Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы


Қазақстандағы жоғары білім



бет3/6
Дата25.02.2016
өлшемі3.5 Mb.
#22173
1   2   3   4   5   6

Қазақстандағы жоғары білім

Сүлеймен МӘМЕТ, тілші

«Болашақ» бағдарламасы кемел келешекке жол ашты

Тәу етер тәуелсіздігімізді алып, мемлекетіміздің іргетасын бекіту жолындағы ерекше ұмтылыс басталған тұста Президент Нұрсұлтан Назарбаев Отанымыздың күні ертең тірегі де тіреуі болатын кадр дайындау үшін арнайы «Болашақ» халықаралық бағдарламасын қабылдағаны мәлім. Содан бері де 20 жылдай уақыт өтіпті. Біз осыған орай Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек мырзаны әңгімеге тартқан едік.

– Саясат Нұрбекұлы, Елбасының «Болашақ» халықаралық стипендиясы азат еліміздің кемел келешегіне деген алғашқы тарихи қадамдарының бірі еді. Жалпы, бағдарлама туралы таратып айта кетсеңіз, мұның оқырмандар үшін, әсіресе, жастарға берер тағылымы аз болмас еді.

– Иә, 2013 жыл «Болашақ» үшін атаулы жыл екені рас. Бағдарлама аясында 6 мың стипендиат шетелде оқуын табысты аяқтап, елге оралды. Терең ой жіберіп қарасаңыз, «Болашақ» халықаралық стипендиясының атауы «келешек» деген сөздермен астасып жатыр. Аталған бағдарлама тағайындалған кезде Қазақстан енді ғана тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел болып, әлемге мысқалдап таныла бастаған еді. Елбасының салиқалы саясатының негізгі мақсаты, Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетін көтеретін білікті кадрлар дайындау болатын. Мұндай озық тәжірибені Қазақ елі ТМД-да бірінші болып енгізіп, бүгінде соның оң нәтижелерін көре бастады. Олай дейтін себебіміз, әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан білім алып келген жас мамандар Отанымызды өркендету жолында жемісті еңбек етуде.

– «Болашақ» бағдарламасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылды емес пе?

– Сұрақ орынды қойылып отыр. Оны төрт кезеңге бөліп айтуға болады. Бірінші кезең, негізі қаланған сәттен бастап 2000 жылға дейінгі аралық. Осы кезеңде «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыратын нормативтік актілер дайындалды. 1994 мен 1997 жылдары әлемнің 13 елінде 700 стипендиат экономикалық, гуманитарлық және техникалық-инженерлік мамандықтар бойынша білім алды. Жасыратын несі бар, кейбір стипендиаттар мемлекет алдындағы борыштарын дұрыс орындай алмай жатты. Осындай олқылықтарды есепке ала отырып, 1997 жылы Президенттің «Болашақ» стипендиясын беру тәртібінің жаңа ережесі жасалды. Ережеде талапкерлерді білім-білігіне қарай таңдау және олар курсты толық аяқтағаннан кейін Отанымыздың мемлекеттік органдарында жұмысқа орналастыру мәселелері қамтылды. Бұған қоса жастардың өркениетті елдердің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен тегін оқуына

21

мүмкіндік туды. Екінші кезең, 2000-2004 жылдар, бұл тұста бағдарлама мемлекеттің басым бағыттарына негізделді. 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі және 2003-2015 жылдардағы индустриялық-инновациялық даму стратегиялары бекітілді. Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасының түлектері докторантура бойынша білім ала бастады. Бұл жерде инженерлік-техникалық ма­мандықтарға басымдылық берілгенін айта кетсем деймін. Аталған мамандықтар бойынша талапкерлерді іріктеуде олардың шет тілдерін еркін білу міндеттері алынып тасталды. 1994 мен 2004 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 13 елінде 785 түлек оқыды. Өз кезегінде стипендия кәсіби өсу мен жетістіктерге жетудің кілтіне айнала бастады.



Үшінші кезең, 2005-2007 жылдары 3000 стипендиат әлем елдерінде білімдерін жалғастырды. 2005 жылы Елбасы өзінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында үш мың қазақстандық талантты жасқа «Болашақ» стипендиясының берілгендігі жайында айтты.

Осыған орай, шетелдерде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссияның арнайы отырысында «Болашақ» халықаралық бағ­дарламасын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған нақты жоспары қабылданды.

Төртінші кезең, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға арналды. Бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандар әзірлеу тоқтатылды. Негізгі салмақ магис­­­тратура және доктор PhD дайындауға түсті. «Болашақ» түлектерін жұмыспен қамтудың бағдарламалық-мақсатты шаралары жүзеге асырылды. Түлектерді мемлекеттік органдарда, компаниялар мен жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау салаларында жұмысқа орналастыру ісінде ұйымдармен үш жақты келісімге отыру, бітіріп келген жас маманның кәсіби көрсеткіштерін ескеріп, жаңа жұмыс орындарын жасақтау алдыңғы кезекке шықты.

2012 жылдан бастап бірінші рет педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық мамандық иелерін шет елдерде тағылымдамадан өткізу жобасы іске қосылды. Өткен жылы 9 мыңнан аса стипендия тағайындалды.

Тағы бір нақтылай түсетін ақиқат, бағдарлама табысының нақты көрсеткіштерінің бірі – оның халықаралық деңгейде кең мойындалуы болып табылады. Бұған бір мысал келтірер болсам, Осылайша «Болашақ» моделі РФ Стратегиялық бастама агенттігі әзірлеген жас кәсіпқойларды әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында даярлайтын ресейлік «Молодые профессионалы» бағдарламасына негіз болды. Кепілдік қамтамасыз ету тетігі қытайлық Ұлттық зерттеу қорында зерделенуде. Сол секілді біздің тәжірибемізге Польша, Малайзия, Ресей, Қытай, Украина ерекше ден қойып отыр.

– «Болашақ» бағдарламасы ең алдымен, тәуелсіз мемлекетімізде басқарудың тиімді тетігін білетін жастардың шоғырын қалыптастыру ниетінде қабылданғаны белгілі. Қазір сол мақсат толық орындалды деп айта аламыз ғой.

22

– Әрине. Сол тәуелсіздік алған кезеңдегі ел өмірі қилы-қилы қиындықтарға толы болды. Бір қоғамнан екінші дәуірге алмасып жатқан аласапыран уақытта Елбасының мұндай бағдарлама қабылдауы үлкен көрегендік еді. «Болашақ» бағдарламасы бір-екі жылда нәтижесін бере салатын оңай іс емес еді. Дегенмен, жүйелі түрде атқарылған істер мен дер кезінде жаңартылып отырған бағдарлама арқасында айтулы жетістіктерге қол жетті. Әлемнің үздік оқу орындарынан білім алып келген стипендиаттар Елбасы ұсынған реформаларды экономикаға енгізуде елеулі үлес қосып жүр. Президентіміздің жастарға арналған осы бір бағдарламасына, жоғарыда да айттым, бірталай өзгерістер мен толықтырулар жа­­салды. Егер алғашқы жылдары университеттеріміздің тек гуманитарлық және экономика факультеттерін тәмамдаған студенттер «Болашақ» бағдарламасымен шетелге жолдама алса, 2003-2015 жылдары техника мен ғылым саласына қажет мамандарға мән беріліп, төрткүл дүниедегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарына мықты таланттар жіберіле бастады. 2011 жылы медицина және инженер мамандығын таңдағандарға шетелде білім алу мүмкіндігі берілді.



– Осы уақытқа дейін қанша болашақтықтар қанша өркениетті елдерде білім алып қайтты?

– Бағдарламаның алғашқы жылдарынан бастасақ, бірінші он жылда 785 стипендиат әлемнің 13 елінде білімін жетілдірді. 2005-2007 жылдары 3000 стипендиатты оқыту мақсат-міндеті алға қойылды. Соның нәтижесінде бұл жылдары «Болашақ» стипендиясы 2 841 үміткерге әлемнің 32 мемлекетінде білім алуға мүмкіншілік берді. Соңғы жылдары тек стипендиаттар саны біршама өсті, бірақ талапкерлерді қабылдайтын оқу орындарының жағрафиясы ретке келтірілді. Оның бірінші себебі, білім сапасын арттыру, екіншісі мақсатты тапсырыс есебімен кәсіптік оқу орындарын іріктеу.

Қазір біздің стипендиаттар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария сынды елдердің ең үздік ЖОО-ларында білім алып, біліктілігін көтеріп, тәжірибе жинақтап жүр.

– Саясат Нұрбекұлы, бүгінмен қатар, алдағы үмітін үкілеген ұлт өкілі ретінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша атқарып жатқан жұмыстарыңыз, бағыт-бағдарларыңыз, келелі істеріңіз аз болмаса керек. Бұл туралы не айта аласыз?

– Өткен жылғы Елбасы Жолдауында кемел келешегімізге айқын бағыт-бағдар беріліп отыр. Біз де сол құнды құжатта нақтыланған жұмыстарды басшылыққа алатын боламыз. Бағдарламаға заман ағымына қарай бірталай өзгерістер мен толықтырулар жасалғанын алда еске салдым. 2011-2012 жылдар шеңберінде мы­надай шараларға ұйытқы болдық. Бірінші, стипендиаттарды іріктеу, даярлау және жұмысқа орналастырудың бағдарламалық-мақсаттық әдісіне көшу жүзеге асырылды. 2011 жылдан бастап мамандарды даярлау ұлттық және салалық бағдарламаларға сәйкес

23

келетін және тапсырыс берушілердің нақты кадрлық қажеттіліктерін есепке алатын мақсат негізінде жүргізілуде. Мақсаттық даярлау, мемлекеттік қызметшілерге, ғылыми-педагог қызметкерлерге, медицина және инженерлік-техникалық мамандыққа басымдық берілуде. Екінші, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-техникалық және медицина мамандары үшін тағылымдамалардың жаңа тәсілі енгізіліп отыр. Бұл «Білім туралы» заңға қосылған тиісті өзгерістерден кейін іске асты. Үшінші, ақпараттық жұмыс күшейтілді. Әкімдіктермен, өңірлік ірі жоғары оқу орындарымен байланыс артты. Алғаш рет жергілікті жерлерде құжаттар қабылдау ұйымдастырылды.



Бұл шара аймақтардағы үміткерлердің тікелей конкурсқа қатысуын айтарлықтай жеңілдетті. Мәселен, өңірлерден конкурсқа талапкерлердің қатысуы 2010 жылы 39% болса, 2011 жылы 43%-ға, 2012 жылы 47%-ға артты. Төртінші, «Болашақ» стипендиясына конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» рәсімі Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілді. 2012 жылғы тамызда өнеркәсіптік пайдалануға «Болашақ» көпфункциялы ақпараттық жүйесі мен «Студент шетелде» деректер базасы қосылды.

Енді талапкерлер конкурсқа қатысуға құжаттарын Қазақстанның кез келген жерінен электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы тапсыруына мүмкіндік алды.

Бесінші, кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүлік құны бойынша талаптар қайта қаралды. Енді кепілге қолда бар барлық жылжымайтын мүлікті құнына қарамастан қабылдауға рұқсат берілді. Ауылда тұратын стипендиаттар бір кепілді ғана ұсына алады. Алтыншы, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша проблемалар толық шешілді. Ағымдағы кезеңде үш жақты шарт жасау ісі қолданысқа енді. Ол оң нәтижесін беруде. Өз қызметкерлерін оқуға жіберген ұйым шарттың бір тарабы болып, талапкердің жұмыс орнын сақтау бойынша міндеттемелер нақты бекітілді. Осылайша, бүгінгі күні стипендияны дамыту жоспарының бірінші кезеңі табысты орындалды деуге болады. Мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог, инженер және медицина кадрларын нақты даярлаудың тетігі қамтамасыз етілді. Яғни, индустриялық-инновациялық дамудың, білім мен денсаулық сақтаудың басым мемлекеттік бағдарламалары үшін қажет мамандар әзірленуде.

Бұл шаралар «Болашақ» стипендиясын іске асырудың тиімділігін арттырды және елдің салалық экономикасына керек азаматтармен қамтамасыз етеді, кадрлар жүйесін қалыптастырады.

Түйіп айтсам, «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанда сапалы адами капиталды орнықтыру бойынша өз әлеуетін айтарлықтай нығайтты және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын іске асырудың маңызды тетігі болып табылады деп есептейміз.

– Әңгімеңізге рахмет.


//Егемен Қазақстан.- 2013.-4 қаңтар.-11б.

24

Наталия ЕРШОВА



Ключи к безопасному будущему
Приглашение ведущих зарубежных ученых в Восточно-Казахстанский государственный технический университет им. Д. Серикбаева позволяет студентам, магистрантам и докторантам университета знакомиться с лучшим мировым опытом.

Такой взаимообмен происходит в рамках программы Министерства образования РК «Привлечение зарубежных ученых и консультантов в ведущие вузы Казахстана». Нужно отметить, что ректором ВКГТУ им. Д. Серикбаева Нурланом Темирбековым выдвинут ряд требований: приглашаемый специалист должен не только обладать ученой степенью и званием, но и предоставить программу совместных научных исследований, а также запланировать к изданию учебно-методическую или научную литературу.

С начала нынешнего года свои краткосрочные программы в университете отработали свыше 15 ученых из США, Германии, Италии, Южной Кореи. Особый интерес у слушателей вызвал курс лекций специалиста Института исследований прикладной науки доктора Такаши Камеи (Япония).

– Я приехал, чтобы прочесть курс лекций о жидко-солевом реакторе, работающем на расплавах солей тория, – рассказывает Такаши Камеи. – В настоящее время эта тема актуальна во всем мире. В Казахстане ей также уделяется особое внимание.

Как отметил Такаши Камеи, одним из главных богатств Казахстана являются месторождения полезных ископаемых. Это не только металлы – цинк, железо и свинец, но и значительные запасы угля, природного газа и нефти. В стране имеются и другие минерально-сырьевые ресурсы, которые используются в высокотехнологичных отраслях промышленности. Среди них – редкоземельные металлы.

Доктор физико-математических наук, профессор ВКГТУ Сергей Плотников поясняет, что в ВКО сосредоточены крупные месторождения монацита, в нем есть около 44% редкоземельных элементов. В монаците есть еще один важный компонент – торий. Многие ученые полагают, что именно с ним в перспективе будет связано будущее всей энергетики.

Причин, по которым сегодня торию отводят такое важное место, несколько. Главная – в нем видят альтернативный источник ядерного топлива. Торий обладает рядом преимуществ по сравнению с ураном. При его производстве получается меньше радиоактивных отходов, а главное – он экологически безопасен. Причем тонна этого металла производит столько же энергии, сколько 200 тонн урана или 3,5 млн. тонн угля.

– Основные требования, которые сегодня предъявляются к ядерной энергетике, – безопасность и защищенность, – поясняет Такаши Камеи. – Ужасные аварии в Чернобыле и на «Фукусиме» в Японии, свидетелями

25

которых мы стали, не должны повториться. Ученые всего мира хотят создать реактор, который бы гарантировал безопасность и был абсолютно безвредным. Таким требованиям отвечает жидко-солевой реактор. Он не взрывается, как обычный ядерный реактор, поэтому вероятность аварий минимальна. Но даже если с ним что-нибудь случится, радиоактивные материалы не попадут в окружающую среду. Топливо из расплавленной соли быстро остывает в воздухе, и радиоактивные материалы сохраняются в нем.



Идея использования тория не является новшеством. Разработки ториевой программы начинались еще в далеких 50-х годах прошлого века. Но так как урановые технологии в те годы применялись уже повсеместно, ториевые разработки посчитали бесперспективными, и интерес к ним быстро угас. Некоторые полагают, что торий выпал из фокуса внимания по причине того, что из него практически невозможно сделать бомбу. Но сегодня это скорее достоинство, чем недостаток. Активное внедрение ториевых реакторов в энергетику позволит создать большие и относительно чистые мощные источники энергии, которые так необходимы человечеству.

Этот шаг может стать решающим и судьбоносным для Казахстана. Развитие ториевой ядерной энергетики является лучшим направлением для развития ядерных технологий в нашем государстве. В настоящее время ядерный реактор на расплавах солей тория разрабатывается в сотрудничестве с Национальным ядерным центром Казахстана в качестве мирной и безопасной ядерной энергии.

Посетив Национальный ядерный центр в Курчатове, Такаши Камеи отметил, что он является идеальным местом для проведения исследований и экспериментов в этом направлении. Японский ученый также выразил заинтересованность в том, чтобы продолжить тесное сотрудничество с учеными НЯЦ и ВКГТУ.

Около месяца Такаши Камеи провел в университете. Он дал высокую оценку качеству преподавания в вузе, а также условиям, созданным в технопарке «Алтай» для проведения научно-исследовательских работ. По его словам, квалифицированные специалисты, солидная научно-техническая база, а главное, прогрессивные энергоресурсы, которыми обладает Казахстан, обеспечат стране успех и позволят занять лидирующие позиции в мировом пространстве.


//Казахстанская правда.-2013.-5 января.-С.2

26

Аскар БАЗАРБАЕВ, депутат Мажилиса Парламента РК

Образование

как фактор социальной модернизации
В минувшем году Глава государства Нурсултан Назарбаев, оценивая глубинные процессы в быстроменяющемся мире, особое внимание в программных документах и выступлениях уделял определению направлений дальнейшего развития страны. Все они были резюмированы в озвученной Лидером нации Стратегии «Казахстан-2050».

Жизнь доказала, что политическая дальновидность и дар предвидения нашего Президента, основанные на уникальном опыте государственного руководителя, глобальном уровне мышления и мудрости, способствуют реализации всех поставленных им целей и планов.

Особенно хотелось бы подчеркнуть последовательную политику Главы государства, направленную на развитие образования, умножение инновационного потенциала общества.

Место образования в жизни общества во многом определяется той ролью, которую играют в общественном развитии знания людей, возможности развития их профессиональных и личностных качеств. И то, что знание начинает занимать ключевые позиции в экономическом развитии, радикально изменяет место образования в структуре общественной жизни. Приобретение новых знаний, информации, навыков, ориентация на их обновление становятся фундаментальными характеристиками в индустриально-инновационной экономике.

Как отметил Президент в декабрьском Послании: «Технологические открытия кардинально меняют структуру и потребности мировых рынков…

Цифровые и нанотехнологии, робототехника, регенеративная медицина и многие другие достижения науки станут обыденной реальностью, трансформировав не только окружающую среду, но и самого человека».

Несмотря на признание особой роли образования, его состояние в современном мире сложно и противоречиво. С одной стороны, огромные достижения в этой области очевидны. С другой – расширение сферы образования и изменение ее статуса сопровождаются обострениями проблем в этой сфере.

Все в большей степени образование перестает отождествляться с формальным школьным и даже вузовским обучением. Любая деятельность ныне трактуется как образовательная, если она имеет целью изменить установки и модели поведения индивидов путем передачи им новых знаний.

Президент ставит перед нашим образованием и всем обществом задачу обеспечить новые качества обучения и воспитания подрастающего поколения. Он подчеркивает: «Воспитание детей – это огромные инвестиции в будущее. Мы должны подходить в этом вопросе именно так и стремиться дать нашим детям лучшее образование». И оно должно быть эффективным

27

не только с точки зрения знаний, но и навыков правильной жизни. Поэтому нам следует думать, как изменить систему образования, чтобы мы могли воспитывать ответственных и конкурентоспособных личностей.



Важным фактором в этом направлении является формирование у учащихся умений учиться, навыков самостоятельной когнитивной деятельности с использованием современных и перспективных средств информационных технологий.

Сегодня ведущими тенденциями современного образования являются его гуманизация и гуманитаризация, диалогизм и проектность. В связи с этим уже сформировано понимание того, что образование и обучение – разные вещи, и что образование не должно быть просто трансляцией знаний. Между тем сегодня меняются образовательные методологии и технологии, даже содержание образовательных программ и учебных планов, но не сама сущность образования, которая пока остается совершенно неизменной. В то время как необходимо говорить о смене парадигмы «образование/обучение» парадигмой «образование/становление», имея в виду становление человека, его духовности, самосозидания, самооформления в личность.

Конечно, подобное изменение сущности образования неминуемо влечет за собой и адекватное изменение применяемых форм образовательной деятельности и типов образовательных пространств. Когда образование перестает быть простой трансляцией культуры и определенного набора профессиональных знаний, умений и навыков, тогда любой учебный предмет или дисциплина в рамках образовательного процесса уже не могут являться его целью, равно как и какая-либо форма образовательной деятельности.

Это выдвигает на первый план вопрос о необходимости существенного пересмотра, переоценки некоторых привычных для традиционного образования идеалов и норм.

Новое образование предполагает значительную меру индивидуализма и персонализма в каждом «образующемся» субъекте, чего совершенно невозможно добиться без предварительного пересмотра сложившихся стереотипов и норм традиционной педагогики. Но этот пересмотр должен быть ориентирован на соблюдение баланса между раскрытием индивидуальности каждого ребенка и сохранением в нем, как подчеркивает наш Президент, основ нашего культурного кода.

Следует обратить внимание и на ряд других традиционных ценностей образования, также нуждающихся в критическом переосмыслении. Сегодня все чаще к уже известным установкам добавляются требования о необходимости в планировании и организации образования исходить из запроса-заказа самих участников образовательного процесса. Требование, конечно, благое, но вряд ли разумное, ибо человек, только приступающий к самообразованию, самостроительству, самооформлению, вряд ли способен четко сформулировать и спроектировать траекторию своего образовательного движения. Поэтому реформа системы образования должна

28

включать в себя и воспитание у детей умения целеполагания, умения планировать свою жизнь. С этими вопросами они не должны сталкиваться лишь в выпускных классах школы.



Эти же недостатки современного казахстанского образования и ранее отмечались Президентом: «Сегодня в казахстанской образовательной системе недостаточно внимания к практической стороне учебного процесса, слабо учитываются индивидуальные особенности учащихся… Остро стоит вопрос недостаточности таких приемов духовно-нравственного воспитания детей, подростков и молодежи, которые бы нацеливали на решение индивидуальных задач их взросления и успешной социализации… По существу, весь учебно-воспитательный процесс базируется на устаревших методиках». Поэтому особое внимание в формировании новой образовательной модели необходимо обратить на конструирование особых черт социального характера, таких как ответственность, профессионализм, уважение к труду, инициативность.

Именно образование должно стать основой формирования конкурентоспособной личности XXI века, но для этого нам необходимо особое внимание уделить адаптации этого важнейшего института общества к требованиям времени.

//Казахстанская правда.-2013.-5 января.-С.4

29

Руслан ОСПАНОВ, «Ғылым қоры» АҚ менеджері



Ғылым – Қазақстан жастарының таңдауы!
«Ғылым қоры» АҚ Астана қаласының орта мектептері мен лицейлерінің «Тәуелсіз Қазақстандағы бала құқығы» атты зияткерлік сайысында және «Үнемді көлік» та­қырыптары бойынша үздік және тартымды жобаны ұсынғаны үшін жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Қордың басқарма төрағасы Қуатжан Уәлиев жобалар тұсаукесерлері қызықты және көкейкесті болғаны үшін алғыс айтты. Кездесуге №3, №36, №6, № 25 орта мектептерінің және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары өз ғылыми жобаларын жарысқа ұсына отырып, ғылыми жұмыс жүргізудегі ең қызықты өмір жолындағы алғашқы қадамдарын жасады. Көрсетілген жобалардың жоғары сапалы және жаңаша екенін ерекше атап өтуге болады. Жастардың өз өңдеулерін және ғылыми жобаларын мектеп қабырғасында қалай дайындауды және ұсынуды білетіні әрине мақтан етуге тұрады.

Қор қазақстандықтардың жас буынын ғылымға тартудың маңыздылығының зор екенін түсінеді. Отандық ғылыми кадрлардың қартаюы елдегі білімге негiзделген экономика құрылысының үдерісiне кедергі болып табылады.Жастарды ғылымға тарту мақсатында Қор соңғы үш айда жергілікті жетекші ғалымдардың қатысуымен Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды, Степногор, Ақтөбе қалаларының мектеп және лицейлерінде конференциялар өткізді. Мыңнан астам жоғары сынып оқушылары мен олимпиада жеңiмпаздары Қор қаржыландыратын ғылыми жобалар туралы және қазiргi ғылымның дамуы жайлы хабардар болды. Қазiргi кезде Қазақстанда жастардың ғылыми жұмыспен айналысулары үшiн барлық жағдайлар жасалуда. Астанада әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті ашылды. Университетте бакалавриат мамандарын дайындау үшін ең жақсы ұстаздарды тартуымен және оқу барысына жаттығу тәжiрибесiнiң кiрiгуiмен ең таңдамалы дүниежүзілік әдiстемелер бойынша жүргізілуде. Сонымен қатар, «Болашақ» президенттiк стипендиясы бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейiнгi ғылыми және педагогикалық кадрларын әзiрлеуге қайта бағдарланған. Инновациялық үдерістерді шетелде зерттеп, оларды Қазақстанда өндiрiске енгiзу үшiн қолайлы жағдай жасалып жатыр.

2012 жылы ғылыми салаға мемлекеттiк қаржылай қолдау көлемі 42 млрд. теңгеден асты, бұл алдыңғы 3 жылдың орта санынан 2 есе көп. «Ғылым туралы» Заңның қабылдануына орай Қазақстан ғалымдарының рөлі мен мәртебесi өстi. Ғылыми жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасы жетекші шетел және отандық ғалымдармен iске асырылады. Сонымен қатар, Ұлттық ғылыми кеңестердiң шешiмдерi уәкiлеттi органдармен орындалуы керектігі сөзсiз. Бiлiм және ғылым министрлiгiмен тығыз байланыста бола отырып Қор қазақстандықтардың жас буыны ынтасын ғылымға қызығушылығын арттыру тетiктерiн жетiлдiру бойынша үлкен жұмыс атқаруда.

//Егемен Қазақстан.-2013.-10қаңтар.-5б




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет