Мазм ұ н ы кіріспе


Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық – педагогикалық, аудармашылық қызметтері



бет4/17
Дата25.03.2022
өлшемі268 Kb.
#456462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
kur -y altynsarin-uly-pedagog-agartushy

Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық – педагогикалық, аудармашылық қызметтері.

Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Орта мектептерге арналған Қ.Жұмалиев пен С.Мұқанов, С.Исмаиловтың әдебиет кітаптарында Ыбырай Алтынсарин шығармалары талданып, олардың мазмұны мен мақсаты, идеясын ашып көрсетуге алғашқы талпыныс жасалады. Тарихшылардың ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.
Жалпы алғанда Бекежан Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек жариялайды. Соның ішінде Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағын қазақ (1955 жылы) және орыс тілінде (1957 жылы) дайындайды. Екінші кезең 1957 жылы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағы жарық көргеннен кейін, Бекежан Сүлейменовтің осы тақырып бойынша зерттеуді тереңдетіп, түрлі қырларын кеңейткендігімен ерекшеленеді.
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып Ыбырай Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес қосқан. Профессор Ә.Ламашев
13
ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: «Алтынсариннің мұраларын іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес қосты. Ол Ленинград, Москва, Қазан, Орынбор, Чебоксары және республикамыздың бірнеше қалаларындағы архивтерде, кітапханаларда болып, мол материалдар жинады. Солардың негізінде Ыбырай Алтынсариннің 1943, 1948 жылдары баспадан шыққан «Таңдамалыларын» қайта қарап, толықтырып, алғы сөзбен түсініктеме жазып, 1955 жылы ұсынды. Академиялық үш томдығын орыс тілінде жариялады.»
Бекежан Сүлейменов зерттеулері негізінде 1975 – 1978 жылдары Ыбырай Алтынсариннің толық шығармалар жинағы шығады. Бекежан Сүлейменовтің соңғы еңбегі 1980 жылы жарық көреді. Ол – «Ыбырай Адтынсарин – түрколог ғалым» мақаласы.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды. Кейіннен дүние жүзі әдебиеті классиктері В.Шекспир, И.Гете, Д.Байрон, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, Ә.Фирдауси, Г.Низами, Ә.Науаи тағы басқа классик шығармаларын өздігінен оқып білім алады. Бұл Алтынсаринның ой - өрісін кеңейтеді, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетіне деген құштарлығын арттырады.
Мектепті үздік бітірген ол, 1857 – 1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің песірі болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап Алтынсариннің ағартушылық – педагогикалық қызметі басталады. Ол
14
кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел – елді аралап қаражат жинауға кіріседі.
1864 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі ашылады. Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.
Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой тағы басқа педагогтардың гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында мектеп өміріне енгізген тұңғыш педагог болды.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім – тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді... Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек» - деп жазған еді,
15
ал Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың», - деген Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі» - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет