Математиканы



бет26/48
Дата28.04.2022
өлшемі346.28 Kb.
#456790
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
25-каз

Математика сабағын талдау. Өзінің немесе әріптесінің жұмысына бақылау жасау үшін мұғалім сабақты талдай білуі керек. Сабаққа талдау жасау арқылы өзінің немесе әріптесінің қызметіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді бақылап, өзі үйренеді. Математика сабағын талдау мынадай түрде жүргізілуі мүмкін.

  1. Жалпы мағлұматтар: сынып, тақырып, мақсаттар, сабақтың түрі, құрылымы.

  2. Сабақтың басталуы (ұйымдастыру кезеңі): формасы, ұзақтығы, тиімділігі.

  3. Үй жұмысын тексеру: оның мақсаты. Қалай тексерілді? Үй жұмысын тексерудің ұзақтығы, тиімділігі.

  4. Сұрақтар мен тапсырмалардың қойылуы мен мазмұны. Бағалар қалай қойылды? Қойылған бағаның оқушының білім деңгейі мен біліктілігіне сәйкестігі. Мұғалімнің дұрыс және бұрыс жауаптарға әсері.

  5. Оқушылардың алдына сабақтың мақсаты қойылды ма? Жаңа материалдың мазмұны мен көлемі. Баяндау әдісі. Көрнекі құралдарды қолдану. Оқулықпен жұмыс, оның қажеттілігі мен тиімділігі. Сабақтың негізгі маңызды жерін бөліп көрсету.

  6. Оқығанды тиянақтау. Оның қорытындысы неде? Сұрақтардың, есептердің таңдап алынуы және олардың көлемі, есептермен жұмыс жасау әдісі. Өзіндік жұмыс болды ма? Оның ұйымдастырылуы, мақсаты.

  7. Келесі сабаққа тапсырма. Оның мақсаты. Мазмұны мен көлемі. Оқушылардың тапсырманы түсінігіне мұғалімнің көзі жетті ме? Тапсырманы орындау сабақтың мазмұны және әдістемесімен қамтамасыз етілді ме?

  8. Мұғалім сабақты қалай аяқтады. Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жетуі.

  9. Қорытындылар мен ұсыныстар.

Сабақты талдаған кезде қозғалатын басқа да сұрақтар. Жалпы сабақ құрылымының үйлесімділігінің бағасы және басқа кезеңдеріне жіберілген уақыт. Уақыт босқа кетіп қалған жоқ па?
Оқу жұмысының формасын, әдістерін таңдап алуды негіздеу және олардың сабақ мақсаттарына сәйкес келуі.
Оқушыларды саралап оқыту: тапсырманың көлемі, қиындық дәрежесі оқушыларға көмек көрсету дәрежесі.
Сабақтың тәрбиелік мәні: логикалық ойды дамыту, дүние тану көзқарасының практикамен байланысы, өнегелік тәрбие жағы және т.б.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы, оның педагогикалық іскерлігі, мұғалім мен оқушылардың еңбек ету барысындағы мәдениеттілігі, ұқыптылығы, мінез-кейпі, оқушылармен қарым-қатынасы.
Сабаққа гигиеналық талаптарды сақтау: тазалық, жарықтың түсуі, оқушыларды дұрыс отырғызу және т.с.с.
Мұғалімнің сөзі дәл және айқын ба? Ол нақты жауаптарды талап ете ала ма? Математика кабинетінің мүмкіндіктерін пайдалану және сабақты ұйымдастыру туралы басқа да сұрақтар.
Мұғалім талдау барысында өз сабағына сырттай қарауға, оны тұтастай алғанда, құбылыс ретінде тануға жекелеген оқушылармен, сыныппен бірлесе отырып, тәжірибелік өзгерістер жасаудағы өзінің теориялық білімінің, тәсілдерінің жиынтығын мақсатты саралауға мүмкіндік алады. Бұл өзінің күшті және әлсіз жақтарын бағалауға, жүзеге аспайтын қорларды анықтауға, қызметтің жекелей стилінің кейбір сәттерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Сабақты талдау процесі көп қырлы: ол – мұғалімнің өзінің, оның нақты бір сабақтағы қызметінің, ұйымдастыру, танымдық қабілеттерінің, өтілген материалдарды оқушының игеруіне әрекет етуінің, қажетті дағды мен білік қалыптастыруының, оқушылардың білім алу ерекшеліктерін сыныптың әлеуметтік қалыптары мен құндылықтарын, қарым – қатынастың басым жағдайын, жекелеген оқушылардың мәртебесін, оқу пәнінің ерекшеліктеріне негізделген «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі қарым – қатынас заңдылықтарына сүйенуді есепке алудың психологиялық ерекшеліктері.
Сезіну және өз бетінше тану процесі ретіндегі сабақты талдау өздігінен мұғалімнің талдау қабілетін қалыптастырады, қызығушылығын дамытады және оқыту мен тәрбиелеудің проблемаларын үйренудің қажеттігін анықтайды. Күрделі педагогикалық құбылыстарға бақылау жүргізе білу, оларды талдау, жинақтау және ғылыми түрде негізделген қорытынды жасау кәсіби–педагогикалық шеберлікті жетілдірудің шынайы құралы болып табылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет