Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



бет2/18
Дата09.06.2016
өлшемі5.86 Mb.
#124120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



2.1. Аумақтың (Алматы қаласы) әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдау 14

2.1.1. Экономика 14

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика 14

2.1.1.2 Өнеркәсіп 18

2.1.1.4 Шағын және орта бизнес, сауда 26

2.1.1.5 Инновациялар және инвестициялар 37

2.1.2. Әлеуметтік сала 45

2.1.2.1. Білім беру 45

2.1.2.2. Денсаулық сақтау 52

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 61

- экономиканың дамуына жаһандық дағдарыс жағдайларының теріс ықпалы, ол жұмыссыздықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін 71

2.1.2.4. Мәдениет 71

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт 73

2.1.2.6. Туризм 75

2.1.2.7. Тілдерді дамыту 78

2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп 80

2.1.4. Инфрақұрылым 87

2.1.4.1. Байланыс және коммуникация 87

2.1.4.2. Құрылыс 92

2.1.4.3. Жолдар мен көлік 97

2.1.6. Экология және жер ресурстары 119

2.1.6.1. Атмосфера жағдайы 119

2.1.6.2. Қатты тұрмыстық қалдықтар 125

2.1.7. Мемлекеттік қызметтер 129

3.1. Жайлы қала 137

3.1.1. Сапалы жолдар және көлік 137

3.4.1.2. Шағын және орта бизнес 171

3.4.2.1. Өңіраралық ынтымақтастық және көлік-логистикалық қызметтер 174



1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ*


Атауы

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы;


Алматы қаласының негізгі сипаттамалары

Алматы - Қазақстанның экономикалық орталығы. Алматы қаласы ЖӨӨ көлемі бойынша елімізде 1 орынға ие (2014 жылы 20,7%), сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады. Қалада 2014 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ 5023,0 мың теңгені немесе 29 мың АҚШ долларын құраған. Алматы қаласының ЖӨӨ құрылымы әлемнің көптеген дамыған қалаларына ұқсас, мұнда сауда қала экономикасының 30%-дан астамын, ал қызметтер секторы тұтас алғанда - 50%-нан артығын құрайды. Өнеркәсіптің үлесіне Алматы қаласының ЖӨӨ небары 5% ғана тиесілі, оның көп бөлігі тағам өнеркәсібі түрінде. Алматы қаласында экономиканың көптеген секторлары оң өсу серпінін көрсетіп отыр.

Алматы – тартымды өңірлік орталық болып табылады – соңғы 5 жыл ішіндегі халық санының өсімі жыл сайын 3% құрап, 2014 жылы көші-қон мен халықтың табиғи өсімі есебінен 1,6 млн. адамға жеткен. 2014 жылы тұрғындардың орташа жасы 37 жасты құраған. Демографиялық пирамида қала өнімділігінің жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Алматы — Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолындағы ірі логистикалық хаб болып табылады. Қала елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 20% қамтамасыз етеді. Қала қалааралық, халықаралық автожол, теміржол және авиация қатынастарына ие.

Алматы — елдің ірі білім беру орталығы. Алматы қаласында еліміздегі жоғары оқу орындарының үштен бірі шоғырланған және мұнда елдегі жалпы студенттер санының үштен бірі білім алады.

Қалада республикадағы ең ірі медициналық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым құрылған: жүздеген мамандандырылған арнайы диагностикалық, емханалық және амбулаториялық ұйымдар, ғылыми-зерттеу және шипажай ұйымдары әрі алуан түрлі емдеу орталықтары жұмыс жасайды.

Алматы — ірі спорт орталығы болып табылады. Қалада көптеген Өңірлік және халықаралық спорттық сайыстар өткізіледі. 2017 жылы Алматы қаласында Қысқы Универсиада ойындары өтеді, бұл қаланы халықаралық деңгейде мойындайтындығын білдіреді.

Алматы — Қазақстанның мәдениет орталықтарының бірі болып табылады. Қалада жүздеген мәдениет мекемелері (мұражайлар, театрлар, галереялар) жұмыс жасайды, шамамен 150-ге жуық сәулет, тарих ескерткіштері мен монументтер орналасқан.

Алматы елдің туристік орталықтарының бірі болып есептеледі, мұнда өңірлік және халықаралық туристер келеді.



Экономикалық индикаторларды бағалайтын индекстерде (макроэкономикалық көрсеткіштер – ІӨӨ-нің өсуі, инфляция, жұмыссыздық және т.б. капиталды тартуға, бизнесті дамытуға қабілеттілік) Алматының дамуы орташа мегаполистердің деңгейіне сәйкес келеді.

Z/Yen Group компаниясының Global Financial Centres Index (GFCI) әлемдік қаржы орталықтарының рейтингісінде Алматы 84 қала арасынан 51 орынға ие.

«FinancialPost» баспасының деректері бойынша біздің қаламыз экономикасы барынша қарқынды дамушы 96 қаланың ішінен Топ-10 қаланың құрамына енді.

Беделді The Economist баспасының сарапшыларының берген бағасына сәйкес, 2025 жылға қарай Алматы капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тарту бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті жүз қаланың құрамына енеді.

«DoingBusiness» Дүниежүзілік Банкінің индексіне сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан 189 елдің арасынан 41 орынды иеленуде. Бұл индекс Алматының экономикалық көрсеткіштерінің негізінде есептеледі.

Сонымен бірге, әлеуметтік ортаның рейтингісі бойынша орташа қалалардың деңгейінен ептеп артта қалатыны байқалуда.

Айталық, «Mercer» өмір сапасының негізінде Алматы 230 қаланың арасынан 175 орынды, ал «Economist Intelligence Unit» өмір сапасы индексінде 140 мегаполистің арасынан 100-ші орынды иеленіп отыр.

Инфрақұрылым мен экология көрсеткіштері бойынша Алматы әлемнің дамыған қалаларынан едәуір артта қалуда.

Сонымен, «Mercer» инфрақұрылымының индексінде 230 қаланың ішінде 172 орынды иеленген, «Numbeo» ластану деңгейінің индексінде – 297 қаланың ішінде 214 орында тұр.


Бағыттар

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы қаланың барлық даму бағыттарын қамтиды, оның ішінде:

- жайлы қала;

- қауіпсіз қала;

- әлеуметтік-бағытталған қала;

- экономикалық тұрақты қала;

- бизнес пен жеке капиталға арналған қала;

- интеграцияланған қала;

- белсенді азаматтар қаласы.



Мақсаттар

Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі кезеңде дамуының жалпы мақсаты қала ретінде үдемелі әлеуметтік-экономикалық өсуін, халықтың тұрмысы үшін қолайлы жағдайды және бизнестің дамуына тартымды жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:



  1. Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

  2. Өнеркәсіптің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және энергия тиімділігін арттыру;

  3. Азық-түлік белдеуін дамыту;

  4. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

  5. Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;

  6. Қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру;

  7. Қалада инновациялық ахуалды жақсарту;

  8. Мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  9. Орта білімнің сапасын және инклюзивтігін арттыру;

  10. Қаланың және елдің экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби білім мен мамандануды қамтамасыз ету;

  11. Халықтың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру;

  12. Еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  13. Жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бизнесті ынталандыратын жағдай жасау;

  14. Қайыршылық деңгейін төмендету;

  15. Тұрмысы төмен халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

  16. Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту;

  17. Бұқаралық спортты дамыту;

  18. Әлемдік деңгейдегі туристік кластерді дамыту;

  19. Алматы қаласында қоғамның топтасуын қамтамасыз ету;

  20. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

  21. Техногендік апаттар, қираулар және дүлей зілзала жағдайларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  22. Коммуникациялық желілерді дамыту;

  23. Тұрғын үйге және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  24. Тұрғын үй нысандары үшін сапаның жоғары стандарттарын қамтамасыз ету;

  25. Сапалы жол желілерін дамыту;

  26. Қоғамдық көліктің мобилділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  27. Тұтынушыларды сапалы және сенімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

  28. Қоршаған ортаға эмиссия мониторингі;

  29. Қалдықтарды басқарудың және қайта өңдеудің заманауи жүйесін құру және қала аумақтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;

  30. Мемлекеттік органдар қызметінің үйлестірілуін жақсарту;

Негізгі нысыналы индикаторлар

Экономика (2020 жылы)

  1. ЖӨӨ көлемі бес жыл ішінде 20%-ға өседі;

  2. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 7889,7 мың теңгені құрайды;

  3. Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны бес жылда 28,5% құрайтын болады;

  4. Өңдеуші өнеркәсіптің өнім шығаруының нақты көлем индексі 2020 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 15% құрайтын болады;

  5. Өңдеуші өнеркәсіптің еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 34,1 АҚШ долларын құрайды;

  6. Өңірдің экспортының жалпы көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар көлеміндегі экспорттың үлесі 10% құрайды;

  7. Бес жылдағы азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталға салынатын инвестицияның нақты көлемі 25% өседі;

  8. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқыны бес жыл ішінде 27,4% құрайды;

  9. Шет елдік инвесторлардың жеке меншігінің шет елдік үлгісі бойынша инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі капиталға сыртқы инвестиция үлесі 17,5% құрайды;

  10. Шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестиция өсімі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) 50% құрайды;

  11. Жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі тіркелгендердің жалпы көлемінде 92% құрайды;

  12. Бөлшек сауданың көлемі 29,5% құрайды;

  13. Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес «Бөлшек сауда» қызмет түрімен сауда нысандарының саны 8 бірлікті құрайды;

  14. Басқа аймақтарға жөнелтілген шығарылған өнім көлемі (саны 50 адамнан артық өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) 413,8 млрд. теңгені құрайды;

  15. Басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың үлес салмағы резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінің 50% құрайды;

  16. Жалпы жұмыс жасайтын кәсіпорындар ішіндегі инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі 2020 жылы 15% құрайды;

  17. Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің өсу үлесі 0,9% құрайды.


Әлеуметтік сала (2020 жылы)

  1. Балалардың (3-6 жас) мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылуы 71% құрайды;

  2. Балалардың (3-6 жас) мектепке дейінгі оқуына мұқтаж балалардың санын азайту үшін жаңадан ашылған орындардың үлесі 25% құрайды;

  3. Балалардың инклюзивті білім берумен қамтылуы жалпы мүмкіндігі шектеулі балалар санының 33,2% құрайды;

  4. 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі 4% құрайды;

  5. ТКБО оқу орындары түлектерінің ішіндегі еңбекке орналастырылғандардың үлесі алғаш оқу орнын тәмамдағандардың 75% құрайды;

  6. Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамту үлесі 22,7% құрайды;

  7. 14 жастан 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатымен қанағаттану деңгейі 80% құрайды;

  8. 100 тірі туылғандарға аналар өлімін азайту 4,0 оқиғаға дейін төмендейді;

  9. 1000 тірі туылғандарға сәбилер өлімін азайту 6,7 оқиғаға дейін төмендейді;

  10. 100 мың халыққа шаққандағы қатерлі ісіктен өлімді азайту 100% оқиғаға дейін төмендейді;

  11. Жұмыссыздық деңгейі 5% дейін төмендейді;

  12. Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өтініш жасаған тұлғалардың жұмысқа тұрғызылғандарының үлесі 66,5% құрайды;

  13. Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылардан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 26% құрайды;

  14. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (көмек алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 100% дейін жоғарылайды;

  15. 1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына барушылардың орташа саны:

- кітапханаларға 221,4 адам;

- театрларға 285,6 адам;

- концерттік ұйымдарға 304,5 адам;

- мұражайларға 190,7 адам.



  1. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастардағы халық үлесі 30% құрайды;

  2. Балалар – жасөспірімдердің спорт мектептерінде дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7 -ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қамту балалар мен жасөспірімдердің жалпы санының 10% құрайды;

  3. Ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру өткен жылмен салыстырғанда 25% құрайды;

  4. Келетін туризм бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын арттыру, өткен жылмен салыстырғанда 25% құрайды;

  5. Тәулігіне ұсынылған орындар саны 25% құрайды;

  6. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 90% құрайды;

  7. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;

  8. Үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын) ересек тұрғындардың үлесі 20% құрайды;

24. Көшелерде орын алған қылмыстардың үлесі 20% құрайды;

25. ЖКО қаза тапқандар санын 100 жапа шеккендерге азайту 5,9% дейін құрайды;

26. Кәмелет жасына толмағандар жасаған қылмыстардың үлес саны 1,7% құрайды;

27. Полицияға сену деңгейі 60% құрайды;

28. 100 мың адамға шаққандағы тонау деңгейі 150-ге дейін құрайды;

29. 100 мың адамға шаққандағы адам өлтіру деңгейі 4 дейін төмендейді;

30. Бұрын қылмыс жасағандар қылмыстарының үлес салмағы 17,9% құрайды;


  1. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылдар инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейі 57% құрайды.


Инфрақұрылым (2020 жылы)

  1. Тіркелген телефон байланысы желісінің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда 43 бірлікті құрайды;

  2. Интернетті пайдаланушылар үлесі 80% құрайды;

  3. Халықтың сандық сауаттылық деңгейі 80% құрайды;

  4. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің өсуі 130,5% құрайды;

  5. Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының 5 жыл ішінде жалпы алаңы 6167 мың шаршы метрді құрайды;

  6. Паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының жалпы санынан мүгедектер үшін қол жетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі 100% құрайды;

  7. Күрделі жөндеу талап етілетін кондоминимум нысандарының үлесі 51% құрайды.

  8. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 80% құрайды.

  9. Қаланың жалпы жолаушылар ағымындағы қоғамдық көлік үлесі 50% құрайды;

  10. Орталықтандырылған жүйеге қолжетімділігі:

  • сумен қамту 100% құрайды;

  • су бұру қызметтеріне 86% құрайды;

  1. Жалпы ұзындығында түрлендірілген желілер үлесі:

- жылумен қамту 65-тен 57 дейін%;

- электрмен қамту 69-дан 65 дейін%;%

- газбен қамту 62-ден 57 дейін%;%.

Экология және жер ресурстары (2020 жылы)

1. Зиянды қалдықтардың шығарылу көлемі:

- атмосфералық ауаға шығару 0,1 млн. теңге;

- су нысандарына шығару қарастырылмаған.

2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі көлемінен кем дегенде 40% құрайды.

3. Қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша халықты қамту 100% құрайды.



Мемлекеттік қызметтер (2020 жылы)
1. Халықтың жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 10 балдық зерттеу межелігі бойынша 9,7 ұпай.

Қажетті ресурстар

Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті жергілікті және республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемі, сондай-ақ инвесторларды ескере отырып, алдын ала есептеу бойынша шамамен 1 трлн. теңгені құрайды.

Бюджеттік қаржыландыру көлемі қаржылық жылдарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.





2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет