Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты


Бизнеске және жеке капиталға арналған қала



бет18/18
Дата09.06.2016
өлшемі5.86 Mb.
#124120
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18



3.5. Бизнеске және жеке капиталға арналған қала
3.5.1. Бизнесті жүргізу қолайлылығы
Аталған бағыт шеңберінде бизнес ортаға тартымды жағдайжасау бойынша белсенді («Easy of DoingBusiness» рейтингінде 50-ші орын) жұмыс жүргізіледі.

Халықаралық қаржы институттары мен ынтымақтастықты кеңейту негізінде инвестиция тартуды күшейту ұсынылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу нәтижесінің бірден-бір көрсеткіші -негізгі капиталға құятын шетел инвестициясының үлесін 50%-ға дейін көбейту арқылы ұзақ мерзімді жобаларға шетел инвесторларын тартуға қаланың өзіндік мүмкіндікке ие екендігін көрсету, сонымен қатар қалада жұмыс істеу үшін трансұлттық компанияларды тарту (ТҰК) (2020 жылға дейін 2-3 компанияны).

Сонымен қатар инвесторлар үшін салық жеңілдіктері мен ыңғайлы инфрақұрылымдар ұсыну жоспарлануда.

Стратегиялық серіктестіктерді іздестіру мен тарту, «бір терезе» тәсілдерін ендіре отырып экономиканың басым секторларына инвесторларды тарту бойынша шаралар қарастырылған. Әлемдік жетекші сарапшыларды және ірі халықаралық корпорация өкілдерін тарту арқылы инвестициялық форумдар өткізіліп, сауда қатынастары және бірлескен жобаларды іске асыруды дамыту бойынша халықаралық бизнес-делегацияларды қатыстыру ұйымдастырылады.
Мақсат 3.5.1. Инвестициялық қолайлы ахуал құру




Нысаналы индикаторлар

Өлш.бірл.

2014

факт

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орынд.

1

Негізгі капиталға салынған инвестицияның жан басына шаққандағы өсу қарқыны

%

105,3

103,6*




101,5

103,0

109,4

115,5

121,3

ЭБЖБ

2

Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі сыртқы инвестицияның үлесі

%

14,1

11,2*

18,7

18,9

19,1

19,3

19,5

ЭБЖБ

3

Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына салынған инвестицияның (мемлекеттік бюджеттен салынған инвестициядан басқа) 2015 жылға өсуі

%







108,5

113,4

124,2

135,1

150,0

КИДБ

4

Мемлекеттік-жеке әріптестік механизмі арқылы жүзеге асыруға мақұлданған мемлекеттік инвестициялық жобаларға инвестициялық ұсыныстар үлесі **

%







-

-

-

-

-

-

* 9 айдағы мәлімет

**Бүгінгі таңға дейінгі ұсынылған жобалар тізбесі МЖӘ бағамында жинақталды. Комиссия құрамы бекіткеннен кейін мақұлданған жоба жүзеге асырылатын болады.


Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Халықаралық қаржылық институттар ұсыныстарымен өзара ынтымақтастық (Қайта жаңғырған және дамыған Еуропалық банк, Азиялық даму банкі, Бүкіләлемдік банк, Еуропалық инвестициялық банк) капиталды көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларға инвестиция тарту (көлікті инфрақұрылым, ТКШ);

  • МЖӘ дамуы үшін жағдай туғызу: жеке инвесторларға арналған кіру және шығу тәртібін белгілеу. ҚР Үкіметіне тексеру мерзімдерінің санын азайту жөнінде ұсыныс енгізу;

  • Қала өмірінің барлық негізгі көлемді капиталды бағыттары бойынша МЖӘ негізінде пилоттық жобаларды іске асыру (көлікті инфрақұрылым, ТКШ. Денсаулық сақтау);

  • Инвесторлар үшін жолға қойылған инфрақұрылым (Алатау ауданының индустриальдық аймағы) және салықтық жеңілдік ұсыну (СЭЗ ПИТ базасында).

  • Жұмыс істеп тұрған инвесторларға қызмет көрсету базасында инвесторлар үшін «Бір терезе» әдісін енгізу: кездесулер, тұсаукесерлер ұйымдастыру жөнінде нақты жоспар құру, ағымдағы және әлеуетті жобалардың бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастыру;

  • Экономиканың басым секторларына якорлық инвесторларды тарту;

  • Екі жақты сауда қатынастарын дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әртүрлі елдерден халықаралық бизнес-делегациялардың келуін ұйымдастыру;

  • АҚШ, Канада және Австралия мысалында шетелден жоғары білікті мамандарды тарту үшін қолайлы миграциялық жүйе жасау.


3.5.2. Сыбайлас жемқорлықты тиімді азайту
Алматы 2025 жылы Ғаламдық Бәсекелестік Индексінің «Этика және жемқорлық», «Мемлекеттік қаражатты заңсыз пайдалану» көрсеткіштері бойынша Қазақстанның бірінші 30 елдің қатарына ену драйвері болуы тиіс. Ол үшін азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар және жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сарапшылардың идеялары мен ой-пікірлермен тиімді құрылымдық алмасу және қарым-қатынасты қамтамасыз ету қажет.

Бизнес пен инвестицияға маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жемқорлық кедергілерді жою мен рұқсат беру жүйелерінің айқындылығын жақсарту жұмыстары басым бағыт болып табылады. Ол үшін мемлекеттік сатып алу айқындығы мен мемлекеттік қолдау алуда талап қоюды айтарлықтай жақсарту және артық бөгеттерді жою жоспарлануда. Барлық рұқсат беру рәсімдерін сараптау, сонымен қатар бизнесті тексеруді жүйелеу істері тұрақты жүргізіледі.



3.5.3. МЖӘ дамыту
Мемлекеттік-жеке әріптестіктің дамуы (МЖӘ)
Экономикадағы дағдарысты құбылыстарды және онымен байланысты бюджеттік шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік-жеке әріптестіктің құралдарын пайдалану жеке капиталды, трансұлттық коорпорацияларды, халықаралық қаржы институттарын тарту ірі капиталдық сыйымды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік-жеке әріптестіктің тетіктерін қолданудың қосымша артықшылықтары - концессия мерзімінің аяқталуына қарай құрылған нысандар мемлекет меншігіне өтеді.

Концессия тетігі арқылы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ құрылған нысандарды тиімді басқару қамтамасыз етілетін болады. Мұндай жобалардың қатарына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінің бөлігіне айналатын Үлкен Алматы Айналма Автокөлік Жолын жатқызуға болады. Аталған жоба транзиттік көлікті қайта бағыттаудың есебінен қалалық көлік желісіндегі қиыншылықты алып тастауға мүмкіндік береді. Келешегі бар жобалардың тағы бір түрі – жеңіл рельсті көлік желісін салу (жылдам трамвай) қаланың орталық бөлігін Алатау ауданындағы тұрғын және Индустриалды Аймақтармен байланыстыру үшін қажет. Қаланы өңірдегі ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналдыруға мүмкіндік беретін Алматының жаңа халықаралық әуежайының құрылысын концессиялық негізде жүргізу қарастырылатын болады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның нысандарын дамыту үшін мемлекеттік-жекеәріптестіктің сенімді басқару мен жалға беру секілді кіші формалары қолданылатын болады. Аталған құралдар отандық кәсіпкерлерді ортақ ынтымақтастыққа шақыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты орнату, инвесторлар мен кәсіпкерлерге инвестицияны мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы ақпарат беру, гранттарды ұсыну, сондай-ақ инфрақұрылымды нысандар мен инвесторларға арналған жергілікті салық жеңілдіктерін ұсыну жалғасады.

Бас капиталға салынатын сыртқы инвестицияның көлемі 2020 жылға қарай 75 млрд. теңгені құрап, 50%-ға өсуі қажет. Жалпы алғанда, Алматы қаласының даму Бағдарламасының аяқталуына қарай мемлекеттік емес инвестициялардың көлемі қала экономикасында 350 млрд. астам теңгені құрауы межеленуде.
3.5.4. Жекешелендірудің ашықтығы
Қала экономикасына инвестицияны тартудың қосымша құралы жылжымайтын мүліктің мемлекеттік нысандарын жекешелендірудің ашықтығы болып табылады.

Тиімсіз жұмыс істейтін ведомстволық ұйымдар жекешелендіріледі, немесе жеке бизнестің сенімді басқаруына беріледі.

Ол үшін барлық коммуналды меншік нысандарын түгендеуден өткізу, иесіз нысандарды теңгерімге орналастыру, стратегиялық маңыздылыққа ие емес, бірақ өзіне мемлекеттік бюджеттің ресурстарын көптеп тартатын нысандар мен кәсіпорындарға талдау жасау қажет болады. Аталған нысандар мен кәсіпорындар жекешелендіру шараларынақатыстырылатын болады.

Жекешелендіру бойынша шаралар шеңберінде бюджеттік шығындардың қысқаруының, жеке кәсіпкерлікті ынталандырудың және бәсекелі ортаны жасаудың, кәсіпорындарының тиімділігін арттырудың, экономиканы демонополизациялауға көмек көрсетудің, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тартудың айқындылығына ерекше екпін беріледі.



3.6. Интеграцияланған қала
3.6.1. Көпорталықтық қағидасын ескере отырып, қосылған аумақтардың өмір сүру стандарттарын көтеру
Қаланы дамыту көп орталықтардың болуы қағидасына, яғни көлік жағдайын жақсартуға және қаланың барлық аудандарын бірыңғай дамытуға мүмкіндік беретін толыққанды және балама орталықтарды қалыптастыруға негізделетін болады.

Қосылған аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру үшін бірінші реттегі әлеуметтік нысандар құрылысы жалғасады (мектептер, балабақшалар, емханалар мен т.б.), сондай-ақ экономикалық өсудің жаңа нүктелері жасалады (Универсиада-2017 нысандары, Индустриалды аймақ, бизнес-орталықтар, сауда ойын-сауық орындары және т.б.).

Алатау және Наурызбай аудандарындағы баспана, жол, қоғамдық көлік желілері, электрмен қамтамасыз ету мен газдандыруға, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мен суды бұруға, жылытуға қаражат бөлінетін болады. Бұл осы аудандарда өмір сүру мен бизнестің дамуының тартымдылығын артуына ықпал жасайтын болады.

Қосылған аумақтар халқы мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи үлгілерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қаржы қызметтеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде қосылған аумақтардағы техногенді мәселелерге назар аударуды күшейту жоспарлануда.
3.6.2. Алматы агломерациясындағы ықпалдастық
Қаланың болашақ дамуы Алматы агломерациясының дамуына сәйкес жүргізілетін болады.

Алматы агломерациясының ықпалы аймағына: агломерация орталығы (өзек) – Алматы қаласы, Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл ауданы, сондай-ақ Қапшағай қаласының аумағы енеді.

Дамудың маңызды бағыты аумақтың кеңістік және функционалды тұтастығын қамтамасыз етуге арналған оңтайлы көлік торабын, халықтың негізгі қызмет орталықтарына қолжетімділігін, сондай-ақагломерация аймағының транзиттік функцияларын іске асыруды қалыптастыру болып табылады.

Қалаға түйіскен аудандардың ауыл шаруашылығы қаланың азық-түлік өнеркәсібінің шикізат көзі болып табылады. Сондықтан агломерация аймағы сауда желісі ретінде дамитын болады. Осыған орай ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін Алматы нарығына өнімдерді әділ бағамен беруге жағдай туғызу ету қажет. Осылайша өңірдің сауда қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады.


3.6.3. Халықаралық деңгейдегі белсенді орны
Алматы ірі қалалардың бірі ретінде жуық арада Еуразияның іскерлік және мәдени орталығы ретінде танылу әлеуетіне ие.

Тұрақты саяси және экономикалық даму жағдайына және әрі қарай даму әлеуетіне ие қала ретінде Алматы Біріккен Ұлттар ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардың өңірлік Хаб-кеңсесіне айналуы қажет.

Осыған орай, Алматыны халықаралық деңгейде түрлі тілдерде жағымды таныстыратын көрсеткіштер тізбесі, он-лайн тәртіпте таныстыратын «Алматы күнтізбесі» және Алматының жарқын халықаралық бренді әзірленетін болады.

Қалада үш тілде навигация жүйесі (бағдарлаушы ақпарат) енгізілетін болады. Ағылшын тілін білу мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қаланың қызмет көрсету секторындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен дағдыларын дамытудың маңызды бөлігіне айналады.


3.7. Белсенді азаматтар қаласы
Мәселелерді тиімді шешу үшін азаматтардың белсенділігі Алматы дамуының басты шарты болып табылады.

Бүгінгі таңда дамыған елдердегі ешбір қала халықтың белсенді қатысуынсыз мәселелерді шеше алмайды. Қаланың басты ресурсы – адамдар мен олардың ақылы, шығармашылық қабілеттері. Алматы халқының жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, бұл – дамыған үкіметтік емес секторы мен күшті бизнесі бар қала.

Қалада жергілікті атқарушы органдар мен халықтың өзара әрекет етуінің жаңа сипаттамасын жасау қажет. Осылайша, ең басты қағида айқындылық, есеп берушілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру болуы керек.

Қала халқымен қарым-қатынас жасау үшін бүгінгі таңда қала тұрғындары қалаға қатысты мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынған хаттарды жазатын әлеуметтік желілердің аккаунттары жұмыс істеуде.

Қалалық әкімдікпен әріптестіктің негізінде азаматтық қоғамның дамуы әлеуметтік жылжу мен тиімді реформаларды өткізу үшін қолайлы жағдайларды жасауға көмектесетін болады. Бұл - қала саясатының тиімділігін көтерудің, экономикалық өсу мен демократиялық дамудың, жаңғырудың маңызды шарты.
Мақсат 3.7.1. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жергілікті және өзін-өзі басқару құрылымдарын дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру



Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жау. орынд.


1

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану-шылық деңгейін өсіру

10 балдық шкала бойынша балдар

8,6

8,7

8,9

9,1

9,3

9,5

9,7

Әкім аппараты




Жауапты орындаушы: әкім аппараты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша ұйымдармен біріккен түрде.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары


  • Қала мәселелерін шешіп, негізінен оларды бірегейлендіріп, шешу бойынша идеяларды жинап, қала қызметіне кері байланысты көрсетуде қала тұрғындарын тарту үшін жаңа интернет порталды іске қосу,

  • Әкімдіктің мемлекеттік қызметтерін «Электронды әкімдік» пен «Электронды үкімет» порталдарында электрондық нұсқада көрсету;

  • Жергілікті атқарушы органдардың өзара қарым-қатынасына мүмкіндік жасай отырып, олардың бизнес-үдерістерін автоматтандыру;

  • Е-әкімдіктің инфрақұрылымын жасау;

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Аймақтық шлюз арқылы «электронды үкімет» бөлшектерімен жергілікті атқарушы органдардың «электронды үкімет» шлюзының ішкі жүйесі ретінде өзара қарым-қатынасына мүмкіндік жасау.

4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Алматы қаласының даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттік және жеке қаржылық ресурстар шоғырландырылады. Бюджеттік қаражат ең алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге, инфрақұрылымды дамытуға және бизнеске қолдау көрсетуге бағытталады.

2016-2020 жылдарға арналған жергілікті және республикалық бюджет шығындарының жалпы көлемі алдын-ала есептерге сәйкес 837,6 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті және республикалық бюджет шығындарынан тыс қосымша жеке салымдар тартылады, сол үшін мемлекеттік және жеке серіктестік механизмдері белсенді пайдаланылады. Жеке мемлекеттік серіктестік шегіндегі қаржылар, ең алдымен жобалық қаржыландыруға бағытталады.



Бағдарламаны іске асыру бойынша бірлесіп орындаушы-жауапты мемлекеттік органдардың аббревиатураларының анықтамалары
АШБ - Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы

ӘА - Алматы қаласы әкімінің аппараты;

ЭБЖБ – Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;

МБ - Алматы қаласының Мәдениет басқармасы;

КИИДБ - Алматы қаласының Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы;

ЭКШБ - Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы;

ТМҚБ - Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжатама басқармасы;

ЖСМБ - Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы;

ББ - Алматы қаласының Білім басқармасы;

ДБ - Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы;

ҚБ - Алматы қаласының Құрылыс басқармасы;

ЖҚӘББ - Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;

ТТИБ - Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы;

АЖБ - Алматы қаласының Автомобиль жолдары басқармасы;

ЖКБ - Алматы қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы;

ТРТПРБ - Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;

ТБ - Алматы қаласының Туризм басқармасы;

ДШСБ - Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы;

ІІД - Алматы қаласының Ішкі істер департаменті;

ТЖД - Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті;

ЭД – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті;

АЖО – Ақпараттық жүйелер орталығы;

CAGR – Өсудің орташа жылдық қарқыны (CompondAverageGrowthRate);

МЖС – Мемлекеттік жеке серіктестік.





1«Қазақтелеком» АҚ 2014 жылғы жылдық есебі

2Үлес 2014 жылғы Informa WCIS мәліметтері бойынша тіркелген пайдаланушылар негізінде есептелген

3Мәліметтер тек Алматы қаласы бойынша емес тұтас Қазақстан бойынша Алматы қаласының тіркелген оператор-компаниялар арасында ұсынылған

41 Деректер тек Алматы қаласы бойынша ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша Алматы қаласында тіркелген компания-операторлар тарапынан ұсынылды.

2 Netindex (Ookla) агенттігі мәліметтері бойынша.

53 Ғаламторға кең жолақты және жоғары жылдамдықты қолжетімділік

6 Деректер Алматы қаласы бойынша ғана емес, Алматы қаласында тіркелген барлық Қазақстан бойынша оператор-компаниялардың арасында.

7 Деректер жұмыс тобының талдамасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы мен әкімдік өкілдерімен сұхбаттың негізінде жасалған бағалау болып табылады. Бағалау есептерінің себебі сенімді деректердің жоқ болуы болып табылады.

8 Бұл учаскелерде тұраққа ақы, заңнамалық талаптардың болмағанына қарамастан алынып келеді

9 Резкое увеличение объема выбросов в 2012 году произошло в результате присоединения новых территорий к городу Алматы и учетом разрешенных выбросов ТЭЦ-2

11 Данные показатели включают выбросы по ТЭЦ 1 и ТЭЦ 2.

12 Данные объемы загрязнения от жилого фонда рассчитаны на основе среднего объёма загрязнения от печи – 0,313 тонн/год и количества не газифицированных домов.

10


11 ИЗА5 состоит из суммы значений кратности ПДК по 5 наибольшим показателям из 6 установленных.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет