозғалысына, материалдық және қаржылық ресурстардың қолданылуына бакылауды қамтамасыз етеді, шаруашылыкішілік операциялардың синтетикалық есебін жүргізеді. Оған сол сияқты, табыстар мен шыгындардың, пайдалар мен зияндардың, бекітілген қорлардың, банктің әкімшілік және шаруашылық қызметі бойынша теңге және шетел валютасы түріндегі - дебиторлық және кредиторлық борыштарының есебін жүргізу жүктелген.
Бұл бөлім күрделі салымдардың, негізгі қүралдардың, қоймада-ғы материалдардың есебін жүргізеді және негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша амортизациялык аударым-дарды есептеуді және есепте бейнелейді, банктің құрылымдық бөлімшелері есептіліктерінің барлық нысандарын қүрастырудың дүрыстығын тексеруге қатысады. Ол жылма-жыл негізгі қүралдар мен материалдарға түгендеу жүргізген кезде қатысады. Сол сияқты дебиторлық берешектерді өндіріп алу барысына және баланстан тыс шоттарда есепте түрған зиянға жатқызылған берешектердің сома-сына бақылау жүргізеді.
Осы аталғандардан басқа, банкішілік операциялар болімі ережелерді, нүсқауларды, банктегі қүжат айналысы мен шару-ашылықішілік операциялар есебінің тәртібі мен рәсімін жасайды, басқа департаменттер мен банктердің өз бетінше қызмет ететін кұрылымдық бөлімшелері дайындаған қүжаттардың жобаларын қарастырып, егерде бұл қүжаттар оның құзырына кіретін сұрақтарды қамтитын болса өзінің ескертпелері мен ұсыныстарын дайындайды, қүжаттардың түгелдігін және архивке өз уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді, тиісті іс жүргізуді, шаруашылық операциялары мен басқа келісімшарттарды және олардың төлемдерін тіркеуді ұйымдастырады. Бір мезгілде, банк қызметінің салық салу мәселелері бойынша салық зандылықтары мен нормативті актілерді сактай отырып, банктегі салық есебін жүзеге асыруды ұйымдастырады.
Жиынтық есептілік бөлімі есептік-статистикалық жұмыстарды ұйымдастырады, құрылымдық бөлімшелерге статистикалық және қаржылық есептіліктерді ұйымдастыру және дайындау мәселелері бойынша көмек көрсетеді, нұсқау береді және тексереді, есептіліктерді жиынтықтауды дайындайды, бухгалтерлік есептің барлық бөлімшелері мен есептілікті жүргізу бойынша қарарларды, нұсқауларды, ережелер мен рәсімдерді жасайды. Ол қаржылық және статистикалық есептілікті құрастыруға қажетті ақпараттарды тиісті департаменттердің, басқа да бөлімшелер мен филиалдардың ұсынуы бойынша жарлыктарды жасап таратады, бюджетті жоспар-лауды қамтамасыз етеді, басшъшық берген өкілетгік шегінде каржы-шаруашылық қызметті талдайды, табыстар мен шығындардың бекітілген сметасын сол сияқты күрделі салымдардың шектелуін жоспарлап, басқа департаменттерге және өзге құрылымдық бөлім-шелердің назарына жеткізеді, барлық кұрылымдық бөлімшелердің бюджетті орындауын бақылайды, табыстар мен шығындардың түрлері бойынша нәтижелерді талдайды, бухгалтерлік есепті конверсиялау және ұйымның бас кітабы мен көмекші кітабын жүргізу үдерістеріне тікелей қатысады.
Кейінгі бақылау бөлімі қүжаттардың бірінші даналарының негі-зінде, банктің бас бөлімшесі жүзеге асырған операцияларды бухгалтерлік есепте бейнелеудің дұрыстығын, толықтығын, өз уақытылы екендігін тексеру мақсатында кейінгі бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үлттық банкіндегі корреспонденток шотты жүргізеді, эр он күн сайын корреспонденттік шоттар бойынша сәйкес келмеушілік тізімдемелерін құрастырады, бұл жағдайда, ұйымдық құрылымға байланысты, корреспонденттік шоттарды басқару мен олардың жағдайына жауапкершілік, өтімділікті басқару департаментіне жүктелген. Ол банктің барлық бөлімшелері құжаттарының бірінші данасының негізінде филиал-дардың төлемдерінен басқа, теңге және шетел валютасы түріндегі банкішілік және шығатын төлемдерді акцептейді, есепті кезеңнің күндік жиынтығы бойынша бастапқы мәліметтерді валюта түрлері бойынша банк балансына, айналым және тексеру тізімдемелеріне жүйелейді.
Лекция 2
Тақырыбы: Бухгалтерлік ќызметтіњ ролі
(1-сағат)
Жоспары :
1. Ќ±жаттау жєне ќ±жат айналымы
2. Бас бухгалтердің ролі
3. Бас бухгалтерлік кітаптыњ ролі мен мањызы
2.1 Өздерінің қызметтерін бөлуге және күжаттауды жүргізуге байланысты бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті, өз ке-зегінде шартты түрде Бас бухгалтерияға және көмекші бухгалтерияға бөлінеді. Бухгалтерлік бөлім банктің ресми есептіл-ігін жүргізеді, банктің баска бөлімдері өздерінің жазбаларын өзін-өзі бақылау мақсатында жүргізуі мүмкін.
Есептерге жауапты бөлім, Бас кітапты жүргізуші Бас бухгалтерия болып табылады. Есептің көмекші орталықтар қызметін орындаушы, яғни бөлшектенген, аналитикалық есепті орындайтын банктің басқа бөлімдері көмекші бухгалтерия болып табылады және көмекші бухгалтерлік кітаптар мен журналдарды жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына өту дегеніміз, банк жұмысының технологиясын батыстық үлгіде ұйымдастыру дегенді білдіреді.
Бас кітап пен көмекші кітаптарды ұйымдастыру технологиясына қатысты халықаралық стандарттар мен нормалар жоқ, алайда халықаралық банктік тәжірибе бар.
Батыстың банкілік жүйесінің (оның ішінде бухгалтерлік есептің) стандарттық құрылымы әрбір модуль тиісті кітаптарды автомат-тандыратын модульдік принцип бойынша орындалған.
Кітап ұғымында бухгалтерияның атқарымдық бөлімі алынған, мысалы, дебиторлар кітабы, кредиторлар кітабы, негізгі құралдар кітабы, әрбір кітап оның есеп объектісімен байланысты барлық операцияларды біріктіреді. Әр түрлі модульдерге енгізілген барлық ақпараттар, ары карай Бас кітапка топтастырылады. Бухгалтерлік есеп бөлімшелері, көмекші кітаптардан алынып Бас кітапта бейне-ленген операциялардың күнделікті есебін жүргізулері керек. Осылайша, бухгалтерлік есеп бөлімшелері олардың баланстарын тұрақты түрде тексеріп, салыстыру әдісі арқылы көмекші бухгалтерия жүзеге асыратын есепке қадағалау жасап отырады. Бухгалтерлік есеп бөлімшелері алынған ақпараттардың негізінде түзетулер енгізіп, басқа да бухгалтерлік жазбаларды орындай алады.
Көмекші бухгалтерлік кітаптар бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды кұрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кітаптар қызметтің тиісті салаларына қатысты жан-жақты ақпараттарды сақтауға арна-лып, мәліметтерді біріктіре отырып, оны түрақты түрде пайдалану мақсатына қызмет етеді.
Көмекші кітаптың бірнеше сипаттамалары болады:
-
топтастырылған банкілік жүйенің бір тармағын білдіреді;
-
бизнес-операциялардан шыға отырып (толық атқарымдық көмекші кітап) банкілік өнімдер (немесе операциялар түрі) бойынша фронт-офис пен бэк-офистің барлық функцияларын автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады;
-
банктік және банкішілік операцияларды операциялар түрлері бойынша тіркеуге және ұсынуға арналған есеп тіркелімі ретінде қолданылады, аналитикалық және бухгалтерлік мәліметтер болады;
-
есептілік пен басқару талдауын алу үшін қолданылады.
-
Банктер өздерінің құжаттарында «кемекші журналдар» сияқты «көмекші кітаптар» деген де ұғымдарды пайдаланады. «Көмекші кітаптар» ұғымдары есептің көмекші жүйесін анықтау үшін қолданылады, ал «көмекші журналдар» осы жүйенің есептері сияқты қолданылады.
Көмекші бухгалтерлік кітапта негізгі орынды құралдар жө-ніндегі жазбалар немесе клиенттер жөніндегі жазбалар алады. Көмекші бухгалтерлік кітапта сақталатын ақпараттардың сипаты кітаптың түріне байланысты, әдетте келесі ақпараттар талап етіледі:
-
банкілік өнімнің типі жөніндегі ақпарат (несие, депозит, бағалы қағаз, қымбат металдар, аккредитивтер);
-
операцияның коды;
-
операцияның атауы;
-
бас бухгалтерлік кітаптың операциялар жүргізілетін шотта-рының нөмірі;
-
операциялар жүргізілетін шоттар нөмірі;
-
клиент нөмірі (сәйкестендірме);
-
клиенттің жазуға арналған сипаттамаларын немесе опера-циялардың жазуға арналған жолы;
-
клиент немесе операция жөніндегі жан-жакты әкімшілік ақпараттар.
Көмекші кітаптарға бастапқы кіруші акпарат ретінде осы ақпараттарға қатысты фронт-офисте бағдарламаға енгізілген барлық аналитикалық ақпараттар саналады.
Накты операциялар бойынша бастапқы кіруші ақпарат есеп мәліметтерімен бэк-офисте толықтырылуға жатады (екінші кіруші ақпарат).
Шығушы ақпарат болып табылатындар:
-
көмекші кітаптарда қалыптастырылып, Бас кітапқа берілетін бухгалтерлік жазбалар;
Көмекші кітаптардың бірнеше түрі болады:
-
несиелік операциялар бойынша көмекші кітаптар;
-
аккредитивтер бойынша көмекші кітаптар;
-
кепілдіктер бойынша көмекші кітаптар;
-
Лоро-Ностро шоттарының көмекші кітаптары;
-
Заңды тұлғалардың депозиттік шоттары бойынша көмекші кітаптар;
-
Банкаралық депозиттер мен несиелер бойынша көмекші кітаптар;
-
бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар бойынша көмекші кітаптар;
-
банкілік бухгалтерияның ішіндегі көмекші кітаптар немесе басқалар.
Көмекші бухгалтерлік журналдардың нысандарының саны мен мазмұны қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне байланыс-ты анықталады. Есептер бір есепке топтастырылуы мүмкін. Бұл есептіліктерді оқу мен талдаудың ыңғайлылығына байланысты.
Мысалы, берілген несиелердің түріне байланысты келесідей көмекші журналдар құрастырылуы мүмкін:
-
қарыз алушының карточкасы;
-
орындалған операциялар журналы;
-
әрбір клиент бойынша несиелік (ссудалық) портфель жөнін-дегі есеп;
-
есептелген пайыздар бойынша есеп;
-
қабылданбаған өткізбе журналы;
-
өтеу мерзімдері жөніндегі есеп;
-
мерзімі өткен және блок қойылған несиелер жөніндегі есеп;
- табыстар мен шығындар жөніндегі есеп.
Ақпараттардың құрамы, мысалы, қарыз алушылардың кар-
точкалары әрбір берілген несие бойынша талданған акпараттарды енгізеді:
-
қарыз алушының атауы;
-
несие берілген күн;
-
несиелік келісімшарттың нөмірі мен күні;
-
несие түрі;
-
несие шифры;
-
қамтамасыз ету түрі (кепілдік);
-
кепілдік қамтамасыз етудің саласы;
-
дербес шоттардың нөмірлері (ссудалық, есептелінген пайыздар, негізгі мерзімі өткен қарыз, мерзімі өткен пайыздар);
-
операциялардың жүзеге асырылу күні;
-
өтелген негізгі қарыздар сомасы;
-
пайыздық мөлшері;
-
пайыздар сомасы (есептелінген және төленген);
-
жалпы табыс (өсу тәртібімен);
-
мерзімі өткен қарыздар сомасы (негізгі қарыз бен пайыз-дардың);
-
құрылған мәжбүрлі шығын (провизиялар) сомасы;
-
қарыздардың қалдығы;
-
қамтамсыз етуді жою;
Бұл нысандардың барлығы басқару есептілігіне қатысты.
Басқару есептілігі дегеніміз қатып қалған жүйе емес, керісінше
өзгеріп отыратын, бизнестің талап етуімен динамикалық байла
нысты жүйе. Бұл жүйені белгілі бір .денгейде ұстап отыру үшін,
оның бизнестің мақсаттарына сай келуш ,яған айтсақ нақты
есептердің бөлімшенің алдьщца тұрған- Satrapy Міндеттверіне
сәйкестігін үнемі қадағалап атыру керек.
Басқару есептерін құрастыру келесі принциптер негізінде жүзе-ге асырылады:
-
осы есептіліктердің мақсаттары анықталады;
-
негізгі көрсеткіштерді олардың тарихи және болжамдық құбылыстарында (аспектілерінде) анықтау;
-
талдау жүргізілетін негізгі көрсеткіштер үшін аналитикалық белгілерді аныктау, яғни көрсеткіштер динамикасын бейне-леуге қажетті резервтер бойынша;
-
негізгі көрсеткіштерді банктің жалпы қызметімен құрылым-дық байланыстыратын макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтау.
Банкішілік операциялар бойынша көмекші бухгалтерлік журнал-дар келесідей мақсаттарда қолданылады:
-
аналитикалық (талдамалы) шоттар бойынша банктер жүр-гізетін бақылауды жүзеге асыру үшін.
-
табыстар мен шығындарды есепті кезеңдерге апарудың дұрыстығын қамтамасыз ету;
- бухгалтерлік есепті басқару қызметінде пайдалану.
Көмекші бухгалтерлік есеп журналдары электронды тасымалдау-
шыларда жүргізіледі және сақталады. Олардағы операциялар Бас кітаптың дербес шоттары бойынша топтастырылады және хроноло-гиялық тәртіппен бейнеленеді.
Бэк-офистің жауапты тұлғалары және бақылауды жүзеге асыру-шы тұлғалар операциялардың есепте дұрыс бейнеленуін қамтамасыз етуі керек.
Операцияларды көмекші журналдарда бейнелеуге Қазақстан Республикасы зандылықтарына, Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің нормативті актілеріне сәйкес орындауға қабылданған бастапқы құжаттар негіз болып табылады. Екі жақты жазу әдісіне сәйкес, бухгалтерлік операциялар саласы автоматты түрде бір шоттың дебетінде, екінші шоттың кредитінде бейнеленеді.
Көмекші журналдар мен Бас кітаптың ақпараттарына бақылау жасау үшін, көмекші журналдағы аналитикалық шоттың жиынтық салаларын Бас кітаптағы синтетикалық есептің қалдықтарымен күнделікті салыстырып тексеру қажет.
Көмекші журналдардың ақпараттарын пайдаланушылар көмекші журналдарда бейнеленген операциялардың есебін жүзеге асырушы тұлғалар банк бөлімшесінің басшылары және аудиторлар болып табылады.
Оларды сақтаған кезде, рұқсат етілмеген түзетулерден сақтауды қамтамасыз ету керек. Журналдағы түзетулерді бұл операцияларға рұқсат бар өкілетті тұлғалар жүргізе алады, барлық түзетулер негіз-делуі керек және түзету енгізген тұлғаның колтаңбасымен куәлан-дырылады.
Бас банктегі банкішілік операциялардың есебі бойынша көмекші журналдарды жүргізуге жауапты бухгалтерлік есеп пен есептілік Департаментінің бэк-офисінің жауапты қызметкері болып табылады. Ал филиалдарда филиал бастығы белгілеген жауапты тұлға жүргізеді.
Мысалы, банкішілік операциялар бойынша көмекші журнал-дарға жататындар:
-
Қазақстан Республикасы аумағында іс-сапар шығындарын есепке алу журналы;
-
ТМД және шет елдерге іс-сапар шығындарын есепке алу журналы;
-
Шаруашылық және өкілеттік шығындарға берілген аванстар есебінің журналы.
-
Жабдыктаушылармен тауар және қызмет көрсету бойынша есеп айырысу есебінің журналы;
-
Шаруашылык қызметі бойынша шығындар есебінің журналы;
-
Күрделі салымдар бойынша есеп-айырысу есебінің журналы;
-
Тауар-материалдық қорлар есебінің журналы;
-
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді кіріс бойынша журналы;
-
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің шығыс бойынша журналы.
Банкаралық салымдардың (3-қосымша) көмекші есеп журналын толтыру тәртібін қарастьфайық.
Қүрастырылу күні - автоматты түрде койылады, дербес шот нөмірі, Бас кітаптағы шот дербес шоттың деректемелері мен белгілерінен құралады.
Журналдың қалыптасуы келесі жолмен жүргізіледі:
-
1-баған (графа) - автоматты түрде қойылады.
-
2-баған - «Депозитті ашу күні» - Келісімшарт шартының негізінде жүйеге енгізіледі.
-
3-баған - «Депозитті қайтару күні» - Келісімшарттың шарт негізінде жүйеге енгізілетін күн.
-
4-баған - «Жауапты орындаушының коды» - банктің опера-циялық күнінде бухгалтерлік жазбаларды тікелей жүзеге асыратын, Қазынашылық кызметкерінің коды автоматты түрде қойылады.
-
5-баған - «Транзакция нөмірі» бухгалтерлік жазбаларда автоматты түрде қойылады.
-
-баған «Операция коды» - тандау жолымен ақпараттарды енгізген жағдайда койылады.
-
7-баған - «Операциялар мазмұны» операцияның кодына байланысты.
-
8-баған - «Клиент» - Келісімшарттарының негізінде жүйеге енгізіледі.
-
9-баған - «Операциялар негізі» - осы мәміленің жасалуын растайтын құжаттың №, атауы жүйеге енгізіледі.
-
10-баған - «Пайыздық мөлшерлеме» - Келісімшарттарының негізінде жүйеге енгізіледі.
-
11-баған - «Күн саны» - депозит ашқан күн мен қайтару күні арасындағы айырма ретінде, атап айтқанда 3-баған -2-баған.
-
12-баған - «Валюта коды» бухгалтерлік өткізбеден автоматты түрде қойылады.
-
13-баған - «Валюта бағамы» жазу жазылған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бекіткен ресми бағам, опера-циялық күннің базасы деректерінен автоматты түрде алынады.
-
14, 15-баған - «Теңге және валюта түріндегі депозит со-масы» - бухгалтерлік өткізбеден автоматты түрде қойылады. Егерде депозит шетел валютасында болса, онда 15-баған-дағы «теңге түрінде» деген жолға жазу жазылған күнгі Қазақстан Республикасы Үлттық банкі бекіткен ресми бағам бойынша теңгелік баламасы көрсетіледі.
-
16, 17-баған - валюта және теңге түріндегі сыйақы сомасы формула бойынша есептеледі: (14 (15-баған) х 10-баған х 11-баған) / 3600.
-
16-баған - 18, 19, 20-баған - «Шоттар бойынша Бас кітапта бейнелеу» - бухгалтерлік жазбалардан автоматты түрде толтырылады.
Бас кітап бойынша айналымдардан жиынтығы автоматты түрде Бас кітаптағы шоттардың мәліметтерін дебет және кредит бойынша ақша қозғалысы тұрғысынан сомаларын қосу жолымен есептелінеді.
Валюта және теңге түріндегі шыгушы қалдық операциялардың түріне байланысты автоматты түрде есептеледі. Депозит басқа банктерге орналастырғанда немесе алғанда келесі формула қолданы-лады: алынған депозит қайтарған жағдайда кіріс қалдық 14 және 15-ші бағандарға қосылады немесе депозиттерді орналастырғанда кіріс қалдықтан 14 және 15-ші бағандар шегеріледі. Шот бойынша ақшаларды есептен шығару кіріс қалдықтан аспау керек.
Көмекші есептегі жүргізілетін операцияларды бақылау және Бас кітаптағы есепті автоматтандыру үшін, банкте жүргізілген барльщ операцияларға код берілуі керек.
Операцияларға код тағайындау тәртібі Қазақстан Республи-касының қолданыстағы зандарына, бухгалтерлік есептің халық-аралық және қазақстандық стандарттары және т.б. нормативтік актілерге сәйкес жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |