Мазм ұ н ы кіріспе



бет3/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.28 Mb.
#123184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Агроөнеркәсіптік кешен


Ауданда өнеркәсіптің түрлі салалары ауыл шаруашылығының жетекші салаларымен үйлеседі. Табиғи-климаттық жағдай дәнді, техникалық, бақша дақылдарын, жемдік дақылдарын, көкөніс, жеміс-жидек өсіруге қолайлы. Табиғи жемдік пайдаланылатын жерлер қой шаруашылығын, оның ішінде биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қой шаруашылығын дамытуды алдын-ала белгілейді.

Жамбыл ауданы облыстағы негізгі ауылшаруашылық аймақтардың бірі болып саналады, жалпы шығарылған өнімге шаққанда аграрлық сектордың үлесі 55-60 пайызды құрайды.

2010 жылы жалпы өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 7 млрд 349 млн. теңгені құрады, немесе 2005 жылмен салыстырғанда біршама артып отыр. Оның басты мемлекет тарапынан ауылшаруашылық саласын қолдауға бағыттталған несиелендіру жолдары мен т.б ынталандыру шаралары осы саладағы ілгерілеушілікке өз септігін тигізуде.

Ауданда барлығы 2308 агроқұрылымдар, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме, 4 өндірістік кооператив, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2301 шаруа қожалықтары жұмыс атқаруда.

Ауыл шаруашылығында жалпы шығарылған өнімнің құрылымда егін шаруашылығының үлесі 50 пайызды құрайды.

Ауыл шаруашылығы ауданның халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған негізгі салаларының бірі. Ауданның табиғи жағдайы масақты дәнді дақылдарды, бақша және көкөніс дақылдарын, жүзім, жеміс–жидек өсіруге қолайлы. Жайылымдарды жыл бойы пайдалану мүмкіндігі мал шаруашылығын дамытуға қолайлы.

Жамбыл ауданының жалпы ауыл шаруашылық алқабы 407480 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер 63467 гектар, суармалы 33048 гектар, тәлімді егістік жерлер 30419 гектар. Аудан бойынша 2005 жылы егілген егіс көлемі 54637 га-ны құраса, 2010 жылы егіс көлемі 5651 гектарды құрап 2,8 пайызға өсті.

Агроөнеркәсіп кешенінде 2010 жылы өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің құны 7349,4 млн теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімдері 3819,1 млн теңге, мал шаруашылығы өнімдері 3530,3 млн теңгені құрады. Жалпы мал шаруашылығының дамуы тұрақты болса, егін шаруашылығында даму үрдісі қалыпты болған жоқ. 2008 жылы егіс көлемінің қысқарып кетуіне 2007 жылдың күз айларында суықтың ерте түсуі себеп болды. Осыған байланысты 2010 жылдың күз айларында 2011 жылдың өніміне арналып 9000 гектар күздік бидай себу жоспарланып, оның нақты 7500 гектар немесе 83 пайыз себілді.

2010 жылы 8883 гектарға бидай егіліп, оның 1 469 гектары есептен шығарылып, ораққа түскен 7 414 гектардан орта есеппен 14,2 центнерден өнім жиналып, жалпы түсім 10 537 тоннаны құрады. Егілген 6 168 гектар жаздық арпаның 587 гектары есептен шығарылып, қалған 5 581 гектардан 6 964 тонна өнім жиналды. 1 200 гектар дәндік жүгерінің әр гектарынан 47,7 центнерден өнім түсті.

Сонымен қатар, егілген 2989 гектар майлы дақылдардың әр гектарынан 11,2 центнерден өнім жиналып, жалпы 3349 тонна, егілген 400 гектар картоптың әр гектарынан 184,6 центнерден өнім алынып, жалпы 7383 тонна, егілген 3374 гектар көкөністің 81202 тонна, егілген 330 гектар бақшадан 7216 тонна, 90 гектар темекі дақылының әр гектарынан 13,7 центнерден өнім алынып, жалпы 123 тоннаны құрап отыр.

Аудан көлеміндегі агроқұрылымдар мен шаруа қожалықтарының иелігіндегі егістік жер алқабының 2008 жылы 80,6 пайызы, 2009 жылы 86,0 пайызы, 2010 жылы 80,4 пайызы игерілген, ал жеке тұлғалардың (шаруа қожалықтарының) бас тартқан өтініштеріне сәйкес, 2009 жылы мемлекеттік жер қорына жалпы көлемі 7264 гектар қайтарылса, 2010 жылы 1597 гектары алынып отыр. Осы аталған жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімі жанынан 3 штаттан тыс қызметкерлер бірлігі беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы

Кесте 1




2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

млн. теңге

үлес салм, %

ауыл шаруашылығы-ның жалпы өнімі, барлығы

3744,1

100

4525,2

100

6105,8

100

7034,7

100

7512,8

100

7349,4

100

оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығы



1872,1

50,0

2163,6

47,8

3497,7

57,3

3623,3

51,5

3983,9

53,0

3819,1

52,0

- мал шаруашылығы

1872,0

50,0

2361,6

52,2

2608,1

42,7

3411,3

48,5

3528,8

47,0

3530,3

48,0

Жалпы аудан бойынша алынған өнімге талдау жасасақ, өндірілген өнімнің 2005 жылдан бері төмендеп келе жатқанын көреміз. Бұл жылы аудан бойынша 35,2 мың тонна астық жиналған болса, 2008 жылы бар жоғы 7,45 мың тонна астық жиналған, немесе 2005 жылмен салыстырғанда астық өндіру 3,7 есеге кеміген. Астық өнімінің төмендеуінің басты себебі әр Га-дан түскен өнімнің төмен болуы, және астық егілген алқаптар көлемінің азаюы. Бұл себептердің екеуі өзара бір біріне қатысты және бірінші кезекте табиғи-климаттық жағдайларға байланысты, атап айтқанда ауа райының құрғақшылығы және көршілес Қырғызстан Республикасынан келетін судың азаюы.

Астықтың орташа түсімі 2005-2008 жылдар аралығында барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша төмендеген.

Жамбыл облысында қант қызылшасы шаруашылығы мен қант өндіруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2010 жылы егілген 1200 гектар қант қызылшасының құрғақшылық салдарынан 600 гектары шықпай қалғандықтан есептен шығарылып, қалған 600 гектары жиналып, оның әр гектарынан орташа 122,8 центнерден өнім алынды.

2010 жылы Республика Үкіметі әлемдік экономикалық құлдырау салдарын жұмсартуға және елдің дағдарыс кезеңінде дамудың тұрақты негізін құруға бағытталған аграрлық секторда да дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруда жалғастырған. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен облыста ауыл шаруашылығын қолдауға 220,2 млн. теңге субсидия бөлінген, оның ішінде облыстық бюджеттен тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 76,0 млн. теңге, жемісті-жидек дақылдарын және жүзімнің көп жылдық көшетін отырғыза бастауды және өсіруді қамтамасыз етуге – 35,7 млн. теңге. Барлық қаражат толықтай игерілген.



Дегенмен, мемелекеттік қолдауға қарамастан 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауы байқалуда, бұл ауа-райы жағдайының себебі бойынша 4,1%-ға өсімдік шаруашылығы өнімін өндірудің төмендеуімен байланысты 3,8 млрд. теңгені құрайды. Ал мал шаруашылығында керісінше өндіріс пен мал басы өсімінің қарқыны сақталуда, онда өнім көлемі 0,4%-ға артқан (1 кесте).

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

Кесте 2




2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

тонна

тонна

тонна

тонна

тонна

тонна

Өсімдік шаруашылығы өнімдері

Дәнді және дәндібұршақты дақылдар

35224

26682

25310

7451

32762

23236

Қант қызылшасы

3662

1553

-

3960

3012

6600

Күнбағыс

2646

2875

3694

2452

3589

3349

Картоп

2509

2323

5949

6340

6673

7383

Көкөністер

58304

62796

71143

70183

86008

90840

Бақша дақылдар

2285

2359

5015

4036

6894

7216

Мал шаруашылығы өнімдері

Тірі салмақтағы ет, тн

12769

12898

12924

13053

13083

13085

Сойылған салмақтағы ет

7661

7739

7754

7832

7850

7851

Сүт, тонна

34833

35220

36066

36246

35300

36506

Жұмыртқа, мың дана

6543

6835

6904

6915

6808

6873

Жүн, тонна

4352

4977

5010

5015

5019

5032

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалық жарақтандырылуы артуда, 2010 жылдың 1 қаңтарында 173,4 млн. теңгеге 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынды.

2010 жылы дәнді және дәнді бұршақ тұқымдастарды жалпы жинау 23,2 мың тоннаны, орташа жинау 24,8 ц/га құрған. 63525 тонна пішен дайындалды, бұл көзделгеннен 102,3%-ды құрайды.

Ауданның мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Мал басының өсуімен бірге оның сапалық жағын да жақсарту жүйелі түрде жүргізіліп, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі күнге олардың саны 23 - ке жетіп отыр. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар санының өсуіне мемлекет тарапынан беріліп отырған өтемақы қаржысы көп көмек болуда. Осы бағыттағы шаруашылықтарға асыл тұқымды мал сатқаны үшін 2008 жылы 29,9 млн теңге өтемақы төленсе, 2009 жылы төленген өтемақы көлемі 49,5 млн теңгені құрады. Алайда биылғы жылы өтемақы төлеу ережесіне өзгеріс енгізіліп, өтемақы малды сатқан шаруашылыққа емес, асыл тұқымды шаруашылықтан мал сатып алған шаруашылықтарға төленетін болғандықтан, бүгінгі таңда 7 шаруашылық 24 млн 356 мың теңге көлемінде дотация алды.

Ауданда соңғы жылдары мал бордақылау алаңдары салынып жұмыс істей бастады. Атап айтқанда Бесжылдық ауылында жеке кәсіпкер (Б. Орынтаев) 200 бас ірі қараны бордақылайтын қоражай салса, Жасөркен аулынан жеке кәсіпкер (Д. Әміртаев) бұрынғы Жасөркен кеңшарынан қалған ескі тауарлы сүт фермасының ғимараттарын жөндеп 200 бас ірі қара бордақылауда. Өрнек селолық округі аумағынан жылқы өсіріп, қымыз өндіру мақсатында «Әділ» шаруа қожалығы заман талабына сай асыл тұқымды жылқы ұстауға арналған қоражай салды.

2011 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттарында 13,1 мың тонна ет өндірілді, бұл 2009 жылға қарағанда 0,1%-ға артық, сүт – 36,5 мың тонна (3,3%-ға), жұмыртқа – 6,8 млн. дана (0,9%-ға), жүн – 5,0 мың тонна (0,2%-ға).

МІҚ малдың саны 1,0%-ға артты және 29,3 мың басты құрады, қой мен ешкі – 0,2%-ға (153,3 мың бас), жылқы – 0,4%-ға (9,2 мың бас), құс – 0,2%-ға (106,7 мың бас).

Ауданда селекцияны өрістету есебінен малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату жүйелік жұмысы жалғасуда. 2010 жылы 31 қолдан ұрықтандыру пункттері, олар малдың генофонын жақсартуға және мал шаруашлығының негізгі өнімін және мал басын өндірудің тұрақты өсіміне қол жеткізуге ықпал етті.

Сонымен қатар, тұқымды мал шаруашылығын мемлеттік қолдау шеңберінде республикалық бюджеттен 2010 жылы 76,0 млн. теңгеден астамы бөлінген және игерілген.

Ауданда ветеринарлық биологиялық препараттарды пайдалану бәсекелес ортаға берілген, емдеу-сауықтыру шараларын лицензияланған 34 ветеринар дәрігерлер іске асырады. Аудан аумағында малдың жұқпалы аурулары бойынша алдын-алу шаралары жүргізіледі, ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады, басқа науқастар бойынша шаралар мал иелерінің өз қаржылары есебінен жүргізіледі.

Жамбыл ауданы АӨК-нің негізгі мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы жерлеріне минералды тыңайтқыштарды себу деңгейінің төмендігі болып табылады. Минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша мемлекеттен берілген 50% субсидияға қарамастан, Жамбыл ауданындағы тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі дамыған елдерден барынша артта қалуда.


Азық-түлік өндірісі

Азық-түлік өнеркәсібі ауданды дамытуда болашағы бар сала болып табылады, бұл шикізат өндірісінің, өндіріс қуаттарының ауданды 1 шекаралық аудандарына шоғырланғандығынан, Қырғызстанның өткеру нарығының жақын орналасқандығынан болып отыр.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты алғышарттарының маңыздысы ауылшарашылығы өнімдерін қайта өңдеу болып табылады. Бүгінгі таңда ауданда 9 диірмен, 14 наубайхана, 2 сүт өнімдерін шығаратын цех, 3 тұшпара шығару, 3 қалбырлау цехы, 3 кондитер, тағы басқа барлығы 45 цех тіркелсе, оның бүгінгі күнге 12-сі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Аудандағы «БМ» ЖШС-нің жұмысының тоқтауына байланысты осы кәсіпорынның құрамына кіретін қайта өңдеу цехтары тоқтап қалды. Сонымен бірге облыс көлеміндегі диірмендердің солтүстік облыстардан әкелінетін жоғары сортты бидайды ғана тартатындығынан және құрал –жабдықтарының тозуына байланысты 9 диірмен жұмыс істемей тұр.

Ауданда тіркелген 3 қалбырлау цехтарының ішінде соңғы үлгідегі шетелдік жаңа жабдықтар орнатылған «БМ» ЖШС-нің тоқтап қалуына байланысты өнім өңделмей тұрса, «Юнчи» ӨК-нің қалбырлау цехы құрал жабдықтарының тозуынан және айналымға салатын қаржысының жоқтығынан тоқтап тұр. Шайқорық аулындағы «Шербет» ЖШС-нің қалбырлау цехының құрал жабдықтары тозығы жеткендіктен істен шыққан. Қазіргі уақытта осы цехтарға жаңа технологиялық жүйелер қоюға қажетті қаржы көздері іздестірілуде.

Аудан шаруашылықтары облыс тұрғындарын көкөніс, жеміс өнімдерімен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Алайда қайта өңдеу цехтарының жұмыс істемеуінен, жеміс сақтайтын қоймалардың жетімсіздігінен, өндірілген өнім басқа облыстарда өткерілуде. Ауданда қазіргі кезде осы бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда Жамбыл селолық округінде «Алтын бұлақ» шаруа қожалығы (А. Қуанышбаев) «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ның несиелендіруімен сиымдылығы 500-700 тонна Қытайлық жеміс-жидек сақтау қоймасының құрал-жабдықтарын алып іске қосты.

Ақбұлым ауылындағы «Ақбұлым» шаруа қожалығы (М. Төлебеков) «Қазагроқаржы» АҚ-ның Жамбыл филиалы арқылы лизинг жүйесімен жалпы құны 10,0 млн теңгені құрайтын, сыйымдылығы 300 тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу мақсатында тиісті құжаттарын рәсімдеуде.

Жеке кәсіпкер Медеуовтың жылыжай кешенінің жанынан сыйымдылығы 500 тонналық көкөніс қоймасының құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, ауданда ашылған сервистік дайындау орталығының базасында көкөністі қайта өңдеу кәсіпорнын салу жөнінде «Оңтүстік» ӘКК-нің басшылығымен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан шаруашылықтары қала маңына жақын орналасқандықтан сүт, қымыз өткеруге өте қолайлы. Осы мүмкіндікті Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан «Жолдыбай» шаруа қожалығы ұтымды пайдаланып, шаруашылықтың мал фермасында 370 бас ірі қара, 110 бас жылқы малы ұсталып, 220 бас сауын сиыр мен 37 бас бие сауылуда.

Осы шаруа қожалығы 300 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлап «Қазагроқаржы» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалымен тиісті жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні аталған шаруашылық 14 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Саланың проблемалары. Егін шаруашылығының өнімділігін шектейтін факторларға мыналар жатады: табиғи климаттық жағдайға тәуелділігі, ауылшаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу инфраструктурасының төмен болуы, егін суының жетіспеушілігі, көкөніс қоймаларының, қайта өңдеу кәсіпорындарының жетімсіздігі, шаруа қожалықтарының майдаланып кетуінен және жер көлемінің азаюына байланысты айналмалы егіс жүйесінің сақталмауы, жаңа технологиялардың енгізілмеуі, жоғары сапалы тұқым мен жаңа сорттардың пайдаланылмауы, шаруа қожалықтарының жерлеріндегі егін суғару жүйелерінің істен шығуы осының салдарынан судың ысырап болуы, машина-трактор паркінің тозығының жетуі, инженерлік инфраструктура мен желілердің төмен деңгейде болуы, өндірілген өнімнің сатылу бағасының өзіндік құнынан төмен болуы салдарынан шаруашылық табысының шыққан шығынын ақтамауы, агроөнеркәсіп кешенін қалыпты жағдайда ұстап тұруға және дамытуға бөлінетін қаржының аздығы және тиімділігінің төмендігі.

мал шаруашылығында өндірілген өнім сапасының төмендігі, мал басының басым бөлігі жеке меншікте шоғырлануы, асыл тұқымды мал басы үлесінің аздығы, құнарлы мал азығын дайындаудың тұрақты негізі қалыптаспағандығы.
Су шаруашылығы

Аудан шаруашылықтарының басты қиындықтарының бірі егін суғаратын судың жетіспеушілігі. Бұл қиындықтан шығудың басты жолы суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеп пайдалану технологияларын енгізу болып табылады. Жоғарғы технологияларды пайдаланбаған жерде 1 гектарға кететін су жоспарлы 8000 шаршы метр орнына 10770 шаршы метрді құрайды.

Су шаруашылығы – аудан экономикасының базалық саласы, халықтың өмір сүруі мен экологияның тұрақтылығы осы салаға байланысты, гидротехникалық ғимараттардың ескіргендігінен су шаруашылығы қызметінде судың барынша көп шығын болуы орын алуда.

Саланың проблемалары. Суару мәдениеті болмаса да суармалы жерлердің барынша жылдам дамуынан экожүйенің тұрақтылығын ескерместен өзен ағындарын реттеу жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол берді.

Экономиканы реформалау нәтижесінде су шаруашылығының бірегей жүйесі ұсақталып кетті және оны басқару қиындады, су пайдаланушы суды тиімді пайдалануды ескермеуде, Гидромелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы нашарлауда, суару жерлері шаруашылық айналымынан шығуда.

Бір жүйенің түрлі бөліктерін иелік ететін жеке меншік иелерінің бірлесе жұмыс атқармауынан су беруде ауытқушылықтар болуда, гидротехникалық ғимараттарда апаттар орын алып, су беру қызметінің тарифтері артуда.

Бөгеттерді жөндеуге көп мөлшерде мемлекеттік капитал салымдарының бөлінгендігіне қарамастан, аудандағы бір де бір су қоймасы толық көлемде жұмыс жасау алмауда.

Аса өзенінің бассейнінде, Теріс өзенінің ағынында сыйымдылығы 158 млн.м3 Теріс-ащыбұлақ су қоймасы салынған.

Аса өзенінің жоғары жағында Күркіреу су өзенінің сарқырамасының тұстамасынан төменде торламалы су түбі бас тоған ғимараты салынған, одан 2,93 мың га жерді суаруға арналған су өзеннің сол жағалауына Райыс каналына (3 м3/с) атқылайды.

Аса су торабы ғимараттың құрылымы жағынан ірі және бірегей су торабы болып табылады, одан шығатын су химиялық зауытқа, Жамбыл ауданының суармалы жерлеріне беріледі және су ағыны Аса-Талас каналымен Талас өзенінің бассейніне бұрылады. Тараз қаласынан төменде Талас каналының суынан Талас өзені ағынының бір бөлігі Аса өзенінің бассейніне беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы «Бірқатар су шаруашылығы объектілерінің мемлекеттік меншік түрлерін өзгерту туралы» №255 қаулысын орындау барысында Жамбыл облысы әкімдігінің 2003 жылғы 31 шілдедегі №107 қаулысымен облыстағы су шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары облыстың 6 ауданына – Байзақ, Жамбыл, Меркі, Қордай, Талас және Шу, аудандарында ұйымдастырылды.

Мелиоративтік және ирригациялық жүйе жағдайларының нашарлауы суару жерлерін шараушылық айналымынан шығарды.

Көптеген шаруашылықтың науалық суармалары иесіз қалды және қирап бітті, суару жүйелері қазір негізінен судың барынша ысырап болуы мен тазалануымен болатын каналдардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет