Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі – Ыбырай еңбектерінде түрлі елдердің мәдениет майданындағы өзара достық қарым – қатынастары да бейнеленіп отырады. Ыбырай балаларға шетелдің жақсы адамдарын үлгі етуі – оның жалпы адам баласының достық идеясын аңсағандығын көрсетеді.
Ыбырай қазақ халқын қалай еткенде тез көркейтуге болады деген сұраққа жауап іздеді, төбеге шығып төңірегіне қарады. Оның көзіне өскелең орыс елінің озық мәдениеті түсті, осы мәдениетке бой ұрды. Орыс халқы қазақтың досы, үлгі - өнеге боларлық үлкен ағасы. Біз осы халықтан үйренуіміз керек: идеясынан рух, мәдениетінен нәр, өнерінен үлгі алуымыз
28
керек деді. Сөйтіп Ыбырай бұдан жарты ғасыр бұрын осы идеяның жаршысы болды. Жаршысы болып қана қойған жоқ, оны өз қолымен іске асыруға кірісті.
Әңгіме атында емес, тәрбиелік мәнінде, ол әңгімелердің өз кезінде атқарған қызметінде ғой. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, өзі жазған әңгімесі болсын, орысшадан аудармалары болсын Алтынсарин жазба әдебиетіміз тарихында балалар әдебиетінің негізін салушы - атасы болды.
Балаларға арналған шығармалар ең алдымен уақиғалы, қысқа, қызықты, тартымды болуы қажет. Мейлінше түсінікті, балалардың ұғымына жеңіл, тілі жатық және әдеп - өркен, оқу, өнер адамгершілікке жетектейтін тәлім – тәрбие берерлік болуы шарт. Балаларға ешбір зорланбай, қызыға отырып оқумен қатар, көздеген нысана, ойлаған мақсат іске асуы керек. Яғни, автор әңгімесіне қандай мақсат қойса, сол балалардың ой – санасында мәңгілік қалатын болсын. Сонда ғана әңгіме өз міндетін атқармақ. Ыбырай әңгімелері осы шарттардың барлығына дәл келеді.
Мысалы, жоғарыда Паульсонның хрестоматиясынан алып, кейіпкерлеріне Сейіт деген ат беріп, кейбір жерлерін өзгертіп, қазақшалаған «Аурудан - аяған күшті» дейтін әңгімесіне назар аударсақ, бірнеше жолдан ғана құралады. Бірақ сол кіп – кішкентай әңгіменің ішінде оқиға бар, диалог бар. Қысқасы өзінше, бас – аяғы бүтін, жап – жақсы шағын ғана шығарма болып шыққан.
Бұл келтірілген мысалдардан басқа да Алтынсариннің аударған, өзі жазған қысқа әңгімелері әрі тәрбиелік мәні үлкен, шеберлігі жағынан мүлтіксіз әңгімелері көп және өмір құбылысы, адам өмірінің әралуан жақтарын қамтиды.
«Бай мен жарлы баласында» ел көшіп кетіп, ойламаған жерден жұртта ұмытылып қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тәуліктегі оқиғаны суреттеуге арналса да, тереңірек қараған адамға автордың ой түйінінде көптеген сыр жатқандығын аңғаруға болады.
29
Шығармасының бас кейіпкері етіп бай баласы мен кедей баласын алуының өзінде үлкен сыр жатыр.
Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдығы, Асанның ақылсыздығы, яғни, бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп – дұрыс, дені сап – сау. Бірақ, оған қарағанда Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе – бет келгенде Асанның әлсіз мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдастарынан асып түсіп, бетпе – бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз де - тұрмыс. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен, ақысыз – пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрес ері етті.
Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бірі – бай баласының, екіншісі – кедей баласының типтік бейнелері.
Жазушы өз ортасынан үздік шығатын бірен – саран ақылды, талантты Асандардың, не ақылсыз Үсендердің болу мүмкіншілігін, әрине, жоққа шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тән мінез Асанда, кедей баласының көпшілігіне тән мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының кейіпкері – типі етіп көрсетеді.
Асан мен Үсен бейнелеріне байланысты және бір айта кететін нәрсе, бай баласы мен кедей баласын салыстырғанда, алдыңғысы ақылды, соңғысы ақылсыз келеді деген ескі ұғымға да жазушы соққы бере кетеді.
30
Достарыңызбен бөлісу: |