Материалдық нүктенің және қатты дененің кинематикасы. Орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу. Үдеудің тангенциал және нормаль құраушыларын есептеу



бет14/22
Дата31.05.2024
өлшемі6.74 Mb.
#502154
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
механика

Архимед заңы – аэростатикамен гидростатиканың сұйыққа (газға) батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең әрі одан әрқашан да жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін анықтайтын негізгі заңы. Дененің ығыстырып шығарған сұйығының ауырлық центріне (орталығына) түсетін итеруші күшті архимедтік не гидростатикалық көтеруші күш деп атайды. Егер дененің салмағы архимедтік күштен кем болса, онда дене сұйық бетіне қалқып шығады, ал дененің салмағы архимедтік күштен артық болса, онда дене сұйыққа батып кетеді. Дененің салмағы архимедтік күшке тең болса, дене сұйық ішінде жүзіп жүреді. Бұл заңды Архимед б.з.б. 3 ғасырда ашқан. Архимед заңы денелердің сұйықта, не газда жүзуінің теориялық негізі болып саналады.


  1. Бірқалыптыжәнебірқалыптыайнымалы (үдемеліжәнекемімелі) түзусызықтықозғалыстар

Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Мысалы,
поезд темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде бірқалыпты қозғалады; Бұл кезде доңғалактар рельстердің түйіскен жеріне соғылғанда шығатын дыбыс та бірдей уақыт аралықтарында естіледі. Сондай-ақ терезеден қарағанда километрлік (немесе телеграфтық) бағандар да бірдей уакыт аралықтарында тұсымыздан өтіп, артта қалып жатады. Сол сияқты моторы өзгеріссіз жұмыс істейтін автомобиль жолдың түзу бөлігінде, конькиші немесе жаяу жарысқа түскен спортшы жүгіру аралығының орта тұсында бірқалыпты козғала алады.
Бірқалыпты қозғалыстың мысалдарына 
жаңбыр тамшысының, парашюті ашылғаннан кейінгі парашютшінің козғалысын жатқызуға болады. Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта өте сирек кездеседі.Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты болмайды. Мәселен, поезд орнынан қозғала бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын ұзынырақ жол жүреді. Ал келесі бекетке келіп тоқтар алдында, керісінше, өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын кысқарак жол жүреді. Автомобиль мен конькиші де дәл сол сияқты өз қозғалысының бастапкы кезі мен соңында тең уақыт аралықтарында әр түрлі жол жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет