“Математика-Экономика” факультеті



бет4/35
Дата17.06.2016
өлшемі4.19 Mb.
#141951
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Сәйкестендіру мәселесі шаруашылық қай кезде тіркелуі керек екендігін шешеді: Мысалы, банк кеңселік заттарға тапсырыс береді, алады және төлейді. Сондықтан мұндай әрекет сауда операциясы сапасында былайша тізімделуі керек:

Банк кызметкері кеңселік қүрал-жабдықтарды сатып алу үшін жабдыктау бөліміне тапсырыс береді;

Жабдыктау бөлімі тапсырысты жеткізіп берушіге жібереді;

Жеткізіп беруші кеңселік құрал-жабдықты тиеп жібереді;

Банк оны қабылдайды;

Банк жабдықтаушыдан шот алады;

Банк шотты төлейді.

Осы сұрақка жауап есепті кезендегі қаржы көлемінің нәти-жесіне байланысты болады.



Бағалау мәселесі. Бухгалтерлік есептің мақсаты шаруашылық операциясы жүзеге асырылғаннан кейін өзгеретін бағаны табу емес, шаруашылық операциясы жүзеге асыру барысындағы құнды немесе өзіндік құнды аныктау болып табылады.

Жіктеу мәселесі. Жіктеу кез келген шаруашылық операциясы-ның маңызын дұрыс талдаудан туындайды және ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан, бухгалтерлік есепке анықтама бере отырьіп айта кететін жайт, бухгалтерлік есеп осы ақпаратты пайдаланушыға бағалап көруге және шешім қабылдауға мүмкіндік беретін экономикалық ақпараттарды беру, сәйкестендіру және өлшеу үдерісі. (Бухгалтерлік есеп теориясы. Э.С. Хендриксен).

Бухгалтерлік есепті оку басқару ісінде маңызды шешім қабыл-дауда дағды алу мен үйренуге мүмкіндік береді.

Есептік ақпараттар банктің ішівде де және оның сыртында да шешім қабылдау үшін маңызды болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп қызметін жүзеге асыру үшін сандық ақпараттармен қам-тамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесіндегі негізгі бақылау, талдау, ақпараттық, кері байланыс қызметтерін атқарады.

Есептік ақпараттар негізінде шешім қабылдаған кезде пайда-ланушылар белгілі бір тәуекелге ұшырайды. Басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп тәуекелді шектеуге бағытталуы және операция-лардьщ жүргізілу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге керек. Банкте бақылау функциясы банк қабылдайтын тәуекелді шектеуге және операциялар мен мәмілелер жүргізілуінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

Бұл функция банк белгілеген зандардың, ¥лттық банктің нормативтік-құқықтық актілерінің, мамандық қызметтік стандарты мен іскерлік қатынастар ережесінің талаптарын сақтай отырып, жалпы қадағалауға қол жеткізуге көмектеседі.

Бақылау функциясын эктшілік және каржылык бякылау желісінде жүзеге асыру ұсынылады.

Олар алдын ала, кейінгі және ағымдық реттерімен жүргізіледі. Олар жеткілікті дәрежеде сенімділікпен кем дегенде төмендегілерді куәландыру керек:

банк қызметкерлері банк мүлкімен жұмыс істеуі, клиент-кредитордың шотымен операцияны жүзеге асыруы қызметкер өкілеттігі қатаң түрде толық жауапкершілікке сай болғанда ғана жол беріледі.

операциялар есебі Үлттық банктің бекіткен талабына сәйкес жүргізіліп, банктің активтері мен пассивтерінің жағдайы накты көрсетіледі және есеп берудің белгіленген формасында құрылуы қамтамасыз етіледі.

банктің берілген активі мен пассивінің есебі олардың қам-тылу жағдайына, сондай-ақ тексерудің кезенділігіне сәйкес мақұлданады және ауытқулар болған жағдайда ауыткуларды жоюға бағытталған қажетті шаралар қолданылады.

Басқаруды жетілдіруде, нарықтық экономиканы қалыптастыруда, жеке меншіктердің санының көбеюі, ішкі экономикалық қызметтің дамуы жағдайында бухгалтерлік есеп қызметінің мәні арта түседі. Есепке алудың ғылыми жүйесі банк мүлкін түгендеу жолымен жүзеге асырылатын жеке меншік құрамындағы өзгерістерді де анықтайды.

Ақпараттық қызмет мақсаты - ресурстар бойынша және олардың тиімді пайдаланылуы бойынша лайыкты қаржылық

ақпарат беру болып табылады. Бұл ақпарат каржылық есеп беруде қарастырылады. Қаржыльщ есеп беруді дайындауда бухгалтер ақпа-раттың кімге арналғанын ескеруі керек. Акпарат алдыңғы болжам-дарды дәлелдегенде немесе түзету енгізгенде үлкен рөл атқарады. Шешімді көбінесе жеке адам қабылдамайды. Бір шешімнің нәти-жесі туралы ақпарат келесі шешімді қабылдау үшін пайдаланы-лады. Бұндай үдеріс кері бяйланыс деп аталады. Бухгалтерлік ақпараттардың көмегі арқылы көрсеткіштердің накты мәнін ашатын кері байланысты пайдалана отырып, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына, стандарттар, нормалар және нормативтер ресурстар-дың тиімді пайдаланылуына бакылау жасау, әр түрлі кемшіліктерді көрсетуге, банктің резервін анықтауға, оларды іске қосу және пайдалану жолдарын анықтауға болады.



Аналитикалық кьізмет жүргізілуі бухгалтерлік есептің барлық бөліміне, соның ішінде меншікті және тартылған ресурстарды пайдалануға, банктік өнімдерге, қызмет шығындарына т.б. талдау жасауға мүмкіндік береді. Есеп жүйесін және «Бухгалтерлік есеп» заңының талаптарын жауап беретін және жоғарыда көрсетілген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін бухгалтерлік есепті ұйымдастыру құруды банк басшысы туралы жүзеге асырады.

3.2 Бухгалтерлік есеп шаруашылық-қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін келешекте пайдалану үшін тіркеп, атқарады. Ол қаржылық-шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды өндейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруащылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп ақпараттары біз ойлағаннан гөрі айтарлықтай кең көлемде пайдаланылады. Пайдаланушылар әр түрлі адамдар санаты болуы мүмкін, мысалы, инвестицияны жүзеге асыратын немесе несие беретіндер, бірлескен экономикалық әрекет иелері болуы мүмкін. Маңызды басқару шешімін қабылдарда бүл адамдар субъектінің қаржылық және баска да есеп берулеріне сүйенеді. Ақпаратты пайдаланушылар мынадай топтарға бөлінеді:

субъектіні басқарушылар;

субъектіден тыс, бірақ тікелей қаржылық мүддесі барлар;

субъектіге жанама қаржылық мүдделілік білдіретін топтар мен агенттіктер.

Субъектіні басқарушылар - олар банк кызметін басқаруда және банк алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап беретін компания адамдары - әкімшілік. Банктің алдына қоятын мақсаттары жеткілікті, бірақ оның жетістіктерге жетуіне және қатаң бәсекелестік жағдайында төтеп беру қажеттігі әкімшілікті негізгі екі мақсатка: яғни пайдалылық пен өтімділікті нығайтуға барлық күшін жұмылдыруын талап етеді.

Тиімді жұмыс жасайтын менеджерлер бухгалтерлік есеп мәлі-меттеріне және олардың талдауын негізге ала отырып шешімдер қабылдайды. Сондыктан әкімшілік бухгалтерлік ақпаратты басты пайдаланушылардың бірі болып табылады. Менеджер бухгалтерлер алдына келесі сұрақтарды қояды: соңғы токсанда банктің таза пайдасының көлемі қандай; пайда нормасы иелерінің күткеніне лайық па; банктің акша каражаттары жеткілікті ме.

Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар. Бухгал-терлік есептің тағы бір қызметі - жалпыға арналған каржылық есептен алынған банк жұмысының нәтижесі туралы ақпараттарды

беруі, онда мынадай мәліметтер алуга болады: пайда табу жоспа-рында қаншалықты тиімді мақсатқа қол жетті және банктің өтімділігі қандай кредиторлар пайыз төлеу үшін және кейін қарыздарын өтей алуға банкте акша барлығын білгісі келеді.



Жанама қаржылық мүдделігі бар пайдаланушы. Кейінгі уақытта қоғам тұтастай, үкімет кызметкерлері және коғамдық топ тұлғалары, бухгалтерлік ақпараттарды маңызды пайдаланушылар болып табылады (1-сурет).

Салық органдары салыктың төленуінің және аударылуының дұрыстығын бақылайды. Әрбір салык бойынша заңға сәйкес салық декларациясын жасау немесе есеп айырысу және өте күрделі қаржылық есеп беру талап етіледі.

Демек, бухгалтерлік есеп акпараты және банктің каржылық есебі, банктің каржылық тұрақтылығына және пайдалылығына мүдделі тұлғалар және мекемелер үшін өте маңызды. Мұндай жағдайда, бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға жататындар:

мемлекеттік реттеуші және бақылаушы органдар, әсіресе бірінші кезекте Үлттық банк;

банк иелері немесе акционерлер;

банк директорлары, жетекшілері және қызметкерлері;

банк клиенттері.

Банк қаржылық есептілікті мемлекеттік реттеуші органдарға ұсынады, оларға Ұлттық банк, Мемлекеттік салық инспекциясы, Мемлекеттік салык полициясы, Қаржы министрлігі жатады.

Акционерлер немесе банк иелеріне банктің қаражатты қалай тартып, оларды қалай пайдаланып жатқаны және салынған каражат-тан қандай нәтиже күтуге болатындығын түсіну үшін қаржылық есеп ақпараттары өте кажет.

Директорлар үшін, яғни банк әкімшілігі үшін күнделікті банк активтерін, міндеттемелерін, табыстарын, шығыстарын және капитал көлемін біліп отыру қажет.

Банк клиенттері үшін оның қаржылық міндеттемелерінің орын-дауы, сонымен қатар клиенттерге оның бірінші талабы бойынша қаражат беру мүмкіндігін білу маңызды. Төлемқабілеттілік - банк активтерінің банк пассивтеріне қатысты артықшылығы және капи-талдың жеткіліктілігі. Қаржылық есеп көрсеткішінің нашарлауы жағдайында клиенттер өздерінің қаражаттарын айтарлыктай сенімді қаржы мекемелеріне аударуы мүмкін. Демек, казіргі бухгалтер шоттарды жүргізумен ғана айналысып қоймайды, сонымен қатар жоспарлау және шешім қабылдау, бақылау және жетекшілердің көңілін аудару, бағалау, қызметке қадағалау және аудит сиякты кең көлемдегі қызметтермен айналысады. Ол есеп ақпаратын пайдаланушының ішкі және сырткы түтынушы екеніне қарамастан

барлық қажетін канағаттандыруға міндетті. Сонымен, бухгалтерлік есеп - бұл өзіндік мақсат емес. Бухгалтерлік есеп - бұл белгілі бір субъект жөніндегі қаржылық ақпаратты беру, өлшеу, өндеуді жүзе-ге асыратын жүйе болып табылады. Бұл ақпарат пайдаланушыға фирманың шаруашылық қызметін жүзеге асыруда шектеулі ресурс-тарды тиімді пайдаланудың балама жолдарын таңдауда негізгі шешім қабылдауға мүмкіндік береді.



4 лекция

Тақырыбы: Банктіњ басќару есебі

(1 сағат)


Жоспар:
1. Банктегі қаржылық және басқару есебі

2. Аќпаратты пайдаланушылар

3. Бухгалтерлік есепті реттеу
4.1 Есеп-каржылық және басқару есептері болып бөлінеді. Басқару есебі басқарушылардың ішкі пайдалануы үшін өлшеніп, өнделіп берілетін есеп ақпараттарының барлык түрін қамтиды. Қаржыльщ есеп банктің ішіндегі басшылықтан тыс, сырттағы кажет етушілер пайдаланатын есептік ақпаратты қамтиды.

Бухгалтерлік қызметкер ұсынатын ішкі аналитикалық, есеп


беруді банктің өзінің әкімшіліктері пайдаланады. Олардың

мазмұны олардың мақсатына және есеп талап еткен әкімшілік лауазымына байланысты өзгеріп отырады.

Сыртқа арналған қаржылық есептер құндық бағасымен жаса-
лады және банктің Бас кітабына кірген барлық шоттардың қал-
дығын бейнелейді. Бұл мәліметтерді кітапқа енгізбес бұрын,
екіжақты жазу үшін белгілі бір нысанда оларды кодтау керек. Ішкі
басшылықтың пайдалануына арналып дайындалған бухгалтерлік
ақпараттарда банктен тыс жұмыс істейтін сыртқы
пайдаланушыларға арналғаннан басқа ережелер қолданылады.
Банкішлік екіжақты жазу бухгалтерлік ақпарат жазуы жүйесінде
жасалуы міндетті емес. Ақпарат банк бөлімшелерінде

жинақталады, және тек құндық бағада ғана емес, әр түрлі өлшем бірлектерінде бейнеленуі мүмкін. Ол әкімшіліктердің қажеттілігіне пайдалану үшін әзірленетіндіктен, Басч кітап шоттарында ғана жинақталмауы керек. Мұндай жағдайда ақпаратты сақтау жүйесінде және іздестіру жүйесінде үлкен қуаттылық болуы керек.

Қаржылық есеп өндірістік циклдегі іскер операцияларды қаржылық терминдер бағалайды. Бұл операцияларды үйымға түсетін немесе шығатын қаржы құралы ретінде бағалауға болады. Өндірістік цикл эр түрлі болуы мүмкін, өйткені түрлі қызмет түрлерінің циклдары да эр түрлі.

Мысал:


Өндіріс циклында келесідей кезенділік бар: алу - өндіру - сату -жеткізу - пайда. Әрбір циклдің өтуі бизнесті өткізілген пайда сомасына арттырады. Несиеге сату немесе сатып алу тиімділігі алудың немесе төлеудің кешіктірілуі болып табылады. Пайданың нақты өткізілуі тек толык төленген және тиесілі ақшаны қолма-кол алған кезде жүзеге асады.

Бұл сияқты іскер операциялар кең көлемде болатындықтан, мәмілелерді баскару жүйесін құру қажет. Осы сияқты жүйеге әдетте барлық келісімдерді тізімге алып отыратын және қаржылық басқару есебіне ақпарат көзі болып табылатын компания тізімде-мелері жатады.

Жүйе бақылауға мүмкіндік беруі керек және қызметтің нәтижесін өлшеуге негіз болуы керек. Мысалға, тауарды несиеге сату, басқару жүйесін белгілі бір уақыт шеңберінде толық инкассациядан өтуін қамтамасыз етуге мәжбүрлейді. Осы сияқты жүйе өндірісті жоспарлау кезінде маңызы зор болатын жекелеген өнімдерді сату көлемі жөніндегі ақпаратты еш кедергісіз бере алады. Банк ісінде несие беру барлық пайыздарды және негізгі соманы мерзімінде төлейтіндігі жөнінде кепілдейтін арнайы жүйені талап етеді. Сондыктан, осы бір цикл келесідей түрлерге айналады: алу-сату-пайда. Бұл акпараттарды өтімділікті бақылау үшін де пайдалануға болады.

Басқару және қаржылык есеп арасындағы айырмашылықтарды қарастырайық. Салыстыру, ең алдымен біріншіден, негізгі ақпарат пайдаланушыларға, екіншіден, есеп жүйесінің түріне, үшіншіден, тандау еркіндігіне, төртіншіден, пайдаланылған өлшемдерге, бесін-шіден, талдаудың негізгі объектісіне, алтыншыдан, есеп берудің тұрақтылығына, жетіншіден, алынған ақпараттардың сенімділік дәрежесіне негізделген.

Қаржылык есеп жалпы кабылданған стандартқа және қаржылық ақпараттарды беруді жазуды, бағалауды реттеуші бәрінен негіз-делген. Есептің жалпы есептің принциптеріне қабылданған принципі бұрын кредиторлар мүддесін қорғау үшін және алынған ақпараттарға сенімділікті камтамасыз ету, бухгалтердің тандауын есепті мерзімнің әдістері мен тәсілдерін соцғы күнімен шектейді. Басқару есебі тиімді ақпарат беруге тиісті колданбалы әдістер мен амалдарда ғана шектеледі. Бухгалтер әрбір жекелеген жағдайда алушыға қандай ақпараттардың пайдалы екенін анықтап алып, содан кейін гана керек әдістер мен амалдарды тандауы қажет. Қандай жағдайда да анық қорытындыға келу үшін қалыптасқан жағдайда ең нақты болып табылатын әдісті тандауы керек. Ақпарат ішкі пайдалануға ғана арналғандыктан, бухгалтер шаруашылык өмір фактісін жазуда қандай да бір анықталған нормадан ауытқымауға міндетті емес.

Қаржы есебінің қызметі өтіп жатқан шаруашылық үдерісі туралы ақпарат беру арқылы орындалады. Ол теңгемен, накты шар-уашылық операциясы жүргізілген нақты тарихи теңгемен өлшенеді. Алайда банк бухгалтерлері нақты «осы» теңгені пайдаланумен шектеліп қана қоймайды, берілген жағдайға жарайтын басқа да кез келген өлшемдерді қолдана алады. Көбіне басшылық шешімі бол-жанған «келешек» теңге пайдаланылатын есеп айырысуға негізде-леді. Көбіне бұл шешімдер болжалды акпараттарды талап етеді, ағымдық мәліметтердің перспективалық бағалануы және теңгенің болашақта бағаланар болжамына сүйенуі керек. Өлшемдер түрін тандаудағы барлык кызметтердің негізіне жататын жалпы шара -басқару есебінде есеп беруде және талдауда құрылған, осы жағдайға тиімді өлшегіш болып табылады.

Қаржылық есеп банктің барлық операцияларын сомалайды. Басқару есебіне әдетте әр түрлі бөлімшелер қызметтерінің немесе олардың қандай да бір қызметінің қандай да бір жақтары енеді. Есеп беру бөлімшелер пайдаланатын қаражат есебі сияқты барлық бөлімдердің табысы мен шығысының талдауын камтуы мүмкін.

Есеп беруді жасаудың жиілігі - сыртқы пайдалануға дайын-далған қаржылық есеп беруі тұракты ұсынылады. Бірдей уақыт аралығында мерзімдік есеп беру қаржылық есептің негізгі принципі. Басқару есебінде есеп беру ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын тұрақты дайындалуы мүмкін, күнделікті есеп беру міндетті емес, ең бастысы оны алушыға пайдалы болуы және оған қажет уақытта берілуі.

Сонымен қатар қаржылық есеп беруде қамтылған қаржылық ақпарат тұтынушы пайдалану үшін тұжырымдалған нақты мәлімет-терді қамтиды. Бұл ақпарат болып кеткен операцияларды бейне-лейді, сол себептен ол объективтік сипатта болып, тексерілуге жатады. Басқару есебі ішкі операцияларды жоспарлауға және бақылауға арналған. Басқару шешімін қабылдау бұл үлкен дәрежеде келешекке бағытталған қызмет. Өткен мерзімдегі операциялар, беталысты анықтау үшін қаншалықты тиімді болса да, әдетте жоспарлауға маңызы жоқ және оларды келешектегі болжалды жағдайларды субъективті бағалаумен өзгерту керек.

Салыстырмалы аймақтар каржылық есептен басқару есебіне көшуге көмектесуі керек, көп жағдайда оның мәліметтері банктің пайдалылығына эсер етеді және тек дирекцияға арналады. Мұндай ақпараттар жылыстауы (утечка) нарыкта жағымсыз сипаттағы бәсекелестікке әкелуі мүмкін. Сөйтіп, қаржылық есеп банк опе-рацияның нәтижесін толық және нақты ашу мен түсіндіруге баса назар аударса, ал баскару есебі басқарушыларға өздерінің мақсат-тарына жетуге көмектеседі; біріншісі - ашык, екіншісі - жабық сипатта болады.

4.2 Бухгалтерлік есеп реформасының бастапкы үдерісінде Үлттык банкте және екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп сұрақ-тарына байланысты банк жүйесінде нормативтік базаның тұрақты жетілдірілуі жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес заңды тұлға болып табылатын банктер бухгалтерлік есепті бағыныштылығы мен мен-шік формасынан тәуелсіз Үлттық банктің нұсқаулары мен талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қаржы министрлігі қабылдаған негізгі құжаттар мен нормативтік актілер талабына сәйкес жүргізеді. Банкте бухгалтерлік есептің зандылык базасы келесі құжаттардан түрады:

ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар Жарлығы, №2732 1995 жылдың 25 желтоксанында енгізілген (24.06.2002 ж. өзгертулер мен косымшалар);

ҚР Азаматтық кодексі. 1994 ж. 27 желтоқсанда өзгертулер мен толыктырулар енгізілген;

ҚР Салық кодексі №209-11 2001 ж 12 маусымда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген;

«ҚР Үлттық банк туралы» 30 наурыз 1995 жылғы Заң;

«ҚР банк және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 та-мыздағы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Заң;

«ҚР-ғы төлемдер және акша аудару туралы» Заң;

«Бағалы кағаздар нарығы туралы» 1997 жылдағы 5 наурыз-дағы Заң;

«ҚР валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсанда толыктырулар мен өзгертулер енгізілген заң;

Қазақстан стандарттары және каржы есебіндегі халықаралық стандарттар;

ҚР-ның екінші деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары.



2-сурет. Бухгалтерлік есепті реттеу жұйесі

Қазақстанда бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің төрт деңгейлі жүйесі бар деп санауға болады (2-сурет).

Бірінші деңгейлі бухгялтерлік жүйені Қазақстан Респуб-ликасында бухгалтерлік есеп туралы заң құрайды. Бүгінгі танда Қазақстан Республикасында «Бухгалтерлік есеп туралы» заң 1995 жылдың 25 желтоқсанынан бастап әрекет етуде. Бухгалтерлік есеп заңы мемлекетте бухгалтерлік есеп жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру үдерісін даиындағанда және пайдаланғанда, ішкі бақылау мен сыртқы аудитті талап етуде, занды және жеке тұлғалардың талаптары мен міндеттерінде есептің жалпы ережесі мен негізгі принциптерін орнатады.

Екінші деңгейлі бухгалтерлік есеп жүйесін ретгеу бухгалтерлік есеп стандартын, шот жоспарын және бухгалтерлік есеп жүйесімен тікелей байланысты емес, бірақ банк қызметімен байланысты болып келетін заң актілерінен тұрады. «ҚР ҮБ туралы» заң коммерциялық банктерді реттеудегі және мемлекетгің ақша несие саясатындағы Үлттық банктің рөлін аныктайды. «Банк және банк қызметтері туралы» заң банк жүйесінің және банк қызметінің маңызын, олардың жүзеге асуының тәртібін, 'банктердің құрылуын және өтім-ділігін, банк қызметін реттеу және депозиторлардың мүддесін қорғау, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы тәртібін және банктерде аудиторлык тексеріс жүргізу және олардың қызметін тоқтатудың мәндерін ашып көрсетеді. «Төлемдер және ақшаны аудару туралы» заң мемлекетте төлемдерді және ақшаны аударуды жүзеге асыруды реттейді. Ақшаны почта байланысы мекемелері арқылы аудару қатынасынан басқа «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заң бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеуге, рес­публика экономикасының даму жолына салу әрбір тұлғаның өз меншігін иемдену және иелік ету құқығының барынша жүзеге асуына зандық негіздер салды.

Нарықтық экономика жағдайында банктерде бухгалтерлік есеп-тің жүзеге асуын жетілдірудің бірден-бір бағыты оның халық-аралық стандартқа сай келуі. Бүгінгі танда әлемдік тәжірибе бойынша бухгалтерлік есепте екі әр түрлі бағыт бар: континенттік және англо-американдық. Континенттік бағыт мемлекеттік орган-дардың талабына сай есептілікті дамытса, англо-американдық бағыт кредиторлар мен инвесторлар алдында есеп беруді мақсат етеді.

Компания қызметінде, сондай-ақ банк саласында да шетел инвесторлары мен кредиторлардың рөлі өсуін ескере отырып, әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандартын бірегейлеу бета-лысы байқалуда. Қазіргі қолданыстағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты (JASS) кейбір елдерде тіпті ұлттық деп саналады немесе оның негізінде ұлттық стандарт жасалады.

Қазіргі қолданыстағы реттеуші органдардың есеп беруге қоятын талаптарында есеп беру зандылығының ұлттық ерекшелігінде, салық салуда, бухгалтерлік есепті бірегейлеу проблемасының тарихи ерекшеліктері бар. Осыған байланысты америкалық қаржы есебінің стандартын (SFAS) айта кетуге болады. Қазіргі кезде (халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты - 41) қабылдануы көп уақытты талап ететін 120 стандарт кабылданған. Кейбір стандарт халықаралық деңгейге қарағанда біршама прогрессивті, әсіресе бұл бағалы қағаздар есебінде, табыс салығы, мүмкін және шартты міндеттемелерде ерекше байқалады. ¥лттық стандарттар біршама нақтырақ болады, бірақ бухгалтерлік есептің халықаралық стандар-тындағы есеп беру мәселелері, мысалы, топтардың шоғырландырма есебі ұлттық стандарттық талабына толық жауап бере алады.

Қазақстанның 1996 жылғы бухгалтерлік стандарты 1997 ж. 1 қаңтарында іске косылды. Бүгінгі танда 30 стандарт бар. Олар бухгалтерлік есепті реттеудің екінші деңгейін көрсетеді, оларды ҚР бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комитеті жасап, бекіткен. Стандарттар қаржылык есеп беруді көрсететін барлық субъектілер міндетті түрде орындайтын нормативтік-құқықтық құжат болып табылады.

1997 жылдың аяғында банк жүйесіне қабылданып, арнайы бекітілген «Банктің қаржылық есептілігі» және «Банктің табысы және шығысы» деген ұлттық стандарттар кабылданды.

2000 жылы банктерді одан әрі жетілдіру және бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына жету үшін бас бухгалтерлік кітап жасауды ҚР ¥Б Басқармасының №325 қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есептің ұсак-түйегіне дейін ескерілген шот жоспары жасалынды.

2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық банкі қаржылық есеп берудің хальщаралық стандарттарына ауысты.

Бухгалтерлік есепті реттеудің үшіиші деңгейі - бұл стандарт-тарды тәжірибеде қолданудың нұсқаулары мен ұсыныстары және тәжірибелік сипаттамасы.

Бухгалтерлік есепті реттеудің төртіиші деңгейі - банктің есеп саясаты. «Бухгалтерлік есеп туралы» заң бекіткендей, Қазақстанның бухгалтерлік есеп органдардың нормативтік актісімен, реттеуші бухгалтерлік есеп туралы заңын басшылыққа ала отырып, банктер өздерінің есеп саясатын өздері қалыптастырады. Сондай-ақ банкте қабылданған есеп саясаты жылдан жылға өзгеріссіз қолданылатын-дығы керсетілген.

Олар тек қана бухгалтерлік есепті реттеуді жүзеге асыратын, оны жүргізуді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері жасалғанда немесе оның қызмет жағдайы толық өзгергенде органдардың нормативтік актілері немесе республика заңдары өзгергенде қайта қаралуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп мәліметтерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатында, есеп саясатына өзгертулер қаржылық жылдың басынан бастап енгізілуі керек.

Баиктің есеп саясаты ұғымына ол таңдаған бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығы кіреді: банктің жарғылық қыз-метін топтастырудың әдісі және бағалау, активтердің құндылығын өтеу, құжат айналымын ұйымдастыру тәсілдері, бухгалтерлік есепте шоттарды қолдану әдістері, есеп тіркелімінің жүйесі, ақпараттарды өндеу және баска да сәйкес келетін әдістер, амалдар, тәсілдер.

Есеп саясатын қалыптастыру үшін банк бухгалтерлік есепті нақты бағытта жүргізу және ұйымдастыруда занды және нормативті актілер шегіндегі, мемлекеттегі бухгалтерлік есепті реттеу нормативке жататын бірнеше әдістің біреуін тандайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет