Математиканы оқытудағы кедергілер және жас ерекшеліктеріне сай оқыту мәселелері


Оқушының математиканы оқыту обьектісі ретіндегі жас ерекшеліктері



бет4/6
Дата22.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#487619
1   2   3   4   5   6
М-20-3 Мұратбекқызы Дана

1.3 Оқушының математиканы оқыту обьектісі ретіндегі жас ерекшеліктері.

Оқушылардың жеке ерекшелігі – денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы əсерлерге жауабы, қабылдауы т.б. біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше əсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тəрбиелік дəрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тəрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.


Даму процестерін дұрыс басқару мақсатында педагог ғалымдар адам өмірінің кезеңдерін жіктеді (Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, т.б.).
Кезеңдерге бөлу белгілі бір жас ерекшеліктерін бөліп көрсетуге негізделеді. Жас ерекшеліктері деп белгілі бір өмір кезеңіне сəйкес анатомиялықфизиологиялық жəне психикалық сапаларды айтамыз. Жас ерекшеліктерінің мəні адамның физикалық дамуы мысалында айқын көрінеді. Бойдың, салмақтың өсуі, тістердің пайда болуы, жыныстық жетілу, т.б. биологиялық процестер сəл ауытқушылықпен белгілі жас кезеңдерінде жүзеге асады. Сол сияқты əлеуметтік жетілу (биологиялық тəрізді қатаң тəртіпте болмаса да), тұлғаның рухани дамуының жастық динамикасы жүреді. Бұл адам дамуының кезеңдерін бөлуге негіз болады.
Я.А. Коменский алғашқылардың бірі болып оқу-тəрбие үрдісінде балалардың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуды ұсынды. Ол табиғатқа сəйкестілік принципін негіздеді, яғни табиғаттағыдай тəрбие процесінде де барлығы өз орнымен жəне кезегімен жүріп отыруы тиіс.
Жас ерекшеліктерін есепке алу – педагогикалық принциптердің ішіндегі негізгілерінің бірі. Оған сүйене отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін белгілейді, еңбектің əр түрімен қамтуды қалыптастырады, дамуға оң мүмкіндік беретін күн тəртібін анықтайды. Жас ерекшеліктері оқу пəндерін, əр пəндегі оқу материалын таңдау жəне орналастыру мəселелерін дұрыс шешуді міндеттейді. Сол сияқты олар оқу-тəрбие іс-əрекетінің формалары мен əдістерін таңдауда негізгі роль атқарады.
Әр түрлі жастағы оқушыларды оқытудың ерекшеліктері:
Бастауыш мектеп жасы (6 - 10 жас). Бұл кезеңде оқушының өмірінде –ең алғашқы үлкен өзгеріс орын алады. Мектеп жасына көшу ең алдымен баланың іс-әрекетіндегі, адамдармен қарым-қатынасындағы түбегейлі өзегерістермен байланысты. Бала өзің расында маңызды нәрсемен айналысып жатқанын яғни, оқушы алдындағы алғашқы жауапкершілікті сезіндіретін жетекші іс-әрекет оқу, білім алу болады. Бала үшін жаңа міндеттер пайда болып, қасындағылармен қарым-қатынаста жаңа деңгейге көтеріледі.
Биологиялық тұрғыдан бұл кезеңде бойдың өсуі баяулайды, бірақ салмақ қосуы артады, бұлшықет жүйесінің қарқынды дамуы жүреді, жүйке жүйесі жақсарады, ми қызметі дамиды. Бастауыш сынып оқушысының танымдық қызметі негізінен оқу процесінде өтеді. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың ойлау қабілетін сапалы жаңа деңгейге көтеру, ақыл-ойды себеп-салдарлық байланыстарды түсіну деңгейіне дейін дамыту Бастауыш сынып балаларында ойлау эмоционалды абстрактілі-логикалық түрде дамиды. «Бала пішіндермен, түстермен, дыбыстармен,жалпы сезімдермен ойлайды», – деп К.Д. Ушинский мектеп жұмысының басында балалардың ойлауының осы ерекшеліктеріне назар аударуды ұсынды.
Бастауыш сынып оқушысының жеке басының қалыптасуы ересектермен (мұғалімдермен) және құрдастарымен (сыныптастарымен) жаңа қарым-қатынастың, жаңа іс-әрекеттің (оқудың) әсерінен болады.
Осы кезеңде адамгершілік қасиеттер мен жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін қалыптастыруға көбірек мүмкіндіктер ұсынылады. Икемділік пен белгілі ұсыныс, сенімділік, еліктеуге бейімділік, мұғалімнің үлкен беделі жоғары моральдық тұлғаны қалыптастырудың қолайлы алғышарттарын жасайды.
Орта мектеп жасы (10-11 жастан 15 жасқа дейін) бұл балалық шақтан жасөспірімдікке дейінгі өтпелі кезең. Аталмыш кезең мектептегі оқудың екінші сатысына (V-IX сынып) сәйкес келеді және өмірлік белсенділіктің артуымен, бүкіл ағзаның терең өзгеріске ұшырауымен сипатталады
Бұл кезеңде мектеп оқушыларының дене ұзындығының өсуі айқын байқалады (ұлдарда жылына 6-10 см, ал қыздарда 6-8 см-ге дейін өсу байқалады), әсіресе 15 жастағы ұлдар мен 13 жастағы қыздар бойы қарқынды өседі. Бұлшықет күші айтарлықтай артады, қан тамырларының өсуі жүректің өсуінен артта қалады, бұл оның қызметі ырғағының бұзылуына және жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына әкеледі. Орта мектеп жасындағы балалардың бірқалыпты емес физикалық дамуы олардың мінез-құлқына тікелей әсер етеді. Бұл кезең жасөспірімнің өзі үшін де, айналасындағы адамдар үшін де қиын. Орта мектеп жасы тұлғаның қарқынды моральдық және әлеуметтік қалыптасуы, жаңа нәрсені білуге деген ұмтылыс, қызығушылық пен белсенділіктің артуы сияқты даму ерекшеліктерімен сипатталады.
Жасөспірімдік кезеңге тән белгі – жыныстық жетілу. Қыздар үшін жыныстық жетілу он бір жаста, ұлдарда - сәл кейінірек, он екі-он үш жаста басталады. Жыныстық жетілу дененің жұмысына елеулі өзгерістер әкеледі, ішкі тепе-теңдікті бұзады және жаңа тәжірибелер енгізеді.
Жасөспірімнің қабылдауы бастауыш мектеп оқушысының қабылдауына қарағанда мақсатты, жоспарлы және ұйымдасқан деңгейде жүзеге асады. Кейде жасөспірім өзінің сезімталдығымен және терең қабылдауымен ерекшеленсе, кейде психологтар атап өткендей, ол өзінің жеңіл үстірт қабылдауымен таң қалдырады. Орта буын оқушыларына келесі тән қасиет – сыртқы ортаны қабылдау мен оқу материалын байланыстыра алмау, себебі оқушы назары тым шашыраңқы және жаңа дүниелерді танып білуге деген қызығушылық құлшынысы жоғары болады.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың зейінінің өзіне тән ерекшелігі - таңдамалылығы яғни, сабақты қызықты ұйымдастыру арқылы жасөспірімдердің қызығушылығын оңай тудыруға болады және бұның салдарынан бұл кезеңдегі оқушылар назарын ұзақ уақыт бойы бір материалға немесе құбылысқа аудара алады. Бірақ жоғарыда айтып кеткендей жасөспірім шамалы құбылмалы және айналаға деген қызығушылық салдарынан өз назарын бір қызығушылықтан басқа қызығушылыққа оңай алмастыруы мүмкін.
Жасөспірім кезенінде ақыл-ой іс-әрекетінде айтарлықтай өзгерістер болады. Ойлау әлдеқайда жүйеленген, дәйекті, жетілген деңгейге жетеді. Нақтылы ойлау жүйесіне қарағанда, абстрактілі ойлау қабілеті жақсарады. Сондықтан оқушының шығармашылық ойлау қабілетін жақсартуға бұл кезең ыңғайлы. Жасөспірім бұл кезеңде сыни тұрғыдан ойлана алады, сыншылдық қабілеті пайда болады. Жасөспірім сыртқы орта туралы өз пікірі пайда болады, мұғалім мен оқулық беделіне сеніммен қарамайды, соның себебінен қарсылық пен пікірталасқа бейім болады. Мұндай жасөспірім кезеңнің мүмкіндігін жіберіп алмау үшін оқушылардан проблемалық есептерді шешуді, ең бастысы салыстыруды, бөлектеуді, ұқсас және ерекше белгілерді, себеп-салдарлық тәуелділіктерді табуды үнемі сұрау қажет.
Орта жастағы мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысы қазіргі кездегі міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең қиыны болып табылады. Мұғалімдер қазіргі жасөспірімнің дамуы мен мінез-құлқының ерекшеліктерін терең түсініп, шынайы өмірдің ең күрделі және қайшылықты жағдайында өзін оның орнына қоя білуі қажет. Бұл жасөспірімдердің мұғалімдерден, мектептен және қоғамнан әлі де дамып келе жатқан алшақтауын жеңудің дұрыс жолы. Орта мектеп оқушысы дәлелді түсінуге, оның негізділігін тексеруге және орынды дәлелдермен келісе білуге ​​қабілетті. Мектеп өмірін демократияландыру, ұжымды еркін таңдау, олардың көңілінен шыққан іс-әрекеттер, оқу пәндерін, оқу орны – осының барлығы жасөспірімнің өзін-өзі танытуына, өзі үшін маңызды сенімдерін қолдауына, құрбыларымен және үлкендермен өзара түсіністік танытуына қолайлы жағдай туғызады. бұл сайып келгенде адамгершілік және әлеуметтік қасиеттердің қалыптасуына оң әсер етуі тиіс.
Ересек мектеп жасы (15-18 жас). Бұл кезеңде адамның физикалық тұрғыдан жетілуі аяқталады: бой өсуі мен қаңқаның сүйектенуі аяқталады, бұлшық ет күші өседі, осы жастағылар жоғары дене жүктемелерін орындай алады. Қан қысымы мен ішкі секреция бездері қалыпты деңгейде жұмыс жасайды. Ересек мектеп жасында жыныстық жетілудің бірінші кезеңі аяқталады.
Бұл кезеңде оқушы өзінің өмірлік дүниетанымы мен өмірлік бағдарын анықтауымен және мінез-құлқының дамуымен ерекшеленеді. Жастық шақ – өзін-өзі тануға тырысатын, өзінің кемел болашағын ойлайтын, армандайтын, өз алдына мақсат қоятын және оның маңыздылығын түсінетін уақыт. Әдетте бұл кезең оқушыларында оқу пәндеріне деген таңдаулы көзқарас қалыптасады, яғни жасөспірім қызығушылығына сай өзіне керегін анықтай алады. Өмірде жетістікке жету үшін маңызды білімге деген қажеттілік - бүгінгі мектеп оқушыларының ең сипатты белгілерінің бірі. Қабылдау – мақсаттылықпен, зейін – еріктілік және тұрақтылықпен, есте сақтау – логикалық тұрғыдан сипатталады. Жоғары сынып оқушыларының ойлауы жалпылау мен абстракциялаудың жоғары деңгейімен сипатталады және бірте-бірте теориялық және сыни бағытқа ие болады.
Жоғары сынып оқушылары өмірдің мәнін түсінуге, сыртқы қоршаған орта құбылыстары мен қоғамдық қатынастарда өз орнын анықтауға ұмтылады, бұл өз көзқарасын дамытуға, болып жатқан оқиғаларға өзіндік баға беруге ұмтылумен бірге жүреді. Бұл жаста ойлаудың дербестігі қасиеті айқын байқалады, яғни өзіндік жеке пікірі қалыптасады. Әдетте, ересектер мен мұғалімдер аңғал, біржақты, пісіп-жетілмеген жеткіншек тұжырымдарын түбегейлі жоққа шығарып жатады, соның салдарынан арада түсінбеушіліктер орын алады.
Бұл кезеңде оқушылардан интелектуалдық және физикалық тұрғыдан дамыған тұлғаларға деген еліктеуіштік қасиеті айқын байқалады, бұл өз кезегінде жеткіншектің өз-өзін тәрбиелеуге және мінез-құлқындағы жағымды саналы мотивтердің орын алуына ынталандырады. Сонымен бірге бұл кезеңде оқушы алдындағы жауапты дүние мамандық таңдау мәселесі тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет