Оңдасын Елубай,
Білімнің қайнар көзі – ізденісте
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың жаһандық үдерісінің негізі болып табылады. Қазір ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру оқи және жаза білумен бір қатарда тұр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазіргі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», деп атап айтуы тегін емес.
Бүгін көз жетіп отырғанындай, жаһандық технологиялық революцияның бір бөлшегі болу үшін оқытудың және ғылыми зерттеулер жүргізудің түбірінен жаңа мүмкіндіктерін жасайтын ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында зерттеу жұмыстарын барынша дамыту қажет.Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі ақпараттық технологиялар институтының директоры, академик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Шокин айтқандай, әртүрлі елдердің ғылыми және академиялық ұйымдары арасындағы ынтымақтастық ғылыми қызметті дамытудың маңызды аспектісі және индикаторы болып табылады. Ғылыми қауымдастық ғылым және ұйымдастыру міндеттерін шешу барысында күш жігерді біріктіруді дәстүрге айналдырған. Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстанның жетекші оқу орындарының математика және информатика саласындағы озық ғылыми күштері арасындағы ынтымақтың тамыры тереңде жатыр. Математика, информатика және жоғары өнімді есептеулер саласындағы ынтымақтың басты міндеті – тәжірибе алмасу, мамандардың шеберлігін шыңдау, ортақ шешімге келу және бірлескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми қорытындылармен алмасу.
Ресей мен Қазақстанның бұл саладағы бірлескен қимылы бұл іске қатысатын барлық тараптар үшін өте маңызды. Екі ел ғалымдары арасындағы берік ғылыми байланыстар күрделі ғылыми проблемаларды бірлесе шешуге, ғылыми талдауларды енгізуде өзара көмектесуге, жас ғылыми кадрларды тәрбиелеу деңгейін арттыруға, ғылымды дамытып, Ресей мен Қазақстанда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге әсер етеді.
Бұл мақсатқа жетуге алдағы қыркүйек айында Өскеменде өтетін «Ғылымдағы техникадағы және білім берудегі есептеу және ақпараттық технологиялар» («ЕАТ-2013»)деп аталатын халықаралық конференция ықпал етері сөзсіз. Бұл конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен, оның жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтымен, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің есептеу технологиялары институтымен бірлесе өткізу құрметіне бұл күндері өзінің 55 жылдығын атап өтіп отырған Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ие болды.
ЕАТ конференциялары Қазақстанда алты рет болған. Алғашқысы 2002 жылы Алматыда, екіншісі 2003 жылы Өскеменде өткен. Оған Ресейдің, Германияның, Италияның, Чехияның, Түркияның, Жапонияның, Канаданың, Қытай және басқа да елдердің көрнекті ғалымдары қатысқан. Міне, он жылдан соң Шығыс Қазақстан маңызды жиынды өткізуге тағы әзірленуде.
– Биыл біз Өскеменде бас қосқалы отырмыз, – дейді Юрий Шокин. – Бұл шараға көрнекті ғалым, академик, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Математикалық модельдеудің міндеттері әрдайым есептеу технологиялары мен компьютерлік жүйеге тығыз байланысты болған. Практикалық және түбегейлі міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігі қандай, қандай бағдарламалар мен алгоритмдер, қандай тәсілдер қолданылатынына тікелей байланысты.
Юрий Ивановичтің айтуынша, қазақстандық және ресейлік ғалымдардың математикалық модельдеу саласындағы өзара іс-қимылы осы саладағы ынтымақтастығының жалғасы іспетті. Маңызды ғылыми форумдарда ғалымдар тәжірибе алмасып, өздерінің озық талдауларын ортаға салады. Алдағы аптада өтетін отандық және шетелдік ғалымдардың кездесуінде ғылымның түрлі саласындағы ақпараттық-есептеу технологияларының, техниканың, білімнің проблемалары талқыланып, халықаралық ынтымақтастықтың ауқымы кеңеюіне жағдай туғызылады.
Қазақстан, Ресей, Швеция, Түркия, Германия, Словения, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Сербия және басқалар үшін аталмыш конференцияларды өткізу дәстүрге айналды, дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математика және механика ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Нарғозы Данаев. ЕАТ-2013 конференциясының ғылыми бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады: есептеу технологиялары, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, есептеу математикасы. Осылардың аясында есептеу және ақпараттық технологиялар саласындағы маңызды инновациялық талдауларды талқылап, ғылымның осы саласының проблемаларын айқындап, бұл бағыттарды дамыту жолында бірінші кезектегі міндеттер қойылады. Конференцияда талқыланатын проблемалар ауқымы таза теориялық проблемалармен қатар оларды өндірісте пайдалану, техникалық жүйенің қауіпсіздігі, жаңа техника үлгілерін жобалау, ақпараттық технологияларды ғылым, білімге, қоршаған ортаны қорғауға енгізу мәселелерін көтереді.
Нарғозы Тұрсынбайұлының ойынша, кезінде мемлекетаралық мәртебе алып, халықаралық деңгейдегі ғалымдарды мойындатқан конференция қазақстандық ғылымның әлеуетін шамалауға, әртүрлі елдер ғалымдарының ынтымағын одан әрі тереңдету жолдарын белгілеуге ықпал етеді. Конференция қорытындысы бойынша, есептеу және ақпараттық технологияларды болашақтағы он жылдықта дамытудың стратегиялық бағыттары анықталмақ. Сонымен қатар, Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған басқосудың маңызы арта түспек.
Халықаралық «ЕАТ-2013» конференциясы өткізілетін жоғары оқу орны ШҚМТУ базасы болып таңдалуы тегін емес. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ақпараттық және есептеу технологиялары саласында Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Соңғы жылдары университет ғалымдары есептеу математикасы, ақпараттық технологиялар мен аспаптық құралдар талдап жасау жөнінде гранттық жобалар мен шаруашылық келісім ғылыми-зерттеу жұмыстар аясында бірқатар ғылыми зерттеулер орындауда.
Бұл күндері университетте «Атмосфераның шекаралық қабатын теңдеу үшін айырымдық жүйелердің математикалық мәселелері», «Атмосфераны ластауды модельдеудің вариациялық алгоритмді пайдалану арқылы алынатын өлшем деректері бойынша қоспалар көзін зиянсыздандырудың ақпараттық технологияларын талдап жасау» гранттық жобалары жүзеге асуда, сондай-ақ гранттық жоба аясында «е-университет тілінің онтологиялық базасын талдау» жөнінде зерттеу жүргізілуде.
Университетте білім беру статистикасының ақпараттық жүйесі жасалған, оның клиенттік бөлігіне Интернет желісіне қосылған веб-сайт кіреді. Зерттеулер «ҚР білім жүйесінде білім сапасын бағалау, білім беру статистикасының инфақұрылымын және мониторинг құру» тақырыпты гранттық жоба аясында жүргізілуде.
Білім саласында оқытудың заманауи интерактивті құралдарын пайдалануға қатысты қолданбалы зерттеулердің бірі студенттерге мультимедиа құралдарымен кәсіби ағылшын тілін оқыту жөніндегі авторлық бағдарламаны жасау болып табылады. Бұл жерде бір ескертетін жай: студенттер қазақ және орыс тілдерін жетік білуі тиіс. Аталмыш жұмыс та гранттық жоба аясында іске асып жатыр.
Жоғары оқу орнында Интернет контенті әлеуметтік секторын интеллектуалды талдауға қатысты ғылыми зерттеулер бағыты қалыптасуда. Бұл жұмыс «Data Mining интеллектуалды талдау тәсілдері негізінде интернет желісінің жабық бөлігіндегі эксперименттік контентті табу механизмдерін зерттеу» гранттық жобасы бойынша атқарылуда.
ІТ-технологиялар саласында ЖОО үшін жоғары дамыған ақпараттық-технологиялық платформаларды зерттеу қызығушылық туғызуда. Еуропада – 36, Ресейде 27 технологиялық платформа табысты қолданылуда. Озық ақпараттық технологиялар базасында ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру қазақстандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырары сөзсіз.
Бұл бағытта ШҚМТУ белсенді жұмыс істеуде, ақпараттық технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастығын кеңейтіп келеді: Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетімен келісімге қол қойды, ERDAS (Швейцария) компаниясымен бірлесе жұмыс атқарылуда, Swenson College of Science and Engineering of the University of Minesota (АҚШ) оқу орындарымен және Вроцлав (Польша) университетімен «Ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша магистрлік және PhD диссертацияларын әзірлеу аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілуде. ШҚМТУ ІТ-технологиялар бағыты бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымымен келісім бойынша базалық жоғары оқу орны болып белгіленген. Қазір Ресейдің, ТМД-ның басқа да елдерінің жетекші оқу орындарымен университеті аясында магистрлік бағдарламаларды өткізу жөнінде келісімдерге қол қойылды. Олардың арасында Астрахан, Новосібір, Қырғыз мемлекеттік университеттері бар.
ШҚМТУ «Предприятие КС», «Рейтинг», «1С-Рейтинг» сияқты қалалық, облыстық, республикалық ІТ-кәсіпорындармен, Өскеменде құрылып жатқан ІТ-паркімен бірлесіп белсенді жұмыс істеуде. Университетте жыл сайын әртүрлі деңгейдегі тақырыптық шаралар өткізіліп тұрады. Университетте республикалық, халықаралық олимпиадалар, ғылымға қатысты ашық конкурстар ұйымдастырылады.
Жоғары оқу орнында бірнеше ақпараттық жобалар табысты іске асырылды. Солардың бірі құжат айналымы жүйесін ақпараттандыруға бағытталған. Оның нәтижесінде басқару шешімдерін қабылдау тиімді деңгейге көшті. Ол – Directum электрондық құжат айналымы жүйесі. Сөйтіп, ішкі процестерді жетілдіруге, құжат айналымын жеделдетуге қол жетті, оның ашықтығы мен бақылауға жеңілдігі қамтамасыз етілді.
Екінші ірі жоба – «1С- Өндірістік кәсіпорынды басқару 8.2» – университет көлемінде жоспарлауды, есептеуді, барлық негізгі бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған кәсіпорынды басқарудың кешенді корпоративті жүйесі. Ақпараттық инфрақұрылым құру аясында 1С пен Directumды қосуға қол жетті.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті озық ақпараттық технологиялар негізінде өзінің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыруда. Ол ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін ғана арттырып қоймай, оның еліміздің инновациялық дамуына белсене қатысуына ықпал етеді. Таяуда университетте өтетін халықаралық конференция ЖОО ғалымдарын жаңа ғылыми ізденістерге шабыттандырары сөзсіз.
//Егемен Қазақстан .-2013.-12 қыркүйек.- 8 б.
Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы
Білім беру саласында өзгерістер болмақшы
Дүйсенбі күні Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ғылым және техника министрліктері мен ведомстволары басшыларының екінші кеңесінде журналистерге Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздің білім жүйесінде таяу уақытта орын алатын жаңалықтарды да баян етті.
– Мемлекет басшысынан осы жүйеге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар алдым. Ол міндеттерді белгілі бір іс-жоспар түрінде қысқа уақытта тұжырымдаймыз және таяу уақытта Үкіметтің бекітуіне ұсынатын боламыз, – деді министр. Министрдің мәлімдемесіне қарағанда, еліміздің білім жүйесінде ірі өзгерістер болатын көрінеді. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ШЫҰ аясындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен оны дамыту мәселелерін талқылаған кеңестің отырысын ашып, аталмыш ұйымның аясында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге барлық мемлекеттердің мүдделі екенін және мұның ұлттық экономикаларды дамытуда орасан маңызға ие екенін сөз етті.
Еске сала кетейік, таяуда Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов Білім және ғылым министрі болып тағайындалған еді. Ол 1974 жылы туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғарғы білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания Университетінің докторы (АҚШ). Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын тәмамдады. Сонымен қатар Гарвард университетінде, Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдамадан өткен. 1996 жылы еңбек жолын Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің референті болып бастаған. Кейінгі уақытта «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы Атқарушы кеңесінің төрағасы, «Назарбаев университеті» ДББҰ-ның құрылғанынан бастап қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды.
//Ана тілі.-2013.- 12 қыркүйек.- 2 б.
Бахытжан СЕКСЕНБАЕВ, ректор Южно-Казахстанской государственной фармацевтической академии
Фармацевтов на юге достаточно, врачей не хватает
Пять лет назад Глава государства на совещании с активом области выступил с критикой в адрес Южно-Казахстанской государственной медицинской академии по вопросу качества подготовки специалистов. За прошедшие годы вузом проделана огромная работа над ошибками. О том, насколько прозвучавшая критика из уст Президента страны повлияла на дальнейшее развитие вуза, рассказал Бахытжан СЕКСЕНБАЕВ, ректор Южно-Казахстанской государственной фармацевтической академии.
– Период реформирования вуза был непростым. Пришлось сократить около 300 специалистов медицинского профиля, а это доктора и кандидаты медицинских наук, профессора и доценты, специалисты с высшими квалификационными категориями. Но тем не менее поручение Президента выполнено полностью.
Во-первых, постановлением Правительства РК № 1037 от 09.07.2009 г. РГКП «Южно-Казахстанская государственная медицинская академия» была реорганизована в РГП на праве хозяйственного ведения «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия».
Во-вторых, основным предметом деятельности вуза определено осуществление производственно-хозяйственной деятельности в области здравоохранения и образования. Комитетом контроля в сфере образования и науки МОН РК выдана Государственная лицензия АБ № 0137364 от 11.05.2010 г. на реализацию образовательной деятельности в ЮКГФА на казахском и русском языках обучения по двум группам специальностей. Первая группа касается здравоохранения и социального обеспечения (медицина), включая специальность «фармация». Вторая группа – это технические науки и технологии. В рамках этой Государственной лицензии Комитетом контроля в сфере образования и науки ЮКГФА выданы Приложения к Государственной лицензии на реализацию образовательной деятельности в разрезе всех уровней образования по специальностям: «фармация», «сестринское дело», «общественное здравоохранение», «медико-профилактическое дело», «технология фармацевтического производства».
В рамках этой же Государственной лицензиии выдано Приложение обучение по медицинским специальностям на факультете подготовки специалистов с техническим и профессиональным образованием в магистратуре и резидентуре. Особо подчеркиваю эти позиции, чтобы пресечь разговоры о том, что вуз, дескать, выходит за пределы своей компетенции.
Вуз прекратил базовую подготовку студентов по специальностям «лечебное дело», «акушерство и гинекология» и «педиатрия», которая велась шесть лет. Около двух тысяч студентов по этим специальностям были переведены в другие вузы, что также создало ряд дополнительных трудностей. С 2009 года прекращен набор абитуриентов на специальность «общая медицина».
Вместе с тем учитывая потребность во врачебных кадрах на юге, Комитетом контроля в сфере образования и науки МОН РК было выдано Приложение на реализацию образовательной деятельности по медицинским специальностям в одногодичной интернатуре (доучивание выпускников, получивших дипломы врача в других медицинских вузах, на постдипломном уровне) и двухгодичной интернатуре по специальности «общая медицина».
Это позволило не только сохранить квалифицированный профессорско-преподавательский состав клинических кафедр, но и за счет подготовки врачей-интернов частично решить проблемы дефицита кадров в южном регионе. Показатели трудоустройства врачей-интернов ЮКГФА в течение последних пяти лет остаются высокими и доходят до 100% от общего числа интернов без учета беременных и родивших.
Обучение на местах практических работников высшего и среднего звена по гибким модульным образовательным программам ПМСП стало практическим шагом по реализации Государственной программы «Саламатты Қазақстан». К слову, в рамках проведения Международной юбилейной конференции, посвященной 35-летию принятия Алма-Атинской декларации ВОЗ/ЮНИСЕФ по ПМСП, ЮКГФА разработан план мероприятий по реализации концепции ПМСП по охране здоровья населения. Наши врачи-интерны со своими наставниками постоянно оказывают помощь практическому здравоохранению региона, особенно в периоды сезонных вспышек ККГЛ, ОРВИ, в ходе санитарно-просветительской работы.
– Бахытжан Дерибсалиевич, основным приоритетом образовательной и научной деятельности вуз определил для себя фармацевтическую направленность. Сейчас это особенно актуально, если учесть, что Глава государства поставил задачу довести собственное производство лекарств до 50% к 2014 году и в рамках ГП ФИИР для развития фармацевтической промышленности требуются инженеры и технологи фармацевтического производства.
– Сразу замечу, эта потребность в специалистах только будет расти. Мне приятно, что мы первыми начали готовить технологов фармацевтического производства, не ограничиваясь сугубо аптечными специалистами. Наш вуз тесно сотрудничает с АО «Химфарм-Santo», крупнейшим в Европе фармацевтическим предприятием Polpharma и Гданьским медицинским университетом (Польша). Сотрудничество предусматривает академический обмен обучающимися (магистратура, PhD-докторантура) и профессорско-преподавательским составом.
Совместно с акиматом ЮКО и АО «Химфарм-Santo» в Министерство индустрии и торговли РК внесены предложения по созданию фармацевтического кластера – технопарка на базе ЮКГФА. Они нашли поддержку участников совещания, проведенного в Астане Strategy partners Group МЗ РК, и находятся на рассмотрении в заинтересованных министерствах и ведомствах.
В ЮКГФА совместно с НАО «Кәсіпқор» при поддержке МОН РК разрабатывается проект по созданию на базе факультета подготовки специалистов с техническим и профессиональным образованием (ФПСсТПО) новой образовательной инфраструктуры ТиПО, которая будет обеспечивать подготовку инженеров-технологов для фармацевтических промышленных производств страны. Таких специалистов с вводом в эксплуатацию строящихся фармацевтических производств и совершенствованием действующих заводов будет катастрофически не хватать.
Что касается фармацевтов общего профиля, то с ними проблем в стране нет. Выпускники фармацевтического факультета нашей академии всегда были востребованы не только на юге, но и по всей стране. Повышенный спрос на специалистов объясняется тем, что на рынке труда образовался дефицит кадров в фармацевтическом секторе экономики. Возросшая потребность фармацевтической отрасли покрывается за счет выпускников со средним специальным образованием, что сказывается на качестве и квалификации выполняемой работы.
– По результатам генерального национального рейтинга вузов за 2012 год ЮКГФА находится на 27-м месте среди 60 «Лучших вузов Казахстана», а по итогам общегосударственного рейтинга лучших предприятий страны ваш вуз удостоен в 2013 году «Бронзовой медали». Эти достижения уже сами за себя говорят об успешности проделанной вузом работы над ошибками…
– Действительно, за этими показателями стоит комплексная оценка работы всего коллектива. За пять лет в ЮКГФА наблюдается существенная положительная динамика по всем показателям.
Особо хочу отметить, что в рамках реализации мероприятий Концепции дальнейшего развития медицинского и фармацевтического образования академия занимается переподготовкой и повышением квалификации медицинских и фармацевтических работников. Эта работа идет в соответствии с Государственным стандартом дополнительного образования по гибким и модульным программам, разрабатываемым совместно с работодателями. Результаты налицо: мы получили международное признание, отмечены международными почетными грамотами и медалями за освоение и эффективное использование в профессиональной сфере передовых современных технологий.
У нас созданы новые научные структурные подразделения, например, геномная лаборатория, оснащенная необходимым оборудованием для проведения современных фундаментальных и прикладных геномных исследований. Наличие такой лаборатории и других новых научных подразделений позволило начать исследовательскую работу по реализации прорывных научно-технических проектов.
По итогам анализа индикаторов по науке за 3 года рейтинг академии поднялся с 29-го места на 9-е среди 30 медицинских организаций науки и образования. А по итогам ранжирования научной деятельности за первое полугодие 2013 года академия занимает 4-е место.
– Бахытжан Дерибсалиевич, я знаю, что проектами, над которыми работает фармакадемия, заинтересовались даже ученые с мировым именем. Приезд в вуз лауреата Нобелевской премии Эрвина Неера тому яркое подтверждение. Что стоит ждать от этих проектов в случае их успешного завершения?
– Реализация научного проекта «Разработка и внедрение инновационных методов геномных технологий в диагностике и фармакогенетике (на примере туберкулеза)» позволит впервые в Казахстане разработать геномные диагностические методы доклинического выявления туберкулеза, будут разработаны тест-системы для выявления индивидуальной переносимости больными противотуберкулезных препаратов. Разработанные тест-системы вследствие их большей адаптации будут отличаться большей чувствительностью к местной патогенной микрофлоре по сравнению с зарубежными аналогами.
Перспективна и реализация научного проекта «Молекулярные и клеточные особенности регенерации при напряжении растяжения тканей». Изучение молекулярных и клеточных механизмов регенерации при напряжении растяжения тканей, подвергшихся механическому воздействию, позволят получить новые знания о механизмах регенерационного процесса, нарушение которого является основной, а возможно даже единственной причиной старения. Эти проекты получили высокую оценку зарубежных экспертов, к ним проявили интерес зарубежные специалисты по биотехнологии (Польша, Япония, США), отметившие, что «ожидается переломное открытие в области медицины и биологии».
Всего у нас реализуется 22 инициативных научно-технических проекта, прошедших государственную регистрацию, часть из них разрабатывается магистрантами и выполняется в рамках магистерских диссертаций.
– В последнее время депутатами Мажилиса Парламента РК и членами НДП «Нур Отан» часто поднимается вопрос дефицита врачебных кадров. На юге он ощущается достаточно остро, особенно в сельской глубинке. Не рассматриваете ли вы на перспективу возвращение к подготовке медиков, учитывая, что вуз сейчас реализует образовательные программы не только по фармации, но и по медицине на постдипломном уровне?
– В южном регионе страны, учитывая его демографические особенности, думаю, будет вполне оправданной реализация образовательных программ по специальности «общая медицина» на базе нашего вуза, особенно в рамках выполнения основных направлений Государственной программы «Саламаты Қазақстан». Тем более что постановлением Правительства РК № 157 от 2 марта 2010 года определен перечень клинических баз ЮКГФА с соответствующей материально-технической базой, а преподавательский состав представлен высококвалифицированными специалистами.
Я не исключаю, что в перспективе наш вуз сможет получить разрешение на полноценную подготовку и медицинских кадров. Для этого мы прилагаем все усилия по качественной подготовке медицинских и фармацевтических специалистов.
Любовь ДОБРОТА, //Казахстанкая правда.-2013.-13 сентября.- С.26
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Ертіс» технологиялық ғылыми орталығының атқарушы директоры Жұмабек ОМАРОВПЕН әңгіме
«Бізге бәсекеге қабілетті, жаңашыл технопарктер қажет»
– Жұмабек Мұхтарұлы, жуырда өзіңіз басқаратын орталықта еліміздің энергетикалық дамуына үлес қосатын өңірлердің алдағы жылдардағы атқарар жұмыстарына арналған ғылыми-тәжірибелік жиын болып өтті. Одан түйер қорытындыңыз қандай?
– Тақырыбының өзі айтып тұрғанындай, жиында энергия, қуат көздерін үнемдеу, болашақта елімізде қандай энергетиканы қолдануымыз керек, электр стансаларының қоршаған ортаға зиянсыз жұмыс жасаулары, экологиялық проблемалардың қалай алдын алуға болады деген сұраққа жауап іздедік. Қазір еліміз 80 пайыз энергияны көмірден, «қоңыр энергетикадан» алып отыр. Ал, болашақта біз жел, су, күн энергиялары арқылы экологиялық таза қуат көздерін алуға қол жеткізуіміз керек. Еліміздегі электр стансаларын газбен жұмыс жасауға көшіру де қоршаған ортаны ластамау, экологияны сақтау, таза энергияны пайдалану талаптарына сай болар еді. Экологиялық қолайлы энергия ресурстарын пайдалана отырып, өз жерімізде электр энергиясын өндіретін қуатты гидравликалық және жел күшiмен істеуші электр стансаларын салатын уақыт келді. Елімізде қабылданған «жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы, Астанада ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің өтуі осы бағыттағы ғаламдық жұмыстарды жолға қоюуға септігін тигізеді. Ең бастысы, жаңартылатын энергия қорлары негізінде экспорттық жүйе құрылады, қаржы үнемделеді, өндіріс дамиды, жұмыс орындары пайда болады, жабдықтарды жеткізу шығындары азаяды. Жел энергиясы, желдің қуаты еліміздің барлық өңірлерінде бар. Былай қарасаң, еліміздегі жел қуаты далаға кетіп жатқандай. Елімізде желдің қуатын еуропалық елдерге қарағанда үш есе көп алуға болады. Еуропада қазіргі уақытта жел энергиясы жоғары қарқынмен дамуда. Өйткені, олар жел турбинасын өздері жасап шығаруда.
– Осындай ғаламдық мәселелерді жергілікті университеттің технопаркі қолға алып жатқаны қуантарлық екен...
– Осыдан он жылдай уақыт бұрын университеттің бұрынғы ректоры, қазіргі облыс әкімі Ерлан Арынның бастамасымен оқу орнында технологиялық парк құрылды. Мақсат университеттегі барлық инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының басын қосып, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу барысына енгізуді жүзеге асыратын Павлодар-Екібастұз-Ақсу аймағындағы өндіріс орындары мен университет арасында тиімді байланыс орнатуды қамтамасыз ету болды. Инновациялық және өнертабыс бойынша бүкіл республикалық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру ісіне университет те қатыса алады. Технопарктің құрамында ғылыми-техникалық кеңес, сараптау орталығы, студенттік ғылыми орталық, көрме залдары, жобалау орындары, металлургия, машина жасау зертханалары бар. Қазір біздің еліміз технологиялық орталықтар желісін дамытуды қолға ала бастады. Бұл жүйенің қалыптасуына назар аударылуда. Елімізде индустриялық-инновациялық даму стратегиясы бекітілді. Бұл еліміздің ұлттық инновациялық жүйесін жасаудағы мемлекеттің айқын бір бағдарламасына айналды. Облысымыздың өндірісті өңір екені белгілі. Жалпы, өндіріс тұтқасы болып саналатын металлургия, энергетика, машина жасау салалары үлкен басымдыққа ие. Өңірдің бұрыннан келе жатқан индустриялық жолын жалғастырып, бұл күндері Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жаңадан өндіріс орындары ашылуда. Сондықтан технологиялық-ғылыми орталық құрудағы мақсат та өндірісі сан-салалы өңірдегі экономиканың тұрақты дамуына, кәсіпорындар мен жоғары оқу орны арасында екіжақты байланыс жасау, өндірістің өркендеуіне әсер ететін ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, білікті мамандар даярлау, оларды қолдау.
– Ғылыми-технологиялық орталықтың алдына қойылған міндеттер де аз емес сияқты...
– Бұл үшін бізге хаб құру қажет.
– Германиядағыдай хаб-орталықтар дейсіз бе?..
– Жалпы, технопарктың отаны АҚШ деп қабылданатыны белгілі. Германияда да 400-ден аса технопарктер бар. Мұндағы 156 технопарк бір ассоциацияға біріккен. Технопарктер Дюссельдорф қаласында орналасқан. Өзіндік қаржыландыру, қолдау жүйелері мықты. Сондықтан бізге де ғалымдардың, өндіріс орындарының, қаржыгерлердің бірлескен еңбектерін қосып, яғни «Ертіс» ғылыми технологиялық паркі негізінде хаб, өңірлік ғылыми-технологиялық орталық құру қажет. Хаб – жалпы мағынасында, қандай да бір желінің торабы, түйіні. Өкінішке қарай, іскерлік хаб ұғымы біздің халық санасына сіңіп, түсінікті ұғымға айналмай тұр. Сондықтан, менеджер мамандар дайындаумен бірге, хаб сияқты жаңа ұғымдарды халыққа түсіндіріп, оның пайдасын, ұтымды тұстарын насихаттаған жөн. Мысалы, әлемде біз үйренелік халықаралық ғылыми-технологиялық массачусетстік, манчестерлік, шанхайлық, Сколково сияқты басқа да хаб-орталықтар бар. Бір ғана Америкадағы Массачусетс технологиялық хабының бюджеті 40 млрд. доллардың көлемінде көрінеді. Мұндай жетістікке басқа да еуропалық және азиялық ғылыми-технологиялық орталықтар қол жеткізді.
– Шетелдік және отандық ғалымдар жоғары технологиялық және инновациялық бастамалары мен жаңалықтарын өндірісті облыста жасап көрсетіп, жүзеге асыруды күтіп жүрген болды ғой?
– Әрине. Шетелде жүлде алған екібастұздық ғалымдар жасаған жел турбинасы жайлы «Егеменде» өзіңіз жаздыңыз. Яғни біздің ғалымдар жасаған жаңашыл бастамалар, жобалар жоғары технологиялық инновациялық жаңалығы бар, сапалы әрі табыс әкелетін, экологиялық таза. Ғаламдық «жасыл технология» жүйесінің шарттары бойынша америкалық стандартқа ие деген сөз. Бұл арман-мақсаттар жүзеге асса біздің өңір жоғары технологиялық дамыған емес, тіпті, жоғары дамыған «жасыл технология» алаңына айналар еді. Облыс болса Ресеймен шектесіп жатыр, оларда ғылыми университеттер бар, Астананың, жанымызда жақын Курчатов қаласының ғылыми-технологиялық парктері, Өскемен, Қарағанды орналасқан. Облыс орталығындағы 2 университетте ғылыми-өндірістік ұжымдар және жекеменшік құрылымдарда 5 мыңға жуық бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде еңбек еткен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғалымдары, қызметкерлері жұмыс жасауда. Облыс орталығында өткен жиын қорытындысында еліміздің әр жерінен келген ғалымдар шетелдердегідей өңірлік ғылыми-технологиялық орталық /хаб/ құру туралы ұсыныс жасады.
– Басымдыққа ие салаларда жұмыс жасай алатын білікті мамандар қазір өзімізде де жеткілікті ғой?
– Мәселен, осы бағытты ұтымды пайдалана білсек, қолдау көрсетіп, бағалай білсек, Америкада оқығандар сияқты өз жерімізде оқып шыққан мамандардың да жаңа технологияларды игеріп алып кетуге мүмкіндіктері жетеді. Біздің міндетіміз студенттерге жаңаша білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану, әлемдік және отандық ғылым мен техниканың озық жетістіктерін зерттеп, өндіріске аса қажет инновациялық жобалар дайындап беру болып табылады. Жаңашыл бағыттағы өндіріс орындарын ашуға көмек беретін инновациялық жобалар жасау, оларды іс жүзінде жүзеге асыру, өңірдің ғылыми-техникалық жетістіктерін айқындайтын энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-химия өндірісі салаларын инновациялық жобалармен қамтамасыз ету негізгі мақсат. Сонымен қатар, технопарк маркетингтік стратегияны таңдау, өнімді сертификаттау, патент енгізу және зияткерлік меншік құқығын қорғау жөнінде консалтингтік қызмет көрсете алады. Орталықта ғылыми-техникалық кеңес құрылды, зерттеу жұмыстарына баға беретін арнайы сарапшылар тобы бар, студенттік ғылыми орталық, көрме залы, металлургия, машина жасау, көлік және коммуникациялар факультеттерінің және биотехнологиялық, экологиялық, электроника, ақпараттық технологиялар жүйесі, өндірістерде қалдықсыз өнім өңдеу технологиясы, экология мен қоршаған ортаға зиянсыз қуат көздерін ойлап табу сияқты және қазіргі қолданбалы экономика пәні бағытындағы ірі зертханалар жұмыс жасайды. Зертханаларда зерттеу жұмыстарын жүргізуге, архитектуралық жобалар жасауға, зерттеулерін тікелей технопарк арқылы өндіріс орындарына ұсынуға барлық жағдай жасалған. Әртүрлі тақырыптарда басқосулар, семинарлар өтіп тұрады. Технопарктің инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстары түгелімен оқу орнының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Технопарк жоғары оқу орнының жекеменшігі болғандықтан, оқу орны өзі қаржыландырады. Болашақта мемлекет бюджетінен немесе түрлі қорлар мен гранттар есебінен де қаржыландырылуы мүмкін. Өйткені, технопарк облыс көлеміндегі бірден-бір инновациялық-индустриялық бағытты қолға алған орталық.
– Сіз өзіңіз де көптеген шетелдерде болдыңыз. Ол жақтан не көріп, қандай ой түйдіңіз?
– Әрине, Германия, АҚШ университеттерінің біздің оқу орындарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Университеттер қолданбалы ғылыммен айналысады және өзіндік қаржыландыру, қолдау жүйелері бар. Сонымен қатар, дуальды (оқыту + практика) оқыту жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Бұл оқыту жүйесі бойынша студенттің білім алумен қатар, өндіріс орнында да жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға толық мүмкіндігі бар. Оқуының соңында студент бакалавр дипломына қосымша, өндіріс орны көрсеткен мамандық бойынша квалификацияны да алып шығады. Маман даярлауда өндіріс орындарының сұранысы міндетті түрде ескеріледі. Студенттердің ғылыми жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Оқу орнының инновацияларын өндіріске енгізумен тікелей айналысатын технологиялық брокерлердің болуы, университетті қосымша құқықтық жауапкершіліктен босата алды.
– Курчатов қаласында да жұмыс жасап келдіңіз...
– Курчатовтағы технопарк құрамында бірлескен шетелдік кәсіпорындар жұмыс жасайды. Бізге міне, осындай бәсекеге қабілетті, жаңашыл технопарктер қажет. Аты бар да заты жоқ технопарк құрудың мүлде пайдасы жоқ. Қазір біз университет технопаркінің 2013-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын жасап бітірдік, облыс әкімі Ерлан Арынға қарауға жіберілді. Бірінші кезекте өңірге халықаралық академиялық-қаржылық, өндірістік ресурстарды тарту қажет. Жоспар бойынша мысалы, тиімді энергия технологиясы, 5-7 түрлі кластерлік бағытта жұмыстар қолға алынады.
Біздің технопарк әлеуметтік, гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша электронды ғылыми әдістемелік бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Зертханалардың бәрі де озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Университет оқытушылары мен студенттері қалаған уақыттарында келіп, мәліметтер базасын ақтарып, түрлі мағлұматтар жинай алады. Студент технопаркке келгенде инновациялық жаңа әлемге келгендей сезіне алуы қажет. Әрбір студенттің компьютер алдында отырып, ғылыми жобамен айналысуы үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Бұл күндері студенттер оқытушылармен бірлесіп, жаңа энергия үнемдеуші технологияны жетілдіретін машина құрастыру өнімдерін өндіріске жеткізу үшін зертханаларда жұмыс жасауда. Технопарк құрамына жаңа ашылған 90-ға жуық және жұмыс істейтін ғылыми және университет факультеттерінің зертханалары кіреді. Зертханалар осы заманға сай компьютер техникасымен жабдықталған. Университетте орталық ашылғанға дейін де ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 9 институт, 8 ғылыми-тәжірибелік орталық, студенттік конструкторлық бюро, консалтингтік орталық жұмыс жасады. Яғни интеллектуалды, ғылыми-педагогикалық кәсібилендірілген оқу орнында барлығының басын қосып, бұндай орталықты ашуды өмір талабының өзі туғызғандай болды.
– Жалпы, университет ғалымдары технопаркке қандай үлес қосуда?
– Өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалану жолдары да өндірісті өңірге қатысты кластерлердің бірі. Қазір технопаркте жел энергиясын пайдалануға арналған құрылғыны сынау сәтті өтті. Жарық, су жоқ, үнемі жел соғып тұратын жерде пайдалануға әбден болады. Технопарктер ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстырушы буын. Ол бізге қазір ауадай қажет. Сол арқылы бизнес-жоспарлау, маркетингтік зерттеулер жүргізу, жобаларды әзірлеу, экономикалық талдау жасау міндеттерін шеше алады. Қай технопаркке болмасын отандық үлес қажет. Еліміздің ғалымдары белсенді болса, шетелдік ғалымдарға қол созбайсың ғой. Ғалымдар коммерциялық тәжірибеге, батыл қимылға үйренуі керек. Энергетика құралдары мен олардың технологияларын жасап шығаратын шағын зауыттар жобасы әзірленді. Сонымен қатар, технопарктің өз ішінен шағын зауыт ашып, ауыл шаруашылығына қолайлы әмбебап трактор, облыс орталығында қоқыс жинайтын кешенді машиналар жобасын жасап шығару ойда бар. Трактор демекші, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Төлеуғазы Тоқтағанов жасаған бұл жоба еліміз бойынша өткен инновациялық жобалар байқауында «Үздік инновациялық жоба» жүлдесін жеңіп алды. Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Ш. Торпищев еліміздің белсенді өнертапқышы атағына ие. Ал, ғылым жолын университет қабырғасынан бастаған студенттер үшін «Прометей» бағдарламасы арқылы студенттік ғылыми жұмыстар қаржыландырылады. Әрбір жобаға 100 мың теңге бөлінеді. Соңғы жылдары 15 студенттік ғылыми жоба бекітілді. Сонымен қатар, «Электроэнергетикалық жүйелердегі техникалық құралдардың электромагнитті келісушілігі» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмыс оқу үрдісіне енгізіледі.
– Жергілікті кәсіпкерлер технопаркпен байланыс жасап тұра ма?
– Біздің орталыққа, яғни ғылым мен техниканың дамуына жақсы жағдай туғызатын, инновациялық жобаларымыздың өндіріске жол тартуына, өнеркәсіптік өнімдерге қол жеткізуге осы сала бойынша жұмыс жасайтын департаменттер мүдделі. Әрине, ғылыми-технологиялық зерттеулерді қолдап, жоба жасаушыларды ынталандыруға көңіл бөлінгені жақсы. Біздің кейбір кәсіпкерлер жергілікті отандық ғылыми жоба әзірлемелерін іздеуге, оны бағалауға, іске асыруға инновациялық көрмелерге қойылған, орталық жинақтаған жобалар жүйесін арнайы шығарып отыратын каталогтарға, өндірістік сызбаларға қызығушылық көрсете қоймайды. Ал, қазіргі жаңа заман инновациялық кәсіпкерлік жолын таңдауда. Инновация дегеніміздің өзі ғылыми зерттеулер нәтижесінде ойлап табылған, сапасы жағынан бұрынғыдан асып түсетін өнімдер. Ғылым мен өндіріс өзара тығыз байланысты болса өндірісті өңір үшін пайдалы. Кәсіпкерлер инновацияның табысқа кенелтетінін, ескінің жұрнағынан еш пайда болмайтынын, инновацияның ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор екенін түсінулері тиіс.
– Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Фарида БЫҚАЙ,
Достарыңызбен бөлісу: |