Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет10/15
Дата15.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#136590
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Елена МИЛОВА, доцент КГУ им. Коркыт Ата

Учитель, перед именем твоим…

Лейтмотивом на всех занятиях профессора Матаева звучала мысль о том, что от обретенного призвания до благородного людского признания – долгий путь кропотливого будничного труда, которому необходимо посвятить лучшую часть жизни.

Нет на свете более благородной, гуманной и прекрасной профессии, чем учитель, особенно когда это педагог по призванию. В повседневной жизни, поведении, общении с молодым поколением он будет специалистом высочайшего класса, миссия которого сегодня – подготовка, как неоднократно подчеркивал Президент Нурсултан Назарбаев, образованного, «продвинутого» поколения казахстанцев, уверенно пользующегося инновационными технологиями.

Несомненно, критерии работы преподавателя высшей школы – воспитанность студентов, их способность к анализу различных информационных потоков, готовность к творческому решению проблем, законопослушание. Все сказанное в полной мере можно отнести к профессиональной деятельности кандидата философских наук, академика Академии социальных наук РК, Международной академии педагогического образования Мустафы Матаева, юбилей которого в нынешнем году будет отмечать все научное сообщество.

Мое знакомство с Мустафой Матаевичем состоялось в 1992 году, когда Кызылординский гуманитарный институт им. Коркыт-ата впервые осуществлял набор на специальность «правоведение». С этим временем для меня связана самая светлая и радостная пора – студенчество.

В тот год в вуз набрали три группы: П-12, П-22, П-42, студенткой одной из которых была и я. Мустафа Матаевич тогда возглавлял кафедру «Правоведение», читал на первом курсе дисциплину «Теория государства и права».

Известно, что 1992 год – начало независимости, время, когда шло становление нашего государства, формирование правовой базы. Советские учебники на тот момент уже устарели, а новых еще не было, поэтому М. Матаев настойчиво рекомендовал нам выписывать казахстанские газеты и журналы, постоянно просматривать и анализировать информационные программы по телевидению.

«Юрист должен знать все!» – говорил наш учитель, открывая перед нами широкие горизонты. Лейтмотивом на всех занятиях звучала мысль профессора о том, что от обретенного призвания до благородного людского признания – долгий путь кропотливого, будничного труда, которому необходимо посвятить лучшую часть жизни. «Работать и не хныкать, – говорил Мустафа Матаевич, – выстоять, если окажется, что все усилия потрачены впустую и завтра придется все начинать сначала».

Сегодня в нашем университете введена кредитная технология обучения, с упором на самостоятельную работу обу­чающихся. А у нас уже тогда, при традиционной системе обучения, большое внимание уделяли накоплению и учету собранного материала. Под руководством М. Матаева мы конспектировали работы Президента Нурсултана Назарбаева, программные документы, Законы Республики Казахстан. У каждого была своя папка с конспектами.

Собранным фондом потом я пользовалась очень долго, уже сама будучи преподавателем. Вместе с нами в библиотеке трудился и Мустафа Матаевич, готовясь к очередным лекциям. Однажды мне попалась подшивка старых газет «Правда», в одной из которых в рубрике «Интернациональное воспитание» была опубликована статья «Мустафа, сын Ефименко». Читая ее, я открыла для себя неизвестного, нового человека. В ней описывалась история, которая прошла сквозь всю жизнь нашего профессора.

После того, как он окончил в ауле семилетку, родители мечтали, чтобы он продолжал образование, а средняя школа находилась в Казалинске, и ее интернат был переполнен. И вот тогда друг семьи Василий Ефименко пригласил Мустафу жить к себе. Три года он воспитывался в русской семье вместе с сыном Василия Кирилловича – Геннадием.

Родители Мустафы были против его учебы в университете, и тогда названый отец не только настоял на дальнейшей учебе, но и все хлопоты и заботы о нем в студенческие годы взял на себя. Когда у Василия Кирилловича трагически погиб родной сын, Мустафа окружил этих людей своей сыновней заботой.

Слушая лекции М. Матаева, я воспринимала его не только как педагога, но и как человека, обладающего богатым жизненным опытом, щедрой душой и большим сердцем. Занятия проходили в полной тишине – так, что «было слышно, как пролетает муха». Мы с замиранием сердца следили за движением авторучки Мустафы Матаевича, проходившей по списку группы.

Он учил нас интересно рассказывать материал темы без конспектов, внимательно слушать выступление сокурсника, аккуратно записывать основные моменты услышанного, четко и конкретно задавать вопросы отвечающему, и не потому, что хотел «завалить», а чтобы мы формировали умения рассуждать, доказывать, отстаивать собственную точку зрения.

В силу своей неопытности на первом курсе многие вещи, о которых нам говорил М. Матаев, мы не понимали. А на выпускном – когда слушали его лекции по курсу «Проблемы теории государства и права» – нам казалось, будто «глаза открылись», так все было понятно. Профессору удалось не просто научить своих студентов теории, но и заложить в них практические основы будущей профессии.

Мустафа Матаевич часто приглашал нас на дополнительные занятия, где всегда интересовался, как и чем мы живем, какие у нас проблемы, всегда был готов помочь, посоветовать, поделиться своим многолетним опытом с молодыми, поскольку в его памяти и сердце так много поучительных случаев и примеров, что они подчас убедительнее многих пособий. Несмотря на то что в аудитории присутствовало столько самобытных личностей, столько характеров, не похожих друг на друга, профессор заставлял нас мыслить, видеть, находить, размышлять, не бояться риска в новом начинании.

С 1996 года с Мустафой Матаевичем мы стали коллегами. И потому уже реже стало обращение «Леночка», все больше «Елена Викторовна». Всегда и во всем понимание, поддержка, в нужный момент – дельный совет. Меня всегда удивляют и восхищают его неутомимая энергия и организаторский талант, высокий профессионализм руководителя, ученого и педагога, умение создать творческую атмосферу в коллективе, принципиальность и требовательность к себе и людям, простота и искренность в общении.

Работая рука об руку на протяжении нескольких лет с М. Матаевым, я прошла его школу с четкой дисциплиной, ответственностью и своевременным выполнением порученного, с добротой, уважительным отношением к ученикам, любовью к ближнему, вечным ценностям. Уместным будет вспомнить высказывание Льва Толстого о том, что если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он – совершенный учитель.

Вообще с Мустафой Матаевичем связаны все важные моменты в моей судьбе: он пригласил меня на работу в качестве преподавателя, назначил заведующей кабинетом «Правоведение», научил хорошо работать, отправил на курсы повышения квалификации в город Алматы, где я познакомилась с руководителем кандидатской диссертации, подсказал проблему будущего научного исследования и осуществлял постоянный контроль за его выполнением, по его ходатайству была закреплена в качестве соискателя в Академии юриспруденции – Высшей школы права «Адилет», высказывал дельные предложения по руководству коллективом преподавателей и обучающихся.

От души поздравляю вас, Мустафа Матаевич, с юбилеем! Искренне желаю вам крепкого здоровья, неутомимого жизнелюбия, семейного счастья и долгой творческой деятельности. Мира, добра, благополучия вам, вашим родным и близким!

Вы дали путевку в жизнь многим выпускникам нашего вуза, воспитали известных в нашей области и за ее пределами специалистов. И очень горжусь, что я – одна из многочисленных благодарных учеников, прошедших школу Матаева!

//Казахстанская правда.-2013.-8 мая.-С.8



Бағдат КӘРІБОЗҰЛЫ,филология ғылымдарының докторы, профессор

«Ұстаздық еткен жалықпас»

Ғалым-педагог Мұстафа туралы бірер сөз

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан ағамыз Мұстафа туралы бала жастан естіп өстік. Әкем Кәрібоз 1943 жылы Отан соғысында жараланып ІІІ дәрежелі мүгедек болып елге оралғаннан кейін колхоз жұмысына белсене араласқан ол, бригадир, ферма бастығы, ең соңында алты айдай колхоз төрағасы қызметтерінде жан аямай еңбек еткен. Ол кісі Мұстекеңнің ағасы Алдаш ақсақалмен өте жақын сыйлас, дос-жар болған. Алдаш аксақал туралы жиі айтып отыратын әкем Мұстекең туралы да арасында айтып қоятын. Орта мектептің жоғары кластарында оқып жүргенде елден шыккан кімдер бар деп құлақ түре жүргенімізде осы Мұстекең туралы да басқа ағаларымызбен қатар түрлі әңгімелер еститінбіз. Кейін студент кезімізде ағамызды көрдік, лекциясын тыңдадық, міне 35 жыл болып қалыпты, бір ұжымда бірге қызмет жасап келеміз.



Матаев Мұстафа 1964-67 жылдар аралығында СОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдык ғылымдар академиясының аспирантурасында оқьш, осы академия шешімі бойынша 1967 жылы 10 қарашада философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болған. 34 жаста ғылымдардын ғылымы философиядан кандидаттык диссертация қорғау ол кезде сирек кездесетін оқиға, үлкен жетістік еді. Сөз жок, бұл жерде әңгіме талап пен талант, ізденімпаздық пен білімдарлық төңірегінде айтылуы тиіс. Алыстағы ауылдан шыққан, орта мектепті қазақша оқыған жас ғалымның бұл кадамы ғылым үшін де үлкен оқиға болғаны күмәнсіз. Мұстекең - ғалым-оқытушы. 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетін бітіргеннен кейін ауыл шаруашылығы техникумында оқытушылық қызметін бастаған ол бүгінде жоғары оқу орнының профессоры. 1969 жылдан бері Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар кафедра меңгерушісі, факультет деканы қызметтерін адал, үлкен жауапкершілікпен атқарған, елуден астам ғылыми еңбектері мен мақалалары түрлі басылымдарда жарық көрген, философиялық хикаяттар: «Достарым, менің, достарым», «Көзімнің нұры», «Ойлап тұрсам дүние...», сондай-ақ «Мемлекет және құқық теориясы» курсы бойынша оқу-әдістемелік кітаптары жарыққа шыққан. Көптеген шәкірт тәрбиелеген, облыс, республика көлеміндегі ғылыми мәжілістерге, семинарларға қатысқан, қоғамдық жұмыстардың қай уақытта болмасын бел ортасында жүретін Мұстекең – білім мен ғылымның өз адамы, «өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап жүрген», (З.Қабдолов) студенттер алдында зор беделге ие болған ұлағатты ұстаз. Бізде студент болғанбыз, ағамыз туралы бір ауыз болса да жаман сөз естіген жоқпыз. Студенттеріңіз халық өте талғампаз, кірпияз жастар ғой, олар қаламаған оқытушылар туралы талай аңыз әңгімелер шыққан, шыға да бермек... Сарғайып кеткен қағазын қолтықтап, жазған бірдеңелерін студенттер алдында ежіктеп оқып беріп, лекция оқыдым деп аудиторияға кіріп-шығып жүргендер де бар. Мұстекендердің бітім-болмысы, білімі мен білігі олардан тіпті бөлек, ағамыздың аудиторияға кіріп шығуының өзінде біле білген адамға үлкен мәніс бар. Бұл кісі - гүлден бал жинаған арадай өмір бойы оқып, тоқып келе жатқан және өз ойлары мен пікірлерін қай жерде қалай айтуды білетін әдіскер, білімпаз адам. Жүріс-тұрысы, киім киісі, ойлау мәнері мен машығы алыстан мен-мұндалап, таргып тұрады. Дүниеге ұстаз болып келгендей бұндай ағаларымыз, өкінішке орай, көп емес. Ағамыздың талымдығы, ұстаздығы, оқытушылығы оның тұлғасының бір ғана қыры...

М.Матаевтың республика көлеміндегі ғылыми-педагогикалық жұмыстары ескеріліп, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, КСРО Жоғары білім саласына сіңірген еңбегі еленіп «Еңбекгегі үздік табыстары үшін» төсбелгісімен, саяси және ғылыми білімдерді насихаттаудағы, еңбекшілерге патриоттық білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Қазақ КСР Жогаргы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметгі қызметкері» белгісімен, «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінін Құрмет Грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатгалған. М.Матаев 1996 жылы Әлеуметтік ғылымдар академиясының Кұрметгі академигі, 2005 жылы Педагогикалық білім беру ғылымдарының халыкаралық академиясының академигі болып сайланды. 2009 жылы Қызылорда қалалық мәслихатының шешімімен «Қызылорда каласының құрметгі азаматы», 2011 жылы «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атақтары берілген. Ақзия апамыз екеуі дүниеге әкелген ұлдары мен қыздары қазір әулетгің, туған- туысқанның ғана емес, бүкіл еліміздің мақганыштарына айналған. Бақыт деген осы. Перзент сүйеді екенсің, оны оқыт, тәрбиеле, атаның емес, адамзаттың баласы болсын деп баулы, бақ, өсір. Міне, ата-ананың міндеті. Мұстекең мен Акзия апамыз бұл жағынан келгенде нағыз зиялыларға лайық үлгі де, ұлағатты өмір сүре білген, ұлын ұяға, қызын қияга кондырған адамдар, немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған бақытты ата-аналар.Ағаның үйі - ақ жайлау. Ақзия апамыздың ақадал дастарқанынан талай дәм татқанбыз, тазалық, ұсынақтылық, талғампаздық, алдыңа қойған ас мәзірін ішпей-жемей тойып отыратындай асқан бір мәдениеттілік, кішіпейшділік орнықты отбасының отанасы - Ақзия апамызға тән ерекше ажар, биік болмыс болатын, Ерте дүние салғаны өзек өртейтін өкініш болғанымен, Ақзия апамыздың орнын басқан Торғын жеңгеміз де тегін емес. Әйелдік, аналық үлкен парасаттылықпен Мұстекеңнің қолтыгына демеу, жанына медеу, балаларға бас-көз болып келе жатыр. Әке, ата ретінде Мұстекең – әрі айбынды, әрі айдынды. Отбасы мүшелері ағамыздың кас-қабағына қарап іс қылуға, тіршілік етуге қалыптасқан. Шүкір деуге болар, ағамыз жасаған 80 жылдың босқа өтпегеніне басты дәлел осы әулет, осы отбасы, оның кешегі, бүгінгі, болашақтағы үзақ, мәңгілік өмірі. Түбірдің, тектің мықгылығын айғақгайтын діңгек деген сөзді дәл осы түста Мұстекең тұлғасына багыттап айтсақ, қателеспесіміз айдан анық. Мұстекең ағамыз жай жүреді, жай сөйлейді, студентгерге лекцияны дауыс күшейткішті қосып тұрып оқиды. Мұстекенңің біреумен шапылдасып ұрысып жатқанын көрмейсің, белгілі бір ортада, мәжілістерде бастамашыл болып сөз сөйлеуге құмар емес, көпшілік жағдайда әліптің артын бағып отырады, пікір айтса орнықта, тауып, тұжырымдап сөйлейді. Дұрысында, бұл қалып «акырын жүріп анық басу» (Абай) ұстанымынан болар. Отбасында, отырыстарда, жиналыстарда, кеңестер мен мәжілісіерде салқын сабыр иесі ағамыз жай сөйлейді, нық сөйлейді, ойларын жеткізуге, қорғауға келгенде ете принципшіл, логикасы темірдей берік, тілі өткір, айтқандары дәлелді де дәйекті.

Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың тарихында, қазір ойлап отырсам, ең жас декан мен екенмін. 1000-ға жуық студенті бар факультетті басқарып кету, әрине, оңай болған жоқ. Ағаларым көмек қолын созды, бауырына тартты, мені қиындықган бас көтере алмай мұқалып қалмасын деп ойлаған болар, әр уақыт жігерлендіріп, ақыл-кеңестерін аямай айтып, кабинетіме келіп, жағдайымды біліп кетіп жүретін. Солардың бірі Мұстекең еді. Әлі есімде, кездескен сайын ол қағаздарыңа мықты бол дейтін. Бірде ол өз факультетінің жоспарының көшірмесін маған беріп тұрып, «жұмыстарыңды жоспарлап және оны нақты орындап үйренуге қалыптас» деген.

Тағдырыма ризамын, жақсы ағалармен жүрдім. Менің өмірімде ерекше орын алатын Нұрекең, Нұрлыбек Ерназарұлы ерекше адам еді, бір өзі жарты әлем болатын. Жалындап жүрген жақсы ағадан ерте айырыддық, өз отына өзі күйіп кеткендей көрінеді маған... Медеуәлі Бимағамбетов, Базарбек Қашқынбаев, Нұриддин Дарқұлов ағаларымыз қандай еді, олар бір-біріне ұқсамайтын тау тәріздес тұлғалар еді. Солардан калған көз қазір жалғыз Мұстекең екен. Осы ағаларым мені жас деген жоқ, өздерінің тобына қосты. График жасап қойып, әр сенбі, жексенбі сайын бірінің үйіне бірі кыдырып жүретін. Балалык шақтары Ұлы Отан соғысына тура келген бұлардың картоп пен алма жеп карын тойдырғанбыз деген сыңайлы әңгімелерін жиі еститінбіз. Қиыншылыкты бастарынан көп өткерген ағаларым әділдік дегенде алмас қылыштай жарқылдайтын. Базарбек ағамыздың қытығына тисең, кім болсаң ол бол, бастық па, басқа ма қарамайтын, тас-талқан ететін, сөйлегенде түбін түсіріп, жеріне жеткізіп, тұқыртып сөйлеп, қарсыласын төпеп тастайтын. Әділдік, адалдық үшін жан беруге бар ағаларымыздын үлкені Нұрекең болатын. Бұл кісі үнемі күліп, әзілдеп отыратын, үлкендік жасайтын.

Мұстафа Матаев - ғалым, ұстаз, әке, ата. Осылардың барлығында ол төменде емес, төбеде отыр. Осы аталғандар жолындағы оның өмірі өзгелерге өнеге, үлгі. Аспай-ақ, таспай-ақ, желмаяның жүрісіндей жайлы жүріспен, «акырын жүріп, анық баскан» ағамыздьщ басқаларға үйретерлігі мол. Өмір-тақтайдай жазық емес, кедір-бұдыры көп күрделі құбылыс. Осыдан сүрінсе де құламай, иілсе де бүгілмей келе жатқан ағамыздың сексен жылдығы - өзінікі ғана емес, бәріміздікі, еліміздікі.

//Түркістан.-2013.-8 мамыр.-10 б.

Қуандық Әбдіразақұлы, филол. ғыл. кандидаты.

Жайықтан ауған – көш

Еліміздің егемендік алуымен төл тарихымыздың кейбір қағажу беттерін қайта зерделеу қолға алына бастады. Қазіргі кезде қазақ халқының тұтастай тарихын жазу жекелеген ру-тайпалар тарихын ашыңқырап жазумен тығыз байланысты екені басымырақ айтылуда. Жасыратыны жоқ, ру-тайпалардың бір-бірімен қарым-қатынасын қозғай бастасаң қазақтың үш жүзге бөлінуі мен бірінің «аға баласы» болуына соқпай өте алмайсың. Бүгінгі күні мұндай контекстің соншалықты қажет болмай отырғаны шындық. Бірақ, өткен тарих парақтарын қайта зерделеу жолында ол әлі өзінің құндылығын жойған жоқ. Олай болса, мұндай іске әріден келе жатқан қазақ шежіресін алға тарту қажет деп ойлаймыз. Қазақта шежіреге дау айтылмаған.

Біздің қолымызда «Ана тілі» газетіне келіп түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалған Ж.Бейсенбайұлының «Қазақ шежіресі» кітабы. Шежіреде Қаракесектен тараған Әлім аталығының жолы Байұлынан үлкен екені айтылған. Онда: «...Кіші жүз–Алшын елдері арасында көбіне көп Байұлы тармағы бірінші кезекте аталып жататыны бар, Мұқамеджан Тынышбайұлының байыптауынша, 1917 жылы, милионнан асып, қазақ ішіндегі ең саны қөп бірлестікке айналған он екі ата Байұлының расында да реті мен жолы ешкімнен кем емес. Дегенмен, қария сөздеріне зер салар болсақ, Қаракесектің (оны Кіші жүздің батысы алта аталы Әлім деп те атайды) жолы одан да үлкен екенін байқар едік. Онда Құдиярдың үлкен баласы Қаракесек, кішісі Қыдырбай (Қыдырқожа) деп көрсетілген» [1- 69]. Байұлы –Қыдырқожадан тарайды. Бұл жердегі нақты айтылатын ой – үлкен бір ру-тайпаны екінші біреуінен жоғарылатып, не екіншісін төмендетіп, олардың ара-жігін ашу емес, керісінше –ел басқарған ру ақсақалдарының бір-біріне сыйластықпен қараған даналық істерен кейінгі ұрпаққа паш ету болды.

Сонымен, негізгі тақырыпқа ойысар болсақ, қазақ халқының басына ауыр қайғы әкеліп, тарихқа «ақтабан-шұбырынды» атымен енген сындарлы жылдардың алды. Бүйірдегі көрші жоңғарлардың ХVІ ғасырларда басталған қоқанлоққы, көзаларту қақтығысы екі ғасырға дейін жалғасып, қазақтардың шешуші шайқасқа дайындалған тұсы. Алтын орда мемлекетінің іргесі шайқалуымен қатар, нығайып келе жатқан орыс патшалығының жан-жақтығы көршілерін жаулап ала бастаған кезі. Ноғай ордасынан бөлінген қазақ хандығының қанатын кеңге жаймай тұрған кезінде, жерін талан-таражға салуды көздеген Жоңғар қалмақтары Ресей патшалығымен одақтасуға тырысқан. Жоңғарлар қазақ даласын емін-еркін басып өтіп, 1630 жылдары Еділ мен Жайық өзендеріне дейін барған. Содан бері жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де, бірте-бірте мал жайылымы тарылып, қалмақтар бытыраңқы қазақ ауылдарын шауып, жағдайды қиындата түскен. Ел іші аласапыран.

Орта ғасырларда Сыр бойының Жанкент, Арал маңынан (895ж) Ақтөбе, Батыс Қазақстан өңіріне ауып барып, он екі ата Байұлының жерінде бір атаның

баласындай болып: «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде», –деп тату ғұмыр кешкен Шектілердің (Әлімұлы) Сыр бойына қайтар уақыты жеткен тәрізді. Яғни, әу бастан-ақ Әлімұлдарының бір қанаты Жайықта болса, екінші қанаты Сыр бойында болған. Бұрынғы дүркіреп тұрған Алтын орда заманының келмеске кеткенін сезген ел билеген ру ақсақалдарды мен би-батырлар енді елді атамекенге –Сыр бойына қарай үдерде көшіруге біржола бел байлаған. Бұл шамамен 18-ғасырдың алғашқы онжылдығына тұстас келеді.

Біздің сол бір кезеңді шамалауымызға марқұм Үркімбай баласы Әлімбай (1899-1985) әкеміздің: «Бала кезімде үлкен шалдардың Жайық бойынан көшіп келгенімізге екі жүз жылдай уақыт болды деген сөздерін талай естідім» – деген дерегі негіз болды. /Қ.Ә./ Қазақстан тарихында 1710 жылы Қарақұмда үш жүз өкілдерінің Жоңғар феодалдарына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған съезі болып өткені айтылады[2-175]. Соның әсері ме? Ол жағы белгісіз.

Әйтеуір Жайық бойын жайлаған бүкіл Кіші жүздің ұлдары көштің басын Сыр бойына қарай бұрған. Әрине, ұлы көшті кім басқарып келіп Сыр бойына қоныстандырғаны жайлы нақты дерек жоқ. Бір анығы – үлкен көштің алды Арал теңізінен бастап, Қызылорда қаласына қарай Қазақ шежіресінің Кіші жүздегі аталықтың жолы үлкендігі ретімен орналасқанын байқаймыз.

Ешбір ұлт пен этнос бір аталықтан тарамаған. Бірақ, рулардың бір-біріне жол беру, ілтипат көрсету, туыс бауыр болып бірлесе өмір сүру салты кейінгі ұрпақты ауызбірлікке тәрбиелеудің құралына айналғаны анық. Ел басына күн туса ортақ жауға қарсы аттанар қос қанаттың бірі –Әлімұлдары болса, екіншісі –Байұлдары болған. Орта ғасырда (895ж) Алтайдан ауған оғыздардан жеңіліс тауып Сыр бойынан ығысқан Әлімұлдары мен көршілес қарақалпақтарға да (пешенелер) Еділ бойынан қоныс берген осы Байұлдары болатын. Екі жақтың да данагөй ру ақсақалдары ел ішінде көршілес ру-тайпалар қақтығыстарын болдырмай, оны бейбіт жолдарымен шешіп отырған. Осындай татулықтың арқасында Кіші жүздің Әлімұлы, Байұлы, Жетіру тайпалары бір атаның баласындай аралас-құралас Жайық бойында бірнеше ғасырлар бойы өмір кешкен.

«Дүние – кезек» – деген, енді ол заман өзгеріп, Ресей жақтан шыққан қалмақтан ығысқан жалпақ ел Сырға қарай ауған. Аралға жеткен ұлы көштің алды Арал теңізін жағалай қоныстанып, ру ақсақалдары жер бөлісін бастап, қалғандары айқай-шусыз Сырдарияның екі бетін өрлей, біртіндеп орналаса бастаған. Аралдан бастап қоныстанған Ұлы көштің қоныстану аумағы бес жүз шақырымнан асып, соңы Қызылорда қаласының шығыс Сұлутөбе бетіндегі қазіргі Бөрібай каналының, бір шеті арқа тұстағы Абай ауылы – Бәйтен көпірі маңына дейінгі аумақты қамтыған.

Н.Мұсабаев, А.Мұсабаеваның «Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы» кітабының дерегінде: Әлімнің Төртқара аталығына қарайтын Жалаңтөс Баһадүрдің (1576-1656) бала кезінде Кіші жүз Әлім рулары Самарқан айналасына қоныс аударғаны айтылады [3-18]. Соған қарағанда Төртқаралар мен Әлімнің кейбір (Қаракесек,Қарасақал) аталықтары орта ғасырда Ақтөбе облысының Сағыз, Жем бойында қалып, кейінірек пешенектер мен қыпшақтардың біріккен жасақтары оғыздарды жеңіп Сыр бойынан қуған соң, олар атамекенге ертерек еге болды ма? – деген жорамал да жоқ емес. Оған негіз: Араб халифаты Ибн Фадланның 922 жылы жазған «Еділге саяхат» жазбасында – пешенектердің оғыздардың қол астында қалған бір бөлігі Сағыз,Жем маңында екені айтылады. [4-344 ].

Көнекөз қариялардың (Аралдан Түркістанға дейінгі) Сыр бойы аймағына Кіші жүз Әлімнің Төртқара аталығының иелік еткендіктері туралы әңгімелері ел ішінде аз да болса кезігіп қалады. Аталмаш кітаптың 20-шы бетінде: «Әйтеке бидің арғы атасы Ораз Меккеге үш рет барып, қажы атанған, діни сауаты мол, ақылды кісі екен. Кезінде Әмір –Темірдің кеңесшісі болған. Әмір – Темір Ораз қажының көшіп жүріп бала оқытуы үшін он алты қанат жеті ақ боз үй тіктіріп береді. Халық мұны Ақмешіт деп атаған. Кейін Қоқан ханы Омар орыс патшасының Орта Азияға шабуыл жасауынан қауіптеніп, осы жерде 1817 жылы үлкен қорған салдырған. Қорған да бұрынғы ізімен Ақмешіт аталады. Қазіргі Қызылорда қаласының іргесі өткен ғасырдың басында осылайша қаланған» –делінеді. Сілтемені көрсетудегі мақсатымыз: Аралдан – Ұлы көш орналасқан Қызылорда қаласына дейінгі Сыр бойы аймағы Кіші жүздердің иелігінде болғанын баса айту. Енді Ұлы көштің қалай орналасқанына аздаған талдау жасайтын болсақ: Әлімұлының үлкені Шектінің (Жаманақ) төрт баласы бар.Олар: Шыңғыс, Өріс, Баубек, Мәку. Мәкудің ұрпақтары ертеректен Ақтөбе облысында қоныстанып қалса керек (оларды Қыр Шектісі дейді) , ал Баубектен тараған Жанқылыштар Қармақшы жағында. Аралға келіп түскендер толығымен Шыңғыстың ұрпақтары. Шыңғыстан –Жақайым. Жақайым аға баласы деуі –осы.

Өрістен –Айдарбек, Есенәлі. Айдарбек ұрпағының Аралда қалуына қарағанда ол Есенәліден үлкен. Есенәліден: Палуан, Кішкене –екі бала. Үлкені Палуан ұрпақтары Аралда болса, Қазалы ауданының 50 пайызға жуық халқы –Кішкенелер. Әлімнің – Қаракесек, Қарасақал, Төртқара т.б. руларына қарағанда Шектінің Кішкене тармағының сол кездегі тайпа-тайпа болып келіп орналасқан ізін қазіргі күнге дейін аңғаруға болады. Себебі, Кішкене тармағы сол кезде үлкен-үлкен алты тайпа болып келіп – «Алты Кішкене» атанған. «Алты Кішкененің» кейбір өсіп-өнген рулары мысалы, Асандар Қазалының үш ауылы (Аранды, Майдакөл, Бекарыстан би) аумағына қоныстанса, Жиенейлер (Өркендеу, Бозкөл) екі ауылға, ал қалғандары көршілес бір-бір ауылға қоныстанған. Біз мұны тайпалардың ірі-ірі болып келуінің көрінісі деп білеміз. Қазалы жерінде Қырғыз,Қожа т.б. рулармен қатар, Жетіру тайпаларының Керейт пен Жағалбайлы рулары көбірек кездеседі. Соған қарағанда олар әу баста Қазалыда Кішкенелермен қатар қоныстанды ма?–деп те ойлаймыз. Оған дәрек: Қазалының «Қуаң» өзені бойына таяу маңдағы «Адам –Ата» белгісіне жақын Мүсірәлі Сопыәзі Әулиенің ұрпағы «Қосым Баба» белгісі бар.. Арал мен Қазалыға Әлімдермен қоса, олармен бұрыннан аралас-құралас болып келген басқа да ру-тайпалар орналасып болған соң, келесі кезек Әліммен аталас Шөмен мен Байсарынікі болған.

Шөменнен – Шөмекей. Шөмекей рулары Қазалыдан шығысқа қарай 80 шақырым жердегі (Қазалы қой кеңшары) Кеңтүп жерінен бастап Сырды бойлап Байқоңыр , Қармақшыға дейін қоныстанған. Әрине, олардың орналасуы жалпы тұтастай солай көрінгенімен, әр ру-тайпа мал жайылымына орай өздеріне белгілі бір тұрақты суы мен оты бар аумақты қоныс етіп, бөліп алуы заңды құбылыс. Қармақшы жерінде Шөмекейлермен араласып Байсары ұрпақтары Кете мекендеп қалған. Академик Әлкей Марғұлан Кете жұрты Сыр бойын моңғал дәуіріне дейін қоныстанып, Батыс Түрік қағандығына қараған оғыз тайпаларының бірі, сол отырған мекенінде көшпей қалған ел дегенді айтады.[1- 71] Назар аударарлық дерек – Қаракесектен тараған Әлім, Шөмен, Байсары руларды қоныстанып болған соң, Қармақшы жерінен (Қыдырқожадан тараған) он екі ата Байұлының ұрпақтары да қоныстана бастаған.

Қармақшы жеріндегі он екі ата Байұлының қоныстануын Алтын рулары бастаған сыңайлы. Қармақшы өңірі тек Сырды жағалай ғана емес, Сырдан бөлінген Қараөзек, Қуаңдария өзендерінің бойын жағалай қоныстануға да ыңғайлы болған. Сырдария, Жаңадария бойының қазіргі Жалағаш, Тереңөзек жерінде Жетіру тайпалары кең қанат жая қоныстанады.Тереңөзек пен Сырдария ауданында он екі ата Байұлының рулары да тұрады. Тереңөзек қыстағының тұсында Шаған атты ауыл бар. Біз Шаған сөзінің шығуын зерттей келе, оның Батыс Қазақстан облысындағы өзен мен елді-мекеннің аты және мұндай топоним Алматы облысында да бар екенін анықтадық. Негізінде бұл атау жоңғарлардан қалған болса керек. Сонау аласапыран жылдары Батыс Қазақстанның Шаған өзені бойындағы жалпақ Байұылы тайпасынан бөлінген бір тайпа ел осы күнгі Шаған жеріне келіп, бір ауыл болып орналасып, Шағандықтар аталған екен. Шағанда – Алаша, Есентемір рулары, жанындағы Ақжарма ауылында «қожа» рулармен араласып, Байұлының басқа да ру өкілдері тұрады.Шағанның шығысын ала Қоғалыкөлден бастап Байұлының Жаппас аталығы Қызылорда қаласы терістігіндегі Абай ауылына дейін қоныстаған Көнекөз қариялардың айтуынша Жаппастың ұрпағы мен мал-жаны көп, бай болыпты. Олар асықпай кеңірек жайылым іздеп жүріп, осы жерге қоныстанған делінеді. Қазір Жаппастардың Жайық бойында қалғандары Батыс Қазақстанда тұрады. Міне, осылайша Аралдан басталған қоныстану Қызылорда қаласынан асып барып аяқталған. Біз ұлы көшке ілескен ру-тайпа ауылдарын түгел зерттеп болдық деп айта алмаймыз, бірақ көштің жалпы орналасу нобайын көрсетіп беріп қана отырмыз. Сыр бойына көшіп келген Алаша рулары өздерінің Сыр бойына келгеннен бергі төрт аталығын үлкен шежірелерінен үзіп алыпты. Кеңес дәуірінде ру шежірелеріне еш мән берілмей, қажетсіз саналып келсе де, еліміздің егемендік алуына орай, оңды-солымызды түгендеген шақта оның қажеттілігі арта түсті. Мектепке барған әр бала өзінің «жеті атасын» түгендейді. Осындай кезеңде Алашалар үлкен шежірелерден арғы аталықтарын тапқанымен, бергі жеті атаға дейінгі аралықты таба алмаған. Не істеу керек? Көпшілік ақылдаса келіп, бұл істі аяқтауды Семейден 1959 жылы медицина институтын бітіріп Тереңөзек ауданына бас дәрігер болып келген Батыс Қазақстандық руы алаша Нұртасов Ғайнулла ақсақалға тапсырады. Қазір марқұм болған Ғ.Нұртасов 2004 жылы Батыс Қазақстан облысына барып, өзі шежіреші болмаса да «Шағандықтардың» аманатын орындау үшін елдегі шежірелерді жинақтап, бергі үзігін жалғап, Алаша шежіресін кітапша етіп шығарыпты. Ғайнулла ақсақал 1927 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауыл советінде туылған. Ақсақал өз шежіресінде Қалдығайты өзенінің бойына Жетірудың Табын аталығымен болған талас жайлыайтып өтеді. Соған қарағанда сол заманда жер дауыы болып тұрғанға ұқсайды. Қазір Жайықтан ауған Ұлы көштің орналасқанына шамамен 300 жылдай уақыт болды. Сыр бойына келген ел содан бері «жер дауы», «жесір дауы» дегенді білмей, тату-тәтті өмір кешіп келеді. Мұны аталардың көрегенді ісі демеске амалың жоқ.

Кейін ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, Қызылорданың шығысындағы Сұлутөбеден – Шиелі, Жаңақорғанға қарай арқадан көшкен арғын, қыпшақ, найман ағайындар орналаса бастаған.

//Әлімсақ.-2013.-№2.-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет