Мазмұны беті Кіріспе І бөлім. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері


Зейнетақы жүйесінің инфроқұрылымдық қамтамасыз етілуі



бет4/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#138280
1   2   3   4   5   6

2.2. Зейнетақы жүйесінің инфроқұрылымдық қамтамасыз етілуі.

Қазақстанда мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі әрекет етеді, оның принципиалды ерекшелігі болып мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы халықтың өз қарттығын өз бетімен қамтамасыз етуі табылады. Әлеуметтік зейнетақы мемлекеттік немесе жергілікті бюджеттен төленеді және өмір сүру минимумының ресми мөлшерін кепілдейді.

“Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын құру туралы” жағдайымен ҚР-ң халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министірлігінің Ұлттық зейнетақы Агенттігімен бекітілген жарғылық капиталы белгіленеді: ашық қорлар үшін 180 млн.тг. көлемінен аз емес, корпоративті қорлар үшін – 50 млн.тг. көлемінен аз емес. Жеке капиталының көлемі бойынша Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы қоры алдыда келеді. 2003ж. оның жеке капиталы 1127,2 млн.теңгені құраған, ол оның жарғылық капиталынан алты есе көп.

Зейнетақы реформасының әрекетінің 5 жыл аралығында зейнетақы қорларының саны өсті, қайта құрылу процесстері жүріп өтті, негізінен кейбір жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталдарының бірігуі байқалды. Осылайша, 2000ж. 4 зейнетақы қорларының бірігуі болды. Басында екі қор құрылды: “АБН АМРО КаспийМұнайГаз”, “Үміт” қорына “Профсоюз қоры” қосылды. Ары қарай 2001ж. “Үміт” ЖЗҚ-на “Ұлар” ЖЗҚ-ы қосылды, сөйтіп “Ұлар-Үміт” ЖЗҚ құрылды. 2001ж. үш жаңа зейнетақы қорлары әрекет ете бастады: “Филлип Моррис Қазақстан”, “Отан” және “Капитал”. 2001ж. бірінші жартысында басталған зейнетақы активтерінің консолидациясының тенденциясы 2002ж. басында зейнетақы қызметтері нарығының қатысушылары санының ұлғаюымен ауысты.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысын бірталай көрсеткіштер мінездемелей алады, олардың ішінде зейнетақы активтерінің, жеке зейнетақы активтерінің мөлшері, салымшылар саны, табыстылығы. Көрсеткіштері бойынша ең ұсақ қорлар болып “Д.Қонаев ат. ХЖЗҚ”, “Филлип Моррис Қазақстан”, “Отан” және “Капитал”. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі олардың зейнетақы активтерінің үлесі 1%-тен аспайды.

2002ж. активтер өсімінің ең үлкен жылдамдығы “Отан” жас қорында тіркелген болатын, ондағы өсім 18,8% құраған. 2002ж. ақпанында Ұлттық Банк тағы да бір қор акцияларының бірінші эмиссиясының мемлекеттік тіркелуін жүргізді –“Капитал” ЖАҚ ЖЗҚ, оның құрылтайшыларының бірі болып “Банк ЦентрКредит” ААҚ. Қайта құрылған ЖЗҚ-ң зейнетақы активтері 2002ж. наурызында “ABN AMRO Asset Management” Зейнетақы Активтерін Басқару Комитетінің инвестициялық басқарылуына түсті.

№1 кесте. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы активтерінің сыбағалы салмағы*

Көрсеткіштер

2000ж. 01.01-не

2001ж. 01.01-не

2002ж. 01.01-не

2003ж. 01.01-не

Мемл.емес ЖЗҚ бойынша барлығы:

  • сомасы, мың.тг.

  • жиынтығына пайызбен алғанда

5581047,4

23,72


30639590,0

47,50


68794988,58

61,07


123671109,403

67,70


“Мем.ЖЗҚ” ЖАҚ:

  • сомасы, мың.тг.

  • жиынтығына пайызбен алғанда

17946689,6

76,28

33864810,0

52,50

43854411,42

38,93

58998627,622

32,30


Жиыны,

  • сомасы, мың.тг.

  • пайызбен алғанда

23527737,0


100

64504400,0


100

112649400,0


100

182669737,024


100

Ескертпе - *Қайнар көзі:

  1. А.Умбетов. Накопительная пенсионная система Казахстана//Рынок ценных бумаг Казахстана,2001г. №3, с.30

  2. Сведения о долях финансовых институтов в накопительной пенсионной системе на 01 января2002г.//Рынок ценных бумаг казахстана, 2002г., №1, с.54

Берілген динамика Мемлекеттік ЖЗҚ-ң елдің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің берілген құрылымдық бірлігінің уақытшалығы мен жорта айтпауы бойынша қор ретінде құрылуының негізгі ойын мақұлдайды. Берілген жағдай зейнетақы реформасы концепциясымен қарастырылған болатын. Таза зейнетақы активтерінің сомасы ЖЗҚ-ң зейнетақылық активтерінің үлкен инвестициялық потенциалы туралы айтады: 2003ж. басына ол 222 млрд.теңгеден (немесе 1,5 млрд.долл.) асаны құраған.

Барлық жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша 2003ж. басына таза зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 269,8 млрд.тг. құраған, 2004ж. басына – 368,35 млрд. тг. құрады. 2002ж. жинақтаушы зейнетақы қорларының таза активтері 47,9%-ға өсті, 2003ж. – 36,5%-ға өсті. Олардың ішінен Мем.ЖЗҚ-на зейнетақы жинақтауларының сомасы 30% жуық, мемлекеттік емес қорларда 70%-ға жуық (2002ж. басына бұл көрсеткіш: Мем.ЖЗҚ-на - 35%, 65% - мемл. емес қорларға). Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің әрекет ету кезеңінің ішінде инвестициялық табыс 66,5 млрд.тг. құраған, олардың ішінен салымшылардың индивидуалды зейнетақы шоттарына 59,9 млрд.тг. аударылған.

Қазақстандағы зейнетақы қызметтерінің нарығы дәл осы уақытта қаржылық нарықтың басқа сигменттеріне қарағанда өзінің тұрақты дамуымен ерекшеленеді. Зейнетақы активтерінің ай сайынғы өсімі бірқалыпты түрде 3 – 3,5% құрайды.

2004ж. жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфель құрылымы мен нарық қатысушыларының сандық құрамында бірталай өзгерістердің болғанын №2 кестеден көреміз.

№2 кесте. 2004ж. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорлары нарығының құрылымы



Аты

Зейнетақы активтерінің барлығы, млн.тг.

Зейнетақы активтерінің таза сомасы, млн.тг.

Нарықтық үлесі,%

1

2

3

4

Мем.ЖЗҚ

75773,8

75649,5

28,05

Қазақстан халық банкісінің ЖЗҚ

60831,9

60797,4

22,52

ҰларҮміт

46504,5

46349,9

17,21

АБН АМРО – Каспий Мұнай Газ

18922,7

18906,7

7,0

Сенім

12757,1

12740,9

7,72

Құрмет

11169,3

11165,3

4,13

Қазақмыс

8857,5

8841,2

3,28

Валют-Транзит Қоры

7888,5

7879,9

2,92

Қазақстан

7342,4

7332,3

2,72

НефтеГазДем

6433,4

6423,8

2,38

Халықтық зейнетақы қоры

5072,3

5063,4

1,88

Қорғау

3916,1

3914,2

1,45

Отан

2595,7

2595,3

0,96

Д.Қонаев ат. Мем.емес ЖЗҚ

820,9

820,7

0,30

Филипп Моррис Қазақстан

649,0

648,2

0,24

Капитал

624,1

623,8

0,23

Барлығы

270159,2

269752,5

100

Ескертпе - *пайдаланылған әдебиет:

Отчет накопительных пенсионных фондов и КУПА за 4 квартал 2003г.//Панорама,№4, 30 января 2004г.,с.8



2005ж. басына Қазақстанда өз әрекеттерін 16 жинақтаушы зейнетақы қорлары атқарған, соның ішінде 1 мемлекеттік, 2 корпаративті (“Қазақмыс”, “ФилиппМоррисҚазақстан”) және 13 ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссионды сыйақысының шекті мөлшеріне жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысының есептік кітапшасын дайындау мен басқа зейнетақы қорына зейнетақылық жинақтауларын аудару, календарлық жылда бір реттен артық емес зейнетақы жинақтауларының жағдайы туралы ақпарат беруді қоспағанда, зейнетақы қорларының алымшылары мен салымшыларына қызмет көрсету үшін сыйақы кіреді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін орналастырудан алынған инвестициялық табыстың сомасы мен зейнетақы салымдарының сомасынан алынған комиссионды сыйақыларды белгілейді. Комиссионды сыйақылардың есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары өз шығындарын жабады, кастодиан-банкісі мен зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік оралықтың қызметтерін және де зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүргізетін ұйымның қызметтерін өтейді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрекет етулерінің барлық кезеңінде 8,1 млрд. тг. комиссионды сыйақы алынған, соның ішінде комиссионды сыйақылар: зейнетақы салымдарынан ұсталған – 1,5 млрд.тг., инвестициялық табыстан ұсталған – 6,6 млрд.тг.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының негізгі әрекеті – бұл салымшылардың ерікті және міндетті зейнетақыларын жинауды және алымшыларға зейнетақы төлемдерін іске асыру, және де зейнетақы активтерін құру мен оларды зейнетақы активтерін басқару компаниялары арқылы инвестициялау бойынша әрекеті. Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрекетін мінездемелейтін көрсеткіштердің бірі болып зейнетақы активтерінің сомасы ғана емес, сонымен қатар тартылған салымшылар саны да табылады.

2003ж. 1 қаңтарынан зейнетақы салымдарының жүйесі үш бөліктерден тұрады: міндетті, ерікті және ерікті-кәсіптік зейнетақы салымдары. Ерікті-


кәсіптік зейнетақыларын жұмыс беруші өз қызметкерлерінің шотына ҚР-ң Үкіметі тағайындаған мамандықтарың тізімі бойынша аударады, яғни өз қызметтерінің спецификасына байланысты заңмен белгіленген мерзімінен зейнетке ерте шығатын алушылар өмірі мен денсаулығы үшін залалды болып табылатын мамандықтар. Ерікті салымдар есебінен зейнетақыларды 55 жастан бастап, ал ерікті-кәсіптік салымдар есебінен әйелдер мен еркектерге бірдей 50 жастан бастап ала беруге болады.

Зейнетақы заңдарына сәйкес мемлекеттік емес зейнетақы қорларында зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүргізетін ұйыммен іске асырылады. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорлары белсенді түрде халықаралық қаржылық ұйымдар мен шетелдік эмитенттерінің құнды қағаздарын сатып алуда.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға белгілі төмендегі талаптар қойылады:


  • сенімділік пен рентабельдік;

  • тәуекелділіктердің диверсификациясы;

  • қатаң регламентация және тиісті бақылаушы орган тарапынан бақылау;

  • әкімшілік пен маркетингтік шығындарға шекті тежеулер.

Сенімді және тиімді жұмысты қамтамасыз ету мен барлық мәмлекеттік міндеттемелерді орындау үшін құнды қағаздар бойынша ҚР-ның Ұлттық комиссиясының белгіленген қаулысымен “ЗАБК (КУПА) үшін пруденциалды нормативтер туралы ереженің ” 1 бабында Компанияның жарғылық капиталы 150 млн.тг. аз болмауы керек, Мем.ЖЗҚ-ның жарғылық капиталы 180 млн.тг. аз болмауы керек екендігі анықталған. Жарғылық капиталды өтеу тек қана ақшалай түрде болуы керек. Жарғылық капитал құрылтайшылардың тек қана өз қаражаттары есебінен құрылуы қажет.

Қазіргі кезде әрекет етіп тұрған ЗАБК-дың барлығының жарғылық капиталы өтелген, “Актив-Инвест”, “ВТА Asset Management”, “Жетісу” және Қазақстан халық банкісі сияқты ЗАБК-ның жарғылық капиталы белгіленген мөлшерінен асып кеткен.

ЗАБК-лер үшін қаржылық құралдырының түрлері бойынша зейнетақы активтерін орналастыру бойынша тежеулер бар. Бұл “ЗАБК-ның инвестициялық әрекеті туралы ережесімен” белгіленген. Ұлттық комисияның нормативті құқықтық актілеріне сәйкес зейнетақы активтерін орналастыру бойынша келесі тежеулер әрекет етеді:

1) ЗАБК-сы үшін:



  • ҚР-ның мемлекеттік бағалы қағаздары (соның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмитеттелінген) – 50%-дан аз емес;

  • Халықаралық қаржылық ұйымдардың құнды қағаздары – 10%-дан көп емес;

  • Банктік депозиттік сертификаттар мен орналастыру мезгіліне ҚР-ның Ұлттық Банкісінің тізімі бойынша екінші деңгейлі банктердегі депозиттер – 40%-дан көп емес;

  • “А” категориясы бойынша Қазақстандық қор биржасының ресми тізіміне құнды қағаздары енгізілген ҚР-ның ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссионды құнды қағаздары – 30%-дан көп емес.

Аталған қаржылық құралдар зейнетақы жарналарын қорғау әдістерінің бірі болып табылатын ең аз тәуекелділікке ие.

Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерінде 100 аса қаржылық құралдар бар. Зейнетақы активтерінің негізгі бөлігі ішкі қаржылық құралдарға орналастырылған және қазақстандық эмитенттердің құнды қағаздарына инвестицияланған.

2003ж. басына қарай зейнетақы активтерін басқаруға нарықтың тоғыз қатысушыларында лицензия болды, соның ішінде ЗАБК-ы мен өз зейнетақы активтерін өзбетінше басқарып отырған Мем.ЖЗҚ.

№3 кесте. Зейнетақы активтерін басқару нарығының құрылымы*


ЗАБК-ның аты



Зейнетақы активтерінің барлығы, млн.тг.

Зейнетақы активтерінің таза сомасы, млн.тг.

Нарықтық үлесі,%

Мем. ЖЗҚ

75773,8

75649,5

28,05

Қазақстан Халық Банкісінің ЗАБК-сы

63427,6

63392,7

23,48


Жетісу

61795,4

61614,9

22,87

ABN AMRO Asset Management

25268,1

25242,1

9,35

ВТА Asset Management

18511,7

18497,6

6,85

BESTINVEST

12757,1

12740,9

4,72

Актив-Инвест

7888,5

7879,9

2,92

Ак ниет

4737,0

4734,9

1,75

Нур-Траст

-

-

0,00

Зейнетақы активтерінің барлығы

270159,2

269752,5

100

Ескертпе – пайдаланылған әдебиеттер*

  1. Нурмуханбетов Е. Накопительная пенсионная система в 2002 году//РЦБК, 2003г., январь, с.23-29

  2. Отчет накопительных пенсионных фондов и КУПА за 4 квартал 2003г.//Панорама,№4, 30 января,с.8

Қазақстанда зйнетақы активтерін басқару компанияларының арасында бәсекелестіктің жоқтығын атап айтуға болады, өйткені құрылған тенденция көрсетіп отырғандай, барлық ірі зейнетақы қорлары өз Компанияларын құрған, яғни нарық бөлінген және әрбір Компанияның өз клиенті бар. ЗАБК-ның бірінің төрағасының атап айтуы бойынша, “барлық ірі зейнетақы қорлары компаниялар арасындағы бәсекелестікті жоққа шығаратын активтерді басқаратын өз компанияларын құрады. Ешқандай қормен еншілес болмаған кішкентай қорларға ірі қордың қойған шарттарына келісуіне тура келеді”.

2002ж. аяғына қарай Қазақстан территорясында жинақтаушы зейнетақы қорларына кастодианды қызмет көрсететін 5 банк әрекет еткен:


  1. Ұлттық банк;

  2. “Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі” ААҚ;

  3. “Алматы Сауда-Қаржы банкі” ЖАҚ;

  4. “Казкоммерцбанк” ААҚ;

  5. “Темір банк” ААҚ.

Осылайша келесі қорытындыны жасауға болады:

Жинақтаушы зейнетақы қорларын құру кезінде мынандай тенденцияны анықтауға болады: мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары негізінен өз құрылтайшыларының мүддесін қолдайды. Жинақтаушы зейнетақы қорларын – жаңа қаржылық институт, ол қаржылық нарықта өзінің құрылтайшыларының емес, салымшыларының мүддесін қолдауы және оларға қызмет етуі керек. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір салымшы үшін күрес жүргізулері керек. Басты түрде, бұл жарнама арқылы іске асуы керек.

ЗАБК-сы кәсіптік инвестор ретінде ұзақ мерзімді қаржылық құралдарға инвестициялардың көлемін ұлғайтады, негізінен валюталық құралдар сатып алу есебінен – ҚР-ның еврооблигациялары. ЗАБК-ның инвестициялық басқаруындағы мұндай саясат валюта түрінде табыстың айтарлықтай мөлшерін алу мақсатымен шарттасады, және де ұлттық валютаның девольвациясынан болатын жоғалтулар тәуекелділігін төмендету.

Соңғы жылдары отандық қор нарығында құнды қағаздарға сұраныс ұсыныстан әлде қайда жоғары болып отыр, осының салдарынан қазақстандық институционалды инвесторлар, оның ішінде ЗАБК-р, олардың басқарылуында тұрған зейнетақы активтерін шетелдік нарықтарда немесе екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде орналастыруға мәжбүрлі.

Бұл проблеманы шешудің жолдарының бірі болып жаңа өтімді қаржылық құралдарының едәуір көлемінің нарықта пайда болуын ынталандыру: ипотекалық облигациялар, агенттік құнды қағаздар, қазақстандық депозитарлық қолхаттары, депозитарлық сертификаттар мен басқалары.

Валюталық режимді либерализация шегінде қазақстандық қаржы нарығына шетелдік эмитенттердің, соның ішінде Европалық одақтың құнды қағаздарын жіберуге жағдай жасалады.





ІІІ БӨЛІМ. Халықты зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінің даму бағыттары.

3.1. Контекстідегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі.

Түбегейлі экономикалық реформалар жасауға кірісе отырып, Шығыс Еуропа елдері елеулі дәрежеде әлеуметтік еңбек жағдайына қатысты өзгерістердің қажеттігін түсінген. Халықтың басым бөлігі кедейшілік шегіне жетіп, өмір сүру жағдайының күрт төмендеуі салдарынан қоғамдағы әлеуметтік шиеленісудің тереңдеу қауіпі туып, нәтижесінде, реформалардың әлеуметтік қорының бұзылу қаупі тиімді және салмақты әлеуметтік саясат құруды талап етті.

Қаржы қиыншылықтары және халықтың қартаюына қатысты мәселелерді шешудің мүмкін еместігінен басқа, шет елдердің халқын зейнетақымен қамтамасыз етуінде өзіндік кемшіліктер болды: ол әлеуметтік бағыныштылық (біреудің асырауында болу) пен елдегі қаражаттың жалпы деңгейіне кері әсерін күшейтті, өйткені азаматтар мемлекеттік зейнетақыға иек артып, болашағы үшін қаражат жинамайды.

Одан өзге, Ресей Ғылым академиясының қызметкері Зубченконың айтуынша, экономикалық қиыншылықтар ушығып тұрған кезде, үкімет әртүрлі әдістермен зейнетақы мөлшерін шектеуге тырысады, мысалы, зейнетақыны тұтыну бағаларының индексі бойынша индекстеуді енгізу есебінен шектей алады.

Мемлекеттік жүйе үстемдік етіп, зейнеткерлерге таңдау құқығын бермегенде, осындай жағдайдың орын алуы мүмкін. Көпшілік мемлекеттердің осындай әлеуметтік – экономикалық жағдайы либералдық модель деп аталатын зейнетақымен қамтамасыз ету элементтерін ағымдық жүйеге енгізуге әкеліп соқтырды, ал ол – болашақ зейнеткерлердің басым бөлігі өздерінің бүкіл белсенді өмірінде қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорына салатын капитализациялау мен сақтандыруға негізделген. Мұндай кезде мемлекет әлеуметтік зейнетақыны тек мұқтаж адамдарға төлейді. Бірқатар экономисттердің пікірінше, Чилидегі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың сәтті болғанын төмендегілер дәлелдейді:


  • жеке зейнетақы қорларының тапқан пайдасының нормасы айтарлықтай жоғары болды, орташа алғанда жылдық пайда нормасы 13,9%-тей;

  • ішкі ұлттық қаражат нормасы көбейген;

  • реформаның табысты нәтижесі капитал нарығының дамуына түрткі болды. Көптеген Чилилік фирмалар, өкілдіктер ұзақ мерзімді ішкі қаржыландыруды пайдаланды;

  • жеке зейнетақы қорларының дамуына байланысты мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуы себепті өтемақы төлеу құқығын алу үшін еңбекақы төлеу қорынан бар жоғы 0,7% жарна талап етіледі.

Экономикалық дамыған елдерде Қазақстандағы зейнетақы реформасын жүзеге асыруға үлгі болған зейнетақы жүйелері жұмыс істейді. ҚР-ң «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» жаңа заңына ҚР-ң президенті 1997ж. 20 маусымда қол қойды, ал оның маңызды сипаты бар негізгі баптары біраз уақыт өткеннен кейін, яғни 1998ж. 1 қаңтарынан күшіне енді.

Әлемдік практикада бар зейнетақымен қамтамасыз ету модельдерінің ішінде төмендегілерді атап айтуға болады: екі деңгейлі, үш деңгейлі т.б. модельдер.

Екі деңгейлі модельде барлық тұрғындар үшін бірдей ең аз мөлшердегі зейнетақы қарастырылады, мұнда зейнетақы салықтар есебінен төленеді және мөлшері төленген сақтандыру жарналарының мөлшеріне тәуелді міндетті зейнетақы қарастырылады. Мұндай модель Чехия, Латвия, Литва, Германия елдеріне тән.

Албания, Венгрия, Польша, Словения, АҚШ елдеріндегі үш деңгейлі зейнетақы моделіне келсек, онда бюджет есебінен бөлінетін ең аз зейнетақы, сонымен қатар сақтандыру өтіліне (стаж) байланысты зейнетақылар және зейнетақымен ерікті түрде қамтамасыз ету туралы сөз болады. Осы модель Қазақстанда қолдануға лайықты болып шықты.

Зейнетақылық сақтандыру жарналарының мөлшері жекелеген елдер бойынша төмендегідей: Германияда – жеке еңбекақының 16,6%-ы (жұмыс беруші зейнетақымен қамтамасыз етуге сақтандырылған өз қызметкерінің жалақысынан 9,3% ұстап қалуға, ал 9,3%-н өзі төлеуге міндетті).

Ресейде зейнетақы қорына төленетін жарна еңбекақы төлеу қорының 28% құрайды. Израильде жұмыс берушінің міндетіне төмендегі төлемдер кіреді: қызметкердің толық жалақысының 10%-ы ұлттық сақтандыру жүйесіне аударылады, 5,5%-і – зейнетақы қорына, 14,3% үш сақтандыру қорына бөлінеді: мүгедектігі бойынша зейнетақы, қайтыс болған қызметкердің отбасына зейнетақы, 10 жылдан кем емес жұмыс істеген жағдайда қызметкер зейнетақы жасына жеткенде төленетін зейнетақы. Оның жұмыс істеп жүрген мерзімінде зейнетақы қорына ақшаның үлкен бөлігін жұмыс беруші аударса, шағын бөлігі қызметкердің жалақысынан аударылып отырады.

Сөйтіп, мемлекеттік емес бағдарламаларда жасы жетуіне байланысты зейнетақы алу құқығы екі кәсіптік шарттың орындалуына байланысты – белгіленген жасқа жету және қажетті еңбек өтілі мен сақтандыру жарналарын төмен өтілінің болуы.

ГФР-де қартайғанда қорғау тәртібі міндетті емес, ол – ерікті тәртіп. Қорытындысында, кәсіпорын зейнетақы бере ме, бермей ме, ол берген жағдайда қандай мөлшерде береді – оны кәсіпорынның өзі шешеді. Кәсіпорыннан зейнетақыны беруді реттеу жүйесі кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ассоциацияларының арасындағы тарифтік келісімде ескерілуі мүмкін. Зейнетақымен қамтамасыз етудің мұндай жүйесі бір кәсіпорында жұмыс істейтін адамдарға арналған өндірістік келісім деңгейінде, жекелеген қызметкерлерге еңбек келісімдерін рәсімдеудің ерекше тәсілімен де реттелуі мүмкін.

Көптеген елдерде зейнетақыға шығу жасын ұзарту жұмыс істеушілердің санын сақтау үшін жеткілікті шара бодды. Бұл зейнетақыға төленетін қаражатты азайтып, тиісінше сақтандыру жарналарын төлеушілер санын көбейтуге мүмкіндік берді.

Шын мәмінде көптеген дамыған елдер жұмыс орны бойынша зейнетақы жоспарларын, орта және жоғарғы табысы бар жұртшылықтың қажеттілігін қанағаттандыратын жеке жинақ зейнетақы шоттары бар жекеменшік басқарманы мемлекет басқаратын зейнетақы жүйесіне тоқтады. Барлық дамыған елдерге ортақ бағыт ретінде мемлекеттік емес жинақтаушы жүйеге басым назар аударылып отырғанын оларды біртіндеп зейнетақылық сақтандыру кешенді жүйеге енгізіп жатқанын айтуға болады. Бұрындары жинақтаушы тәртіптің пайда болуы жүйесіз жүргізіліп келген, тіпті кездейсоқ деп айтуға болады. Зейнетақы бағдарламаларын әзірлеуде фирмалар жетекші рольді өз қолдарына алды да, үкіметке реттеуші ролін қалдырды. Бүгінгі таңда мемлекет реттейтін жұмыс берушілер мен жеке тұлғалар қаржыландыратын жинақтаушы зейнетақы жоспары бірден бірге маңызды роль атқарып келеді. Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерін модельдері бойынша (екі, үш деңгейлі т.б) жіктеуге болғанмен, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар: жұмысшылар мен қызметкерлерді зейнетақымен жеке-жеке қамту, жалданып жұмыс істейтіндерді қосымша қамтамасыз ету жөнінде ұжымдық келісімдердің болуы, сонымен бірге мамандықтар, кәсіпорындар мен салалар бойынша зейнетақымен қамтамасыз етудің ерекшеліктері бар.

АҚШ, Франция, Швеция және Ұлыбритания елдерінен айырмашылығы – кәсіптік әлеуметтік жәрдем іс жүзінде ұжымдық келісімдердің мазмұнымен байланысты емес. Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етуде жұмыс істеушілердің әртүрлі категорияларының айырмашылығы жоқ.

Қалыпты зейнетақы жасын анықтауда мемлекеттік емес бағдарламалар қолданылып жүрген заңдылық нормаларын көбінесе жаңартып отырады. АҚШ пен Канадада ер адамдар мен әйелдер үшін мұндай жас – 65, Францияда – 60, Германияда – 65, Жапонияда – 55, Ұлыбританяда ер адамдар үшін 65, әйелдер үшін 60. Салыстыру үшін № кестені қарауға болады.

№1 кесте. Өмір сүрудің болжамды ұзақтығы.

Елдер


Өмір сүрудің болжамды ұзақтығы, жас

Зейнетақыға шығу жасы

Зейнетақы кезіндегі болжамды өмір сүру ұзақтығы, жас

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

Австрия

73,8

80,3

65

60

8,8

20,3

Бельгия

74,0

80,7

65

65

9,7

20

Ұлыбритания

74,7

80

65

60

9,7

20

Германия

74,1

80,3

60

65

9,1

20,3

Греция

75,7

80,8

67

67

8,7

13,8

Италия

75,2

81,3

61

56

14,2

25,3

Канада

76,2

81,9

65

65

11,2

16,9

Нидерланды

75,1

80,8

65

65

10,1

15,8

Норвегия

75,4

81,3

67

67

8,4

14,3

Португалия

72

78,9

65

65

7

13,9

Ресей

60,7

72,9

60

55

0,7

17,9

АҚШ

73,5

80,2

65

65

8,5

15,2

Турция

66,8

72

60

55

6,8

17

Финляндия

73,2

80,8

65

65

8,2

15,8

Франция

74,4

82,1

60

60

14,4

12,1

Швейцария

75,5

81,9

65

62

10,5

19,9

Жапония

76,9

83,0

65

65

11,9

18

Қазақстан

59

74,4

63

58

-4

12,4

Ескерту:

Пайдаланылған әдебиет:



  1. Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейі. Статистикалық жинақ (А.А.Смаилованың басқаруымен). А. 2002ж.

  2. Алибаев А.Б. «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі» А. 2002ж.

Ерлер арасында ең ұзақ өмір жасы Жапонияда (76,9 жас) және Канадада (76,2 жас) байқалады, әйелдер арасында ең ұзақ өмір жасы – Жапонияда (83 жас), Францияда (82,1 жас) және Канадада (81,9 жас) байқалады.

Зейнетақы кезіндегі ер адамдардың ең ұзақ өмір сүруі Францияда (14,4 жас) және Италияда (14,2 жас), ал әйелдер арасында - Италияда (25,3 жыл) және Швейцарияда (19,9 жыл) байқалады.

Шетелдік мемлекеттік емес әлеуметтік бағдарламалардың қазіргі заманғы құрылымын төмендегідей көрсетуге болады:



  • жекелеген кәсіпорындар шеңберінде жасалған бағдарламалар;

  • жалпы ұлттық көлемдегі бағдарламалар.

Қаржы институттарынан жинақтаушы зейнетақы қорларының айырмашылығы мынада: жинақталған қаржыны екі жақты қол қойылған келісім шартқа сәйкес қана алуға болады, оның өзінде де, әдетте, жинақталған қаражат кірісімен қоса дәл осындай (ұйымдастыруы және құқықтық мәртебесі бойынша) ұжымға табыс етіледі.

Әртүрлі елдердің зейнетақы жүйесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің біріне зейнетақы нормалары активтерінің көлемі миллиард долларға жеткені жатады, соныменбірге қорлардың қызметін нақты сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – зейнетақы қорлары активтерінің адам басына шаққандағы мөлшері.

Қорлар өз қаржыларын, негізінен құнды қағаздарға (ұлттық және шетелдік), жылжымайтын мүлікке (оның ішінде шетелде де) салады, мұндай әрекет салынған қаражат пен инвестициялық табысты жоғалту қаупінен сақтайды. Чилидің зейнетақы қорларына инвестициялаудың төмендегі салаларында жұмыс істеуге рұқсат берілген: мемлекеттік құнды қағаздар, орталық банкінің құнды қағаздары, кепілдікке салынған заттар, банк облигациялары, депозит сертификаттары, қысқа мерзімді корпаративтік құнды қағаздар, акциялар, шетел үкіметтері кепілдік берген құнды қағаздар мен өзге де инвестициялар. Шет елдердің заңдары зейнетақы қорларының қаражатын шетелдік мемлекеттермен заңды тұлғалардың құнды қағазына салуға тиым салмайды. Соның нәтижесінде әлемдік ақша нарығында жаңа беделді «ойыншылар» пайда болды. Бұлар – зейнетақы қорларының зейнетақылық ақшасын инвестициялауды бақылап отыратын сенімді өкілдері, олар ірі корпорациялардың саясатына және бүкіл дүниежүзіндегі экономикалық дамудың қарқынына ықпал етеді. Олар әлемдік активтері орасан зор сомаға 6700 млрд. долларға жеткен зейнетақы қорлары инвестицияларының бағытын айқындайды. Көптеген елдерде зейнетақы қорлары жекешелендіру процессін қаржыландыру көздері болып табылады.

Мемлекеттік зейнетақы жәрдемі алдын ала төленетін жарналарға негізделген жеке зейнетақы бағдарламаларымен ауыстыра отырып, бұл елдердің үкіметтері жаңа жекешелендіру компанияларының акцияларын сатып алуға қажетті ірі капитал қорларын құрады.

Жеке инвесторлардың құқықтарын кеңейтуге қолдау жасау – жеке зейнетақы жәрдемі бағдарламасына түсетін салымдардың өсуіне және ұжымдық инвестициялар нарығының белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Сақтандыру мекемесі, әдетте қатысушылардың саны бойынша өзін-өзі басқаратындардан кем. Осыған байланысты, сақтандыру жүйелері инвестициялық механизмедер ретінде депозит шотына салынған қаражаттарды, сонымен бірге мерзімі өткен аннуитетті сатып алуға келісім жасау шараларыфн пайдаланады.

Сақтандыру мекемелері зейнетақы төлеудің стандартты жүйесін пайдаланады. Өзін-өзі басқаратын мекемелер зейнетақы қорлары активтерінің үлкен көлемін жасап алады, бұл қорға инвестициялар мен төлем мөлшері икемді меңгеруге мүмкіндік береді. Ақыр соңында сақтандыру мекемелерінің қатысушылары үшін әдетте зейнетақы жасына жеткенде аннуитеттер сатып алынады. Бұл өзін-өзі басқаратын мекемелерге тән емес, өйткені соларға сәкес зейнетақы әдетте тікелей жинақталған қордан төленеді. Ұлыбританиядағы сақтандыру мекемелерінде төмендегі инвестициялық құрамдар пайдаланылады:



  1. Кіріс әкелетін мерзімі өткен аннуитеттер. Оларды сатып алатын жарналар жекелеген сақтандыру сыйақы ретінде төленеді. Мерзімі өткен аннуитеттер, әдетте, зейнеткерлікке шығатын күнге ақша қаражатын жинақтау тәсілі ретінде қарастырылады және олар бойынша төлемдер келісілген кеш мерзімде түседі. Зейнетақы жасы жеткенде, зейнеткер бұл қаражатты алуға және өз қалауынша пайдалануға құқылы.

Аннуитет иесіне зейнеткерлікке шыққан соң төлемдердің белгіленген нормасына кепілдік беріледі. Бұл төлемдер келісім шартта көрсетіледі және зейнеткер қолма қол ақша сомасы түрінде тұрақты алып тұратын мөлшерде белгіленеді. .

  1. Депозиттік шоттар. Бұл кезде сақтандыру сыйақысы депозитке салынады және оны мақсатсыз пайдалануға болмайды. Шотқа салынған бұл соманың бір бөлігі аннуитет сатып алуға жұмсалуы мүмкін, мұндай жағдайда қызметкерге ол зейнетақы жасына жеткенде ғана, жедел төлем ретінде төленеді.

  2. Кіріс әкелетін жедел аннуитеттер сақтандыру компаниясының пайдасына жекелеген сыйақы салынғаннан кейін, зейнеткерге төлем төлеу басталады. Мұндай жағдайда, полис ұстаушы сақтандыру зейнетақы мекемесінің трассанты болып табылады. Мысалы, жұмыс беруші кәсіпорында құрылған зейнетақы қорының трассанты болды дейік. Ол кәсіптік зейнетақы сомасына сәйкес өз қызметкерлерінің зейнетақы алушылардың пайдасына жарна салады. Әдетте, зейнетақы төлеу мекеменің белгілі бір қызметкерлерінің өмір сүрген кезінде (тірі кезінде) жалғасып отырады.

  3. Кіріс әкелмейтін мерзімі өткен аннуитет. Аннуитеттің бұл түрі жұмысын тоқтатуды мақсат етіп жүрген зейнетақы мекемелерінің инвестициялық қызметі үшін пайдаланылады. Егер сақтандыру мекемесі жұмысын тоқтатса және оның мүшелері үшін төлем мөлшері белгілі болса, онда кіріс әкелмейтін мерзімі өткен аннуитет осы төлемдердің бәрінің кепілі бола алады. Жұмыс істеп жатқан сақтандыру схемалары бойынша, мұндай аннуитеттердің инвестициялық табысының төмендігіне байланысты қаражат сирек инвестицияланады.

Жарналарды кәсіптік зейнетақы мекемелерінің шарттарына сәйкес қызметкерлердің өзі немесе жұмыс беруші төлеп отырады. Мұндай жарналарға жеңілдікпен салық салынады. Көптеген кәсіптік зейнетақы мекемелерінің сақтандыру компаниялары жұмыс берушілердің атымен және олардың тапсырмасымен басқарады. Кей жағдайларда зейнетақы мекемелерін өздері басқарады, онда сақтандыру компаниясы олардың активтерін басқарушы болып қалады. Мұндай мекемелер өзін-өзі басқаратын мекемелер деп аталады.

Зейнетақы активтері сақандыру компаниясын басқаратын қор түрінде де сақтала береді, онда зейнетақы активтерінің мөлшері сақтандыру компаниясы инвестицияларының санына кіреді. Ұлыбританияда, Германияда, Швейцарияда, Жапонияда, Канадада, АҚШ-та кәсікерлер мен жалдамалы қызметкерлердің зейнетақы қорына төлеген жарналары салықтан босатылады; зейнетақы қорлары кейбір салық жеңілдіктерін пайдаланады, оның ішінде салымдарына табыс салығын салудан босату түрінде жеңілдік беріледі. Канадада 1% мөлшеріндегі салық салу зейнетақы қорында шетелдік қағаздарға салым белгіленген шектен асқан жағдайда ғана салынады; зейнеткерлердің төлеміне табыс салығы еңбек етуден түскен табыс ретінде салынады.

Е.Четыркинаның пайымдауынша, әлемдік практикада қартайғанда жәрдем көрсетудің негізгі үш үлгісі қолданылады:


  • зейнеткерлерге ағымдағы жарналардан еркін қаражатты инвестицияламай ақ төлем төлеу;

  • сақтандыру жәрдемі;

  • ақша қаражаттарының жинақтық немесе трасталық салымы.

Біріншісі 1/3-ке жуық мемлекеттік зейнетақы жүйесінде қолданылады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары мұндай үлгіні өте сирек қолданады (халықаралық ұйымдардың кейбір қорлары ғана).

Сақтандыру жәрдемдері зейнетақы және сақтандыру ұйымдарындағы ұжымдық және жеке сақтандыру болып табылады. Ақша қаражаттарын жинақтық немесе трасталық салу, негізінде, мерзімі бойынша шектеулі қаржы рентасын сатып алу деген сөз. Қартайғандағы жәрдемнің мұндай түрін зейнетақылық жәрдем деп айту қиындау. Шет елдерде осындай қаржылық операцияларды банкілер мен басқа да қаржы институттары орындайды. Сақтандыру компаниялары немесе біріккен (ұжымдық) қоғамдық салымшылар басқаратын зейнетақы қорларына келетін болсақ, мұндай тәсілдердің дамуы біршама ауыр макроэкономикалық жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Бір жағынан, ол қаражаттың өсуіне себеп болып сол арқылы өндіруші инвестицияларды көбейтеді. Екінші жағынан, инвестициялар көлемі тек қаражаттың болуына ғана емес, зейнетақы қорына ақша аудару нәтижесінде үй шаруашылығын тұтынудың азаюынан туған ортақ сұраныс көлеміне де байланысты.

Қазіргі уақытта Еуропа елдерінде бес негізгі ұйымдастыру түрі бар:


  • кәсіпорындарда құрылып, инвестицияларды қаржыландыруға пайдаланылатын қорлар; мұндай қорларға бөлінетін қаражатқа салық салынбайды, ал қорлар кәсіпорынның банкрот болуынан сақтандырылады;

  • түгелдеу арнаулы мекемелер (зейнетақы қорлары, трастылар, зейнетақы кассалары т.б.) басқаратын қорлар;

  • кәсіпорындар мен өмірін сақтандыру бойынша кәсіпорын тиісті келісім шарт жасаған компаниялар (көбінесе бұлар шағын кәсіпорындар) бір уақытта басқаратын қорлар;

  • басқаруды кәсіпорын ішінара сақтандыру компанияларына тапсырған қорлар, шын мәнінде бұл жоғарыдағы үлгілердің комбинациялары;

  • мүмкіндігі жоқ немесе жоғарыда келтірілген ұжымдық сақтандыру қорларына қатысқысы келмеген тұлғалар үшін жеке ерікті сақтандыру қорлары.

Германиядағы зейнетақы жүйесін және сақтандыруды зерттей келе, экономист Ю.Воронин төмендегілерге тоқталады: ең алдымен – Германия тәжірибесі қартайғандағы жәрдем бойынша жеке жекеменшік бастаманы тарату үшін бірқатар құқықтық, саяси және экономикалық шараларды қарастыру қажеттігін көрсетеді. Бәрінен бұрын, бұл сызық нарық экономикасын құқықтық қамтамасыз ету, оның шекара тәртібін және капиталдың еркін қозғалысын, сонымен қатар, тиімді жұмыс істейтін капитал нарығын құру. Екінші мәселе - ең алдымен құнсызданусыз экономикалық дамуға бағытталған экономикалық саясат. Әрбір жеке адам үшін бұл – оны жинаған ақшасын қорғау деген сөз, яғни қартайғандағы жәрдем бойынша қысқа мерзімді жеке дара шара қабылдаудың негізі деген сөз. Үшіншіден - әлеуметтік саясат, бұл саясат азаматтарды толық қамтамасыз ету мақсатын көздемейді, бірақ жеке дара бастамаларды да қарастыратын әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге бағытталған. Сөйтіп әлеуметтік саясат мемлекетпен оның азаматтарының қаржы салмағын белгілі шеңберде ұстауға ықпалды етеді.

Келесі мәселе – қосымша зейнетақы жәрдемімен айналысатын мекемелердің іскерлік белсенділігін реттейтін заңдар, нормативті актілер. Соңғы мәселе – қартайғандағы жәрдем бойынша жеке бастаманы қолдайтын салық ынталары. Демек, заң шығарушы қартайғандағы жәрдем бойынша жеке бастаманың қажеттігін атап көрсетеді және қартайғандағы жәрдем бойынша жеке бастаманы аз ғана қаржы қаражатымен кең түрде таратуға, сөйтіп қосымша әлеуметтік қорғауға қол жеткізеді.



Нарық экономикасы дамыған елдерде қартайғандағы жәрдемнің төмендегі заңдылықтары орын алған:

  • қартайғандағы жәрдемнің деңгейі мен сапасы елдегі экономиканың даму деңгейіне байланысты;

  • қартайғандағы жәрдемнің бірнеше деңгейінің үйлесуі: ереже бойынша, бұл үш деңгейлі модель (бірінші деңгейі – мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек, екіншісі – сақтандыру қаражатының көлемі мен төлеміне байланысты, үшіншісі – мемлекеттік емес);

  • зейнетақы қорлары ірі ақша қаражаттарын топтайды, әдетте олармен құнды қағаздарды инвестициялайды: көп жағдайда зейнетақы қорларының инвестицияларын елдегі қаржы жүйесін түрақтандыруға жұмсалады;

  • жеңілдетілген салық саясатын қолдану – мемлекеттік емес зейнетақы жәрдемін ынталандырады;

  • экономиканың құлдырауы кезеңінде мемлекетік зейнетақы жәрдемінің үлесі артады, ал экономиканың көтерілу кезеңінде жұмыс істейтіндер мен олардың жұмыс берушілерінің зейнетақы мөлшерін өсіре отырып, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына ақша аудару мүмкіндігі пайда болады;

  • инфляция қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне зейнетақы төлеуге кері әсерін тигізген шақта, шет елдерде индексация қолданылады.

Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытында жасауға болады: зейнетақылық жәрдем жүйесінің болуы нарықтық экономикалы елдердің бәріне тән. Әлеуметтік қорғау қажеттілігінің өсуі - әдетте, қоғамдағы экономикалық мәселелермен әлеуметтік жағдайлар ушығып тұрған кезде байқалады. Экономикалық шарттарға мәдени – тарихи ерекшеліктерге, саяси мәдениетке байланысты әртүрлі елдерде әртүрлі кезеңдерде мемлекет халықты әлеуметтік қорғаудың көптеген мәселелерін шешуге кіріседі. Елдер бойынша, әлеуметтік бағдарламалардың шеңберінде, оларды жүзеге асыру мен басқару принциптерінде, сонымн қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қатысу дәрежесі бойынша айырмашылық диапазоны кең. Аталған жағдайлар әртүрлі елдердің зейнетақы жүйелерінің қалыптасуындағы ел аралық айырмашылықтарды түсіндіреді. Әртүрлі елдердің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің жеке өзгешеліктерін зерттеу нәтижесінде зейнетақы жүйесінің қызметін сипаттайтын және талдап беретін кейбір белгілерді көрсетуге болады: жүйеленген түрінде әртүрлі елдердің зейнетақы жүйесінің және зейнетақы қорларының өзіне тән ерекшеліктері, сонымен бірге олардың көрсететін зейнетақылық қызметтері бар. Атап айтқанда, зейнетақы жүйелері мен зейнетақы қорларының айырмашылығы мыналардан көрінеді: зейнетақымен қамтамасыз етудің базалық жүйесінің болуы; қорларға қатысудың міндетті сипаты, зейнетақыға шығу жасы; зейнетақы мөлшерінің жоғарғы және төменгі шегінің болуы; сақтандыру жарналарын есепке алмай-ақ зейнетақы тағайындау мүмкіндігі; зейнеткердің жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан зейнетақы төлеуге міндеттілігі; зейнетақы қорларының тәуелсіздігі; азаматтарды міндетті және қосымша зейнетақымен қамтамасыз етумен қамтылған халық саны; жеке зейнетақы қызметтерін ұйымдастыру; зейнетақы жарналарын халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің қосымша жүйесі кезінде енгізу принциптері; мамандығы бойынша жұмыс істейтіндерді зейнетақымен қамтамасыз етудің ерекшеліктер; жалдама бойынша жұмыс істейтіндерді міндетті және қосымша зейнетқымен қамтамасыз ету жөнінде ұжымдық келісім-шарттың болуы; басқа жұмысқа ауысқан жағдайда зейнетақыға жинақталған қаражатты аудару мүмкіндігі; зейнетақы жүйесінің еңбек нарығындағы жұмылдыруға ықпалы; зейнетақы жарнасының мөлшері; активтердің табыстылығы және көлемі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет