Математиканы



бет23/48
Дата28.04.2022
өлшемі346.28 Kb.
#456790
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
25-каз

Мұғалімнің сабаққа даярлануы және сабақ жоспары.
  • Математика сабағын талдау.


  • Математикадан өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру.




      1. Сабақ – орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардың ішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалық білім, білік, дағды қалыптастыру – оқытудың білім беру мақсатынан

  • туындайды. Сабақ беру барысында математиканы оқытуды барынша тиімді түрде ұйымдастыра отырып, жалпы, білім, білік, дағдының қалыптасуына ықпал жасау керек. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлік мүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет. Сабақтың мақсатына сай оқу мазмұны таңдап, реттеледі. Сабақтың мақсатын дұрыстап қою мұғалімнің оқу бағдарламасына, оқулыққа, әдістемелік құралдарға, дидактикалық материалдарға сүйеніп оқу материалын тиімді түрде таңдап алуына мүмкіндік береді. Оқу пәні «математиканың» ерекшелігі мектеп оқулығындағы белгілі бір тақырыптың логикасын сақтай отырып, оның мазмұнын сабақ түрінде баяндау. Оқытуға үйлесімді әдістерді таңдап алу өте қиын әдістемелік мәселе. Педагогикалық әдебиетте оқытуға үйлесімді әдістерді таңдау туралы ұсыныстар бар. Сондай ұсыныстардың бірі: егер әдіс өзіне байланысты төмендегі шарттардың ең болмағанда біреуін қанағаттандыратын болса, онда таңдап алынған әдіс оқытуға үйлесімді, яғни,
    а) сабақтың мақсатына сай;
    б) үйренуге тиісті материалдың ерекшелігі (қиындығы, жаңалығы, сипаты);
    в) сынып оқушылардың ерекшелігі;
    г) кабинеттің дидактикалық материалдармен, көрнекі, техникалық құралдармен жабдықталуы;
    д) сабақ кестесі бойынша сабақтың өтілу мерзімі, сынып оқушыларының саны сияқты шарттар;
    е) мұғалімнің дара ерекшелігі (мінезінің сипаты, әр түрлі әдістермен қарулану деңгейі, оның сынып оқушыларымен қарым–қатынасы).
    Оқу процесі, оқу жабдықтары, әдістер мен тәсілдер оқытуды ұйымдастырудың формасымен тығыз байланыста болады. Әрбір әдіске, оқыту тәсіліне сәйкес өзінің тиісті мұғалім мен оқушының арасындағы, оқушылардың сөз арасындағы қарым–қатынасты анықтайтын ұйымдастыру формасы болады.
    Мұғалім сабақта жалпы топтық және оның дара формасындағы бүкіл оқу процесін басқарады. Оқу процесін ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрі сабақта әр түрлі реттілікпен және әр түрлі үйлесімдікпен қолданылады. Қазіргі жағдайда оқыту процесі тиімді түрде білім, білік дағдысын қалыптастыру, ұжымдағы қарым – қатынас т.б. үйлесімді түрде ұйымдастыру формасы қолданылады. Сабақта уақыттан ұту, бірін–бірі оқыту жағдайын тудыру, жеке бастың дамуына айтарлықтай ықпал жасау сияқты оқытудың ұжымдық формасы үлкен роль атқарады.
    Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабақ құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын оқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады. Сабақ құрылымы әр алуан болады. Тіпті параллель сыныптарда өткізілетін
    сабақтардың құрылымы бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты сабақтың құрылымы ұдайы өзгеріп, сыныпқа бейімделіп тұрады. Әр сабақта әрбір мұғалімнің өзіне тән қолтаңбасы көрінеді.
    Мысалы, құрама сабақ мынадай жоспарда жүргізілуі мүмкін:

    1. ұйымдастыру кезеңі; 2) үй тапсырмаларын тексеру; 3) өткен материалдарды қайталау; 4) жаңа материалды өту; 5) өткен материалды баяндандыру; 6) үйге тапсырма; 7) қорытындылау, бағалау.

    Алайда бұл жоспарды ұдайы сақтауға болмайды, сыныптың ерекшелігіне, оқушылардың дайындық дәрежесіне және т.б. факторларға байланысты ол өзгеріп, кемелдендіріліп отырады. Жалпы құрылымның әрбір бөлігі өзінің мазмұны және көлемі бойынша, тіпті кең мағынада қарастырылады. Мысалы, бұрын алған білімін қайта еске түсіру қажеттігін көрсету және амалдар тәсілдері тек бұрын алған білімін жай еске түсіріп қоймай, оны жаңа жағдайларға пайдалану оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, білімнің меңгерілуін тексеруге қолдану т.б. сияқты мәселелерден тұрады. Жалпы дидактикалық құрылымның бөліктерінен оқытудың әр алуан тізбектік, әр алуан байланыстағы барынша нақты үрдісін аламыз. Математика сабағының құрылымы ұғымын пайдалана отырып, көптеген мүмкін жағдайлар ішінен сабақтың негізгі кезеңдерін бөліп аламыз:

      1. Сабақтың мақсатының қойылуы;

      2. Жаңа материалмен таныстыру;

      3. Жаңа материалды бекіту, а) ақпаратты еске түсіру және сондағы әрекеттің тәсілі; б) білімін көтеру, оны шығармашылықпен қолдана білу;

      4. Оқушының білім, білік дағдысын тексеру;

      5. Алынған білімді жүйелеу және жалпылау (тақырып, тарау бойынша).

    Сабақтың құрылымын талдағанда сабақтың мақсаты басты роль атқарады. Сабақтың мақсаты оның құрылымын анықтайды және сабақтың кезеңдерінің арасындағы байланысты орнатады, сабақтың бір бүтіндігін қалыпқа келтіреді.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет