39-лекция
Тақырыбы: Банктегі салық есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
-
Салық есебінің принциптері
2. Корпорациялық табыс салығы
Банктер 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Ресггуб-ликасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес салық саясатын жүргізеді.
Осы Кодексті іске қосумен байланысты Қазақстанда бухгалтер-лік есептің салық салу жүйесінен заң негізінде бөлінуі жүзеге асты, осыған байланысты, бір уақытта екі есеп түрін бірге жүргізу қажеттілігі туындады: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебі салық міндеттемелерінің пайда болуын және шамасын дұрыс анықтау, табыстар мен шегерімдерді есепті кезендерге жатқызу және^ ақырында заңмен бекітілген мерзімде бюджетке төленуі тиіс салық сомасын алу мақсатында туындайды.
Қазақстан Республикасының салық заңы салық салу принципте-ріне негізделеді:
-
міндеттілік (салық төлеуші салық зандарына сәйкес мемлекет алдында туындайтын салык/міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті);
-
анықтаушылық (салық зандылықтарына салық төлеушінің салық міндеттемелерінің барлық негіздері мен туындау тәртіптерін, орындалу мен тоқтатылуын белгілеу мүмкіндігі);
-
әділдік (жеке сипаттағы жеңілдіктер беруге тыйым салы-нады, Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей болып табылады);
-
біртұтастық (Қазақстан Республикасының салық жүйесі республиканың бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады);
-
жариялылық (салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы ™ic).j
Банк салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақ-стан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда есептеме әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық әкімшілігінің құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнын және банктің нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған. Соңғысы бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынған банктің қаржылық нәтижесіне байланыссыз анықталады.
Осы айырмашылықтарға қарамастан, есептің бұл екі түрі өзара тығыз байланысты, себебі, салық есебінде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынып, содан кейін салық заңының талаптарына сәйкес түзетулер жүргізіледі.
Салық есебі және есептілік ережелері салық салу мақсатында шетел валютасында операцияны жүргізген күнгі валютаны айырбас-таудың нарықтық бағамын қолдана отырып ұлттық валюта теңгеде есептелуін қадағалап отырады. Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы: Қазақстанның қор биржасының негізгі сессиясында қарас-тырылған және ҚР ¥лттық банкпен бірге Қазақстан Республикасы-ның Қаржы министрлігімен бекітілетін тәртіппен анықталған шетел валютасының теңгедегі өлшенген орташа биржалық бағамы. Қазақстанның қор биржасында сауда-саттық жасалмайтын шетел валютасына шаққандағы теңге бағамы кросс-бағамын қолдану арқылы есептелінеді.
Жаңа кодекспен салық салудың ерекше жағдайлары қарас-' тырылған:
-
қаржы лизингі лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл жерде лизинг алушы негізгі құралдардың иесі, ал лизингтік төлемдер лизинг алу-шыға берілген несие бойынша төлемдер ретінде қарастыры-лады;
-
кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізу 'уағдаластық не занды тұлға құрмай, екі және одан да көп иеленуші болуын көздейтін өзге уағдаластық болған жағдайда, әрқайсысына салық салынады;
-
есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметі органдары салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объек-тілерді жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым-дар, шыгындар, шығыстар) негізінде анықтайды.
Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар қүжаттама:
-
салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнет-ақы қорына төленетін міндетті төлемдер бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп айырысу;
-
арнаулы салық режимін қолдануға патент алуға өтініштер;
-
салық салу объектілері мен салық салуға/байланысты объек-тілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтінішер;
-
қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
-
қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер нормаларын қолдануға берілген өтініштер;
-
осы кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады.
Салықтар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Жанама салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Басқалары тура салықтарға жатады.
Банктер резидент ретінде келесі салық түрлерін төлейді:
-
корпорациялық табыс салығы;
-
жеке табыс салығы;
-
қосылған құн салығы;
-
акциздер;
-
кен орындарын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;
-
әлеуметтік;
-
жер;
-
көлік құралдарына салынатын салық;
-
мүлік салығы;
-
заңмен қарастырылған арнайы алымдар мен баждар.
Корпорациялық табыс салығының объектісі жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелінген сальщ салынатын табыс болып табылады.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілер Қазақстан Рес-публикасының Үлттық банкі мен мемлекеттік мекемелерден басқа Қазақстан Республикасының резидент заңцы тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын бейрезидент занды тұлғалар.
Банктің жылдық жиынтық табысы (ЖЖТ) Кодекстің 122-бабы-на сәйкес жүргізілетін түзетулер есебімен Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан тұрады.
ЖЖТ-қа келесі табыс түрлері кіреді:
• банк қызметінен:
-
пайыздық;
-
дилингтік операциялар бойынша;
-
комиссиялық;
-
басқа да операциялық;
-
төтенше;
-
айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық шығындары түрінде;
-
үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортиза-циялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;
-
жалпы үлестік меншіктен табысты бөлу кезінде алынатын табыс;
-
өтеусіз алынған мүліктер;
-
мүлікті жалға беруден түскен табыс;
-
банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түскен табыс;
-
күмәнді міндеттемелер бойынша;
-
міндеттемелер мен талаптарды есептен шығарудан түсетін табыстар;
-
айыппұлдар, өсімпүлдар және санкциялардың басқа да түрлері;
-
дивидендтер;
-
сыйақылар;
-
бағамдық оң айырма;
-
ұтыстар;
-
әлеуметтік сала объектілерін пайдалану <4сезінде алынған табыстардың шығыстардан артылуы;
-
шығып қалған тіркелген активтер қүнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынған табыстар.
Жылдық жиынтық табыс Салық кодексінің 91-бабына сәйкес түзетілуі тиіс. Осы жерде жылдық жиынтық табыстан мыналар шегерілуі тиіс:
-
Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент занды түлғаларынан алынған дивидендтер;
-
эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының атаулы құнынан асып кетуі және акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі;
-
кор биржасының «А» және «В» ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезінде кұн өсімінен алынған табыс;
-
мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Үкіме-тінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекетпк кәсіпорын өтеусіз негізде алынған негізгі құрал-жабдықтардың құны;
-
Қазақстан Респуликасының зейнетақымен ^қамсыздандыру туралы завдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялык табыстар.
Бухгалтерлік есепте есептелген және алынған табыстар 4000-4999 баланстық шоттарда көрініс табады және банктің ағымдағы жылдағы жалпы жылдық табысын құрайды. Бұның кұрамына енгізілмеген табыстар арнайы дербес шоттарда көрсетіледі және салық салу мақсатында ЖЖТ-қа түзетулер жүргізіледі.
Салық кодексінің 92-бабына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысты алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуі тиіс.
Шегерімдер жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезендердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. ^Болашақтағы кезендердің шығыстары қай/салық кезеңінде болса, сол кезенде шегерілуі тиіс.
Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі.
Жылдық жиынтык табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздык айыбы мемлекеттік бюджетке енгізілуіне тиістілерінен басқасы шегеріліп тасталуға тиіс.
Шегерімге жатпайтын шығыстар:
-
жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
-
құрылысқа және тіркелген активтерді иемденіп алуға жұмсалған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа да шығыстар;
-
мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айып-пұлдар мен өсімпұлдар;
-
шегерімге жатқызудың салық кодексімен белгіленген норма-сынан асып түсетін жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстар;
-
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіле-рінде белгіленген нормадан артық төленуге тиіс (төленген) бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер сомасы;
-
кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын объектілердің салу, пайдалану мен күтіп ұстау жөнідегі шығындар;
-
салық төлеушінің өтеусіз негізде берген мүлкінің, орындал-ған жұмыстарының, көрсеткен қызметтерінің құны шегерімге жатпайды.
Шегерілуі тиіс шығындар:
-
қызмет бабындағы іссапарлар кезіндегі және өкілдік шығыс-тар бойынша өтемдер сомалары;
-
сыйақы бойынша шегерімдер;
-
төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер;
-
күмәнді талаптар бойынша шегерімдер;
-
резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер;
-
ғылыми зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструк-торлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шеге-рімдер;
-
сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстарды шегеру;
-
әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру;
' - табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге (және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жүмсалған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерімдері;
-
теріс бағамдық айырма бойынша шегерімдер;
-
салықтык шегерімі;
-
тұрақты активтері бойынша;
-
жөндеу шығындары.
Қызмет бабы бойынша іссапар кезіндегі өтемақы сомасын шегеріп тастауға келесілер жатады:
-
іссапар орнына жету үшін жол және сақтап қалу шығындарымен бірге түрғын жайды жалдау бойынша нақты жасалған шығындар;
-
Қазақстан шегінде тәулігіне екі айлық есеп көрсеткіштерінен кем болмайтын колемде іссапар кезінде толенетін тәуліктік;
-
ҚР Үкіметі бекіткен норма шегінде Қазақстан Республика-сынан тыс іссапарға шыкқан уақытында төленетін тәуліктік.
Өкілдік шығыстарға салык төлеушінің өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау максатында адамдарды, акционерлер жиналысын өткізуге, сондай-ақ директорлар кеңесінің, тексеру комиссиясының отырысына келген /қатысушыларды қабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткізу, оларды көлікпен қамтамасыз ету, келіссөз кезінде дәмхана (фуршет) қызметін көрсету, ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар, банкеттер, бос уақытта ойын-сауық немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар жатады. Өкілдік шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген нормалар шегіңце шегерімге жатқызылады.
Сыйақы бойынша шегерімдерге мына сыйақылар жатқызылады:
- /құрылыска алынған және құрылыс кезінде несиелер (қарыз-
дар) бойынша сыйақыдан басқа, алынған несиелер (карыз-дар) бойынша, оның ішінде қаржы лизингі түріндегі сыйақы;
-
сенімгерлік басқаруға алынған мүлік үшін сыйақы;
-
депозиттер бойынша сыйақы;
-
борыштық бағалы қағаздар иесіне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтін дисконт немесе купон (дисконтты немесе сыйақыларды есепке ала отырып).
Кодекспен белгіленген көлемде сыйақы бойынша шегерімдер жасалады:
-
теңгемен алынған және (немесе) орналастырылған кредиттер (қарыздар), оның ішінде қаржы лизингі бойынша, депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ сенім-герлік басқаруға алынған мүлік үшін - Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін екі еселеп қолданып есептелген сома шегінде;
-
шетелдік валютамен алынған және орналастырылған кредиттер, оның ішінде қаржы лизингі бойынша, депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша - Лондон банкаралық нарығының мөлшерін екі еселеп қолданып есептелген сома шегінде жүргізіледі.
Сонымен катар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта кдржыландырудың мөлшері және Лондондық банкаралық нарығының мөлшері депозиттерді, борыштық бағалы қағаздарды, мүлікті, сондай-ақ несиені беруді рәсімдеу кезінде қолданылады. Шартқа сәйкес несие үшін сыйақыны есептеу үшін қүбылмалы мөлшері белгіленген/^жағдайда, Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондон банкаралық нарығының мөлшері шартқа сәйкес құбылмалы мөлшері өзгерген күні қолданылады.
Күмэнді талаптяр - Қазақстан Республикасының заңды түлға-лары (резидент және бейрезидент) мен жеке кэсшкерлерше тауарлар өткізу, жүмысты орындау, қызмет көрсету нәтижесіңде туыңдаган және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар. Күмәнді болып сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да танылады.
Күмәнді талаптар келесі шарттарды сақтағанда жылдық жиынтық табыстан шегеріледі:
-
шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жағдайда;
-
белгіленген тәртіппен рәсімделген мына құжаттар: фактура-шоттар салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шыгыстарды шегерімге <{жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда.
Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет. Салық төлеушімен жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде дебитор банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытын-дылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төмендегі күмәнді және үмітсіз активтерге шартты міндеттемелерге: басқа банктерге орналастырылған корреспонденток шоттарды қалдықтарды қоса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген несиелерге (қаржы лизингін қоспағанда); қүжаттамалық есептермен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепілдіктермен растал-ған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы мәжбүрлі шығындар/ (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты міндеттеме-лерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Қазақстан Республикасының Үлттық банкі анықтайды.
Ғылыми зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жүмыстарға жүмсалатын шығыстар - негізгі құралдарды, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделі сипаттагы басқа да нышандарды қоспағанда, табыс алуға байланысты шығыстар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық құжаттама, орындалатын жұмыстар актісі және тиісті ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары жүргізілгенін растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылады.
Сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстарды шегеру. Жинақ-таушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиісті (төленген) ^сақтандыру сыйақылары сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Респу-бликасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, белгіленген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша шегерілуі тиіс.
Жеке түлғалардың салымдарын (депозиттерін) ұжымдық кепіл-дендіру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктер жеке тұлғалар-дың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіруге (сақтандыруға) байланысты аударылған міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналардың сомаларын шегерімге жатқызуға құқылы.
Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған, яғни салық төлеуші қызметкерлердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне, жүктілігіне және босануына байланысты демалысына ақы төлеу бойынша есептелген шығыстары шегерімге жатады. Шегерімге сондай-ақ өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде мертігуіне не денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге келтірілген зиянның өтемін төлеуге жұмсалған шығыстар да Қазақстан Респу-бликасының заңдарында белгілеген мөлшерде шегерімге жатады.
Теріс бағамдық айырма, яғни салық төлеушінің жылдық жиынтық табысты алуына байланысты теріс бағамдық айырма келесі тәртіппен шегерімге жатқызылады. Құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) бойынша және құрылыс кезеңіндегі туындаған теріс бағамдық айырма объект құнына енгізіледі. Шегерімге жатқызылуы тиіс теріс бағамдық айырманың ең жоғары сомасы салық салынатын табыс салық төлеушінің бағамдық айырма бойынша табыстары мен шығыстары есепке алынбай, оның жылдық жиынтық табысы мен шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталған салық төлеушінің салық салынатын табысының 50 пайызы мөлшеріндегі сома қосылған оң бағамдық айырма түрінде алған табыс сомасымен шектеледі. Теріс бағамдық айырма орын алған салық кезеңінде шегеруге жатқызуға болмайтын теріс бағамдық айырманың қалған сомасы талап қою мерзімі ішінде осы тармақтың ережелеріне сәйкес келесі салық кезендерінде өтеледі.
Есептелген шектерде мемлекеттік бюджетке төленген салықтар шегерімге жатпайды, оларға: жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейін есептен шығарылған салықтар, Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық.
Салықтар төлем жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Тіркелген активтер бойынша шегерімдерге ішкі топтың барлық активтері шығып қалғаннан кейін осы ішкі топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансы, ішкі топтың құн балансының сомасы салық кезеңінің соңында 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмаған жағдайдағы ішкі топтың құн балансының көлемі. Салық төлеуші тіркелген активтер бойынша қосымша шегерімдер жасауға құқьілы.
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептеу амортизациялық ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Аморти-зациялауға жатпайтын тіркелген активтерге мыналар жатады:
-
жер;
-
өнім беретін мал;
-
мұражай құндылықтары;
-
сәулет және өнер ескерткіштері;
-
жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жаға-жолдар, бульварлар, саябақтар;
-
аяқталмаған күрделі құрылыс;
-
фильм қорына жататын объектілер;
-
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін салық зандарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негізгі құралдар;
-
инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.
Әрбір ішкі топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында ішкі топтың құн балансына амортизация норма-ларын, бірақ осы Кодекстің 110-бабында белгіленген шектен асырмай, қолдану жолымен есептеледі.
Салық төлеуші тартылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне сәйкес түзетіледі. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизацияльщ аударымдар әрбір объект бойынша жеке-жеке белгіленеді.
Амортизацияға жатпайтын тіркелген активтер амортизацияның шекті нормаларымен мынадай топтарға және ішкі топтарға бөлінеді (16-кесте).
16. Амортизацияға жататын тіркелген активтер
Топ
№
|
Ішкі топ №
|
Тіркелген активтер атауы
|
Аморти-
зацияның
шекті
нормасы, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
I
|
1
|
Үйлер, құрылыстар
Үйлер, құрылыстар
|
8
|
II
|
1
|
Ғимараттар
Мұнай және газ скважиналары
|
20
|
|
2
|
Мұнай-газ қоймалары
|
10
|
|
3
|
Кеме жүретін каналдар, су каналдары
|
10
|
|
4
|
Көпірлер
|
7
|
|
5
|
Бегендер, плотиналар
|
7
|
|
6
|
Өзен және теңіз айлақтық құрылыстары
|
7
|
|
7
|
Кәсіпорындардың темір жолдары
|
8
|
|
8
|
Жағалауды бекіткен, жағалауды қорғайтын кұрылыстар
|
7
|
|
9
|
Резервуарлар, цистерналар, бактар және басқа да сауыттар
|
8
|
|
10
|
Шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық суару желісі
|
7
|
|
11
|
Жабық тоспа-кәріз желісі
|
7
|
|
12
|
Әуе кемелерінің ұшу-қону белдеулері, олар жүретін жолдар, тұратын орындар
|
8
|
|
13 '
|
Парктер мен хайуанаттар парктерінің ғимараттары
|
10
|
|
14
|
Спорт-сауықтыру ғимараттары
|
10
|
|
15
|
Жылыжайлар мен көктемелер
|
10
|
|
16
|
Өзге де құрылыстар
|
7
|
III
|
1
|
Беріліс құрылғылары
Электр берілісі және айналыс құрылғылары мен желілері
|
10
|
|
2
|
Ішкі газ құбырлары мен құбыр желілері
|
8
|
|
3
|
Су құбырлары, канализация және жылу желілері
|
7
|
|
4
|
Өзгелер
|
7
|
I V
|
1
|
Қуат машиналары мён жабдықтары
жылу-техникалық құрал-жабдықтар
|
15
|
|
2
|
Турбиналық кұрал-жабдықтар мен газтурбиналық қондырғылар
|
15
|
|
3
|
Электр двигательдері мен дизель генераторлар
|
10
|
|
4
|
Кешенді қондырғылар
|
8
|
|
5
|
Өзге де қуат машиналары мен құрал-жабдықтар (икемді көліктен басқа)
|
7
|
V
|
1
|
Қызмет түрлері бойынша жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтары (икемді көліктен басқа)
Қара, түсті металлургия машиналары мен құрал-жабдықтары
|
20
|
|
2
|
Химия өнеркәсібі машиналары мен құрал-жабдықтары
|
20
|
Достарыңызбен бөлісу: |