5- лекция.
Тақырыбы: Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы.
(1-сағат)
Жоспар:
-
Қаржылық есеп беру мақсаттары
2. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары
Банктің қаржылык есептілігі - пайдаланушыға бухгалтерлік есепте жинақталған, өнделген банк қызметі жөніндегі экономикалық ақпаратты мерзімдік ұсынудың маңызды әдісі. Ол шаруашылық субъектісі және халық тарапынан, әсіресе Орталық банктің несиелік-қаржылық жүйеге сенімін қолдауы керек.
Қаржылық есеп беруге дайындық қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына негізделіп жүргізілуі тиіс. Олар қар-жылық есеп берудің дайындалуы мен ұсынылуы негізінде алынған қағидаларды анықтайды. Принциптілік қаржылық есептің сапалы сипаты мен элементтері, сондай-ақ тұжырымдамалар мен капиталды крлдау принциптері қаржылық есептің негізгі міндетіне тікелей қатынаса алады.
Қаржы есебі келесі қағидалар арқылы жүргізіледі:
-
есептеу әдісі - операциялардың және басқа оқиғалардың нәтижесі олар жүзеге асырылғаннан кейін (ақша қаражаты келіп түскеннен кейін емес) ғана мойындалады. Бұндай оқи-ғалардың тіркелуі және олардың қаржылық есепте көрсетілуі олар жүзеге асқан уақытында жүргізіледі.
-
қызметтің үздіксіздігіне рүксат ету, компания әрекетін одан әрі жалғастыратындығын білдіреді.
Қаржылық есептің негізгі максаты - тиімді экономикалық шешім қабылдауда басшылыққа алынатын ақпараттың болуы, сондай-ақ:
-
нақты және әлуетті инвесторлар мен кредиторларға түсінікті ақпараттың болуы;
-
нақты және әлуетті инвесторлар мен кредиторларға түсінікті ақпараттар арқылы қажетті жағдайларды, әсіресе банктің төлем қабілеттілігін және өтемділігін, сондай-ақ барлық қызмет түрлеріне тәуекелділік дәрежесін білуге болады;
-
банктің ресурстары, міндеттемелері, құралдары мен дерек көздері және олардың өзгерістері жайлы ақпараттың болуы.
Қаржылык есеп - шын мәнісінде шаруашылық бірлігінің үлгі-лері. Қаржылық есептілік істің нақты жағдайын толық бейнелеме-генімен, ол бухгалтерлердің осыған жету жолындағы талабының ең жақсысы болып табылады. Бұл есептер сандық түрде ғана емес, сапалық сипатта да болуы керек. Сапалық сипаттамасы - алынған ақпараттардың пайдаланушы үшін тиімділігін қамтамасыз ету атрибуты. Қаржылық есептің негізгі сапасы - оньщ айқындылығы. Айқындылық дегеніміз - ақпараттар бар жағдайда барлық қаты-сушыларға қолайлы, көрнекті және түсінікті ортаны қалыптастыру принципі. Қаржылық жағдайға және нарыққа қатысушылардың қызметіне қатысты ақпараттардың айқындылығы - нарықтың тиім-ділігі және нарықта тәртіптің енгізілуінің маңызды көрсеткіші. Экономика ғылымы дәлелдегендей, өз бетімен дамыған нарық жеткілікті ашық бола алмайды, қосымша акпараттардың соңғы нәтижесі нарыққа қатысушылар талап еткендей болмай шығуы мүмкін.
Айқындылық - есеп берушілік ұғымының алғышарты болып табылады, нарыққа кдтысушының, демек қарыз алушының және қарыз берушінің, эмитенттердің және инвесторлардың, мемлекеттік билік пен халықаралық қаржы институттарының әрекеттері мен жүргізген саясаттарын қуаттау, сондай-ақ шешімдері мен нәтиже-лері үшін жауапкершілік қабылдау қажетті.
Айқындылық пен есеп беру туралы он жылға созылған пікірталас экономикалық саясатты талқылаудан пайда болды. Бұл түсінікті де - экономикалық саясатта шешім қабылдау жауапкер-шілігі жасырылып келеді. Құпиялық бүрын да, қазір де үкімет үшін қажетті элемент болып табылады, өйткені ол қабылданған шешім үшін жауап беретіндердің қателіктерін жасыруға мүмкіндік береді. Алайда халықаралық өзара тәуекелділікті арттыруға әкелген өзгерген әлемдік экономика және қаржылық ағындар, экономикалық саясатта жариялылық мәселесін басты орынға қояды.
Бүгінгі таңда ұлттық үкіметтер және Орталық банктер айқын-дылықты (демек, саясат жариялылығын) стратегиялық шешімдер тиімділігін жақсарту фактісі ретінде қарастыруда. Егер олар өз пікірлері, шешімдері мен іс-әрекеттері үшін кейін жауап беретін-дігін білсе, мекемелерді нақты шындыққа тура қарауға мәжбүр етеді және жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Сондықтан жүргізілген саясатқа уақытында түзету енгізу қолдау табуда.
Айқындылық пен есеп берудің кажеттілігі ұйымдардың жеке-меншік формасын түсіну және келешекте олардың қызметіне әсерін тигізетін саяси шешімдерді мойындау қажеттілігінен туындайды. Үлкен айқындылық экономикада қызмет ететін субъектілердің қабылданған шешімдерін жақсартуға эсер етеді, ол ішкі тәртіпті жақсартуға эсер етеді, ол ішкі тәртіпті және жақсы басқаруды қабілетті етеді,- экономикада саяси шешімдер қабылдау үрдісінің сапасын жақсартады. Егер іс-әрекеттер мен шешімдер көрнекі және түсінікті болса, онда бұл мониторинг шығынын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік деңгейдегі қоғам көп жағдайда мемлекеттік сектор мекемелерінің жұмысын, акционерлер және қызметкерлер - менеджерлер жұмысын, кредиторлар - қарыз алушылардың әрекетін, ал салымшылар - банктердің жұмыстарын қадағалай алады.
Айқындылық және есеп беру өзара байланысты. Айқындылық есеп беруді мониторинге оңайлату арқылы жоғарылатса, ал есеп беру айқындылықты ұйымдарға инициатива беру арқылы көтереді. Екеуі қосылып мемлекеттік секторда шешімдерді қабылдау сапасын жақсартады және келешекте саяси шешімдер қабылдауға жауапты адамдар ретінде жеке секторлар түсінігін жақсарта отырып, айтар-лықтай тиімді саясат тудырады.
Бірак айқындылық пен есеп беру басты мақсат емес. Олар экономикалық тиімділікті жоғарылатуға көмек, сондай-ақ реттеуші органдармен коса барлық нарыққа катысушылардың тәуекелін баскару және шешім қабылдау деңгейіндегі халықаралық қаржы нарығының жұмысын жақсарту үшін қажет. Айқындылық қаржы жүйесінің ішкі табиғатын немесе ішкі тәуекелдерді өзгертпейді. Ол каржылык дағдарыстың алдын ала алмайды, бірақ нарыққа қатысу-шылардың жағымсыз жаңалықтарға әсерін (реакциясын) реттейді. Айқындылық нарық қатысушысына жағымсыз жаңалыққа басқа көзбен қарауға көмектеседі, сөйтіп, байбалам мен дүрлігісті азайтуға эсер етеді.
Айта кететін жайт, айқындылық пен құпиялылық арасында логикалық қарама-қарсылық бар. Құпия ақпаратты жариялау, оны бәсекелестіктердің пайдалануына мүмкіндік береді,, бұл нарыққа қатысушыларды толық жариялылықтан бас тартуға әкеледі. Банктер бұндай жағдайда клиенттің құпиялылыкты сақтауына зауықсыздық көрсетеді. Алайда біржақты айқындылық және толық ашықтылық нормаға айналса, қысқа мерзімде мүндай тәртіпке көшу жекелеген банктерге қолайсыздық тудырған жағдайда да, ақыр аяғында нарыққа қатысушылардың барлығына да тиімді болады.
Акпараттар ағынының ұлғаюына байланысты кейінгі кезде нарық және қоғам қатысушыларына ұсынылуға тиісті ақпараттар-дың пайдалылығын арттыруға ерекше жағдайлар жасалуда. Пайдаланушының экономикалық шешіміне эсер ететіндіктен ақпарат іске тікелей араласуы керек.
Пайдалылықтың басты көрсеткіші маңыздылығы болып табы-лады. Акпарат саны пайдалылық көрсеткіші бола алмайды, себебі оның артықшылығы зиянға шығып, деректі түсіндіру үрдісін күрделендіруі мүмкін.
Пайдалы, тиімді, ашық және сенімді ақпарат алу үшін есеп берушілік мынадай сапалы сипаттамаға ие болуы керек: ашықтылық;
-
сенімділік;
-
салыстырмалық;
-
түсініктілік.
Ақпараттың ашыктылығы бухгалтерлік есеп берудің жақсы стандарттарына және ашықтықты қамтамасыз ету әдістерінің барабарлығына негізделеді. Ашықтылық - ақпараттар беру эдісте-месі қазіргі кездегі және жария орналастыру арқылы стратегиялық шешімдердің белгілі болу үрдісі. Ол қаржылық есеп беру аркылы анықталады.
Сенімділік. Ақпараттарда материалдық қателіктер мен болжам-дар болмауы керек. Мазмұн формадан басым болуы керек. Соны-мен қатар, есептілік бейтарап, парасатты болуы керек және білікті адамдар жасауы керек.
Сялыстырмалыльщ. Қаржылық есептілікте ұсынылган көрсет-кіштер, әр субъекті бойынша жеке және уақытына сәйкес айтылуы керек. Сонда гана олар пайдаланушыға салыстыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі мүмкін.
Түсініктілік. Ақпараттар пайдаланушы үшін әрдайым түсінікті болуы керек. Қаржылық есеп берудің қоғамдық ашықтығы түсінік беруге жеңіл. Қанша айтканмен де, аз ақпаратқа қарағанда көп акпараттың болуы жақсы, бірақ ол сатылады ғой. Сондықтан, үлкен анықтылықтан түсетін таза пайда үқыпты түрде бағалануы керек. Жоғарыда көрсетілгендей, ақпарат беру сатылады, сондықтан бар ақпараттардың пайдалылығын анықтағанда, оларды банк шығындарымен салыстыру керек.
Берілген акпараттардың толықтығына шектеу бар. Бүл уақы-тында берілуі, шығынга қатысты пайдалылық, сандық сипатта балансқа жетуі. Есепті беруді кешіктіру оның сенімділігін жоғарылатуы мүмкін, бірақ сондай-ақ дәлдігін жоғалтуы мүмкін. Ал ақпараттан алынған пайда, оны алуға кеткен шығындардан жоғары болуы керек. Маңыздысы - осы ақпарат арналған ауди-ториялардың дайындық деңгейі болып табылады. Алайда банктерде пайдалы ақпарат бере алатын бухгалтерлік жүйенің болмауы нарыққа бұндай ақпаратты ала алмау, оған кол жеткізе алмау мүмкіндігіне дәлел бола алмайды. Ақпарат беруге жауапты субъект нақты экономикалық ортаға арналған каржылық есептің кажет-тілігін қанағаттандыратын сәйкес балансқа қол жеткізуі тиіс. Ақпарат берудегі жауапкершілік өтірік ақпарат бергеннен гөрі, ешқандай акпарат бермеген көп артық деп есептейді. Сондай-акқпарат беру мерзімі де маңызды. ¥зақ мерзімді келешек тұрғы-сынан қарағанда, тіпті кейбір жағдайларда қысқа мерзімді жобада кейбір проблемаларды бастан кешірсе де толық ашықтылық тәртіптемесі пайдалы, өйткені, қаржы жүйесінде құпиялылықты сақтау шығындары ақыр аяғында оның ашықтығын қамтамасыз ету шығындарынан жоғары.
6- лекция.
Тақырыбы: Қаржылық есеп беру элементтері
(1-сағат)
Жоспар:
1.Қаржылық есеп беру түрлері
2. Қаржылық есеп беру элементтері
Қаржылық есеп беру (отчетность) банктің қаржылық жағдайын бағалауға тікелей қатысы бар келесі элементтерден тұрады:
-
активтер - бұл жасалған әрекет нәтижесінде пайда болған және келешекте компания экономикалық пайда алуды жоспарлаған әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан компаниямен бақылауындағы ресурстар;
-
міндеттемелер - компанияның жасалған әрекеттер нәти-жесінде туындайтын ағымдағы міндеттемесі. Міндеттемелер бойын-ша есеп айырысу компанияны экономикалық тиімділікке әкеледі деп болжанады;
- капитал - міндеттемелерді орындағаннан кейінгі активтер.
Қаржылық есептің келесі элементтері қызмет нәтижесін
бағалауға тікелей қатысты:
-
табыстар - активтердің түсуі немесе ұлғаюы нысанында экономикалық пайданың өсуі немесе меншік иелерінің жасаған салымынан капиталдың артуы түріндегі міндеттемелердің қысқаруы;
-
шығындар - активтерді есептен шығару немесе азаюы тү-рінде экономикалық пайданың кысқаруы немесе міндеттемелердің көбеюі нәтижесінде капиталдың қыскдруы.
Қаржылық есеп берудің кез келген элементі болашақта осы элементке катысы бар кез келген экономикалық түсім компанияға түсуі немесе одан шығуы мүмкін деген ықтималдылық бар болса, және ол қүнға немесе бағаға ие болса және оны бағалау жеткілікті түрде сенімді жүргізілсе, мойындалуы тиіс.
Қаржылық есеп беру элементін бағалау келесі негіздерді пайда-лану арқылы жүзеге асырылады:
-
сатып алудың нақты құны;
-
қайта қалпына келтіру құны;
-
сатудың мүмкін бағасы;
-
дисконтталған құн.
Капитал тұжырымдамасы және оны қолдау ұғымдарына мыналар жатады:
-
таза активтің синонимі болып табылатын қаржылық капитал. Ол атаулы ақша бірлігінде анықталады. Пайда кезең ішінде жүзеге асырылатын атаулы ақша бірлігінде көрсетілген капиталдың өсуін көрсетеді;
-
операциялық әлуетке катысы бар физикалық капитал. Ол өнімді әлуетке байланысты анықталады. Пайда белгілі уақыт аралығында өнімді әлуеттің көбеюін көрсетеді.
Банктерде басқа да шаруашылық субъектілердегі сияқты қаржылық есеп берудің келесі негізгі түрлері жасалынады:
-
банктің бухгалтерлік балансы;
-
табыстар мен шығындар туралы есеп беру;
-
ақша крзғалысы туралы есеп беру;
-
меншік капиталының өзгерісі туралы есеп беру;
- есеп саясаты және түсініктеме хаттар туралы ақпараттар.
Айта кететін жайт, банктер басқа шаруашылық субъектілеріне
Караганда қаржылық есеп баптарын мойындауға және бағалауға жақсы әдістерді қолданады және осыған байланысты келесі стра-тегияларды қарастырудың қажеттігі туындайды:
- табысты және шығысты мойындау әдісі;
-
сатуға арналған, сатуға жарамды және өтеуге дейін ұстала-тын бағалы қағаздардың бағалануы;
-
нәтижесінде активтер мен баланстык есеп беру міндеттеме-лері мойындататын шаруашылық қызмет операциялары мен басқа да жағдайлар арасындағы шектеулер; нәтижесінде шартты және мүмкін міндеттемелер мойындалатын шаруашылық қызметінің операциялары және баска да жағдайлары;
-
банктік қызмет шығындарын анықтау үшін негіз; үмітсіз қарыздар мен күмәнді қарыздарды есептен шығару тәртібі;
-
жалпы банктік тәуекелге және осындай шығындарды есеп-теу әдістемесіне шығындарды анықтау үшін негіз;
-
негізгі құралдарды, шетел валюталарын, бағалы қағаздарды қайта бағалау әдісі;
-
басқа да материалдық активтерді шығындарға жатқызу әдісі.
Қаржылық есепте көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына Ди-ректорлар кеңесі немесе қаржылық есепті жасауға немесе көрсетуге жауап беретін басқа басқарушы органдар жауапты болады.
Қаржылық есептің халықаралық стандартына сай оған мынадай талаптар қойылады: қаржылық есеп беру басқа ақпараттардан езгеше болуы керек, әрбір белгісі айқын сәйкестендірілген болуы керек, сондай-ақ келесі мәліметтер нақты көрсетілуі керек:
-
есеп беруші банктің атауы;
-
банктің өзінің есеп беруі;
-
есеп беру күні немесе есеп беру кезеңі;
-
есеп беру валютасы;
-
нактылық деңгейі.
Қаржылық жагдай туралы есеп беру (баланс) Ол бухгалтерлер жасайтын орталық есеп берудің бірі болып табылады. Бір жағынан активтерді, ал екінші жағынан пассивтерді бейнелейтін, белгілі бір уақыт мерзіміндегі банк жағдайын көр-сететін оны субъектінің фотосуреті деп қарауға болады. Банктің бухгялтерлік балансы - қаржылық есеп берудің басты нысаны (формасы). Баланстық есеп беру (бухгалтерлік баланс) банкті меншікті капиталдар мен міндеттемелер көзіне тең активтер ресурс-тарын ұстаушы ретінде көрсетеді (1-қосымша). Сөйтіп, бухгалтерлік баланс банктің қаржылық жағдайын көрсетеді. Ол банктің қаржылық жағдайын айқындайды және оған барлық капиталды қарсы қояды. Оны келесі тендеу арқылы көрсетуге болады:
Экономикалық ресурстар = Пайда болу көздері (1)
Экономикалық ресурстар бұл - активтер, ал пайда болу көздері меншікті және қарызға алынған болып болінеді және баланста жеке капитал мен міндеттеме ретінде бейнеленеді, сондықтан келесі теңдеу шығады:
Активтер = Меншікті капитал + Міндеттеме (2)
Батыс ғалымдарының тұжырымдарына сәйкес кез келген актив-тің үш түрлі маңызды сипаттамасы1 бар:
-
Ол келешекте ақшаның өсуіне тікелей немесе жанама ықпал ете отырып келешектегі ықтимал пайданы қамтамасыз етеді.
-
Оның арқасында шаруашылык, бірлігі пайда алуы немесе оны басқа әдіспен басқаруға мүмкіндік алуы мүмкін.
3. Пайда алуға немесе оған бақылау жүргізуге кұқығын арттыруды қамтамасыз ететін шаруашылық операциялар немесе басқа мәселелер бұрын да орын алған.
Егер осы міндеттемелердің біреуі болмаса, онда есеп объектісі актив деп танылуы мүмкін емес. Бірінші сипаттама болашак пайда немесе әлеуеттік кызметке кұқық болуы керек деген ұғымды білдіреді. Пайдаланылған құкықтар және қызметтер актив деп са-налмайды. Сонымен қатар, кұкық жағымды нәтижеге жеткізуі керек, теріс немесе нөлдік нәтижедегі кұқық активке жатпайды. Екінші сипаттама активті анықтау кезінде басқару өлшемдеріне (критерийлеріне) баса назар аударады. Активтер шаруашылық бірлігі басқаратын немесе оның бақылауында болатын ресурстар, сонымен қатар пайда алу немесе әлуетті кьізмет құқықтары заңды немесе оларды алу мүмкіндігінің дәлелі болуы керек. Үшінші сипаттамада авторлардың ойынша пайда өткен операциялар мен окиғалардың нәтижесі болуы керек. Активтің анықталу маңыз-дылығы көптеген жағдайда оқиғаның аяқталуымен сипатталады.
Міндеттеменің де үш сипаттамасы болады:
-
Кредиторлық қарыз белгілі бір оқиға кезінде басқа тұлға-ларға талаптарды ұсынуды жүзеге асыру уақытында немесе активтерді пайдалану ықтималдылығы бар тұлғалар алдын-дағы қарыздар мен міндеттемелерді көрсетеді.
-
Бұл кредиттік қарызға шаруашылық бірлігінің жауапкерші-лігінің туындауы мүмкіндігінше келешекте жоғалмайды.
-
Міндеттеменің пайда болуына эсер еткен мәселе бұрын да орын алған.
Егер осы сипаттамалардың біреуі жоқ болса, онда есеп объек-тісі несиелік қарыз ретінде мойындалмайды. Бірінші сипаттама бірнеше жағдайда пайда болады. Біріншіден, несиелік қарыз қазіргі міндеттемені көрсетеді. Келесі кезеңнің шығындары ағымдық мерзімнің кредиторлық қарызы болып саналмайды. Екіншіден, несиелік карыз басқа субъектіге қатысты міндеттемені көрсетеді. Үшіншіден, осы карыздың өтелуі басталатын уақыт мерзімі бар. Оның қүрамына өтелуі толық көлемде қарастырылмайтын міндет-темені кіргізуге болмайды. Бұл жағдай меншікті капиталды несие-лік кдрызға жатқызуға рүксат етпейді.
Екінші сипаттама несиелік қарызды этика, мораль, дәстүрлі қатынастар нормасынан туындайтын әділ және жоспарлы міндет-теме деп танымайды, әрине несиелік қарыз құрамы мәселесінде шеткі позиция оған заңды міндеттер мен қарыздарды жатқызады.
Несиелік қарыздың үшінші маңызды белгісі - алдын ала міндетті шаруашылық операциялары немесе баска оқиғалардың болуы. Егер шындығында да міндеттеме болса, оның қалай туын-дауына қарамастан, несиелік қарыз деп танылуы маңызды, демек, несиелік қарыздың пайда болуына жеткізген бұрынғы шаруашылык операциясына қарағанда, міндеттеменің ақша қаражатының келе-шектегі талабына әсері айтарлыктай маңызды.
Банктің баланстық есеп беруінде активтер бабы өтімділік принцип! бойынша көрсетілген, өтімді құралдар ең бірінші болып келеді. Міндеттеме бабы банк балансында мерзімдік принципі бойынша көрсетілген, ал мерзімсіз жеке капитал келесі пассивтің аяғында орналасады.
Банктің баланстық есеп берулері немесе мерзімі ұзартылған балансы әдетте белгілі бір анықталған мерзімге жасалынады, бірақ бухгалтерлік жедел баскару мақсатында жұмыс балансы деп атала-тын тұрақты балансы болуы керек. Оның баланстық есеп беруден айырмашылығы мынада: жұмыс балансында табыс және шығыс шотын қоса бухгалтер әрбір баланстық шотты жеке көре алады, ал баланстық есеп беруде табыс және шығыс шоты көрсетілмейді, олар бөлінбеген табыс шотында ғана беріледі. Сонымен қатар баланстық есеп беруде жекелеген шоттарды баптар бойынша топтастыру жүргізіледі және баптар әдетте өтімділіктің азаюы ретімен орналасқан. Банктің баланстық есеп беруін, кәсіпорынның баланстық есеп беруінен негізгі айырмашылық сипаты - оған көптеген қаржы активтердің келіп түсуі, негізінен несиелер, материалдық қорлардың болмауы, несиелік қарыздар санының көп-тігі және құрылыс, құрал-жабдықтар сияқты негізгі құралдардың санының аздығы. Бұл айырмашылық бухгалтерлік есеп принципінің айтарлыктай накты бірін - сақтық принципін пайдалану қажеттігін тудырады.
Қаржылық нәтиже туралы есеп беру Бұл есеп беру банк қызметтерін талдауға көмектеседі, ол пай-даның қалай калыптасатындығын көрсетеді. Банк қызметінің басты қағидасы пайдалы шаруашылық болғандықтан, бұл әсіресе маңызды болып табылады. Бянктік пайда - бұл шаруашылық нәтижесінде капиталды көбейтетін, табыс пен шығыс арасындағы айырмашы-лықты көрсететін банк қызметінің қаржылық нәтижесі.
Табыс - банктің жиынтық міндеттемесінің өсуіне байланыссыз, банк активтерінің жалпы сомасының өсуі. Мысалы,банк өзінің кас-салық қалдығын көбейтетін несиелер бойынша пайыздық табыс алады. Табыс - сондай-ақ банктің активтерін азайтпай, жиынтық міндеттемесінің азаюы. Бұндай жағдай жиі болып тұрмайды. Мысал ретінде мынадай болуы мүмкін, кредитор өзіне осы банктен тиесілі қарызды ерікті түрде жоюы мүмкін. Табыстар анықтамасын қарас-тырған кезде, банк табыс алған жағдайда активтер мен пассивтер арасындағы айырмашылықтың ұлғаюын оңай байқауға болады. Актив пен міндеттеме арасындағы айырмашылық капитал болып табылатындыктан, табыс алу капиталдың өсуіне әкеледі.
Шығын - бұл банктің жиынтық міндеттемесінің қысқаруынан тыс банктің жиынтық активтерінің азаюы. Мысалы, банк кассадағы қалдықты қысқарта отырып, өз қызметкерлеріне жалақы төлеуі тиіс. Сондай-ақ шығындар - бұл активтердің өсуі байқалмайтын банктің жиынтық міндеттемелерінің өсуі. Мысалға, банк пайыз төлеу жолымен өзінің клиентінің депозитін көбейте алады. Актив пен міндеттеме арасындағы айырма шығындарды төлеуде кезінде қысқарады, тиісінше капитал азаяды.
Пайда, табыс және шығыс - экономикалық ұғымдар. Бұл үш құрауыштың экономикалық ұғымнан өзгеше есептік ұғымы да бар. Есептік мерзімдегі табыс және шығыс баптарындағы өзгерістер тіркелімдері үздіксіз жүргізіледі, ал капитал көлемі өзгеруінің таза есептік жазулары осы есептік мерзімнің аяғында ғана енгізіледі. Экономикалық мағынада капитал табыс алған бойда көбейеді.
Кейбір жағдайларда бухгалтерлік есептің ережелері табыс алу немесе шығындарды төлеу ретінде табыстар мен шығындар туралы банк есептілігінде капиталдың көбеюін немесе азаюын тіркеуге рүқсат бермейді. Мұндай жағдай негізгі банк қызметінің бөлігі емес және сирек кездеседі. Бұл бапты табыстар мен шығыстар есебіне кіргізу былықпа туғызуы мүмкін. Банк ғимараттары мен құрал-жабдықтарының нарықтык қүнының өсуі баланстық есеп беруде актив пен капиталдың өсуі ретінде танылуы мүмкін, бірақ жылдық жиынтық табысқа енгізілмейді.
Сондай-ақ пайыздық табыс пен пайыздық шығын арасындағы банктік маржаны айыра білу қажет. Ол тартылған ресурстарды банк қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көрсетеді.
Кезең ішіндегі табыс пен шығын туралы ақпарат табыстар мен шығындар есебінде бейнеленеді (2-қосымша).
Ақша қозғалысы туралы есеп беру Таяу уақытқа дейін ақша қозғалысы туралы есеп құрылған жоқ, ал шетелдерде ақша каражатының жеткіліктілігін анықтау мақсатында қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы есеп қолданылды. Ол ағымдағы активтер мен ағымдағы қарыздар -пассивтер арасындағы айырмашылық ретінде есептелген айналыс каражаттары позициясынан құрылды, сонымен қатар, жеке айналыс қаражаттарының пайда болу көздерін және олардың пайдаланылуын көрсетеді.
Бірақ кейінгі кезде шетелдерде айтарлықтай белгілі басқа әдіс пайда болды, бұнда қорлар акша қаражаты сияқты баяндалады және осы әдістің негізінде жасалған есеп беруде тек ақша каражаттары түсуінің көзі және оларды пайдалану келтіріледі. Бухгалтерлік есеп бойынша халықаральщ ұйым (FASB) 1987 жылы пайда және шығын бойынша есеп берумен бір уақытта ұсынылатын ақша қаражаты қозғалысының есебін жасауды ұсынды.
Ақша козғалысы туралы есеп беру - бұл банктің есепті кдр-жылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін мерзімде операциялык, инвестициялық және қаржылық қызмет мөл-шерінде ақша қаражатының келуі немесе кетуі бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуші есеп беру түрі болып табылады).Ақша ағыны туралы акпараттарды пайдалану көмектеседі:
-
кәсіпорынның ақша қаражатын табу мүмкіндігі мен олардың эквиваленттерін табу қабілетін, сондай-ақ кэсіпорынның ақша ағынын пайдалану қажеттілігін бағалау;
-
банктің таза активтегі өзгерісін, оның қаржылық құрылы-мын және сомаға эсер ету мүмкіндігін, сонымен қатар езгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу мақсатында ақша ағымының қазіргі жағдайы;
-
әр түрлі кәсіпорындардың операциялық қызметі туралы есептерін салыстыру, өйткені ол операцияларға және шаруашылық қызметінің оқиғалары үшін бухгалтерлік есептің әр түрлі эдісін пайдаланудың зардабынан сақтандырады .
Операцияльщ кызмет - қаржылық және инвестициялық кыз-метке жатпайтын, заңды тұлғаның табыс алу бойынша негізгі және баска да қызметі. Операциялық қызмет арқылы жүргізілетін ақша қаражатының қозғалыс көлемі кәсіпорын қызметінің банктің барлық міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражатын жеткілікті жинақтау мақсатындағы тиімді керсеткіштері болып табылады.
Инвестицияльщ кызмет - ақша эквивалентіне қосылмаған ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату
\Қаржылык кызмет - нәтижесінде меншікті капиталдың кұра-мы мен мөлшерінде, клиенттер алдындагы міндеттемелер бойынша,'* бағынышты борыш бойынша өзгерістер, төлеуге арналған дивиденд болатын кызмет түрі.
Қаржылық және инвестициялық қызметпен байланысты ақылы емес операциялар да болады. Тек негізгі құралдар, үзақ мерзімді несиелер немесе акционерлік капиталға қатысы бар инвестициялық немесе қаржылық сипаттағы ақысыз операцияларға үзак мерзімді несие есебінен негізгі құралды сатып алуды, облигациялар мен жай акцияларды айырбастауды жатқызуға болады. Бұл операциялар қарапайым инвестицияльщ және қаржылық қызметті білдіреді, бірақ олар компанияның ақша қаражатына қатысы жоқ болғандықтан, ақша қаражатының козғалысы туралы есеп беруде көрсетілмеуі де мүмкін. і/
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруді қүру үшін түрлендіру ақша есептеу жүйесі негізіндегі жасалған табыстар мен шығындар туралы есеп беруді есептің кассалық жүйесіне сәйкес құрылған есеп беруге керек. Ол екі әдіспен жасалынуы мүмкін: тура не жанама әдістермен.
Тура эдіс түсімдердің негізгі түрлерін ашу жолымен және та-быстар мен шығындар туралы есептіліктің әр баптарын түрлендіру жолымен төлеуді қарастырады. Бұл әдіс алдағы ақша қаражаты қозғалысын болжау үшін пайдалы болуы мүмкін ақпараттармен қамтамасыз етеді. Тура әдісті қолдану кезінде жалпы түсімдердің негізгі түрі және ақша қаражаттарының жалпы төлемдері туралы ақпарат, біріншіден, тіркеу есебінен, екіншіден, табыстар мен шығыстар туралы есептердің кейбір баптарын сұрыптау жолы арқылы алынуы мүмкін.
Жанама эдіс табыстар мен шығындар туралы есептіліктің әрбір баптарын түрлендіруді қарастырмайды. Жанама әдісті қолданғанда, ақшалы емес операциялармен жасалатын, кез келген кейінге қалдырумен операциялык қызмет нәтижесінде туындайтын кейінгі немесе өткен есепті мерзімдегі түсімдер немесе төлемдер қаржылық және инвестициялық қызмет нәтижесімен байланысты табыс және шығыс баптары тиімділікті көрсету үшін таза пайданың немесе шығынның сомасы сұрыпталады. Жанама әдісті қолданғанда операциялык қызмет нәтижесінде пайда болған ақша қаражатының қозғалысы таза пайданы немесе шығынды сұрыптау жолымен анықталады.
Сол сияқты жанама әдісті қолданғанда операциялық қызметте есепті мерзім ішінде табыстар мен шығындар туралы есептілікке кірген дебиторлық және кредиторлық қарыздарды, өзгерістерді сұрыптай отырып, операциялық қызмет бойынша ақша қаржатта-рының қозғалысы табыс немесе шығыс сомаларымен көрсетілуі мүмкін. Жанама және тікелей әдісті пайдалану бірдей нәтиже береді, сондықтан Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарт жөніндегі комитеті екі әдісті де мойындайды, бірақ тура әдісті пайдалануды ұсынады.
Тікелей және жанама әдісті қолдану арқылы жасалған ақша қозғалысы туралы есеп берудің арасындағы айырмашылық тек қана операциялық қызмет нәтижесіндегі ақша қозғалысының бөлімше-сінде ғана болады.
Осы есеп беруде әрекет етуші мөлшерді Үлттық банк бекіткен, ол үшінші қосымпіада көрсетілген.
Инвестициялық және қаржылык кызметтердегі ақша қозғалысы туралы есеп берулерде субъектілер нетто негізінде үсынылатын ақша қозғалысы жағдайынан басқа (қолма-қол түсімдер және субъ-ектілер арасындағы айырма), қаржылық және инвестициялық қызметтен бөлініп шығатын жалпы түсімдер мен жалпы ақша қаражаттары төлемдерінін негізгі түрлері туралы белек есеп береді.
Нетто негізінде қаржылық мекемелердің келесі қызмет түрле-ріндегі ақша қозғалысы бейнеленуі мүмкін:
-
қабылданган және белгілі өтеу мерзімінде өтелген депо-зиттер бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер;
-
басқа қаржылық мекемелерден депозиттерді алу және орналастыру;
-
клиенттердің ақшалай аванстары, несиелері және оларды клиенттерге төлеу.
Шетел валютасындағы операциялардан шығатын ақша қаража-тының қозғалысы операция жүргізілген күні Үлттық банк бел-гілеген бағам бойынша үлттық валютада сипатталуы керек. Валю-таның курстық бағамының айырмасынан шығатын жүргізілмеген пайда және шығын ақша каражатының қозғалысы больш есептел-мейді.
Осы бөлімдер сипатына байланысты төтенше жағдаймен байла-нысты болған кезде, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтёрден туындау ретінде жіктеледі. Бір есепті мерзімнен екінші есепті мерзімге дейін қадағаланып, операциялық, инвести-циялық және қаржылық субъектілердің шаруашылық қызметінің түріне байланысты, төленген немесе шегерілген пайыздар жеке ашылып, жіктеледі. Есепті мерзімде төленген пайыздардың жалпы сомасы қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесінде есеп беру-де шығын деп қаралуына немесе капиталдануына қарамастан ақша қозғалысына жасалған есеп берулерде қарастырылады.
Ал алынған және төленген пайыздар мен дивидендтер қозға-лысы бір есептік кезеңнен екіншіге ауысып отыратын операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет сияқты субъектінің шаруа-шылық қызметінің түріне байланысты жіктелініп қарастырылады. Өйткені олар инвестицияланған капиталға пайда немесе алынған қаржылық ресурстарға төлем болып табылады. Олар алынған қаржылық ресурстарға төлем болғандықтан, төленген дивидендтер қаржылық қызметтерді ақша қаражатының қозғалысы сияқты жіктей алады.
Сондай-ақ операциялық қызмет нәтижесінде ақша қаражатының қозғалысынан алынған дивидендтерді субъектінің телей алуын пай-даланушы аныктауына көмектесу үшін операциялық қызмет қозғалысы сияқты да жүйеленеді.
Табыс және басқа да салықтарды төлеу нәтижесінде туындай-тын ақша қаражатының қозғалысы, егер ол ағымдағы жылдың немесе қаржылық қызметтің табыс салығы бойынша міндеттемелері өзгеруімен байланысты болса, онда операциялық қызметтегі ақша қозғалысы сияқты жіктелінуі және қарастырылуы керек. Еншілес және басқа компанияларды сату немесе сатып алудағы ақша қаражатының қозғалысы инвестициялық қызмет ретінде жіктеледі және жеке қарастырылады.
7- лекция.
Тақырыбы: Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспары (1-сағат)
Жоспар:
1. Шот жоспары қүрылымының ерекшеліктері
2. Бас шоттар жоспары
7.1 Шот жоспары қүрылымының ерекшеліктері Екінші деңгейлі банкте бухгалтерлік есептік шот жоспарының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктің мәнісі активтердің, міндеттемелердің, есептелген кірістер мен есептелген шығындар-дың, активтер және міндеттемелердің өзара қарым-қатынасы, кірістер мен шығындар, пайыздық кіріс және пайыздық шығынның есебі бойынша қисынды тізбесінде. Әрбір қисынды тізбені жеке қарастырамыз.
Пайыздық кірістер есептелуі мүмкін активтер - есептелген кірістер - пайыздық кірістер. Пайыздық табыстар есептелінуі мүмкін активтер 1000-1499 шоттарда ескеріледі. Сәйкес пайыздық кірістер 4000-4499 шоттарда ескеріледі. Активтердің әрбір шотына пайыздық кіріс шоты сәйкес келеді, сондықтан активтер шотының кейінгі үш цифры кірістер шотының кейінгі үш цифрына тең.
Мысалы.
Клиенттерге берілген қыска мерзімді несие «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді ■ несие» шотында ескеріледі (1414), ал «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4414), саудаға арналған бағалы қағаздар (1201), ал саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуга байланысты кірістері 4201 шотта қарастырылады.
Есептеу принципіне сәйкес несие бойынша банктер пайыз есеп-теуге міндетті және төлемі кейін жүргізілген жағдайда депозиттерге де пайыз есептеледі. Есептелген кірістерді есептеуге қисынды құрылымы бар 1700 шоттар тобы арналған. Есептелген кірістердің кейінгі екі цифры, пайыздар есептелетін шоттар тобының ортаңғы
екі цифрына тең. Мысалы, банктің клиенттерге талабы - 1400,
есептелген кірістер шоты тобы бойынша - 1740 және т.б. Оларға жатпайтындар:
-
әдетте есептеу жасалмайтын 1000-шоттар тобы;
-
пайыздар есептеу тоқтатылған шоттар - 1257, 1307, 1424, (бекітілген активтер);
-
1731, 1741, 1749 (мерзімі өткен пайыздарды есептеу бойынша) - активтер шотының жекелеген тобында сәйкестік жоқ;
-
4349 және 4449 (комиссиялық кірістер) 1300 және 1400 шот топтарына сәйкес келеді;
-
4455 (своп бойынша табыс) баланстан тыс шотта ескерілетін операция бойынша пайыздық кірістерді бейнелейді;
1-кестеде осы кисынды байланыстар үлгілерін қарастырамыз.
Барлық шаруашылық операциялар балансқа эсер етеді, оның оған эсер етуіне байланысты әр түрлі операциялар түрі қарас-тырылады. Яғни, әрбір жаңа операцияны жүзеге асыру барысында баланс өзгеріп отырады, сондықтан әр жолы қайта кұру мүмкін емес. Жекелеген мүлік құралдарының (актив позициясында) және міндеттемелердің жеке капиталды қосқандағы (пассив позиция-, сында) өзгерістері шоттарда, яғни екіжақты жазуда ескеріледі. Ол үшін шоттағы бастапқы баланс қарастырылады.
Әрбір шот келесідей нысанда болуы керек:
Сол жағы Оң жағы
Дебет Шот Кредит
7.2 Баланстық позицияда мүліктің немесе капиталдың нақтылығы туралы айтылып отырғандықтан, сәйкес шоттардың барлығы инвен-тарлық шоттар деп аталады. Активті мүліктік құндылықтар активті инвентарлық шотта (активті шотта) есептеледі, ал пассивтік және капиталдық құндылыктар (меншікті капитал және қарыз қорлары) -пассивті инвентарлық шоттарда есепке алынады.
Барлық баланстық позициялар инвентарлық шотқа кіргізіледі:
-
активті шоттарда бастапқы қалдық дебетке кіргізіледі (яғни, баланстағыдай, сол жағына).
-
пассивті шоттарда бастапқы қалдьщ кредитке жатқызылады (яғни, баланстағыдай, оң жағына).
Бастапқы баланстьщ шоттарға бөлінгеннен кейін және бастапқы қорларды енгізгеннен кейін операцияларды жүргізуге болады. Сондықтан бухгалтерлік кітапта жазудың ережесі бар:
-
түсімдер немесе көбеюлер бастапқы қалдық бар жағында жүргізіледі;
-
шығындар немесе қордың азаюы шоттың келесі жақ бетінде жүргізіледі.
Активті шоттарда қалдық дебет жагында болады, сондықтан:
-
түсімдер дебетте жүргізіледі;
-
шығындар кредитте жүргізіледі.
Пассивті шоттарда қалдық кредит жағында болады, сондықтан:
-
түсімдер кредитінде жүргізіледі;
-
шығындар дебетінде жүргізіледі.
Кредиттік мекемелер де басқа да кәсіпорындар сияқты ең аз дегенде туындайтын шығындарды жабу үшін табысқа жетуге ұмтылу керек. Сондықтан дебиторлар несиелеуді пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Және керісінше, салымшылар өздерінің салым-дары бойынша пайыз алады. Барлык шығындар және табыстар ка-питалдың азаюы немесе көбеюі болып табылады. Менпіікті капиталдың өзгеруінің осындай жиі рәсімдерін тікелей меншікті капитал шоттарында жүргізу тиііуідірек болар еді. Осы жағдайда капиталдың өзгеруін бухгалтерлік кітапқа жазу меншікті капитал шотындағы түсінбеушілікке әкелер еді. Сонымен қатар жекелеген табыстар мен шығындардың мөлшерін және маңызды динамика-ларды бөлу мүмкін емес болар еді. Сондықтан табыстар мен шығындар капиталдағы осыған үқсас өзгерістер тіркелетін Бас кітаптың ерекше шотында жүргізіледі. Бұндай жағдайда, нәтижелік шоттьщ көмегімен кәсіпорынның жақсы қызметінің себебін зертте-уге және баға беруге болады.
Осылайша қорытынды шот меншікті капитал шотының аралық шоты болып табылады. Қорытынды шот тек капиталдағы өзгерістерді ғана есептейтіндіктен, олардың бастапқы крры жоқ.
Қорытынды шоттағы өзгерістер осы меншікті капитал шоты жағында жасалады:
-
табыстар табыстар шотының кредитінде капиталдың өсуі сияқты жүзеге асырылады;
-
шығындар капиталдың азаюы сияқты шығындар шотының дебетінде жүзеге асырылады.
Қорытынды шот жылдық қорытынды жасағанда меншікті капитал шоты арқылы тікелей емес, корытынды шоттың жиынтық шоты ретінде шығын және табыс шоты арқылы жүзеге асырылады. Табыс және шығыс шотын қалдықтаудан несиелік мекеменің жетістікке жеткендігі (табыс шығыннан артық) немесе залал шеккені (табыс шығыннан аз) анықталады. Қалдық қорытындыны көрсетеді және меншікті капитал шотында жүргізіледі. Бұндай жағдайда меншікті капитал шоты «демалыстағы» шот болып табылады.
Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есепті жүр-гізудің негізі - синтетикалық есепшоттар жүйесі, яғни екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарын Қазақстан Республикасының ¥лттық банкі 2002 жылы 30 шілдеде бекіткен. Шот жоспары төрт санды кодты шоттар тізімі болып табылады. Бүл қүжат кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қыз-метінің бухгалтерлік шот жүйесінен ерекше. Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер үшін бірыңғай есеп нысаны болуы банк қызметіне талдау жасауға мүмкіндік береді.
Шот жоспарының барлық шоттары 7 класқа бөлінеді:
I класс - Активтер.
II класс - Міндеттемелер.
III класс -Меншікті капитал.
IV класс - Табыстар.
V класс - Шығындар.
VI класс - Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер.
VII класс - Банк балансына меморандум шоттары.
Бухгалтерлік шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар бо-
лып бөлінеді. Баланстық шоттарға бірінші кластан бесінші класқа дейінгілер кіреді - активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар, шығындар, ал алтыншы және жетінші класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық шоттар өз кезегінде екіге бөлінеді - актив және пассив. Актив шоттарға бірінші және бе-сінші класс шоттары жатады, пассивке - екінші, үшінші және төртінші класс шоттары жатады.
Актив шотта дебет бойынша түсімдер (көбеюлер), кредит бойынша - шығындар (азаюлар) ескеріледі. Пассив шотта керісінше.
Мысал:
(1411) «Банк клиенттеріне ұсынылған қысқа мерзімді несие» актив шоты клиенттерге 1 жыл мерзімге берілген несие сомасын есептеуге арналған; шоттың дебеті бойынша клиентке берілген несиенің сомасы жүргізіледі, яғни берілген несие бойынша клиентке банктің талаптары артады; кредит шотында несие бойынша' қарызды етеу үшін түсетін түсімдер сомасы жүргізіледі, сондай-ақ баланстық шотқа байланысты несие бойынша клиенттердің жедел қарыздары сомасы (1424) «Банк қарыздары бойына клиенттердің мерзімі өткен берешегі» шотына, яғни берілген несие бойынша банктің клиентке қоятын талабы азаяды. Пассивтік шот «Талап еткенге дейінгі депозиттер» (2211) клиенттерден қабылданған есептеуге алынған депозиттер сомасы; дебет шоты бойынша, клиенттің талап еткенге дейінгі депозитінің сомасы жүргізіледі, яғни клиент алдындағы банк міндеттемелері кебейгендігі көрінеді; несие бойынша клиенттің талап еткенге дейінгі депозиттерінің етелу бойынша төленген сомасы жүргізіледі, яғни тартылған депозит бойынша банктің клиент алдындағы міндеттемесіне адалдығын көрсетеді.
Банк балансында алғашқы үш кластың шоттары бейнеленеді. Төртінші, бесінші класс шоттары қаржылық нәтиже туралы есеп беруде бейнеленеді, сондықтан қаржылық нәтиженің өзі үшінші класс меншікті капитал шоты бойынша есепті мерзімнің аяқталуымен анықталады. Алтыншы кластық шоттар банктің шартты және мүмкін міндеттемелеріне есеп беруді жасауда пайдаланылады, жетінші класс шотын пайдалана отырып банктің операциялары жайлы косымша ақпарат алуға болады.
Шоттың сандық кодының бірінші цифрі класын, екінші, үшінші цифрлер - шот тобын, төртінші - шот топтарын одан әрі бөлшектеуге және кеңейтуге болжанатындығын көрсетеді.
Мысал:
Егер 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар» шотын алсақ, бірінші цифр бұл шоттың активтің бірінші класына жататындығын білдіреді, екінші цифр 4 - клиентке банктің талабын білдіреді, үшінші цифр 1-шоттың банк берген несие есептелетін шотқа жататындығын көрсетеді. Төртінші цифр 1- берілген несиенің мерзімін көрсетеді.
8- лекция.
Тақырыбы: Шот жоспары құрылымының ерекшеліктері
(1-сағат)
Жоспар:
1.Аналитикалық есептің сипаты
2.Синтетикалық есептің сипаты
8.1 Банктегі бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық субъек-тілеріндегі сияқты аналитикалық және синтетикалық болып бөлі-неді. Аналитикалық есеп - есептің алгашқы түрі, синтетикальщ есептің базасы болып табылады. Банкте орындалатын барлық қызметтер бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол экономикаға са-лынған несие көлемін, жүргізілген қолма-қол акша айналымын, банкте сақталған ақша айналысындағы сандық өзгерістерді және ақшалай қаражат сомасын аныктауға мүмкіндік береді. Банктің көпжақты қызметін сипаттайтын қорытынды көрсеткіш-тер банктік операциялардың аналитикалық есебінде болады.
Несиелік есеп айырысу, кассалық және басқа операциялардың күнделікті бөлшек есебі дербес шоттарда жүргізіледі. Әрбір кәсіпорынға немесе үйымға дербес ашылған шоттардың саны олардың банкпен байланысы сипатына байлансты. Синтетикалық есептің әрбір баланстық және баланстан тыс шотында аналитика-лык есепте ескерілетін құралдардың түріне, олардың белгілері мен иесіне байланысты бөлінетін дербес шоттар ашылады (9-тарауды қараңыз). Берілген несиелер, несиелердің мақсатты пайдалануы және несие алушы бойынша ашылған дербес шоттарда көрсетіледі.
Дербес шоттар ашылған дербес шоттар классификаторы болып табылатын арнайы кітаптарда тіркеледі. Онда кәсіпорындар мен мекемелер ашатын есеп айырысу жэне баска шоттар тіркеледі.
Аналитикалық есептің дербес шоттары есеп айырысу-ақша құжаттарының сәйкестендірілген жүйесіне кіретін белгіленген стан-дартты нысанда басы лады.
Банктегі дербес шоттар бірыңғай ереже бойынша нөмірленеді. Дербес шоттың нөмір саны есепке алынатын құралдар мен құндылыктар сипатына байланысты 3 пен 9 аралығында болуы мүмкін. Баланстық шотқа сәйкес келетін екінші ретте нақты анали-тикалық есептің қажеттігі жоқ болғанда үш санды нөмірлер қолданылады.
Дербес шоттар төмендегідей сипатта болады (8-кесте).
8. Дербес шот үлгісі
Өткізбе мерзімі Дербес шот:
|
|
|
|
|
Клиент
СТН
|
Банк атауы
|
Банк операциялары
|
Кіріс қалдық
|
|
Сома
|
Түрі
|
Құжат №
|
МФО
|
Шот
|
Дебет
|
Кредит
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Айналыс жиынтығы:
|
|
|
Шығыс калдық
|
|
|
Аналитикалык есепте жазбалар есеп айырысу-ақша құжат-тарының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады.
Дербес шоттарда келесідей деректемелер басылып шығарылады:
-
соңғы операциялардың жүзеге асқан күні;
-
операцияның нақты жүзеге асырылған күні;
-
қүжат нөмірі;
-
корреспонденттік шот нөмірі;
Баланстан тыс шоттардағы аналитикалық есептің дербес шо-тында корреспонденттік шоттың нөмірі және шартты цифрлы бел-гілер деректемелері, сондай-ақ операциялардың түрлері толтырыл-майды. Операция жүзеге асырылған күннен келесі күні клиентке сенімхат бойынша дербес шоттың көшірмесі, онымен бірге опера-циялардың сипаты жайлы қажетті мәліметтері бар қүжаттар ұсынылады. Бұл қүжаттар болмаған жағдайда шот менеджері сома түскен банкке хабарлама жібереді. Әрбір жылдың 1 қаңтарында банктің клиенттері барлық дербес шоттар бойынша жазбаша нысанда қалдықты растауын көрсетуі керек.
Кәсіпорындар, үйымдар және мекемелер дербес шот көшірмесінің мәліметтері бойынша банктің есеп айырысу, кассалық операцияларды орындағандығын бақылайды және бұл операциялар-ды өздерінің бухгалтерлік есебінде көрсетеді. Клиенттердің жазбаша өтініші бойынша банк мекемесі бастығының рүқсатымен қажет жағдайда дербес шот көшірмесінің дубликаты беріледі. Дубликат алу өтінішіне банк шотын басқаратын түлғалар қол қояды.
Бухгалтерлік және кассалық журналдар, жиынтық карточкалар, тексеру тізімдемелері, күнделікті, ай сайынғы және жылдық балан-стар банкте синтетикалық бухгалтерлік есеп материалдары болып табылады (келесі тарауларда тереңірек қарастырылған).
Бухгалтерлік журналда дебет және кредит бойынша әрбір опе-рациялардың айналысы тіркеледі, баланстық шот бойынша қоры-тындылар шығарылады және журнал бойынша толық жалпы қорытынды шығарылады. Дебет бойынша журналдардың жалпы қорытындысы кредиттің қорытындысымен тең болуы керек. Бухгал-терлік журнал бойынша бухгалтерлік есепте банктік операциялар-дың толық көрсетілуі бақыланады.
Кассалық журналда кассаның кіріс және шығыс құжаттары, клиенттердің дербес шотының нөмірі, касса жоспарының белгісі және сомалар көрсетіледі. Операция уақыты аяқталысымен касса-лық журнал корытындысы банк кассасының кіріс және шығыс ай-налысының мәліметтерімен салыстырылады. Кассалық журнал мәліметтері бухгалтерлік журналға көшіріледі.
Жиынтық карточкалар баланстық шот бойынша жүргізіледі. Онда күнделікті кредит және дебет бойынша айналыстар және ба-ланстық шотқа сәйкес ашылған, аналитикалық есептің дербес шоты бойынша саналған келесі күнге қалдықтары жазылады. Жиынтық карточкалардың дебеті және кредиті бухгалтерлік журналдың мә-ліметтерімен салыстырылады, ал қалдық сомасы ағымдық күннің айналысы мен күн басындағы қалдықты сальдолау жолымен тексе-ріледі.
Жиынтық карточка мәліметтерімен күнделікті баланс жасалады. Балансты дұрыс қүрған кезде активтің және пассивтің қорытындылары сәйкес келеді. Жиынтық карточкаларда ай бойғы айналыстардың қорытындысы саналып, содан кейін айлық айналыс тізімдемесі жасалады. Жиынтық карточкалар арқылы жыл басынан бергі айналыс қорытындысы жүргізіледі. Жыл бойындағы айналы-стар жылдық айналыс тізімдемесін жасауға негіз болады.
Тексеріс тізімдемесіне жеке шот бойынша бір күн ішінде әрекет еткен әрбір айналыс карточкаларының және әрекет ететін және әрекет етпейтін дербес шоттар бойынша айналыстардың қорытындысы, сондай-ак баланстық шот және тізімдеме бойынша жалпы қорытынды қалдықтар мен айналыс қорытындылары енгізіледі. Тексеріс тізімдемесінің мәліметтері бойынша жиынтық карточкалар толтырылады.
Сөйтіп бухгалтерлік, кассалық журналдар, жиынтық карточкалар, тексеріс тізімдемесі аналитикалық есептің дербес шотында операциялардың дұрыс көрсетілгенін тексеруші материал ретінде қызмет етеді және бухгалтерлік баланс құруға пайдаланылады.
Баланстан тыс шот бойынша бухгалтерлік журнал және жиынтық карточкалар баланстық шот сияқты жасалады, онда да дербес шоттар, баланстан тыс кіріс және шығыс ордерлерінің мә-ліметтері немесе баланстан тыс шоттардың карточкада ескерілетін төлем құжаттар мәліметтерімен жасалатын жазулар да сондай әдіспен жасалады.
Баланс, жиынтық карточкалар, бухгалтерлік журналдар мұқият салыстырылғаннан кейін синтетикалық есеп материалдарын тексе-ретін және балансқа қол қоятын банктің бас бухгалтеріне беріледі.
9-лекция
Тақырыбы: Кассалық операциялардың есебі
(1-сағат)
Жоспар:
1. Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау
2. Ақша және басқа құндылықтарды сақтау
9.1 Банктер үшін қолма-қол ақшаларды басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық міндеттеріне кіреді. Сенімділікті қамтамасыз ету (қолма-қол ақшаларды қабылдау, жалған ақшаларды тану), сондай-ақ иелік ету, нақты валютаны айырбастау және сату қызметтері несие мекемелерінің міндеттеріне кіреді. Сөйтіп банкте көптеген төлем тәртіптері жүзеге асырылады. Клиенттер - завды тұлғалар, кәсіпкерлер қолма-қол ақшаларды өздерінің есеп айырысу шотына төлемдерді жүргізу мақсатында салады, ал мысалы, жеке тұлғалар қолма-қол ақшаларды депозиттік шотқа олар бойынша пайыз (сыйақы) алу үшін салады.
/ Кассальщ операциялар - бүл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз акшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айырысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі - бұл кассадан ақшаны беру, кабылдау және сақтау.
Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 қарашадағы №394 «Қазақстан Республи-касының екінші деңгейдегі банктерінің кассальщ операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Олар бойынша келесілер қарастырылған:
-
кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
-
ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
-
ақшаның төлемқабілеттілігін анықтау тәртібі;
-
закьшданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.
Банктерде клиенттерге кассалык қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды өндеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшелер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі касса және т.б. Банктер банктік заңдылықтарға сәйкес кассалық және баска да банктік операцияларды жүзеге асыру үшін банк орналаспаған жерден де есеп-кассалық бөлімшелерді ашуға құкылы.
Кассалык операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің құндылықтар мен қолма-қол ақшаны кабылдау және беру операцияларын кіріс және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім қызметкерлерінің үкімі негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір кассирді жұмыска қабылдау кезінде толық материалдык жауапкершілік туралы келісімшарт жа-салады. Жұмыс күнінің басында операциялық касса кассирлері касса меңгерушісінен аванс ретінде белгілі бір колма-қол ақша со-масын алады және жұмыс күні сонында оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн ішіндегі барлық кассалық операциялар аяқталғаннан кейін кассирлер бухгалтерия қызметкерлерінің мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының жалпы сомасын салыстырып, одан кейін құндылықтар мен қолма-қол ақшаларды ақша қоймасына өткізеді. Кассалық операциялар бойынша барлық құжаттар банк мекемесінің бухгалтериясында алдын ала тек-серілгеннен кейін кассирлерге түседі.
Клиенттерден банк кассасына қолма-қол ақшаларды кабылдау кіріс кассалық кұжаттармен жүргізіледі (1, 2-косымшалар).
Басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толты-рылған кіріс кассалық қүжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді, ол кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойынша кассалық журналда ақша сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Өз ке-зегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық қүжатты қабылда-ғаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы құжатта көрсетілген соманың растыгын салыстырады, содан кейін кіріс бойынша бас журналға қол қойып тіркейді (3-қосымша).
Кассир кіріс кассалык кұжаттарды тексергеннен кейін клиентті шақырып, одан көрсетілген соманы қабылдап алады. Содан кейін құжатта көрсетілген соманы нақты сомамен салыстырып, сәйкес келген жағдайда кассир құжатқа қолын қойып, түбіртекке немесе кіріс ордерінің көшірмесіне мер койып, оны ақша салған тұлғаға береді. Егер өткізілген ақша мен көрсетілген сома арасында сәйкессіздік байқалса, онда өткізілген қүжат қайта рәсімделіп, кас-салық журналға өзгерістер енгізіледі. Кассир крлма-кол ақшаны қабылдағаннан кейін «Хабарландырудан» түбіртекті және ордер кесіп алады және түбіртекті ақша енгізушіге береді, ал кассир қолымен расталған ордер ақшаның нақты түсуін кіріс бойынша кассалық журналда белгілейтін және келесі күні көшірмемен бірге клиентке берілетін бухгалтерия кызметкеріне багытталады. Осыдан, клиенттер шотына енгізілген сомалар бойынша соңғыларға екі құжат ұсынылады - түбіртек және ордер. Бөлек операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына түсуі «Кіріс кассалық ордерлерді» жасау жолымен рәсімделуі мүмкін.
Егер клиент белгілі бір себептерге байланысты ақшаны кассаға өткізбеген жағдайда, онда кассир көрсетілген соманы касса жур-налынан сызып тастау үшін бухгалтер-бақылаушыға кіріс кассалық кұжаттарды кайтарады, ал құжаттардың өзі жойылады.
Жұмыс күнінің соңында кассир кіріс кассалық қүжат негізінде бір күн ішіндегі кассалық айналым және кұндылықтардың қалдығы (4-қосымша) туралы есептілік анықтамасын жасап, олардағы мәліметтерді нақты қабылданған сомамен салыстырады. Анықтамаға кассир қолын қояды және онда көрсетілген кассалық айналым кас-салық журналдағы жазбалармен салыстырылады.
Кассир жұмыс күнінің соңында касса меңгерушісіне анықтама және кіріс қүжаттарымен бірге қабылданған ақшаларды буып-түйіп өткізеді (5-қосымша). Кассир нақты құндылықтар мен есептілік қүжаттар арасындағы сәйкессіздікті анықтағаннан кейін касса меңгерушісіне хабарлайды, ал нақты сәйкессіздік бойынша акт жа-салады (6-қосымша).
Касса меңгерушісі қабылданған соманы анықтама және кіріс құжаттарымен салыстырып, қолын қояды. Сонымен қатар жұмыс күні ішінде қабылданған барлық ақша сомалары операциялық кассаға кірістеліп, сол жұмыс күні ішінде клиенттердің сәйкес шоттарына есептелуі кажет.
Қолма-қол ақшаларды кірістеген кезде келесі шоттар корреспон-
денциясы жасалады: ^
- Клиент - заңды түлғадан кассаға ақшаны кірістеу:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
- Депозиторлардан ақша қаражаттарын салымның сәйкес
шотына кірістеу:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Кт 2211, 2223 «Клиенттердің салымдары»
- Чектік кітапшалардың құнын қолма-қол ақшамен төлеу
кезінде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Кт 4920 «Өзге кірістер»
- Қолма-кол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен
комиссиялық табыс түскен кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» Кт 4600 «Комиссиялық кірістер»
/'Клиенттердің банктік шотынан қолма-қол ақша беру ақшалай чектер (7-қосымша) және шығыс кассалық ордерлермен (8-қо-сымша) жүзеге асырылады.
Ақшалай чектік кітаптар қатаң есептеме бланкісіне жатады, олардың есебі 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шотында жүргізіледі. Сондықтанда оларды беру қатаң бекітілген түрде клиент өтініші бойынша жүзеге асырылады. Сол уақытта 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шоттар бойынша баланстан тыс шығыс ордері толтырылады.
Басқа да құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.
Жоғарыда айтылғандай, касса меңгерушісі шығыс операция-ларын жүзеге асыру үшін кассирлерге қажетті соманы есептеп береді. Одан кейін касса меңгерушісі операциялық кассада ақша қалдығын тексеруі және күн басындағы есеп бойынша операциялық кассадағы қолма-қол ақшалар мен басқа да құндылықтардың есебі кітапшасындағы мәліметтермен сәйкестігіне көз жеткізуі қажет (9-қосымша).
Клиент қолма-қол ақша алу үшін толтырылған кассалық құжат-тарды өзіне қызмет көрсетуші бухгалтерия қызметкеріне ұсынады, ол сәйкес тексеру және рәсімдеу жүргізгеннен кейін шығыс бойынша кассалық журналда чек сомасын немесе шығыс кассалық ордерді (10-қосымша) жазу үшін оларды кассирге, бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Және клиентке акшалай чектен бақылау маркасын береді, ал чектің өзін бухгалтерия қызметкерлері кассирге өткізеді. Шығыс құжаттарын алғаннан кейін, бухгалтер-бақылаушы келесілерді жүргізуге міндетті:
-
банктің ақшалай күжаттарына қол қоюға өкілеттілігі бар жауапты түлғалардың қолын растап, тексеру;
-
санмен көрсетілген соманы жазбаша көрсетілген еомамен салыстыру;
-
клиенттің лауазымды түлгаларының қолын және олардың растығын тексереді.
Кейін шығыс кассалық құжаттар кассирге өткізіледі, ол келе-сілерді тексереді:
-
қолма-қол ақша алу кезінде клиенттердің құжаттағы қолын және клиенттің жеке куәлігін тексереді;
-
берілетін қолма-кол ақша сомасын салыстырады;
-
кассаға үсынылатын бақылау маркасының нөмірін ақшалай чектегі нөмірмен салыстырып, оған бақылау маркасын жабыстырады.
-
клиент көзінше берілетін, дайын ақша сомасын қайта есептеп береді және шығыс қүжатына қолын қояды.
Клиент қолма-қол ақша қаражатын касса бақылаушысының қатысуымен қайта есептеуге құқылы. Қайта есептеу нәтижесінде қолма-қол ақша жетіспеушілігі немесе артықшылығы байқалған кезде, қажет болған жағдайда акт жасалады. Жетіспеген соманы жетіспеушілікке жол берген касса қызметкері клиентке қайтарады.
Жұмыс күнінің соңында кассир есепке қабылданған қолма-қол ақша сомасын шығыс құжаттар сомасы және қолма-қол ақша қалдыктарымен салыстырады, содан кейін бір күн ішіндегі кас-салық айналым (11-қосымша) және құндылықтардың қалдығы туралы есептілік анықтамасын кұрайды, колын қояды және кас-салық айналымды бухгалтер-бақылаушының кассалық журн-алындағы жазбалармен салыстырады. Салыстырып тексеру касса журналында кассирдің және кассир анықтамасында бухгалтер-бақылаушылар қолдарымен рәсімделеді. Сәйкессіздік анықталған жағдайда кассир ол туралы касса меңгерушісіне хабарлап, түсінікхат жазьш, нақты сәйкессіздік бойынша акт жасайды. Сол күні кем шыққан акдіа сомасын кассир өзі өтеуі қажет, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда кассир жетіспеушілікті өтеудің нақты мерзімін көрсетіп міндеттеме толтыруы қажет. Егер шығыс операцияларын касса меңгерушісі орындаса, онда бір күн ішіндегі кассалық айналым және қүндылыктардың қалдығы туралы есептілік анықтамасы жасалмайды, ал шығыс бойынша барлық айналымдар бір күн ішіндегі кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға енгізіледі.
Кассир қолма-қол ақша мен бір күн ішіндегі шығыс кассалық кұжаттар қалдығын есептілік анықтамасымен бірге касса мең-герушісіне қабылданған және өткізілген ақша есебінің кітабына қол қою аркылы өткізеді. Меңгеруші тексеріп, есептілік анықтамасына қолын қойып, оны касса күніндегі құжаттарға тіркеп тігу үшін жібереді.
Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жүмсау үшін келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:
- Клиент - заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру:
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
-
Банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде: Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».
-
Несиені қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде:
Дт 1411, 1417 «Клиенттерге кысқа және ұзақ мерзімге берілген
қарыздар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-кол ақша».
Кассир кассалық айналымды операциялық қызметкерлердің кас-салық журналымен салыстырғаннан кейін касса меңгерушісіне қолда бар ақша қалдықтарын анықтама және кассалық құжаттармен бірге белгіленген тәртіпте өткізеді. Касса меңгерушісі кассирден ақшаны, есептілік анықтамасы мен құжаттарды қабылдағаннан кейін операциялық қызметкерлердің кассир анықтамаларында көрсетілген кассалық айналым сомаларының расталғандығын және ақша қалдықтары анықтамасының дұрыс шығарылғандығын тек-середі. Содан кейін операциялық касса кассирлерінің есептілік анықтамасының мәліметтері мен қайта есептеу кассасының қабылдаған ақша сомасы туралы журналдағы жазбалары бойынша, сондай-ақ олардың өзі кабылдап-өткізетін ақша құжаттары бойынша жиынтық анықтаманы жасайды және олардың нәтижелерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырады. Салыстырып тек-серу бір күндік кассалық құжаттарда сақталатын анықтамада бухгалтерия қызметкерінің қолымен рәсімделеді. Қойма меңгерушісі бір күн ішіндегі кассалық айналымды салыстырғаннан кейін ақша кірісі мен шығысының жалпы сомасын кітапқа енгізіп, келесі күні касса- қалдығын шығарады. Кассадағы ақша қалдығы мен бухгалтерия мәліметтері арасында алшақтық кезінде алшақтық себебін анықтауға шара қолдану үшін күндылықтардың сақталуына жауапты міндетті тұлғаларга хабарлау кажет. Егер олар расталса, онда акт толтырылады.
Касса меңгерушісі касса ақпарынан кейін шығыс және кіріс бойынша болек кассалық қүжаттарды калыптастырады. Баланстан тыс құжаттар алдымен кіріс, кейін шығыс болып баланстан тыс шоттар нөмірі бойынша теріледі. Эр кун бойынша кассалық құжаттар келесі күннен кешіктірілмей бөлек папкаларда жинақ-талып, бас бухгалтерге қол қоюға ұсынылуы қажет. Жинақталған құжаттардың сомалық мәліметтері есептеуіш машиналарда есепт-елінеді. Валютадағы сома Қазақстан Республикасындағы ¥лттық банк багамы бойынша теңгедегі шетел валюта сомасына сәйкес келуі қажет. Есепті жүргізген қызметкердің қолы қойылған кіріс және шығыс кассалық және баланстан тыс ордерлер бойынша есептілік лентасы болек папкада басқа күжаттардың алдында орн-аластырылады.
Құндылықтардың сақталуына жауапты түлғалар ақша қой-масында келесілерді тексеруге міндетті:
-
сақталатын қүндылыктардың, кітаптар мен құжаттардың қоймаға енгізілуін;
-
айналым кассасы мен баска да қүндылықтардың нақтылығы бухгалтерлік есеп мәліметтері мен «құндылықтар есебі» кітабында көрсетілген калдықтармен сәйкес келуін.
9.2 Қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін касса бөлмесі бөлек орналасып, жабдықталуы керек. Акша коіімасы - бүл ақша қаражаттары және басқа қүндылықтар мен қүжаттарды сақтау мақсатында кассалық жүмыс үшін банктерде арнайы үйымдастырылатын бөлме. Кассалық қойма есігі ішкі жағынан жабылуы қажет. Әрбір кассирдің жұмыс орны каби-налармен бөлектенуі қажет. Кассирлердің столы құлыпталатын ұяшықтардан тұруы керек. Кассирлерді кілтпен құлыпталатын сейф-термен, металл шкафтар немесе арнайы арбалармен қамтамасыз ету қажет. Кассирлер орнынан уақытша шығып кеткен кездерінде қолма-қол ақшаларды ашык түрде тастап кетулеріне болмайды.
Айналым кассасының қолма-кол ақшасы сақталатын ақша қоймасы үш кілтпен және коды бар құлыппен ашылып, жабылады. Құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалар ақша қоймасын ашпастан бұрын қауіпсіздік қызметі өкілінің қатысуымен есіктің зақымдалмауын, құлыптың ақаусыздығын тексеріп, одан кейін журналға қолдарын қоюы қажет. Есіктің және құлыптың зақымдалғандығы анықталған жағдайда, сондай-ақ ақша қоймасына кіруге әрекет ету күдігі туындаса, құндылықтарды сақтауға жауапты тұлғалардың қолдары қойылып акт жасалады, сонымен қатар банк басқармасының басшысына хабарлайды.
Ақша қоймасы ішіндегі акша және басқа да құндылыктар темір тордан тұратын және құлыппен жабылатын металл стеллаждарда сақталуы қажет.
Ақша қоймасында мына заттар бөлек сақталуы керек:
-
операциялық кассаның қолма-қол ақшалары. Сонымен қатар операциялық касса ақшасы есебінен берілетін алдын ала дайындалған ақша қаражаты операциялық кассаның басқа құндылықтарынан белек сақталуы керек;
-
шетел валютасы (чектер);
-
алтын, платина және басқа да бағалы металдар;
-
басқа да қүндылықтар.
Касса меңгерушісі әрбір бөлек шкафтарды, стеллаждарды, сөрелерді кілтпен қүлыптауы керек.
Кассада 7339 «Әр түрлі қүндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шотында есептелінетін ақша қоймасында қатаң есептілік бланкісінің есебі жүргізіледі. Қүндылықтарды қабылдап, өткізу қолма-қол ақша операциялары сияқты сәйкес кұжаттар негізінде жүзеге асырылады. Олар кіріс және шығыс баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді. Қоймада орналасқан қүндыльщтарды касса меңгерушісі қүндылықтарды есепке алу кітабында есептейді. Кітапта тұжырымдалған қалдықтың дұрыстығы банктегі құнды-лықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалардың қолда-рымен күнделікті куәландырылады. Лауазымды тұлғалардың колы ақша қоймасындағы ақша және басқа да құндылықтарды тексеруге қатысқандығын растайды.
Достарыңызбен бөлісу: |