Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет2/6
Дата25.02.2016
өлшемі3.5 Mb.
#22173
1   2   3   4   5   6

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, сенатор, саяси ғылымдар докторы, профессор
«Мәңгілік Ел» болу стратегиясы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы – ел тарихындағы аса маңызды тағы бір қарышты қадам. Яғни, тәуелсіздігіміздің жиырма бірінші жылынан бастап ел тарихында тағы бір серпінді стратегия жасалды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы тек бағдарламалық сипатта ғана емес, оның ел өміріндегі тарихи, саяси маңызды құжат болып табылатынын да айтуымыз керек.

Ел халқына Жолдау арнау президенттік басқару нысанындағы мемлекеттердің бар­лығында дерлік бар. Халыққа арнап сөз сөйлеу, мемлекеттің ішкі және сыртқы сая­сатының негізгі қорытындыларын хабарлап, алдағы уақыттағы, таяу және ұзақ мерзімдегі атқарылар міндеттерді, жоспарларды нақтылау, дамудың басым бағыттарын жария ету, оны барша халыққа жеткізу елдік мұрат жолындағы сара жолды көрсететін бағыт-бағдарлық маңызды құжат болып табылады.

Елбасының әр жылғы Жолдауының өзіндік ерекшеліктері де, көпшілік асыға күтетін жаңалығы да болады. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы биыл көп күттірмеді және еліміз үшін тосын да жағымды жаңалық ретінде жария етілді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді басым бағыттарын, стратегиясын, жаңа саясатын белгілеумен ерекшеленеді. Аз ғана уақыт аралығында Қазақстан мемлекеті толыққанды қалыптасты, әлем елдері қызығатындай беделге ие болды, шекарамыз нақтыланып, мызғымастай, дау тудырмайтындай етіп белгіленді, шегеленді, саяси билік институттары нығайды, билік тармақтарының аражігі ажыратылып, олардың тепе-теңдігі мен бір-бірін тежеу тетіктері іске қосылды. Осының арқасында еліміздің жаңа Конституциясы қабылданғаннан бері билік тармақтары арасында бірде-бір теке-тірес пен жанжал туындаған жоқ. Мұның өзі де елдегі саяси тұрақтылыққа оң ықпал етіп отыр.

«Қазақстан-2030» Стратегиясының едәуір бөлігі мерзімінен бұрын орындалды. Мұндай жағдайда елдің жаңа саяси бағытын, ұзақ мерзімді даму стратегиясын белгілеу қажеттігі туындайды. Ел дамуының дұрыс стратегиясын таңдап алудың, оны халыққа жария етудің маңызы ерекше. Мұндай стратегия халықты болашаққа сеніммен қарауға жетелейді, күнделікті назарымызды жинақтайды, тәртіпке, ұқыптылыққа жұмылдырады және әрқайсымызды өз жоспарларымызды құруға жәрдемдеседі. Болашақта еліміздің қалай болатындығына, қандай басым бағыттары бар екендігіне қарап әркім өзінің мамандығын дұрыс таңдауға, қабілетін тиімді пайдалануға ертерек әрекет жасай бастайды. Сонымен қатар, әрбір жеке кәсіпкер де, басқа да жеке меншік иелері мен компаниялар, фирмалар да, еліміздің экономикасына инвестиция салуға қызығушылық танытқан шетелдіктер де

11

мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясы мен дамуының басым бағыттарына қарайлап өз жоспарларын құрады. 2050 жылға дейін арналған жаңа саяси бағыттың маңыздылығы да осындайдан көрінеді.



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы «Қазақстан-2030» Даму стратегиясын жариялаған Жолдауында «Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіліктерін дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады», деп айқанындай, Қазақстанның барлық мақсаттары мен жоспарларының қазіргі кезде шындыққа айналғандығын барлық қазақстандықтар да, әлемдік қоғамдастық та көріп отыр. Осыдан-ақ Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының іске асатындығына ешкім күмән келтіре алмайтындығы анық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы кең көлемді тарихи құжат болғандықтан, шағын мақалада оның бәріне тоқталу мүмкін емес. Бұл стратегия – жедел өзгермелі тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты, жол сілтер шамшырағы, келесі буынға арналған дұрыс бағдары. Ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруге арналған дәйекті де батыл жолы. Бұған Қазақстанның мүмкіндігі толығынан жетеді, қазіргі кезге дейін жеткен табыстарымыз да оған сенімділік береді. Еліміздің жаңа саяси бағытын айқындайтын жеті басымдықтың қай-қайсысы болса да болашағымыз үшін аса маңызды

Елбасы Н.Назарбаев қазақстандық демократия туралы ерекше айтты. Мемлекеттің тәуелсіздігі, азаматтардың еркіндігі мен бостандығы, демократиялы ел болуы әркімнің ойына келгенін істеуді білдірмейді. Тәуелсіздік – бұл ең алдымен тәуелсіздік атты қасиетті ұғымды қадірлеу, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға, бекемдеуге және қорғауға әркімнің үлес қосуы болса, ал демократия дегеніміз ең алдымен заңға тәуелді болу және тәртіптілік. Н.Бердяевтің сөзімен айтсақ, «Бостандық адамның құқығы емес, Құдай алдындағы міндеті», яғни демократияның шынайы міндеті – азаматтық тыныштықты, басқалардың қауіпсіздігін, құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету.

Бізге оңды-солды тарата беретін демократияның қажеті жоқ. «Демократия жарлықпен орнатылмайды» (Н.Назарбаев). Бостандықты, демократияны иелену үшін оны шектей білу де керек. «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекетті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс». Бұл «қазақстандықтық жолдың» одан әрі дамытылатынын білдіреді. Ізгілікті, қайырымды мемлекет туралы сөз қозғаған ойшылдардың барлығы да ең алдымен мемлекеттегі тәртіп пен әділдікке баса назар аударған. Тәртіп жоқ


12

жерде шынайы демократия бола алмайды. Демократия осы екен деп баскөзге қарамай, оған бірден сүңгіп кету жақсылық әкелмейді. Олай еткендердің жағалауға дейін жүзіп шығулары екіталай.

Қару иеленуге дейін жеңілдік берген Америка демократиясының не болғанын бүкіл әлем көрді. Осындай демократияның зардабынан бейкүнә балалар оққа ұшты, АҚШ төрт күн бойы қара жамылды. Мұндай оқиғалар әлемнің басқа да дамыған демократиялы елдерінен кездесуде. Бұл елдер де «демократиядан тым озық кеткенін» енді түсініп жатыр. Адам құқығы мен бостандығы туралы заңдарды қайта қарау керектігі де айтылуда, мұны жұртшылық та талап етуде. Уақыттың өзі көрсеткеніндей, Қазақстан ондай жолды таңдай алмайды. Біз өзімізге керегін ғана пайдаланамыз.

Демократия мен әсіре демократияның екі басқа ұғымдар екенін айтқан Қазақ елі басшысының бұл туралы ертерек қамданғандығына, ондай зардаптың болатынын болжағандығына қалай ғана тәнті болмасқа? Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен, халықтың саяси санасының өсуімен ұштасты. Қазақстан саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанды, оны кезең-кезеңімен жүргізді, біреудің «ақылына», «сынына» қарамады. Осылайша біздің ел өзінің әрбір басқан қадамымен демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары талаптарға сәт сайын жақындап келеді.

Мемлекет басшысы жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ол ауылдық, селолық деңгейдегі басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Ауылдық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер берілуімен қатар, 2013 жылдан бастап мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалығы енгізіледі. Енді көп ұзамай азаматтарымыз жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын болады. Қазақстандық демократия осылайша уақыт ырғағымен, ел дамуының деңгейімен бірге ілгерілей береді.

Мемлекеттілікті нығайту мен қазақстандық демократияны дамыту басқаруды орталықсыздандырудың сауатты жүргізілуін де қажет етеді. Яғни, шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлерге беру біртіндеп жалғасады, жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіліктері қаржылық және кадрлық әлеуетпен нығайтылады. Бірақ бұл жағдай жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп ен реттіліктің нашарлауына апарып соқпауы тиіс.

Демократияны бір елден екінші елге айна қатесіз көшіре салуға болмайды. Қазіргі дүние, тіпті дамыған демократиялық елдердің жұртшылығы да демократияны қайта қарауды талап етуде. Әңгіме, демократияны кез келген жерге тықпалай беруде емес, оның құндылықтарын қадірлеп, жөнімен, рет-ретімен ғана пайдалана білуде. Демократияның құндылықтарын теріс пиғылдылар да өз мақсаттарына пайдаланып қалуға ұмтылатынын көпшілік те көріп жүр. Сондықтан да Қазақстанның басқа

13

елдерге ұқсай бермейтін өз демократиясы және өзіндік басқару түрі болады.



Бірақ бұл Қазақстанның демократиядан ауытқуын білдірмейді. Бұл туралы Елбасы өз Жолдауында «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың жаңа санаты – «А» корпусы құрылады. …ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажет. Міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем қөзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу», деп ерекше атап көрсетті.

Осылайша Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа түрі құрылып, мемлекеттік қызмет сапасы жақсаратын болады, мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктеліп, оларға қойылатын біліктілік талаптары күшейтіледі. Осындай жағдайда ғана «қазақстандық жолдың» өзіндік нұсқасымен «Қазақстан-2050» Стратегиясына қол жеткізіледі. Мемлекеттің осы мақсаттағы кадр саясаты жөніндегі реформасы қазірдің өзінде-ақ басталып кетті. 2013 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуі мен оларға қойылатын талаптардың жаңа тетігі енгізіледі.

Елбасының атап көрсеткеніндей, 2050 жылға қарай Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құрылатын болады. Мұндай жүйе болашаққа сенім жоқ жерде құрыла алмайды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – еліміздің жарқын болашағы бар екендігін, даму үшін, кәсіби тұрғыдан өсу үшін орасан зор мүмкіндіктер жасалатынын көрсететін, алға басуға жігерлендіретін, біздің елдің табысты болатынына сендіретін тарихи саяси құжат. «Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске асырмай күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз». Біздің болашағымызды өзімізден басқа ешкім де айқындамайды, «жұмақты» басқалар орнатып бермейді. Оны біз өз ерік-жігерімізбен, болашаққа деген сеніммен орнатамыз.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, оның «Мәңгілік Ел» болуына қызмет етеді. «Мың өліп, мың тірілген» Қазақ елі үшін бұдан артық қандай бақыт пен табыс болмақ?!

//Егемен Қазақстан.- 2013.-5 қаңтар.-2б.
14

Еркін КӨБЕЕВ, Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің ректоры
Алда асқаралы міндеттер тұр
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы Тәуелсіз Қазақстан дамуының қо­рытындыларын шығарып, еліміздің таяу онжылдықтағы ауқымды міндеттерін айқындап берді.

Президенттің пікірінше, Қазақстанның мемлекеттік дамуының 2030 жылға дейінгі алғашқы ұлттық стратегиясының «бірқатар бағыттары мерзімінен бұрын орындалды»: экономика, еліміздің саяси жүйесі, ұлттық білім беру жүйесі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласы жетістіктерге жетіп, жаңғыртылды. Тәуелсіз Қазақстанның Елбасы белгілеген саяси бағыты елімізге дамыған елдермен толыққанды серіктес болуға, тұрақты көпұлтты мемлекет ретінде танымал болуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша халықаралық бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдауға ие болып, еліміздің саяси беделінің нығаюына жәрдемдесті. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның еуразиялық жолмен даму тұжырымы біздің қоғамда кеңінен жүзеге асып жатыр. Елбасы жаңа Жолдауында жаңа стратегияның маңыздылығына тоқтала отырып, оның арқасында «…біздер әлемнің геоэкономикалық және геосаяси орталығында боламыз» деп атап өтеді.

Қазақстанның жаңа саяси бағытын айқындай отырып, Президент Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтар үшін «үздік білім, лайық еңбек, жарқын болашақ» сияқты жаңа мүмкіндіктер берілетіндігін атап көрсетті. Елбасы Қазақстанда «зияткерлік ұлт» қалыптастыру идеясын дамыта отырып, еліміздің алдына қойылған тарихи маңызды міндеттерді шешу үшін «қазақстандықтар жоғары білімді ұлт болуы керек» деп атап өтті. Президенттің пікірінше, бұл мәселеде қазақстандықтардың жаңа буыны – Тәуелсіз еліміздің құрдастарына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Олардың білімі, кәсіби біліктілігі, Отанына деген сүйіспеншілігі елімізге «2050 жылдарға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне» мүмкіндік береді.

Президенттің айтуынша, жаңа мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруда зиялы қауым ерекше рөл атқарады. Олар «біздің жалпы ұлттық құндылықтарымызды нығайтуда жетекші күшке айналулары керек» деді. Ғалымдар, шығармашылық интеллигенция өкілдері ел тарихын, бүгінгі күнді саралауға үлес қосуда, атап айтсақ, тарихқа жүгіне бермей, заманымыздың қаһармандарын көрсете білуіміз керек. Оларға қарап біздің жастарымыз бой түзейді. Тәуелсіздікті құру, тарих үшін қысқа 20 жыл ішінде еліміздің дамуы, астананы құру ұлы мұраттар болып табылады.
15

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің басты бағдары терең білім, кәсіби іскерлік деген пікірін қолдай отырып, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұжымы Қазақстанды одан әрі дамытуға, жоғары технологиялы, әлеуметтік саясат жағынан тартымды, инновациялық ғылымы мен бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі бар мемлекет ретінде әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуіне үлес қосатын жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша өз жұмысын жалғастырады.


//Егемен Қазақстан.- 2013.-5 қаңтар.-2б.

16

Әбдімүтәліп ӘБЖАППАРОВ, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры, профессор
Мәңгілік Ел болудың жаңа межесі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – келешегіміздің кемел де кемеңгер жоспары. Бұл бүкіл қазақстандықтардың жүрегінен жол тапқан жаңашыл, тұжырымды Жолдау болды. Президенттің жыл сайынғы жолдауларының арасында бір-бірімен тығыз байланыс бар. Бұл байланыстардың барлығы да еліміздің 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына, Қазақ­станның жаңа саяси бағытына келіп тоғысқандай. Елбасы Жолдауда атап өткендей, «біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз».

Бұл Жолдауда «Қазақстан – 2030» Стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылды. 2050 жылға дейінгі кезеңді қамтыған Жолдаудың әрбір бағытында айтылған тапсырмаларды орындау – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Еліміз қазір тұрақты даму жолына бағыт алды, ел экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Ұлттығымыздың ұлы шаңырағы Астананың қарыштап дамуы, өркендеуі Қазақстанның мәртебесін асқақтатып отыр, елорда – ел өркендеуінің негізі, саяси тұрақтылықтың, эконо­микалық өрістеудің орталығы. ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу мен ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыру да – ел алдындағы үлкен іс, Астананың мол мүмкіндігінің тағы бір көрінісі. Елордамыз – Астананың күн санап көркейіп, өсіп, сәулеттенуі – бәріміздің мерейіміз. Шынында Астанадай асқақ еліміздің жүрегі болмаса, дәл мұндай әлемдік маңызды міндеттер жүктелмеген болар еді. Бұл құрмет – Қазақстанға құрмет, Елбасымыздың әлем алдындағы асқақ абырой-беделі.

«Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» екендігін жариялаған Президентіміз халық көкейіндегі мәселелерді тап басып, алдағы міндеттерді көрегендікпен айқындап, келешегіміздің кемел көкжиегін көрсетті. Осы реттен келгенде, Елбасы Жолдауындағы негізгі бағыттар әрқайсымызға үлкен міндеттер жүктейді.

Тәуелсіздік – бүкіл ата-бабаларымыздың асқақтаған армандары, сол үшін қазақ даласында болған бірнеше қуғын-сүргіндер, сексен алтының желтоқсанындағы біздің жастарымыздың алаңға шығып көрсеткен ерлігі – оның оңайлықпен келмегендігінің үлкен дәлелі. Тәуелсіздіктің арқасында ынтымағымыз бен бірлі­гіміз жарасып, керегесі кең елге айналдық. Елімнің қай қиырында еңбек етсем де менің негізгі мақсатым – «болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі», «тәуелсіз Қазақ елінің перзенттері», еліміздің ертеңі – болашақ ұрпақты білімді де саналы етіп тәрбиелеу.

1988-1989 жылдары Германияның екі бірдей жоғары оқу орнында – Клаусталь техникалық университеті мен Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль

17

жоғары техникалық мектебінде іс-тәжірибеден өттім. 1994-1995 жылдары Целли қаласында Төменгі Саксон неміс басқару академиясында білім алдым. Ол кезде қазақ деген ұлтты басқа ел танымайтын еді. Қазір бәрі басқаша – ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздігіміз бүгінде толыққанды, нық орнығып, қазіргі таңда қазақ елін бүкіл әлем таныды. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі бет-бейнесі, экономикасы мен халқының әл-ауқатының артуы елімізде жүргізіліп отырған салиқалы сая­саттың нақты нәтижесі екендігі сөзсіз.



Еліміздің экономикасы өркендеп, жылдан-жылға қуаты артып келеді. Жас мемле­кетіміздің буындары бекіп, қабырғалары қатайып, өз алдына дербес, тұғырлы ел болуына қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Еліміздің алдында жаңа, өршіл мақсаттар тұр. Олардың ең бастысы – әлемдегі барынша дамыған мемлекеттердің қатарына кіру.

Шетелдің, әсіресе, Американың, Қытайдың, Германияның, басқа да елдердің жоғары оқу орындарының жұмыстарымен таныса жүріп, өмірлік тәжірибелерімнен Қазақстанда да шетелдік үлгідегі университет қалашығы салынса деген арманым туғанын жасырмаймын. Ол ой маған Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ректор болып жүрген кезде келіп, сол ойымды іске асыру үшін Өскеменнен арнайы жүз отыз гектар жер бөлініп, Үкіметке хат жазылып, осы мәселені енді бастап жүрген кезде Маңғыстаудағы жоғары оқу орнына ректор болып ауыстым. Көкейдегі арман-ойымды іске асырудың сәті түсіп, Ақтаудың жаңа шағын ауданынан елу төрт гектар жерден студенттер қалашығын бастадық. Университеттің биік бас ғимараты Ақтау қаласының сәулетіне сәулет қосты. Университет кампусының барлық оқу зертханалық базасы, жатақханасы да шетелдегі өзім көрген, оқыған университеттердің үлгісінде жасалып, игілігімізге қызмет етуде. Университет қалашығының салынуы тікелей Елбасының тапсырмасымен жүргізілуде. Оқу орнының бас ғимараты, 500 орындық жаңа үлгідегі жатақхана, жүзу бассейні бар студенттік спорт кешені пайдалануға берілсе, енді жастар сарайы, кітапхана, оқу ғимараты, техносаябақ, инжиниринг орталығы, ғалымдар үйінің құрылысы кезекте тұр.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті жоғары білім беруді заман талабына сай жетілдіріп, халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізуге батыл қадам жасап, сырт бейнесімен де, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жағынан да республикамыздағы жоғары оқу орындарының алдыңғы сапында келе жатыр. Оқу ордамыздың миссиясы – бүгінгі әлемдегі өзгерістерге икемделуге қабілеті жоғары білікті мамандар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлап, еліміздің ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына белсенді ықпал ету болып табылады.

ACQUIN аккредитациялау орталығының сарапшылары үстіміздегі оқу жылы басталар шақта университеттің «Мұнай-газ ісі» және «Машина жасау» ма­мандықтарын халықаралық аккредитациядан өткізу үшін арнайы келіп, аталмыш мамандықтардың зертханаларын аралап, оқу жүйесімен егжей-

18

тегжейлі танысты. Сонымен бірге, олар екі мамандықтың студенттерімен кездесулер өткізіп, сұхбаттар жүргізді. Нәтижесінде өңірімізге сай мамандар қажеттілігіне сәйкес дайындалатын «Мұнай-газ ісі» және «Машина жасау» мамандықтары халықаралық аккредитациядан еш сүрінбей өтті.



Біздің оқу ордамыз республикада оқу-зертханалық база бойынша алғашқы орындардан көрініп келе жатыр.

Мамандар даярлау сапасын арттыру және әлемдік білім беру кеңістігіне қосылу бағытында мақсатты қызметтер жоспарланды. Соның ішінде алыс-жақын шетелдерден студенттерге арнайы дәріс оқуға профессорлар шақыру – оқу ордасындағы инновациялық қызметтің бірі. Алыс-жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен келісім-шарт негізінде халықаралық ынтымақтастық жасау жыл сайын еселене даму үстінде.

Білім берудің инновациялық үлгілері білім берудің ұлттық жүйелерін интеграциялық жақындату идеясы негізінде әлемдік стандарттарға бейімдеу жүйесін білдіреді. Ол қазіргі білім берудің заманауи сапалық деңгейін қа­лыптастыруға, білім беру жүйелерін халықаралық үйлестіру мен ұлттық бағдарламаларды модернизациялауға мүмкіндік береді. «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», деген Елбасының сөзінен туындаған осы талаптар үдесінен шығу мақсатында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар университетінің ұжымы да аянбай еңбек етуде. Білім, ғылым саласындағы барлық жұмыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жыл сайынғы халыққа Жолдауында нақтыланған тапсырмалардың аясында атқарылып келе жатқанын атап айтамын. Әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсат ұлттық идеяға айналары сөзсіз. Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржының 9,5 есе өскені де көңіл қуантарлық. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы – жаңа буынның жедел әрі сапалы білім алуларына жасалған жағдай. Еліміздің жаһандық саясаттағы рөлі де айқын. Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы көшбасшылығы басқа мемлекеттер үшін үлгіге айналды. Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып, дамыту міндетін белгілеуі, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтуы, еліміздің бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналуы, «Қазақстан-2030» Стратегиясының белгіленген мезгілінен бұрын іске асуы – Елбасының көрегендігінің айқын дәлелі. Қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағыты біздің университетте де жалғасын табуда.

Каспий маңында орналасқан бес мемлекеттің шекарасында тұрғандықтан, университет алдында тұрған міндеттердің бірі – әлемдік білім беру кеңістігі арқылы халықаралық байланыстарға кірігу, сөйтіп, білім сапасы жоғары оқу орны мен оның түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің

19

маңызды факторына айналуы. Қазір университеттің алдында бірінші кезектегі міндет – халықаралық байланыстар жүйесіне әлемдік білім кеңістігі арқылы кірігу болып табылады, онда білім сапасы жоғары оқу орны мен оны бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы болмақ. Университетімізге өткен жылы қырықтан аса шетелдік профессор келіп, дәрістер оқыды. Шетелдік ғалымдар біздің жастарымыздың өте талантты екенін атап айтып жатады. Сонда олар кіммен салыстырады?! Олар өздеріндегі жастармен салыстырады. Халықаралық деңгейде біздің жастарымыздың танымдық өрісі ешкімнен кем емес.



Өзінің Жолдауында елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейтіндігіне қынжылыс білдірген Елбасы Үкімет және жергілікті органдар алдына дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдауды міндеттеді. Бұл орайда университет кампусынан жүзу бассейні бар жастарға арналған спорт кешенін студенттердің игілігіне ұсынуымыз да – Елбасының саясатын қолдауымыздың жарқын бір дәлелі. Университетімізде спортты дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асуда. Күні кешегі Лондон олимпиадасында мерейімізді асқақтатқандардың ішіндегі күміс жүлдегер Әділбек Ниязымбетов – біздің Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенті.

Біз Каспий теңізі айналасындағы мемлекеттік университеттердің ассоциациясы құрамындамыз. Ассоциацияның негізгі мақсаты – Каспий теңізі мәселелерін шешу және ғылыми-зерттеу орталықтарының ынтымақтастығы болып табылады. Қазіргі таңда бұл ассоциацияға 51 университет мүше болып отыр. 2013 жылы Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттер ассоциациясының XVI бас ассамблеясы және VI Универсиадасы (спорттық ойындар) Ақтау қаласында Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында өтпек. 1000-ға жуық студент қатысатын универсиадаға қызу дайындық жұмыстары да басталып кетті.

Ұлы мұрат пен елдік мүддені көздеген маңызды Жолдаудың қазақстандықтарды алыс болашаққа бастайтыны ақиқат. Біз болашаққа нық сеніммен қараймыз, біз жаңаша дамудамыз. Және бұл үшін бізде ең бастысы бейбітшілік пен тұрақтылық бар, Қазақстанның жарқын болашағына қызмет ететін жастарымыз бар. «Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық… Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!» деген Президентіміздің оптимистік рухтағы сөздері бәрімізге үлкен серпін берді.

Мәңгілік Ел болудың жаңа межесін белгілеген бұл құжат келешегіміздің кемелдігіне көз жеткізгендей.

//Егемен Қазақстан.-2013.-15 қазан.-2б.

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет