Оперативті қызметтің мәні капиталдың бастапқы мөлшерін кам-тамасыз етумен тұйықталады, яғни қызметті жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде акционерлік капитал жерді, гимаратты, құрал-жабдықтарды сатып алуға және жалақы төлеуге, сонымен катар күтілмеген шығындар жағдайына қаржылық резерв күру үшін қажетті шығындарды қаржыландыру көзі болып табылады.
Реттеуші қызмет
Мемлекеттік органдар заңды және нормативтік актілер көме-гімен меншік капитал мөлшері мен күрылымын қадағалай отырып банктің қызметін реттейді.
Айналым қызметі
Акционерлік капиталға ақша сала отырып, кұрылтайшылар банктік айналымға активтерді авансылайды деп айтуға болады.
Бірақ кез келген коммерциялық қызмет тәуекелге бел бууға мәжбүрлі.
Оның үстіне, айтылып кеткендей, капитал қорғау қызметіне ие. Айналым қызметін жүзеге асыра отырып өзінің айналым капиталын қолма-қол ақшалардың кассалык несиелік факторингтік және лизингтік операциялардың тәуекелділігіне, бағалы қағаздарды және басқа да қатысу құқықтарын сатып алуға ғимараттарға, құрылыс және басқа да негізгі қорларға сала отырып, банктер кредиторла-рын залал шегуден қорғайды.
Резервтік қызмет
Тәуекелдік активтік операциялар сияқты пассивтік операциялар-ға да тән. Капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы үдерісінде мерзімді депозиттерді мерзімі жетпей қайтып алу, талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттарды алып тастау, төлемеу көлемі өсу себебінен банк шоттарына қаражат ағымының тоқта-тылуы және тағы басқа тәуекелдікті жеңеді. Тәуекелдікті жеңу барысында банктерге өтімділік нормативтері, сонымен қатар ¥лттық банкте депозиттелетін несиелік жүйенің міндетті резервтік қоры ретінде тартылған несиелік ресурстар жағдай жасайды.
Активтік операциялардың ақталмаған тэуекелдіктің орнын жабу үшін нақтырақ айтқанда, шығындардың орнын толтыру үшін банк меншікті капитал резервін күруға мәжбүрлі.
Бұл банктің тәуекелдігін ескере өлшенген және өлшенбеген активтер шығындарға айналып кеткен жағдайда банк капиталыньщ қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Егер банк меншікті қаражаттарды тиімді басқара білетін болса, онда банк осылардың көмегімен табыстылықты көтеріп және салымдардың сакталуын қамтамасыз етеді. Табыс деңгейін қаражат-тарды қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан ссудалар беруге жұмсауға алмастыру жолымен қол жеткізуге болады. Өтімділікке деген қосымша қажеттілік немесе міндетті резервтерді көбейту несиелік қоржынын немесе бағалы қағаздардың бір бөлігін қолма-қол ақшаға ауыстыру жолымен қағаттандырылады. Егер менеджер салым тартумен байланысты мәселелерді шешсе, онда ол тартылған қаражаттарды қаржыландырумен немесе өтімділіктің талап етілетін көлемін есепке ала отырып несиеге берумен айналысуына болады. Банк өзінің қысқа мерзімді қарыздар мен депозиттік шоттарын реттей отырып, өзіне өтімділікті және табыс-тың өсуін қамтамасыз ете алады. Егер банк салыстырмалы темен пайыздық мөлшерлеме сәтінде қамтамасыз етілмеген міндеттемелер шығарса, олар соңымен жоғарырақ мөлшерлеме бойынша табысты инвестициялау үшін қажетті арзан қаражаттар көзі болып келуі мүмкін. Сонымен қатар, осы міндеттемелердің өзін несие бойынша лимитті есептеудегі және салымдардың сенімділігін қамтамасыз етудегі капитал ретінде қарастыруға болады. Меншікті қаражаттар-мен қоса, банк акцияларының нарықтық бағасын жоғарылатуға және қосымша акцияларды қымбаттырақ сатуға мүмкіндік беретін дивидендтер аумағындағы саясат сияқты тиімді қүрал арқылы бас-каруға болады. Бұл табыстың бір бөлігін ұстап қалудан гөрі үнамдырақ болып келуі мүмкін. Банктің меншікті капиталын басқару тәсілдерінің барлығы акцияларды шығару және орналас-тыру сияқты ресурстарды жұмылдыру тәсілінің баламасы болып табылады. Бұл - қымбат және банк үшін үнемі қолайлы болып келе бермейтін қаржыландыру тәсілі.Базель келісіміне сәйкес капитал жеткіліктілігінің басты жалпы-лама көрсеткіші тәуекелдік акти мұнда: КЛр - тәуекелдік активтер коэффициенту К - банктің капиталы; ГЛр- тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшенген активтер сомасы.Қазақстан Республикасының Үлттық банкі меншікті қаражаттар-дың коэффициенттер түріндегі меншік капитал жеткіліктілігінің нормативтерін белгілеген: бірінші деңгейдегі меншікті капиталдың банк активтері сомасына қатынасы (0,6-дан кем емес):
К = 1—, (15)
1 А-П
мұнда: К, - бірінші деңгейдегі меншікті капитал; Ар — барлық активтер сомасы; Пс - құралған резервтер (провизиялар).
және меншікті капиталдың тәуекелдік дәрежесі бойынша өл-шенген активтер сомасына қатынасы (0,12-ден кем болмауы керек):
К =- і—, (16)
1 А -П
Р с
мұнда: К, - бірінші деңгейдегі меншікті капитал;
Ар - тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтер сомасы; Пс - құралған резервтермен (күмәнді және шығынды несиелер бойынша провизиялар) меншікті капиталга енбеген құрылған ортақ резервтер сомасы қосындысы.
Меншікті капитал екі деңгейден тұрады. Меншікті капитал (К) бірінші және екінші деңгейлі (бірінші деңгейлі капитал сомасынан аспайтын мөлшерде) капитал сомаларынан банктің акцияларға инвестицияларын және басқа занды тұлғалардың бағынышты борышын шегергендегі сома ретінде есептелінеді.
Бірінші деңгейдегі капитал (К1) келесі компоненттерді қамтиды:
-
тіркелген шектегі төленген жарғылық қор (3001 шот қосу 3025 шот алу 3002, 3003, 3026, 3027 шоттар);
-
қосымша капитал (3101);
-
өткен жылдарда табыс есебінен кұралған қорлар, резервтер, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (3510,3580 шоттар);
азайтылған:
-
материалдық емес активтер (1659 шот алынған 1699 шот);
-
өткен жылдар залалы (3599 шот);
-
ағымдағы жылдың шығыстарының ағымдагы жылдың табыс-тарынан асып кетуі;
екінші деңгейдегі капитал (К2) келесі компоненттерді қамтиды:
• ағымдағы жылда табыстардың шығыстардан асып түсуі;
втер коэффициент! болып табылады:
Капиталдың көрсеткіші көмегімен мемлекеттік органдар банк қызметтерін бағалауды және бақылауды жүзеге асырады. Әдетте меншікті капиталға қатысты ережелер оның ең төмен мөлшеріне талаптар, активтер бойынша шектеулер және басқа да банктің активтерін сатып алу жағдайларына талаптарды қамтиды.
Үлттық банк бекіткен пруденциялық нормативтер негізінен меншікті капитал мөлшерінен басталады.
Қарастырылып отырған сыныптау шегінде реттеуші қызметке несиелік және инвестициялық операцияларды шектеу мақсатында капиталды пайдалануды да жатқызды.
Басқа да көздер, басты мақсат тәуекелдікті төмендету екенін мойындай отырып, капиталдың келесі қызметіне айрықша көңіл бөледі, олар:
-
шығындарды жұтып алуға және төлем қабілеттілігін сақтап қалуға қабілетті буфер қызметін аткарады;
-
қаржылық ресурстар нарықтарына кіруді қамтамасыз етеді және банктердің өтімділік мәселелерін қорғайды;
• өсуді бәсендетеді және тәуекелдікті шектейді.
Капиталдың қарыздар бойынша залалдарға қарсы аралық буын
ретіндегі, оны ақша қаражаттары қозғалысы контексінде қарастыр-ған кезде анық байқалады. Егер банк клиенттер қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауын тоқтатса, онда сол арада пайыздар және негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттары арқылы азаяды. Қаражат ағыны өзгермейді. Ағым сомасы ағынынан артық болған жағдайда банк толем қабілетті болып қала береді. Капитал осы жерде де аралық буын қызметін атқарады, өйткені ол мәжбүрлі ағындарды азайтып отырады. Банк толем қабілетсіз болған жағ-дайында акциялар бойынша дивидендтер кейінге қалдыра алады. Банктік қарыздары бойынша пайыздар керісінше міндетті болып келеді. Жеткілікті капиталы бар банктер жоғалтылған ақша қара-жаттары ағымын жаңаларымен алмастыру үшін және активтерге қатысты мәселелер шешілгенге дейін уақыт ұту үшін жаңа міндет-темелер немесе акциялар шығарады. Банктің капиталы неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым көп активтер төленбей калуы мүмкін (банк төлем кабілетсіз деп танылғанға дейінгі), яғни банктің тәуекелділігі де соғұрлым аз болады.
Капитал банкке дәстүрлі көздерден қалыпты мөлшерлеме бо-йынша карыз жасауға мүмкіндік береді. Егер активтер көлемі жеткілікті деңгейде көп болса, онда банктің тұрақты беделін қамтамасыз етеді және ондағы салымшыларды көбейтеді. Капитал өсуді бәсендетіп банкте қарыз нәтижесінде қаржыландыру арқылы қалыптастыра алатын жаңа активтерді шектеу тәуекелдігін азай-тады. Бұл қызмет мемлекеттік органдармен бекітілген активтерге қатысты капитал нормативімен тығыз байланысты. Демек, егер банктер қарыздар мөлшерін көбейткісі келсе немесе басқа да активтер сатып алғысы келсе, олар акционерлік капиталды қосымша қаржыландыру көмегімен өсіруді демеп отыруы кажет.
Осылайша, аталған банк капиталының қызметі меншікті ка-питалдың - банк коммерциялық қызметінің негізі екенін көрсетеді. Ол банктің әр түрлі тәуекелдігінің теріс нәтижелерін білдіртпейтін көзі бола тұра оның өз атынан қызмет етуін және қаржылық тұрақтылығын кепілдендіреді.
Банктің меншікті капиталы құрамында банктің жарғылық капиталының маңызды үлес салмағы бар екені бізге белгілі. Ол өзінің бағалы қағаздарын шығару жолымен қалыптасады және сол себептен оны жиі акционерлік капитал деп атайды. Банктің ак-ционерлік капиталының көлемі қатысушы-акционерлер - жабық немесе ашық тәсілмен үлестірілген акция ұстаушыларының салымдары есебінен қалыптасады.
Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі және ерекшеліктері банк мекемелерінің ұйымдық-құқықтық нысанымен анықталады. Екінші деңгейдегі банктер екі нысанда құрылуы мүмкін: үлестік банк (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) және акционерлік банк 2003 жылдың 13 мамырында шыққан «Қазақстан Республикасының банк және банктік қызметі туралы» және «Акционерлік қоғам тура-лы» Заңында егер меншікті капиталдың көлемі қаржылық жылға сәйкес Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңымен бекітілген айлық есеп көрсеткішінің 1000000 еселік көлемін құрайтын болса, акционерлердің саны бес жүз және одан да көп болатын болса банктер акционерлік қоғам және халықтық акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін.
Үлестік банктер өзінің жарғылық капиталының мөлшерін құрылтайшы құжаттары арқылы анықталатын үлестік жарналардан қалыптастырады. Сәйкестікке орай, банктің қатысушылары үлестік жарна шегівде оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік таны-тады. Жаңа құрылтайшыларды қабылдау үлестік қатысушыларының көпшілігінің келісімімен жүзеге асырылады. Жарғылық капиталдың қалыптасуы және көбеюі меншікті акцияларды шығару және орналастыру жолымен жүзеге асады. Бағалы қағаздарды шығару тіркеуден өтуі керек, эмиссиялық аныктамалыгы басылымдарға шығуы міндетті. Осыдан кейін бағалы қағаздарды орналастыру жүргізіледі, олар теңгеде немесе шетел валютасында өткізілуі және материалдық қүндылыктармен төленуі мүмкін. Банктің басқа да меншікті қаражаттарының капиталдандырылуы жүргізілуі мүмкін, сонымен қатар шығарылған конверсияланатын облигацияларды акцияларға айырбастау жолымен шығарылған бағалы қағаздар толығымен орналастырылғаннан кейін банк Қазақстан Республикасы ¥лттық банкімен бекітілген шығару нәтижелерін талдайды және олардың есебін береді.
Жалпы қабылданған тәжірибеге резидент банктің капиталын жергілікті валютада эмиссиялау және банк жүйесінің реттеуші орга-нының міндеті банктің өз капиталын жергілікті валютамен қамта-масыз етуіне жағдай жасау жатады. Себебі халықаралық мөлшерге капитал эмиссиясының жергілікті валютада болатындығында, капи-талдың шетел валютасындағы бухгалтерлік есеп әдісін тікелей қосып жазатын бухгалтерлік есеп стандарты жоқ.
Үлттық банк капиталды шетел валютасында есептен шығарып және оны қайтадан теңгемен шығаруын ұсынды. Осы жердегі негізгі мәселе - аударым жүзеге асатын бағам және айырбастаудан алы-натын табыс немесе шығынды есептеу әдісі. Кез келген табысты акционерлерге дивиденд түрінде үлестіруге болмайды.
Негізгі мәселелердің бірі - бухгалтерлік есептің қай әдісі таң-далғанына байланыссыз, оның бірінші деңгейдегі капиталға кері әсерін тигізбеуін камтамасыз ету.
Айырбастау бағамы эмиссиялау сәтіндегі тарихи бағам болуы мүмкін. Осы әдістің кемшілігі нәтижесінде теңгедегі жаңа акция-лардың атаулы құнының біршама өзгеше көлемдеріне алып келуі мүмкін және тарихи бағам келісімінде бірқатар кедергілер пайда болуы мүмкін.
Балама жолына Үлттық банк айырбастау жүргізілетін алдағы күнді анықтауы мүмкін және сол күнде ресми бағам қолдануы мүмкін. Берілген әдістің артықшылығы сол, бүл айырбастаудан түсетін табысты немесе шығынды оңай есептеуге және тексеруге болады.
Айырбасталған акциялардың атаулы кұны мен тарихи немесе ресми бағам арасындағы айырма бөлінбейтін резервке, яғни акциялар бойынша сыйақы есебіне жатқызылуы қажет. Егер қандай да болмасын себеппен есептен шығару және айырбастау шығынға әкелсе, онда шоттағы қандай да бір кредиттік қалдыққа акциялар бойынша сыйакыларды жатқызу тиіс. Егер де олардың сомасы жеткіліксіз болса, онда шығынды ағымдағы жылдық табысы және шығыны шотына жатқызуы тиіс.
Капиталды шетел валютасында жинактау және теңгеде шығару бойынша банк өткізбелерді валюталық позициялар шоты арқылы жүргізген жөн. Бұл шетел валютасындағы есептен шығарылған капитал сомасына ашык позициялардың көбеюі әсерін иемденеді. Ол үшін нарықта теңгені сататын және сатып алатын сатып алушы болуы керек. Осындай банктер үшін кезекте сатып алушы Үлттық банк бола алады.
Акционерлер эмиссиясын жүргізген кезде банктер Қазақстан Республикасының Үлттық банкісінде сараптаудан өтулері тиіс. Ол эмиссия көлеміне, инвесторлар санына байланыссыз барлық бағалы қағаздар шығарылымы бойынша және шығару, орналастыру қоры-тындыларының есебі бойынша жүзеге асады.
Келесі жағдайларда сараптау жүргізіліп, Үлттық банктің қоры-тындысы беріледі:
-
банк құрылған кезінде және акцияларды оның күрылтай-шылары арасында орналастырылған кезінде;
-
банк қайта құрылған кезде (қосарлануы, бөлінуі);
-
банктің жарғылық капиталының мөлшерін қосымша акция эмиссиясы немесе акциялардың атаулы құнын жоғарылату жолымен көбейткен кезде;
-
банктің жарғылық капиталы мөлшерінің өзгермеген жағда-йындағы акциялардың атаулы кұнының өзгеруі кезінде;
-
акциялардың атаулы қүнының азаюы немесе акциялардың жалпы санын азайту мақсатында өз акцияларының бөлігін сатып алу жольшен жарғылық капитал мөлшерінің азаюы кезінде;
-
облигациялар шығару кезінде.
Бағалы қағаздардың эмиссиялық анықтамалығын сараптаудан өткізу үшін банк Үлттық банкке келесі құжаттарды көрсетеді:
-
абайсызда құрастырылған және банктің баскарушысының қрлы қойылған;
-
болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу туралы жә-не болашақтағы эмиссия нәтижесі бойынша есеп қабылдау;
акционерлердің жалпы жиналысының хаттама көшірмесі, онда акциялар эмиссиясы жайлы шешім қабылданған. Ол заң талаптарына сай, бағалы қағаздар эмиссиясының нысаны көрсетілген (құжаттық немесе қүжатсыз) және де жарғылық капиталдың қалыптасу көздері;
Үлттык комиссиямен банктер үшін бекітілген нысанда құрас-тырылған эмиссиялық анықтамалығы;
-
банктің балансы мен соңғы аяқталған қаржылық жыл табыс-тары мен шығыстары жайлы есепті растайтын, банк қызме-тіне аудиторлық тексеру жүргізу кұқығына лицензиясы бар аудитор немесе аудиторлық ұйым есебінің көшірмесі;
-
бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдары қойылған құрылтайшы және (немесе) акционерлер болып табылатын ұйымның мөрімен расталған соңғы есеп-қисап берілген күн табысы мен шығындар туралы есебі өкілетті аудиторлық қызметтің расталған және аудиттің расталмаған баланстық есебі, соңғы аяқталған қаржылық жылдың құрылтайшылар мен акционерлердің табысы және шығысы туралы баланстық есебі.
Банктің қайта кұру кезінде бағалы қағаздар эмиссиялық анықтамалығын сараптаудан өткізу үшін Үлттық банкке мына кұжаттар үсынылады:
-
біріккен, қосылған кезінде - аудару актісінің көшірмесі, заңға сәйкес қүрастырылған бірігу туралы мәмілесінің және біріктірілген баланс көшірмелері;
-
бөлінген, бөлініп шыққан кезінде - бөліну балансын;
-
қайта кұру кезеңінде - аудару актісінің көшірмесін және қайта құрылған банктің тіркеу күніне балансын.
. Үсынылған қүжаттарға ескертулер болмаған жағдайда, бағалы қағаздардың эмиссиялық анықтамалығының екі данасы Үлттық банкте сараптаудан өткені туралы белгісімен және оның эмиссиялық анықтамалығы бойынша қорытындысы банкке Үлттық комиссияға үсынуы үшін қайтарылады, үшінші нүсқасы Үлттық банкте қалады.
Сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда банк үш ай аралығында Үлттық банкті өзінің бағалы қағаздары бойынша Үлт-тық комиссияға барғанын айтуы керек. Үш ай өткеннен соң Үлт-тық банктің оңтайлы корытындысы занды күшін жоғалтады. Бұл жағдайда банк бағалы қағаздардың эмиссиясы бойынша құжаттарды қайта сараптауға ұсынуға міндетті. Құжаттар берілген күннен бастап бір ай аралығында карастырылады.
Үлттық банк теріс қорытынды беруі де мүмкін. Олардың негізі болып мыналар табылады:
-
ұсынылған құжаттардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуі;
-
эмиссиялық анықтамалығына енгізілген мәліметтердің эми-тенттің нақты кдржылык жағдайымен сәйкес келмеуі;
-
Үлттык банк келісімінен отпеген келесідей банктің басқару-шы жұмысшыларының болуы: директорлар кеңесінің орын-басары, басқарма орынбасары және бас бухгалтер;
-
Үлттық банкпен депозиторлардың және кредиторлардың мүдделерін қорғау максатында тағайындалған пруденциялық нормативтерді банкпен бұзуына негіз бола алатын жарғылық капитал көлемін азайту туралы шешім қабылдауы;
-
- банк акциясын төлемді жүзеге асыру үшін меншікті кара-жаттары болмаған жағдайындағы құрылтайшылардың және акционерлердің (акцияларды жабық тәсілмен орналастырған кезде) қанағаттанарлықсыз қаржылық жағдайы немесе сот-тың оларды банкрот деп тануға шешім қабылдауы, сонымен қатар банктің бағалы қағаздардың эмиссиялық анықтамалығы бойынша оңтайлы қорытынды беруден бас тартуы туралы хабарламасы банкке жазбаша түрде беріледі.
БАНКТЩ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНЫҢ ЕСЕБІ Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы барлық акция-лардың атаулы құны сомаларынан күралады.
Шығарылган және жарияланған жарғылық капиталды ажыратып қарастыруға болады. Акционерлік қоғам жаргылық капиталды тіркейді және үлкен акция көлемін шығаруға рұқсат алады (бұл оның құралу кезінде қажет). Бұл акционерлік қоғамға акцияларды шығара отырып болашакта қосымша қаражат жинақтауға мүмкіндік береді.
Акциялар шығарылған және айналатын болып бөлінеді.
Шығарылған - бұл басқа әдіспен сатылған немесе өткізілген акциялар.
Айналатын - бүл шығарылған және айналыста жүрген акциялар. Егер акцияны қоғам сатып алған болса немесе оған акцио-нерлер қайтарып берген болса, онда айналатын болып саналмайды. Қоғам сатып алған немесе оның иелігіндегі шығарылған акциялар -сатылып алынған деп аталады.
Атаулы құны шетел валютасында анықталатын жарғылық капитал есебі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Оның үстіне қоғамның жарияланған жарғылық капитал мөлшері барлық шығарылған акциялар атаулы кұнының сомаларының косындысына тең және бір валютада өр-нектеледі, ал атаулы құны үлттык және шетел валютасында анық-талады және сол қоғамның барлық акциялары үшін бірдей. Атаулы құны шетел валютасымен анықталған акциялар төлемі Қазақстан Республикасының валюталық заңына сәйкес жүзеге асады.
21 «Валюта бағамының өзгеру әсері» бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына, 9 «Шетел валютасындағы операциялар есебі» бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартына сәйкес жарғылық капитал, шетел валютасында анықталған акциялардың атаулы құны, операцияның жүзеге асқан күніндегі валютаның айыр-бас (тарихи) багамы бойынша есептеледі. Соңғысы құрылтайшы құжаттарды мемлекеттік тіркеу және жарғылық капиталдың қалып-тасу көздерімен сәйкес келеді. Осылайша бухгалтерлік есептегі 9-стандартының әдістемелік ұсынысына сәйкес жарғылық капиталды теңгенің шетел валютасына қатысты «тарихи» бағамымен көрсетуді ұсынады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үлттық банкісімен қоғамның кұрылтайшы құжаттарын мемлекеттік тіркеу күніне бекіткен ресми бағамы да қолданылады. Теңгенің шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруімен байланысты кейіннен жарғылық капиталды кайта бағалау жүргізілмейді. Осыған байланысты, активтерді шетел валютасында қайта бағалау жарияланған жарғылық капиталдың мөлшерімен бірдей сомада жүргізуді ұсынады. Қайта бағалау, кем дегенде, айына бір рет жүргізіледі. Нәтижелерді бейнелеу үшін кірістердің немесе шығыстардың ба-ланстық шоттарына сәйкес дербес шоттары ашылуы қажег.
Табыстар шотында (баланстық шот 4750 «
») және шығыстар шотында (баланстық шот 5710
«Өзге қайта бағалау шығысы») есепке алынатын, жоғарыда көрсетілген активтерді қайта бағалау нәтижесінде оң немесе теріс айырма бойынша қалыптаскан сальдо шегінде сома жыл аяғында
арнайы ашылған 3028 « »
баланстық шотқа есепке алынады.
Бағалы қағаздар бойынша Үлттық комиссия мен Әділет минис-трлігінен рүқсат алғаннан кейін банк акциялар төлеміне түскен қаражаттарды пайдаланып және оларды жарғылық капиталға кіріс-тей алады.
Тіркелген капиталдың төленбеген жарғылық капитал мөлшері баланстық шоттарда есептелінеді, 3001 «Жарияланған жарғылық капитал - жай акциялар» бөлігі және 3025 «Жарияланған жарғылық капитал - артьщшылықты акциялар». Төленбеген жарғылық капитал сомасы жай акциялар - 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар» шотта және «Төленбеген жарғылық капитал - артық-шылыкты акциялар» - 3026.
Жарғылық капитал көлемінің өсуі:
Дт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал -жай акциялар»
3026 «Төленбеген жарғылық капитал - артыкшылығы бар акциялар»
Кт 3001 «Жарияланған жарғылық капиталды - жай акциялар»
3025 «Жарияланған жарғылық капитал - артыкщьшыкты акциялар»
• Жарғылық капиталға салымдар төленуі:
Дт 2860 «Банктік кызмет бойынша өзге кредиторлар» Кт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар»
3026 «Төленбеген жарғылық капитал - артықшылықты
акциялар»
және (немесе)
Дт 1001 «Кассадағы крлма-крл ақша»
-
«Банктің Қазакстан Республикасы ¥лттық банкіндегі корреспондент™ есепшоты» - сату бағасы бойынша
-
Кт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - артықшылығы бар акциялар» - атаулы құны бойынша
3026 «Төленбеген жарғылық капитал - артықшылықты акциялар» - атаулы құны бойынша
3101 «Акциялар бойынша сыйақылар» - сату бағасы мен атаулы құны арасындағы айырма • Жарғылык капиталға салымды шетел валютасында төлеген кезде келесі өткізбелер жүргізіледі:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
Сонымен бір уақытта теңгеде:
Дт 2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позицияның)»
1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қыска позициясы» Кт 3002 «Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар»
3025 «Жарияланған жарғылық капитал - артықшылықты акциялар». Резервтік капитал - бөлінбеген табыстан аударым есебінен қалыптасатын банктің меншікті қаражаттарының бір бөлігі. Резерв-тік капиталды пайдалану және қалыптастыру тәртібі қолданылып жүрген заңмен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Ашық акционерлік қоғамның резервтік капиталының заң талаптарына жарияланған жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем болмауы тиіс. Резервтік қор банктің әр түрлі шығындарын жабу үшін, сонымен қатар артықшылығы бар акция иелеріне дивидендтер төлеуге қаражаттар жетіспеген жағдайға құрылады. Қазақстан Рес-публикасының Үлттық банкісінің талаптарына сәйкес резервтік қор мөлшері сыныптауға жатпайтын активтер сомасының 5 пайызы мөлшерінде аньщталады.
Резервтік капитал құру кезінде келесі өткізбелер жүргізіледі: Дт 3599 «Бөлінбеген таза табыс (өтелмеген шығын)» Кт 3510 «Банктің резервтік капиталы»
Дивиденттерді төлеу үшін қаражаттар жетіспеген кезде олар резервтік капитал қаражаттары есебінен төленеді, және келесі өткізбе жүргізіледі:
Дт 3510 «Банктің резервтік капиталы»
Кт 1853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)» 2853 «Акционерлермен есеп айырысу (дивидендтер бойынша)» Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) сомасы оның алдыңғы жылдар сомасын көрсетеді.
Бұл шот алдыңғы жыл сомасына жаңа жылда корытынды айна-лымдар жүргізілгеннен кейінгі бірінші жұмыс күнінде кредиттеледі. Болашақтағы табысты бөлу акционерлер жиналысының шешіміне сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |