Мазм ұ н ы кіріспе



бет3/4
Дата05.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#180186
1   2   3   4

_________________________________

(кеден органының атауы)

жеке тексеру хаттамаларын тіркеу

журналы


р/с

№№


Жеке тексеруді жүргізу күні

Тексерілетін тұлғаның аты-жөні, анықталған деректері

Жеке тексеру жүргізу туралы шешімді кім қабылдады

Жеке тексеруді кім жүргізді

Жеке тексеру нәтижелері

Жеке тексеру нәтижелері бойынша шешім

1

2

3

4

5

6

7






















Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің «Қазақстан

Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаларға жеке тексеру жүргізу туралы

нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына

АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ

«Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаларға жеке тексеру жүргізу туралы нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрық Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жол жүретін жеке тұлғаларға қатысты өткізілетін жеке тексеру жүргізудің негіздемесін, тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.

Нұсқаулықта жеке тексеруді жүргізуге және оған қатысуға құқығы бар тұлғалар, олардың құқықтары мен міндеттері, жеке тексеру (тексерудің кезеңдерін) жүргізу кезіндегі кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимылының салдары анықталған. Жеке тексерудің нәтижелерін құжаттамалық ресімдеудің тәртібі, сондай-ақ жеке тексеру жүргізуге және оны тіркеу үшін қажетті процестік құжаттардың нысандары белгіленген. Жеке тексерудің хаттамаларын тіркеу журналын жүргізудің нысанын айқындайтын норма көзделген.

Кеден органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүретін жеке тұлғаларға қатысты жеке тексеру жүргізуінің рәсімін реттеу, республика Кеден кодексінің нормаларына дұрыс емес түсінік беру мен пайдалану фактілерін болдырмау, сондай-ақ кеден органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу, әрбір аталған іс-қимылға қатысушының құқықтары мен міндеттерін нақты шектеу фактілерін болдырмау, жеке тексеруді құжаттау мен тіркеудің бірізді нысанын белгілеу осы бұйрықтың мақсаты болып табылады.

Кәмелетке толмаған немесе қабілетсіз тұлғаларды жеке тексеру оның заңды өкілдерінің (ата-аналарының, асырап алушылардың, қамқоршылардың, қорғаншылардың) не оларды алып жүретін адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

Жеке тексеру кезінде оған қатыспайтын және оған қатысы жоқ адамдардың қатысуына тыйым салынады.

Жеке тексеруге қатысушы адамдар, оның ішінде куәлар кәмелетке толған және тексерілетін тұлғамен бір жыныста болуы қажет.

Оның құқықтарымен жүргізу кезінде міндеттерімен таныстыруға және жеке тексеру басталар алдында жеке тұлғаға аталған шешім туралы жариялауға, жеке тексеру жүргізу туралы кеден органы бастығының (оның орнындағы адамның) шешімімен оны таныстыруға, тексерілетін тұлғаның сұрауы бойынша оған жеке тексеру жүргізу туралы шешімнің көшірмесін тапсыруға, оны;

3) жеке тексеруге қатысатын барлық тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

4) жеке тексеру жүргізу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын және осы Нұсқаулықтың ережелерін қатаң түрде сақтауды қамтамасыз етуге;

5) 6) тексерілетін тұлғаны жеке тексерудің хаттамасымен таныстыруға міндетті

Куәлар :


1) жеке тексеру жүргізуші лауазымды адамның шақыруы бойынша ол белгілеген орынға және уақытында келуге;

2) жеке тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және тиісті хаттамада өзінің қолын қоюмен оның қатысуымен болған іс-қимылдарды жүзеге асыру фактісін, олардың мазмұнын және нәтижелерін куәландыруға міндетті.

Куәлар :


  1. тексерілетін тұлғадан алынған заттарды қарау кезінде қатысуға;

2) жеке тексерудің хаттамасына енгізуге жататын жүргізілген іс-әрекеттері жөнінде ескертулерді жасауға құқылы.

17. Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы жеке тексеру жүргізуге шақырған дәрігер-маман:

1) тексерілетін тұлғаның денесін оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірместен жеке тексеру жүргізуге;


  1. тексерілетін тұлғаның денесін тексеру бойынша түсініктеме беруге;

3) өзінің қолын қоюмен оның қатысуымен болған аталған іс-қимылдарды жасау фактісін, олардың мазмұнын және нәтижелерін куәландыруға міндетті.

Дәрігер-маман:



  1. өзінің шақырылуының мақсатын білуге;

2) егер оның тиісті арнайы білімі мен дағдысы болмаса жеке тексеру жүргізуге қатысудан бас тартуға;

3) жеке тексерудің хаттамасымен танысуға және тексерілетін тұлғаның денесін қарауға қатысты бөлімінде ескертулер жасауға;

4) қажет болған жағдайда тексерілетін тұлғаның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және оған залал келтірмейтін техникалық құралдарды (мысалы: медициналық аспаптарды, жабдықтарды және басқаларды) пайдалануға құқылы.

Жеке тексеру жүргізуге қатысуға Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы тартатын маман:

1) жеке тексеру жүргізетін кеден органы лауазымды адамының нұсқауларын нақты басшылыққа алуға;

2) тексерілетін тұлға жасыратын заттарды табу және алудың барысы мен нәтижелерін оны тіркеу үшін өзінің арнайы білімі мен дағдыларын пайдалана отырып жеке тексеруге (осы Нұсқаулықтың 27-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) қатысуға;



  1. тауарларды жасырудың мүмкін болатын орындары мен тәсілдерін жеке тексеру жүргізетін кеден органы лауазымды тұлғасының назарын аударуға және оларды табу туралы нұсқамалар беруге;

  2. өздері орындайтын іс-әрекеттер жөнінде түсініктемелер беруге;

5) өзінің қолын қоюмен оның қатысуымен болған аталған іс-қимылдарды жасау фактісін, олардың мазмұнын және нәтижелерін куәландыруға міндетті.

Маман:


1) өзінің шақырылуының мақсатын білуге;

2) егер оның тиісті арнайы білімі мен дағдысы болмаса жеке тексеру жүргізуге қатысудан бас тартуға;

3) жеке тексеру жүргізетін кеден органы лауазымды адамының рұқсатымен тексерілетін тұлғаға сұрақтар қоюға;

4) ғылыми-техникалық құралдар мен жасырылған заттарды табу мен алу үшін әдістерді пайдалануға, бұл ретте өтініш жасауға;



  1. бақылау, өлшеу және зерттеу жүргізуге;

6) арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін мәселелер бойынша жеке тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамына кеңестер беруге;

7) ол қатысқан кезде жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркеудің толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертулер жасауға құқылы.

Аудармашы:

1) егер оның аударма үшін қажетті білімі болмаса жеке тексеруге қатысудан бас тартуға;

2) аударма жасау кезінде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;

3) жүргізілуіне ол қатысқан жеке тексерудің хаттамасымен танысуға және аударманы тіркеудің толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға құқылы.

Аудармашы:

1) жеке тексеру жүргізетін лауазымды адамның шақыруы бойынша ол белгілеген жерге және уақытында келуге және оған тапсырылған аударманы нақты және толық орындауға;

2) оның қатысуымен жүргізілген жеке тексерудің хаттамасына қолын қойып аударманың дұрыстығын куәландыруға міндетті.

26. Тексерілетін тұлға жеке тексеру барысында жеке тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамының заңды талаптарын орындауға міндетті және мыналарға:

1) жеке тексеру жүргізу басталғанға дейін жүргізу тәртібімен және жеке тексеру жүргізу туралы шешіммен танысуға;


  1. Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларды өз еркімен беруге;

  2. өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;

  3. қарсылықтарды өтінуге;

  4. түсініктемелер беруге, өтініш беруге;

6) оны жасаудың аяқталуы бойынша жеке тексеру хаттамасымен танысуға және оның мазмұны бойынша ескертулер жасауға;

7) ана тілін немесе өзі білетін басқа тілді, сондай-ақ аудармашының қызметін пайдалануға;

8) адвокаттың қызметтерін пайдалануға;

9) жеке тексеру аяқталуы бойынша, егер жеке тексеру жүргізу кезінде өз құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалды деп санаса, кеден органының лауазымды адамының іс-әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.



2.3. ҚОЛ ЖҮГIН, ТЕҢДЕМЕ ЖҮКТI, ЖҮКТI, ПОШТАНЫ, БОРТ ТАҒАМЫН, ӘУЕ КЕМЕСIНIҢ ЭКИПАЖЫН БАҚЫЛАУ, ТЕКСЕРУ МЕН ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН ТЕКСЕРУ
Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 маусым N 723 Ережелерi қабылданған. Аталған "Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 97-бабына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго Конвенциясына (1944 жыл) сәйкес әзiрленген. 

Ереже қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау мен тексеру, iшкi және халықаралық желiлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы Тiзбе бойынша мемлекеттiң лауазымды адамдарынан, сондай-ақ дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдардан басқа, жолаушылардың жеке басын тексеру тәртiбiн белгiлейдi. Бақылау мен тексерудiң мақсаты ұшулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жолаушылардың, экипаж мүшелерiнiң, жер үстiндегi қызметкерлердiң, халықтың өмiрi мен денсаулығын сақтау, әуежай құралдарын заңсыз араласу актiлерiнен қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына, кеден органдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне және пайдаланушыларға қол жүгiн, теңдеме жүктi, поштаны, борттық тағамды, әуе кемесiнiң экипажын тексеру және әуе кемелерiндегi жолаушылардың жеке бастарын тексеру құқығы берiледi.

Тексерудi осы мақсатқа арнайы тағайындалған адамдар әуежайда не әуе кемесiнде жүргiзедi.

Жолаушы тексеруден бас тартқан жағдайда тасымалдаушы ондай жолаушымен жасалған әуе тасымалы туралы шартты бұзуға құқылы.

Әуе кемесiнде жүк тиелгеннен кейiн барлық сыртқы есiктер жабылған сәттен бастап, жүктi түсiру үшiн сол есiктердiң кез келген бiреуi ашылған сәтке дейiн тексеру жолаушының келiсуi-келiспеуiне қарамастан жүргiзiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнайы Тiзбе бойынша мемлекеттiң лауазымды адамдарын, сондай-ақ дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарды қоспағанда, әуе кемесiмен тасымалданатын әрбiр адам тексеруден өткiзiледi.

Тексерудi жүргiзу ережесi мен тексеруге құқығы бар адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


Халықаралық авиажелiлерде қол жүгiн, теңдеме жүктi бақылауды, тексерудi, жолаушылар мен әуе кемелерi экипаждарының мүшелерiн, сондай-ақ жүктердi, почтаны, борт тағамын жеке тексерудi Қазақстан Республикасы әуежайларының, кеден және шекара органдарының қызметкерлерi жүргiзедi.

Қол жүгiн, теңдеме жүктi бақылау, тексеру және әуе кемесiнiң жолаушылары мен экипаж мүшелерiнiң жеке басын, сондай-ақ жүктi поштаны, борт тағамын тексеру азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға жолаушыларға тыйым салынған Қауiптi жүктер мен нәрселердiң тiзбесiнде белгiленген қауiптi жүктер мен нәрселердi, сондай-ақ есiрткiнiң барлық түрлерiн (бұдан әрi - Тiзбе) заңсыз алып жүрудi болғызбау үшiн жүргiзiледi. Тiзбенi Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Iшкi iстер министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кірiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен келiсiлгеннен кейiн мемлекеттiк көлiк басқармасының органы бекiтедi.

Авиабилеттердi сату үшiн бөлiнген орындар, әуежайлардың (қалалық аэровокзалдардың) касса залдары Тiзбемен, жолаушылардың құқықтары мен мiндеттерi бөлiгi бойынша осы Ережеден алынған үзiндiлермен жабдықталады және жолаушылардың бәрiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 

Қол жүгiн, теңдеме жүктi, бақылау мен тексеру және жолаушыларды жеке тексеру ұшуға арналған билеттi ұсыну бойынша жүргiзiледi.

Қол жүгiн, теңдеме жүгiн және жеке басын тексертуден бас тартқан жолаушыларды тасымалдауға жол берiлмейдi. 

Бақылау мен тексеру кезiнде техникалық құралдар қолданылады. Бақылау мен тексерудi ұйымдастыру үшiн жауапкершiлiк авиакомпаниялар мен авиакәсiпорындарының басшыларына жүктеледi.

Қол жүгiн, теңдеме жүгiн бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексерудiң алдында жолаушыға өзiнде бар болуы мүмкiн Тiзбеде белгiленген қауiптi жүктер мен нәрселердi көрсету жөнiнде ұсыныс жасалуға тиiс. 

Жолаушының өзi алып жүрген қол жүгiн, теңдеме жүгiн бақылау мен тексеру оның қатысуымен жүзеге асырылады. Кешiктiруге болмайтын жағдайда мұндай теңдеме жүк жолаушы жоқта қаралуы мүмкiн. 

Теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты жолаушы болмағанда теңдеме жүктi бақылау мен тексеру әуежайлар басшыларының, авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi бастықтар орынбасарларының, тасымалдарды ұйымдастыру қызметiнiң, осы қызметтiң ауысылымдары, қалалық аэровокзал, қызмет атқаратын аумағында әуежайлары (қалалық аэровокзалдар) бар милиция бөлiмшелерi бастықтарының, ал шекаралық және кедендiк бақылау жасалатын әуежайлар аймақтарында - шекара әскерлерi бақылау өткiзу пункттерi және кедендер (кеден бекеттерi) бастықтарының дәлелдi шешiмi (жазбаша түрде баяндалған) бойынша жүргiзiледi. 

Аталған бастықтар жоқ кезiнде тексеру туралы шешiмдi белгiленген тәртiппен олардың орнын басшы адамдар қабылдауы мүмкiн. 

Аталған жағдайларда теңдеме жүктi қарап шығу екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырылып, тексеру хаттамасы ресiмделедi. Теңдеме жүгiн, қол жүгiн немесе жолаушыларды тексеру кезiнде азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттардың, жүктердiң немесе нәрселердiң табылу фактiсi, сондай-ақ теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты тексеру актiмен ресiмделедi және арнаулы журналда тiркеледi. 

Жолаушылардың жеке басын тексеру техникалық құралдармен бақылау тексерiсiнiң белгiлерi бойынша, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгi қызметi мен құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының дәлелдi шешiмдерi бойынша азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктер мен нәрселердi табу үшiн қажеттi шегiнде жүргiзiледi. 

Тексеру нәтижесi хаттамамен ресiмделедi, оған тексеру туралы шешiм қабылдаған адам, тексеру жүргiзушi және жолаушы қол қояды. 

Жолаушылардың жеке басын тексеруге және теңдеме жүктi ашу қажеттiгiне байланысты жолаушы болмағанда теңдеме жүктi тексеруге осы Ережелердiң 6-тармағында аталған лауазымды адамдардың, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша - әуежайларының (қалалық аэровокзалдардың) тасымалдары ұйымдастыру қызметiнiң диспетчерлерi мен кезекшiлерiнiң, милицияның қатардағы және басшы құрамы адамдарының, ал шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын аймақтарында - шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пунктерiнiң офицерлер құрамының адамдары мен прапорщиктерiнiң, кедендердiң, (кеден бекеттерiнiң) бөлiмдерi бастықтарының, аға инспекторларының құқығы бар. 

Ережеледе аталған лауазымды адамдардың тапсыруы бойынша қол жүгi мен теңдеме жүктi жолаушының қатысуымен тексерудi әуежайларының (қалалық аэровокзалдардың) тасымалдарды ұйымдастыру қызметiнiң арнайы бөлiнген қызметкерлерi (кезекшiлерi), шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын әуежайлары аймақтарында - шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiнiң бақылаушылары мен кедендерiнiң (кеден бекеттерiнiң) инспекторлары жүргiзедi.

Жеке басты тексерудi сол тексерiлетiн жолаушымен бiр жыныстағы адамдар ғана әуежайларда (қалалық автовокзалдарда) арнайы бөлiнген, санитарлық және гигиеналық талаптарға сай келетiн үй жайларында жүргiзедi. 

Бiр үй-жайда бiрнеше жолаушыны бiр мезгiлде тексеруге тыйым салынады. 

Ұшып бара жатқан азаматтық әуе кемесiнде қол жүгiн, теңдеме жүктi тексерудi және жолаушылардың жеке басын тексерудi әуе кемесi командирiнiң шешiмi бойынша экипаж құрамына кiретiн адамдар жүргiзе алады. Қол жүгiн, теңдеме жүктi тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру, қажет болғанда, жолаушылардың келiсiмiнсiз жүргiзiлуi мүмкiн. 

Жолаушының жеке басын тексергенде немесе оның қол жүгi мен теңдеме жүгiн тексергенде жолаушы заңсыз әкетуге тырысқан қауiптi заттар, жүктер мен нәрселер табыла қалған жағдайда жолаушы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi. 

Егер қол жүгiн, теңдеме жүктi тексерген кезде және жолаушының жеке басын тексергенде азаматтық әуе кемелерiнде алып жүруге тыйым салынған заттар, жүктер мен нәрселер табылмаған болса, авиакәсiпорындарының лауазымды адамдары, сондай-ақ тексеру жүргiзген басқа да адамдар жолаушыны билет алған рейсiмен немесе кезектi рейспен жөнелтудi және оған келтiрiлген моральдық және материалдық залалдың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өтелуiн қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. 

Тексеруге орай жөнелтудiң кешiктiрiлуi себебi бойынша жолаушы ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартқан жағдайда авиакәсiпорын оның талабы бойынша билеттiң құнын толық немесе оның пайдаланылмаған бөлiгiн қайтаруға мiндеттi. 

Қол жүгi мен теңдеме жүкке бақылау, тексеру, жолаушылардың және экипаж мүшелерiнiң жеке басына тексеру жүргiзетiн адамдар жолаушылармен қарым-қатынаста ықтиятты әрi сыпайы болуға және олардың қадiр-қасиетiн төмендететiн әрекеттерге жол бермеуге мiндеттi. Ережелердi бұрмалауға кiнәлi адамдар белгiленген тәртiппен жауап бередi. 

Техникалық кедендік бақылау құралы - бұл, деректер объектілердің құрамындағылардың олардың декларациялаушы құжаттар деректеріне сәйкестігін белгілеу және олардың арасынан кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында, кеден органдары тікелей кеден шекарасы арқылы өткізілетін объектілердің барлық түрлерін жедел кедендік бақылау процесінде қолданатын арнайы техникалық құралдардың кешені.

Техникалық кедендік бақылау құралын қолданудың негізгі ережесі, кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарын және олардың құрамындағыларды қашықтан, бұзбай бақылау жүргізу болып табылады. Техникалық құралдарды пайдалану кезінде дайындаушы зауыт ұсынған техникалық паспорттарда көрсетілген барлық нормалар мен ережелерді сақтау қажет.

Техникалық құралдарды пайдалану адамның, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы және тауарлар мен көлік құралдарына және алып жүруші тұлғаларға залал келтірмеуі тиіс.

Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:


     1) Рентгендік тексеру техникасы - кеден органдары жолаушылар алып жүретін және алып жүрмейтін жүктерінің халықаралық почта жөнелтімдері мен кіші және орташа көлемдегі ыдыстардағы тауарлардың құрамын оларды ашпастан, рентгенге түсіру әдісімен көзбен көріп тексеру үшін пайдаланатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Аталған жүйелерде түсі бойынша монитордан қарау кезінде материалдарды органикалық және органикалық емес бөлу функциялары пайдаланылады. Кеден органдары стационарлық және жылжымалы жүйені қолданады.
     2) Техникалық радиациялық бақылау құралдары - өткізілетін радиоактивтік және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды табуға, таратпауға және бірдейлендіруге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі. Оларға дозиметрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды табудың стационарлық жүйелері жатады.

     3) Техникалық іздеу құралдары - жолаушылардың алып жүретін және бірге алып жүрмейтін жүктеріне, халықаралық почта жөнелтімдеріне, тауарларға және көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерге кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі. Мұндай техникалық құралдарға:


     металлодетекторлар - қара және түсті металдардан заттарды табуға мүмкіндік беретін электрондық приборлар; портативті, жылжымалы және стационарлық болады;

     тексеру айналары - ауыстырылатын әртүрлі нысандар мен мөлшердегі айналар жиынтығы бар телескопиялық ұстағыштар автокөлік құралдарының түптерін тексеруге арналған жарық түсіру қол аспаптарымен, сондай-ақ көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерден заттарды алуға арналған арнайы ілмешектермен бірге қолданылады;

     тексеру қуыс бұрғылары - әртүрлі диаметрдегі және ұзындықтағы ерекше шыңдалған металл стержендер, шаншып тесуге болатын объектілерден (жұмсақ және картон орамдардан, көлік құралдарының отырғыштарынан, төгілмелі жүктерден және т.б.) сынамалар алуға арналған арнайы нысандағы тесігі барлары болады;

     эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлер мен әртүрлі оның ішінде агрессиялы сұйықтар толтырылған ыдыстарды тексеруге арналған оптикалық приборлар. Үш модификацияда дайындалады: қатты»(бараскоптар) - оптикалық қатты бекітілген элементтер мен жарық талшықты жарық түсіру жгуты орнықтырылған  әртүрлі ұзындықтағы және диамердегі металл түтіктер, талшықты оптика негізінде орындалған және жарықтандыру мен зерттелетін кеңістікті тікелей шолуға арналған екі жарық талшықты жгуты бар "иілгіш"»(флескоскоптар), сондай-ақ "жартылай қаттылар";

     тексеру шамдары жатады.

     4) техникалық бірдейлендіру құралдарды - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі, оларға:



  • кедендік және өзге де құжаттардың, пломбалардың, мөрлердің түпнұсқалылығын анықтау приборлары;

  • қымбат бағалы металдар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;

  • қымбат бағалы тастар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;

  • есірткі және жарылғыш заттарды бірдейлендіру приборлары;
    криминалистік кешендер;

  • микроскоптар, лупалар, ультракүлгін шамдар;
    рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;

  • өлшеу приборлар жатады;

  • энергия ресурстарын есептеу құралдары;

  • озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.

5) Техникалық анықтау құралдары - олар бойынша анықтау жүргізу кеден органдарының құзыретіне кіретін қылмыстар туралы істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу процесінде құқық бұзушылықтардың іздерін анықтау мен бекіту үшін, сондай-ақ нақты істер бойынша қызығушылық  білдіретін адамдардың берген жауаптарының дыбыс- және бейнежазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі.  Бұл техникалық құралдарға: фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар мен диктофондар жатады.

6) Көзбен көріп бақылаудың техникалық құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі шұғыл жағдайларды бақылау үшін кеден органдары пайдаланады. Оларға: бақылаудың оптикалық аспаптары - дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру приборлары, сондай-ақ шолулық телевизияның жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады.

7) Аудио және бейнеақпараттар тасымалдаушыларды техникалық бақылау құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайдпроекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет